Просмотр содержимого документа
«Ата- аналарга кенес»
Ата- аналар үшін баланың балабақшаға бейімделуі туралы кеңес.
2-3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске ұшырайды.
Сондықтан кеңес береміз:
-үйдегі жағдайды балаңыз келктін топтың күн режимімен бірдей етіп
ұйымдастыруға әрекеттеніңі;
-балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып ,баланың үйдегі
тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз;
-үйдегі жағдайда баланың өзіне-өзі қызмет етудің алғы шарттарына
Үйрете беріңіз: жуыну , қолын сүрту, шешіну,өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті
Түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: ШАЛБАР НЕ БОЛМАСА ШОРТЫ ЗАМОКСЫЗ, БЕЛДЕУШЕСІЗ.
-БАЛАНЫҢ КЕҢЕЙТІҢІЗ, АУЛАДАҒЫ ӨЗІМЕН ҚҰРДАС БАЛАЛАРМЕН КӨБІРЕК ОЙНАТЫҢЫЗ, ЖОЛДАСТАРЫНА ҚОНАҚҚА БАРСЫН, ӘЖЕСІНЕ ҚОНУҒА ҚАЛСЫН Т.С.С. Осындай тәжірбие жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп ,тіл табысатын болады.
-Баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата-ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын: сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.
-Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай-ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз дұрыс.
-Жоспарлаңыз, балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні-ақ күн ұзағына қалдырмауды.Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3-4 сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.
-Кейбір балаларүшін аптаның ортасында жүикесін тоздырмау үшін демалыс алуға болады.
-Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.
-Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет, ОРЗ,ОРВИ жұқпаларынан сақтану үшін түрлі витаминдер пайдалану қажет,мұрын қуыстарын оксалин майымен сылап тұруы қажет.
Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейірімді болса , балабақщаға келген күннен бастап-ақ үйреніп кететініне сеніңіз.
Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында –
психолог пен балабақшаның медбикесі және педагогикалық қызметі бақылауға алады.