kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Астана-бас қалам»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Астана-бас қалам»»

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні 20.12.2018

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Пән: Қоршаған орта

Өтпелі тақырып: «Астана-Отанымыздың жүрегі»

Тақырыбы: «Астана-бас қалам»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздер туралы (Ту, Еотаңба, Әнұран) білімдерін қалыптастыру

Оқыту:. Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру.

Педогогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасының рәміздері.Астана қаласының ғимараттары.

Билингвалдық компонент: қала-город

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері. Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң қонақтар.
Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Жылу шеңбері: Ал енді балалар бір — бірімізге алақанымыз арқылы жылу шеңберін күн секілді жылы жүзбен күлімдеп жылы лебіз білдірейік:
Деніміз сау болсын,
Күніміз күлімдесін,
Еліміз аман болсын,
Ата — анамыз қасымызда болсын,
Бәріміз дос болайық,
Бәріміз бақытты болайық,
Аспанымыз ашық болсын.

Негізгі бөлім: Ән: Әнұран.
Қане балалар орнымызға отырайық.
Біз бүгін сендермен отанымыз туралы әңгімелесеміз: Балалар «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер.

—Дұрыс балалар, отан дегеніміз біздің еліміз туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
Біз қай мемлекетте тұрамыз?

—Қазақстан Республикасының президенті кім?

—Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі халықтармен ұлт өкілдері тұрады. Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесің?
-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

-Ту, Елтаңба, Әнұранды бір сөзбен қалай айтамыз?

—Ел ордасы қай қала? Біздің еліміздің бас қаласы Астана туралы мағлұмат айту. Түсіндіру.
Астана туралы тақпақтар:

—Балалар, енді отан туралы мақал — мәтелдер айтайықшы.

Ойын:«Рәміздерді құрастыру»:

Шарты: Берілген қиынды суреттерден рәміздерді құрастырады.

Балалардың тақпақтары

Қорытынды: Ойын: «Доп»:

Шарты: Тәрбиеші сұрақ қоя отырып, бір балаға лақтырады. Ол жауабын айтып допты қайтып лақтырады.
— Ал, қане бастайық:
— Қазақстанның астанасы, қай қала?
— Қазақстан Республикасының президенті кім?

— Біз қай елде тұрамыз?

Балаларды мадақтау. 
— Сау болыңыздар.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Астана-бас қалам»

Автор: Сеилова Айгерим Амангельдыевна

Дата: 20.12.2018

Номер свидетельства: 491896


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства