Мотивациялық-қозғаушылық | Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар, Қайырлы таң қонақтар. Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз! Жылу шеңбері: Ал енді балалар бір - бірімізге алақанымыз арқылы жылу шеңберін күн секілді жылы жүзбен күлімдеп жылы лебіз білдірейік: Деніміз сау болсын, Күніміз күлімдесін, Еліміз аман болсын, Ата - анамыз қасымызда болсын, Бәріміз дос болайық, Бәріміз бақытты болайық, Аспанымыз ашық болсын.
| Балалар жылу шеңберіне тұрады. |
Ұйымдастыру-іздестіру | Ән: Әнұран. -Қане балалар орнымызға отырайық. Біз бүгін сендермен отанымыз туралы әңгімелесеміз: Балалар «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер. -Дұрыс балалар, отан дегеніміз біздің еліміз туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз. -Біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай? -Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі халықтармен ұлт өкілдері тұрады. Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесің? -Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
-Ту, Елтаңба, Әнұранды бір сөзбен қалай айтамыз? -Ел ордасы қай қала? Біздің еліміздің бас қаласы Астана туралы мағлұмат айту. Түсіндіру. Астана туралы тақпақтар:
-Балалар, енді отан туралы мақал - мәтелдер айтайықшы. Ойын:«Рәміздерді құрастыру»: Шарты: Берілген қиынды суреттерден рәміздерді құрастырады. Балалардың тақпақтары:
| -Туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым. -Қазақстан Республикасы. -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақ тілі. -Орыс, өзбек, түрік, қытай. -Ту. Елтаңба. Әнұран. -Рәміздер. Балалар ту, елтаңба, әнұран туралы білгендерін айтады: Мади: Ту. Адилья: Елтаңба. Жансая: Әнұран. -Астана.
Нұрлыбек: Ел бөбегі бүлдіршін, жас баламыз. Астанамыз, астана бас қаламыз. Арслан: Астана арман қала, Бағы ба жанған қала Тұрады ол жап - жас болып, Мен үлкен болған да да. Дәурен: Шырқап көкке асқан – ән, Болашаққа бас қадам. Қазақ рухын биіктет, Ей, бас қалам - Астанам. Қанағат: Отанымның төрінде, Сарыарқаның өрінде. Ту ұстаған Астанам, Әсем қалам - бас қалам. Ж.Әмина: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. Отан үшін отқа түс - күймейсің. Отан - оттан да ыстық. Отанды сүю отбасынан басталады. Балалар қиылған суреттерді рәміздерді құрастырып шығады. Аяулым: Сарыарқаның төсінде Гүл жайнаған, Астанам Ақпейілдей арнайы Ақ тілегім, жас бала. А.Дарын: Елордасы елімнің, Қазағымның жүрегі. Астанамды бірінде, Күллі әлем біледі.
|
Рефлексивті - коррекциялаушы | Ойын: «Доп»: Шарты: Тәрбиеші сұрақ қоя отырып, бір балаға лақтырады. Ол жауабын айтып допты қайтып лақтырады. - Ал, қане бастайық: - Қазақстанның астанасы, қай қала? - Қазақстан Республикасының президенті кім?
- Біз қай елде тұрамыз?
Балаларды мадақтау. - Сау болыңыздар. | - Астана. - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. - Қазақстан Республикасында. |