kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналарға кеңес

Нажмите, чтобы узнать подробности

                   Отбасылық тәрбие жауапкершілігінің деңгейі жайында жаңшыл  педагог А.С.Макаренко былай деп жазған: «Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар елдің келешек тарихын, демек-әлем тарихын тәрбиелейді».

                   Ата-аналар жауапкершілігі туралы мәселе көкейкесті болғандығы соншалық, ол халықаралық деңгейге көтеріліп отыр, ол туралы 1989 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабалдаған бала құқығы туралы Конвенция дәлелдейді. Жақсы ата-аналар отбасылық тәрбие міндеттерін орындаудағы өздерінің жауапкешіліктерін сезінуі керек. Олардың ең бастысы:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналарға кеңес»

Ата-ананың жауапкершілігі туралы

Отбасылық тәрбие жауапкершілігінің деңгейі жайында жаңшыл педагог А.С.Макаренко былай деп жазған: «Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар елдің келешек тарихын, демек-әлем тарихын тәрбиелейді».

Ата-аналар жауапкершілігі туралы мәселе көкейкесті болғандығы соншалық, ол халықаралық деңгейге көтеріліп отыр, ол туралы 1989 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабалдаған бала құқығы туралы Конвенция дәлелдейді. Жақсы ата-аналар отбасылық тәрбие міндеттерін орындаудағы өздерінің жауапкешіліктерін сезінуі керек. Олардың ең бастысы:

-баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету: оның дене дамуы, зияткерлік, рухани-адамгершілік және жалпы мәдениеттік дамуына қамқорлық жасау;

-баланың денсаулығын сақтауға қамқорлық таныту;

-оның талабын, мүддесін және икемділігін дамыту;

-оқу үрдісі кезінде көмек көрсету;

-әлеуметтенуіне көмектесу-қоғамда өмір сүріп, еңбектенуіне;

-еңбек тәрбиесі;

-мамандық таңдауда көмектесу, бала тұлғасында шығармашылық потенциалды дамыту;

-айналасындағы адамдармен адамгершіліктік, эмоционалдық, толеранттық қарым-қатынасын орнықтыру және қолдау көрсету;

-жыныстық тәрбие; болашақ отбасылық өмірге дайындық;

-жауапкершілікті қалыптастыру, елжандылық пен ауызбіршілік құндылықтарына, отан үшін белсенді жұмысқа дайындығына бағыттау;

-өзін-өзі тәрбиелеу мен есейген кезінде өзін-өзі дамытуға дайындығы.

Барлық отбасылық ішкі қарым-қатынас кешені баланың жеке мінін қалыптастыруға, оның денелік, рухани, әлеуметтік, психикалық және зияткерлік қасиеттерінің толыққанды дамуы үшін жақсы жағдай құруға ықпал ететіндей болуы керек.

Бұл жағдайда әрбір жақсы ата-ана отбасылық тәрбиенің басты тәрбиеленуші факторлары ретінде ата-аналаврдың өздерінің тұлғалары, олардың өмір сүру қалпы, еңбекке көзқарасы, олардың өмірлік басымдықтары мен құндылықтарының жүйесі, жауапкершілік, бірізділік, мақсатқа жетудегі тұрақтылық, бір-біріне, басқа ұлтқа, дінге деген сыйластығы саналатынын есте сақтау керек.

Отбасылық тәрбие проблемалары барлығымызға келешекте өмір сүретін қоғамның глобальды мәселелері болуы да мүмкін: ата-аналардың педагогикалық біліксіздігі, отбасындағы психологиялық бейжайлық пен тұрақсыз ахуал азаматтарымыздың жаңа ұрпағының бойында еліміздің өміріне теріс әсер ететін барабар емес, деструктивті өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруы мүмкін.

Сондықтан жауапкершіліктегі ата-ана өзінің туғанда берілген педагогикалық ғұламалығына сенбей, қазіргі заманның күрделілігін ұғына отыра, алдына мақсат қояды. Оны жалғыз өзі жеке жүзеге асыру мүмкін емес. Оған мамандардың білікті көмегі қажет болады.

Ата-аналарға өздерінің ата-аналық қызметін орындауда көмек көрсету халықаралық терминмен «ата-ананы тәрбиелеу» деп аталады. Көмек әр түрлі үлгіде болуы мүмкін, бірақ ең бастысы, баланың қалыптасуы мен дамуына отбасының ықпалы мәселесі бойынша ата-аналарға қажетті білім беру.

Ата-аналарды тәрбиелеудің стратегиялық міндеті-әрқайсына сауатты, өзінің құндылық бағыттарын, ұстанымдары мен күтулерін, өзінің ата-аналық сезімдерін және мақсаттарын сезінетін және балаға үйлесімді тұлға ретінде дамуына кері әсерін тигізетіндерін түзете білетін ата-ана болуына көмектесу.

Осы кітап ата-ана тәрбиесі үрдісінен өтіп, жақсы ата-ана болуға дайындалып жүргендерге жақсы көмекші болат деп сенеміз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ата-аналарға кеңес

Автор: Туребекова Даурия

Дата: 24.04.2019

Номер свидетельства: 508278


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства