kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? та?ырыбы "?аза?станны? ?оры?тары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан республикасында?ы ?ор?ау?а алын?ан таби?и айма?тар туралы. Ол жерлердегі ?ор?алатын жануарлар мен ?сімдіктер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? та?ырыбы "?аза?станны? ?оры?тары"»


Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу – әдістемелік кабинеті












«Қоршаған орта»

курсы бойынша бағдарлама

1 сынып


















2013 жыл



Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі,жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымдарының облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінің шешімімен облыс көлемінде таратуға ұсынылды.

Хаттама № 6 31.03.2014 жыл











Құрастырған: А.С.Дюсембаева – Ақсай қаласының ЖББ № 4 орта

мектептің І санатты бастауыш сынып мұғалімі



Пікір жазғандар: С.Н. Қарағойшиева– Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің

жоғары санатты бастауыш сынып әдіскері.

Р.Т.Насипова – Бөрлі ауданы білім беру

бөлімінің бірінші санатты геогафия, биология, химия

пәндері бойынша әдіскер.







1-4 сыныптарға арналған «Мені қоршаған орта» курс бағдарласының күнтізбелік-тақырыптық жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне сыныптан тыс жұмыстарда қосымша білім беруде әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылады. Бұл жинаққа оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге, қосымша пәндерді терең меңгеруге, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар бастауыш сыныптың оқу бағдарламасына сәйкес жас ерекшеліктеріне сай енгізілген. Осындай тапсырмалар арқылы өз пікірі бар, құзыретті тұлға тәрбиелеуге, пәнге деген қызығуларын арттыру, жеке шығармашылық деңгейін көтеруге болады.






Мазмұны




1.Түсінік хат.................................................................................3

2. Арнайы курстың мазмұны мен құрылымы және күнтізбелік жоспарлар.


1 – сыныпқа арналған күнтізбелік жоспары.................6

2 – сыныпқа арналған күнтізбелік жоспары...............10

3 – сыныпқа арналған күнтізбелік жоспары...............14

4 – сыныпқа арналған күнтізбелік жоспары...............17


4. Сабақ жоспарларының үлгісі................................................14


5. Қорытынды ............................................................................25

6. Қолданылған әдебиеттер....................................................26
















Түсінік хат


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау білім беру жүйесінің басты міндеті болып табылады.

Қазіргі кезде білім беру саласының негізгі мақсаты – тәрбиелі де білімді, өз-өзіне сенімді,жаңаша,тәуелсіз ойлай алатын,өзіндік шешім қабылдай алатын, жауапкершілігі мол тұлға қалыптастыру.Осы мақсатты жүзеге асыру –баланың білім игеру кезіндегі өзіндік іс- әрекеттері мен ізденуін белсендіріп, шығармашыл қабілетін дамыту арқылы шешілмек. Шығармашылық шеберлікті бірден, тек сабақ үстінде дамыту мүмкін емес. Сол себепті танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып бір жүйеге келтіру керек.

Бастауыш сынып - баланың дүниетанымын,логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Бала ақыл-ойының даму үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез-құлық нормаларын игеруі,есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты.

Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің алатын орнын ерекше.Өйткені, дәстүрлі мәдениетте халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі сақталған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын ата- баба ізімен шебер сөйлеуге ,тілдерін дамыта түсу,олардың үлгі өнегесін бойларына дарыту басты мақсат.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушы М.Әуезов. Балаларды мектеп табалдырығын аттағаннан бастап дұрыс сөйлеуге, дұрыс ойлауға, қоршаған ортаның құдіретін түсініп,табиғат пен адам арасындағы байланысты ұғындырып, табиғат және оның байлығын қорғауға тәрбиелеу.

Бастауыш сынып қоршаған ортасы бүгінгі талапқа сай «Дүниетану» курстарына қосымша білім беруге бағытталған. Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшіліктеріне сай алынған. Оқу құралын өз деңгейінде өткізу үшін мұғалімдерге көмек ретінде бірнеше қосымша кітаптар ұсынылады. Олар: «Ұлттық дүниетаным» Алматы 2002ж., «Балалардың Жаңа энциклопедиясы» Алматыкітап 2012ж. (42,94,98), «Бәрі де сандар туралы»Алматыкітап 2008ж .(10-11беттер), «Менің елім Қазақстан» Алматы 2003ж. (23-48,беттер), «Мен және бәрі, бәрі, бәрі» Алматы 2006ж. (6,9,1030-40,63,73), т.б. Осы кітаптардағы мағлұматтарды орынды қолданып, тиімді пайдалану мұғалім қауымына жүктеледі.

Оқушылар осы қосымша оқулықты негізге ала отырып, қоғамдық көріністерді адамдардың бір-бірімен қарым- қатынасын, табиғатпен байланысын танып біледі. Өмірдегі өз орнын анықтауға ықпал етеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.

Оқушылар қоғамдық көріністерді адамдардың бір-бірімен қарым- қатынасын, табиғатпен байланысын танып біледі. Өмірдегі өз орнын анықтауға ықпал етеді. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.

Әрбір курсты аяқтауы табиғатқа шығу арқылы бекітіледі. Оқушылар естіген және көргендерін қолымен ұстап түйсініп, табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан ләззат алады. Туған мекенге деген алғашқы патриоттық сезімі оянады .

«Қоршаған орта» курсы бойынша бағдарлама аптасына 1 сыныпта 1 сағаттан жылына 33сағат

Мақсаты:

  • Оқушыларға айнала қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру.

  • Оқушыларға қоршаған ортаның бір–бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру.

  • Оқушыларда алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік сезімдерін дамыту.

  • Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу, қосымша пәндерді оқып- үйренуге негізгі біліктіліктермен қаруландыру.

  • Оқушыны өз пікірі бар, құзыретті тұлға ретінде бағыттап тәрбиелеу.

  • Оқушыға сенімділік білдіру, пәнге деген қызығуларын арттыру, жеке шығармашылық деңгейін көтеру.


Міндеттері:

  • Оқушылардың ойлау мен танымдық қызметі, түсініктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Ауызша, жазбаша әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Оқулық арқылы тіл мәдениетін, сөздік қорын,дүниетанымын молайту.

Адамның табиғаттағы орнын ажырата білулері тиіс.




Күтілетін нәтиже:

  • Адамның табиғатқа деген сұранысы мен қамқорлығы, туған өлке мен атамекен, тұрмыстық ғимараттар, оның табиғаттан алынып жасалатыны, тұрған мекені мен оның құрауыштарының қажеттілігі туралы ой-өрістері дамиды.

  • Оқушылар оқу материалын негізге отырып, көрген – білгенін көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шешен сөйлеуге жаттығады. Танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.

  • Оқушылардың өзіндік ізденісі нәтижесіндегі күнделікті өмірдегі оқиғаларды және фактілерді түсінуі арқылы танымдық қызығушылығы дамиды, зерттеу, тұжырым жасау дағдылары қалыптасады және назар аудару, елестету,есте сақтаулары арта түседі.


Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, өзін – өзі тану, дүниетану, математика, еңбекке баулу, бейнелеу өнері.

Курсты ұйымдастыру формасы:

Іздену, есептеу, пікір алмасу, топпен жұмыс, танымжорық, зерттеу жұмысы әдістерін пайдалану.


Курсты қорытындылау формасы:

Өз тұжырымдары,есептеулері, ізденістерін презентациялау,тест, сайыс түрінде.


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

  • Рефлексия.

  • Өз - өздерін бағалау,сайыс,тест.


Арнайы курстың мазмұны мен құрылымы.

1- сынып

І. Әдептілік (9с.)

Сәлемдесу. Аты- жөні. Мекен –жайы. Оқитын мектептің атын дұрыс айту. Мектепте, үйде әдепті болу. Көшеде жүру тәртібі. Тиымдар, үйдегі тиымдар. Үлкендерді құрметтеу және кішіге ізет көрсету. Өзара әдепті болу. Сөз тыңдау және сөзде тұру. Дастархан басындағы және ас ішудегі әдептілік. Жақындық қарым-қатынасты білдіретін атаулар.


ІІ. Қол және саусақ.(5с.)

Қол және саусақ атаулары. Саусақтардың орналасуына байланысты атаулар. Отыру түрлері. Жату түрлері.


ІІІ. Қазақша өлшемдер. (2с.)

Қазақша ұзындық өлшемдері. Сыйымдылық өлшемдері.


ІV. Салт- дәстүр,әдет- ғұрып.(4с.)

Қазақтың салт- дәстүрлері, әдет- ғұрпы. Бесікке салу, тілашар. Ұлттық киімдер.


V. Табиғатты қорғау (5с.)

Табиғат. Жаңбыр. Тірі және өлі табиғат. Жыл мезгілдері.


VІ. Жануарлар әлемі. (4с.)

Төрт түлік, төлдері. Жабайы аңдар. Қызыл кітап. Табиғат достарының ережелері.


VІІ.Менің отаным- Қазақстан Республикасы. (2с.)

Қазақстан Республикасының рәміздері. Астана .


VІІІ.Қорытынды. (2с.)

Мақал- мәтел, жұмбақтар сайысы. Тест тапсырмалары.


Курс бойынша күнтізбелік жоспар.

1- сынып.

(Барлығы 33 сағат. Аптасына 1сағат.)


Тақырыбы

Сағат

саны

Уақыты

Күтілетін нәтиже

І тоқсан 9 сағат.

І. Әдептілік (9с.)

1

Сәлемдесу

1

08.09.2014



Үлкенді сыйлайды,кішіпейілділік танытады ,өзі туралы жалпы мәлімет айта алады. Әдептілік белгілерін есте сақтайды, жолда жүру ережесін біледі , тыйым сөздерді біліп жүреді, сыпайы,

қамқор бола біледі.

Салмақты, сабырлы,өзара сыйластыққа үйренеді.

Дастархан басында әдептілік ережелерін сақтап отырады.

Жақындары туралы мәлімет алады

2

Аты- жөні, мекен –жайы,оқитын мектептің атын дұрыс айту

1

15.09.2014

3

Мектепте, үйде әдепті болу. Көшеде жүру тәртібі

1

22.09.2014

4

Тыйымдар, үйдегі тыйымдар

1

29.09.2014

5

Үлкендерді құрметтеу және кішіге ізет көрсету

1

06.10.2014

6

Өзара әдепті болу. Сөз тыңдау және сөзде тұру

1

13.10.2014

7

Дастархан басындағы және ас ішудегі әдептілік

1

20.10.2014


8

Жақындық қарым-қатынасты білдіретін атаулар

2

27.10.2014

03.11.2014

ІІ тоқсан (7 сағат)

ІІ. Қол және саусақ . (5с.)

1 Қол және саусақ атаулары 2 17.11.2014 Қол және саусақ атауларын және оларға қатысты . тиым сөздерді біледі.Тақпақтар жаттайды.

24.11.2014

2

Саусақтардың орналасуына байланысты атаулар

1

02..12.2014


Дене мүшелері қызметін біледі.

Саусақ қызметі туралы мағлұмат алады.

Отыру, жату түрлерімен танысады

3

Отыру түрлері

1

09.12.2014

4

Жату түрлері

1

15.12.2014

ІІІ. Қазақша өлшемдер. (2с.)

1

Қазақша ұзындық өлшемдері.

1

22.12.2014

29.12.2014

Қазақша ұзындық,сыйым дылық өлшемдерімен танысады ,біліп жүреді.

2

Сыйымдылық өлшемдері

1

ІІІ тоқсан 9 сағат

ІV. Салт- дәстүр,әдет- ғұрып. (4с.)

1

Қазақтың салт- дәстүрлері, әдет- ғұрпы

1

12.01.2014

Қазақтың салт- дәстүрлері, әдет- ғұрпымен танысады. Бесікке салу дәстүрімен , ұлттық киімдер түрлері оның ерекшелігін біліп жүреді.

2

Бесікке салу

1

19.01.2015


Ұлттық киімдер

2

26.01.2015

09.02.2015

V. Табиғатты қорғау (5с.)

1

Табиғат.

1

16.02.2015

Табиғат сырын ұғына біледі, жаңбыр түрлерімен танысады.

Тірі және өлі табиғат айырмашылығын ажырата отырып, жыл мезгіл деріндегі өзгерістерді байқау зейіні дамиды.

2

Жаңбыр

1

23.02.2014

3

Тірі және өлі табиғат.

1

02.03.2015

4

Жыл мезгілдері

1

09.03.2015

5

Танымжорық

1

16.03.2015

ІV тоқсан 8 сағат

VІ. Жануарлар әлемі. (4с.)

1

Төрт түлік, төлдері.

1

06.04.2015

Төрт түлік, төлдерімен танысып, олардың төлдерін ажыратады, жабайы аңдардан ерекшелігі, тіршілігі туралы мәлімет алады.Қызыл кітап туралы түсінігі қалыптасады,табиғат достарының ережелерімен танысады

2

Жабайы аңдар.

1

13.04.2015

3

Қызыл кітап туралы түсінік

1

20.04.2015

4

Табиғат достарының ережелері.

1

27.04.2015

VІІ.Менің отаным- Қазақстан Республикасы. (2с.)

1

Қазақстан Республикасының рәміздері

1

04.05.2015

Ұлттық рәміздерімізді біліп жүреді.Астана туралы деректер жинақтайды

2

Астана

1

11.05.2015

VІІІ.Қорытынды. (2с.)

1

Мақал- мәтел, жұмбақтар сайысы

1

18.05.2015

Мақал- мәтел, жұмбақтар сайысына қатысып өз білгенін көрсетеді, тест арқылы білім деңгейін анықтайды

2

Тест

1

22.05.2015




















1-сынып. 1-сабақ.

Тақырыбы: Сәлемдесу

Мақсаты: Сәлемдесу түрлері, әдептілік қағидалары туралы түсінік беру.

Әдептілікке,ұқыптылыққа,әдет-ғұрып,салт-дәстүрімізді білуге тәрбиелеу.

Сөздік қорын ,тіл байлығын дамыту.

Әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелеу, диалог.

Күтілетін нәтиже:Сөздік қоры ,тіл байлығы дамиды.Сәлемдесу түрлерімен таныса отырып әдептілік қағидаларын біліп жүреді.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Балаларды шеңберге тұрғызу. Бір-біріне күлімсіреп тілектерін білдіреді.

II.Қызығушылығын ояту. Сұрақ- жауап.

-Балалардан сабақ басталмас бұрын біз қайттік?

-Амандастық, бір- бірімізге тілек айттық.

-Сіз менімен қалай амандастыңыз?

-Сәлеметсіз бе!

-Амандасудың тағы қандай түрін білесіздер?

Топтастыру.


III. Нақты ұғым беру

Әдептілік сәлемдесуден басталады. Сәлемдесу кезінде қол алысады немесе «Амансың ба?», «Саумысың?», «Сәлеметсіз бе? «Ассалаумағалейкум», «Уағалейкумассалам» деген сөздер қолданылады.

Таныс адамдарға үйде ғана емес, дүкенде , көшеде, т.б. жерде көрсе де сәлем беру керек.

Сәлемдесу түрлеріне тоқталу.

-Үлкендермен сәлемдесу.

-Құрбы –құрдастарымен сәлемдесу;

-Кішілермен сәлемдесу;

«Амансың ба?», «Саумысың?», «Сәлеметсіз бе? «Ассалаумағалейкум», «Уағалейкумассалам» деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

Сәлемдесу кезінде айтылатын сөздерді айтып жаттығу.

1.Мұғаліммен амандасу

- Сәлеметсіз бе, балалар!

-Сәлеметсіз бе!

2.Басқа, бөгде адамдармен амандасу:

-Сәлеметсіз бе!

-Ассалаумағалейкум!

-Ассалаумағалейкум!

- Уағалейкумассалам!

Ф.Оңғарсынованың «Сәлем беру» өлеңін оқып беру

IV.Бекіту

«Кіммен қалай амандасу керек?»ойыны

Оқушыларды партада отырған жұптары бойынша рөлдерге бөліп, сәлемдесу кезінде айтылатын сөздерді дұрыс қолдануға үйрету. Мысалы:1-оқушы ақсақал, екіншісі бала рөліне енеді. Ол кезде «Ассалаумағалейкум»,

«Уағалейкумассалам» сөздері қолданылуы мүмкін. Екі дос, кітапханашы мен бала, сатушы мен сатып алушы, т.с.с. рөлдерге бөлуге болады.

V.Қорытынды

Мақал-мәтелдермен таныстыру.

1.Алыстан алты жасар бала келсе,

Алпыстағы кәрі сәлем берер.

2.Әдепті елдің баласы

Иіліп сәлем береді.

3.Сәлем- сөздің анасы.

/мағынасын түсіндір/


1-сынып. 3-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Мектепте, үйде әдепті болу. Көшеде жүру тәртібі

Сабақтың мақсаты: Мектеп оқушысына және қыз, ұл балаларға тән әдептілік ережелері туралы түсінік беру. Көшеде, автобустарда, қоғамдық орындардағы әдептілік ережелері, үлкендерді құрметтеу туралы ұғындыру.

Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді білуге үйретуге, үлкендерді құрметтеуге, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жеке суреттер, нақыл сөздер.

Күтілетін нәтиже:Мектепте,көшеде өзін-өзі ұстау ережесін біліп жүреді. Әдепті болуға тырысады.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

Өткен сабақты пысықтау

Аты- жөні, мекен –жайы,оқитын мектептің атын дұрыс айту

Тыйымдар туралы, көшедегі үйдегі, дастархан басындағы әдептілік туралы.

II.Қызығушылығын ояту. Сұрақ- жауап.

- Сабақ үстінде оқушы өзін қалай ұстауы керек?

- Егер бүкіл бала шуласа не болар еді?Білім алу мүмкін бе?

- Балалар бір тәртіпке бағынады.Ол қандай тәртіп?

Оқушылардың жауабы, пікірі ,дәлелдемелері тыңдалады.

ІІІ.Мағынаны тану

Түсінік беру. (Мектепте, көшеде және үйде әдепті болу,сабақ кезіндегі тыйымдармен таныстыру)

1.Белді таянуға болмайды.

2. жақты таянуға болмайды.

3.Бетті басуға болмайды.

4.Қолды тарақтауға болмайды.

5.Басты шайқай беруге болмайды.

6.Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды.

7. Адамға қарап қолды шошайтуға болмайды.

8. Тісті қайрауға, таңдай қағуға болмайды.

9. Адамға қарап түкіруге, түшкіруге, керілуге болмайды.

10. Екі езуді керуге болмайды.

11. Ішекті тартуға болмайды.

12. Тырнақты тістеуге болмайды.

13.Біреуге қарап ерін шығаруға болмайды.

Көшеде жүру тәртібі

  1. Машина жолында ойнауға болмайды.

  2. Көлік жолымен жүруге болмайды.

  3. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда жүруге болмайды.

  4. Көшеде кез-келген жерден өтуге болмайды.

  5. Көлік жолын бойлап жүруге болмайды.

  6. Қоғамдық орындар мен көліктерде мәдениетті сөйлеп, жүріп-тұру керек және үлкендерге орын беруді ұмытпау керек.

Үйдегі тыйымдар

  1. Жер таянып отыруға болмайды.

  2. Тізені, табанды тартуға болмайды.

  3. Белді босқа буынуға болмайды.

  4. Тізені құшақтауға болмайды.

  5. Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды.

  6. Бос бесікті тербетуге болмайды.

  7. Бос бесікті тербетуге болмайды.

Мақалдар айту, жаттау.

1. Әдепті елдің баласы иіліп сәлем береді.

2.Жақсы бала ата-анасын мақтатар

Жаман бала ата-анасын қақсатар.

3.Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі

Тұрпайы мінез, тағы, жат - надандықтың белгісі.

ІV. Ойтолғау

Әдепті бала қандай болады?

-үлкен адамдармен не істейміз?

-Қоштасқанда не дейміз?

Көлік ішінде не істейміз?

V.Қорытынды Салыстыру Венн диаграммасы «әдеп пен әдепсіздік», «тәртіп пен тәртіпсіздік»


ә












1-сынып. 15-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қазақша ұзындық өлшемдері.

Сабақтың мақсаты: Саусақ атауларын меңгерту, саусақпен өлшенетін ұзындық өлшемдерімен таныстыру, өлшемдерді қолдануға үйрету, тіл байлығын көтеру, оқу дағдысын жетілдіру.

Пән аралық байланыс: дүниетану, өмір

Көрнекілігі: жеке суреттер, санамақтар, мақалдар.

Күтілетін нәтиже: Қазақша ұзындық өлшемдерін біліп жүреді

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық. «Он саусақ» өлеңі

ІІ.Өткен сабақты пысықтау

Жату түрлері.

  1. Шынтақтап жату

  2. Жантайып жату

  3. Қырынан жату

  4. Шалқалап жату

  5. Етпетінен жату

  6. Бүктетіліп жату

ІІІ.Қызығушылығын ояту

1.Кіріспе түсінік беру.

«Саусақтарды үлкендердің атауы» саусақ атауларын еске түсіру.

2. Оқушыларды ойландыратын сұрақтар.

Қолмен не жасауға болады?

Сыныпта адам қолымен жасалған заттар бар ма?

Қолдың өлшеуге қандай қатысы бар?

ІV.Мағынаны тану /оқулықта берілген суреттер бойынша талдау жұмыстары/

Елі, сүйем, сынық сүйем, қарыс сүйем, сере, қарыс өлшемдеріне – миллиметр, сантиметр дециметр, метр сөздері қолданылады.

Практикалық жұмыс.

Әр оқушы өз саусақтарының аралығын өлшейді.

Мақалдар жаттау.

1. Қарыстан сүйем жақын.

2. Бір елі ауызға екі елі қақпақ.

Санамақ жаттау

Жүрген елдің ойындағы

Бір сызықтың бойында,

Ескі өлшемнің бірі

Созсаң сұқ қол бармақты

Бір саусақтың қалыңдығы –елі.

Сүйем деген сол екен.

Бір сызықтың бойында,

Бір сызықтың бойында,

Бір буыны бүгілген

Ортаң қол мен бармақты

Сұқ саусақ пен бармақты

Созсаң өлшей қоюға

Созсаң өлшей қоюға

Қарыс сүйем сол екен.

Сынық сүйем сол екен.

Бір сызықтың бойында,

Шынашақ пен бармақты

Созсаң өлшей қоюға

Қарыс деген сол екен.

Саусақпен өлшенетін ұзындық өлшемдеріне сере де кіреді. Сере-сұқ саусақ пен шынашақтың аралық өлшемдері.

Сабақты бекіту

VІ.Қорытынды Балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтау.


2-сынып. «Төрт түлік,оның төлдері» тақырыбы бойынша қайталау сабағы.

Мақсаты:

-Төрт түлікке қатысты ұғымдарын кеңейту;

- Оқушылардың білім деңгейін анықтау;

Тест

1.Түйенің пірі

А)Ойсыл қара Ә)Зеңгі баба Б)Қамбар ата

2Сиырдың тобы

А)Келе Ә)Үйір Б)Табын

3. Ешкіні кім бағады?

А)Түйеші Ә)Шопан Б)Бақташы

4.Жылқының төлдеу мерзімі

А)12 ай Ә)10 ай Б)9 ай

5. Қой мен ешкіні байлайтын жабдық

А)Мұрындық Ә)Ноқта Б)Көген

6.Сиырды байлайтын жабдық

А)Бас жіп Ә)Бұйда Б)Мұрындық

7.Түйенің жүнін алуды қалай атайды?

А)Күзейді Ә)Жүндейді Б)Қырқады

8.Сиырды ұстау үшін айтылатын сөз

А)Әукім-әукім Ә)Аухау-аухау Б)Өк

9.Қойдың төлдеуін қалай атайды?

А)Боталайды Ә)Лақтайды Б)Қоздайды

10.Жылқыны төліне шақыру кезінде айтылатын сөз

А)Көс- көс Ә)Құрау-құрау Б)Шөре- шөре

2-сынып. 11-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Тереңдік өлшемдері

Сабақтың мақсаты: Ұлттық өлшемдер туралы түсінігін кеңейту. Тереңдік өлшемдерімен таныстыру. Тұрмыс жағдайында қолдануға үйрету. Логикалық ойлауын, дүниетанымын кеңейту.Сөздік қорын,тіл байлығын молайту.

Көрнекілігі: жеке суреттер, нақыл сөздер.

Күтілетін нәтиже:Қазақтың ұлттық өлшемдерін біліп жүреді.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

Өткен сабақты пысықтау

Қазақ халқында жиі қолданылатын сандар.

Елі, сүйем, сынық сүйем, қарыс сүйем, сере, қарыс өлшемдеріне – миллиметр, сантиметр дециметр, метр сөздері қолданылады.

II.Қызығушылығын ояту. Сұрақ- жауап.

-Қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?

-1 сыныптағы өткен қазақша ұзындық өлшемдерді еске түсіру?

Оқушылардың жауабы, пікірі ,дәлелдемелері тыңдалады.

ІІІ.Мағынаны тану(Сюжетті суреттер,ойыншықтар арқылы көрсету)

Түсінік беру. «Өлшем»деген ұғым түсіндіріледі.

Қазақ халқында тереңдіктің адам бойына байланысты мынадай өлшемдері бар:

1.Тобық (тобыққа дейін)

2. Тізе (тізеге дейін)

3. Белуар (кіндікке дейін)

4. Кісі бойы

Мал тұрқымен байланысты өлшемдер:

1. Ат тұяғы.

2. Атшашасы

3. Ат тізесі

4. Ат бауыры

5. Ат сауыры

6. Ат құлағы

Бұйымдарға байланысты тереңдік өлшемдері:

1. Құрық бойы

2. Көген бойы

ІV. Ойтолғау

Мақалдар айту, жаттау.

V.Қорытынды






3-сынып. 22-23 сабақ

Тақырыбы: Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?

Мақсаты:
1.Оқушыларды жануарлардың топтарымен таныстыру, олар

жайлы қысқаша мағлұмат беру, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды білу;

2. Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру;
3.Қоршаған ортаны, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Сөздік қорларын байыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың формасы: жаппай, топпен, жұппен, жеке
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздендіру, жүйелеу.
Көрнекілік: Жануарлар тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?слайд
Күтілетін нәтиже: Жануарлар тіршілігі жөнінде көптеген мағлұмат алады.

Сабақтың барысы

І. Қызығушылығын ояту
1. Сұрақ-жауап
─ Өсімдіктің тірі организм екенін дәлелде.
─ Өсімдіктің мүшелері және оның қызметі жайында айт.
─ Күзде жапырақ неге сарғаяды?
─ Шырынды және құрғақ жемістерге мысал келтір.
─ Өсімдікке не керек?
─ Өсімдіктердің көбею түрлері қандай? (тұқым, түйнек, пиязшық)
2.Жұмбақтар шешу
1)Мұхиттағы алып,
Фонтанда балық. (Кит)
2)Өзінің үйі – қақпаны,
Шыбындарды аңдып жатқаны. (Өрмекші)
3)Үсті-басы жолақ,
Құйрығы шолақ. (Зебра)
4)Орманда жоғары
Жерлерге қонады.
Тұмсығын балға етіп
Ағашты соғады. (Тоқылдақ)
ІІ. Операциялық кезең
1.Слайд шоу «Жануарлар тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?»
1.1.Жануарлардың топтары:
• Сүтқоректілер
• Құстар
• Жорғалаушылар
• Қосмекенділер
• Балықтар
• Бунақденелілер
1.2. Жануарлар тіршілік ету үшін қажетті жағдайлар:
• Ауа • Қорек • Жылу • Жарық • Су

1.3. Сүтқоректілер (1 сүтқоректінің суретін салу)
• Сүтқоректілер ─ жануарлардың аздаған тобы.Олар құрлықта да, суда да өмір сүре береді. Олардың миы басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Құрлық пен теңіздің ең үлкен сүтқоректілері ─ кит пен піл.

Чемпион сүтқоректілер
• Ең ірі кеміргіш • Су шошқасы
• Ең ірі аю • Поляр аюы (500кг)
• Ең ұйқышыл • Ұйқышыл тышқан
• Ағашта тіршілік ететін ең ауыр сүтқоректі
• Орангутанг (90 кг-ға дейін)
1.4. Құстар(1 құстың суретін салу)
• Құстар ─ омыртқалы жануарлар.Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі.Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанатқа айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады.
Ұзақ өмір сүретін құстар:
Сібірлік ақ тырна, какаду және қаз рекорд жасап, 80 жыл өмір сүрген
• Құс жұмыртқалары
• Түйеқұс ең үлкен жұмыртқа салады.Оның жұмыртқасының ұзындығы – 20 см, одан 24 омлет дайындауға болады.
• Ең кішкентай жұмыртқаны колибри салады. Оның ұзындығы 1 см.
• Құстың миы ма, әлде ақылы ма?
• Қарғалар мен көгершіндер қарапайым сандарды қоса алады.
• Тотықұстар және қарала торғайлар адамның сөзін ұқсата алады, ал кейбір тотықұстар заттарды атап, санай алады.
1.5. Бауырмен жорғалаушылар мен қосмекенділер

(1 бауырмен жорғалаушы мен қосмекендінің суретін салу)

Көптеген қосмекенділер ─ су жануарлары болып табылады.
• Ал жорғалаушыларды құрғақ шөлейттерден де, батпақты жерлерден де ормандарда да табуға болады.
Ғажайып фактілер
• Ірі қолтырауынның салмағы 450 кг тартады және 100 жастан астам өмір сүреді.
• Ең ұзын бауырмен жорғалаушылар ─ жыландар.1912 жылы табылған өлі питоны өлшегенде 10 м-ді құраған.
• Ең ауыр жылан ─ анаконда, салмағы 200 кг.
1.6. Балықтар (1 балықтың суретін салу)
Балықтар ─ судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Олардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі.
• Ең үлкен балық ─ кит акуласы. Ол 18 метрге жетеді.Алайда салмағы 15 тоннаға дейін жететін кит акуласы тек ұсақ организмдермен ғана қоректенеді.
1.7.Бунақденелілер (1 бунақденелінің суретін салу)
Бунақденелілер кез келген жерде өмір сүреді және қорек талғамайды.

Олардың басында көздері, аузы, екі мұртшасы орналасады. Бунақденелілердің көбісінің қанаттары бар.
Бунақденелілер туралы цифрлар
Қоңыздар 400000
Көбелектер 165000
Құмырсқалар 140000
Шыбындар 120000
Cәйкестендіру тесті
Төмендегі жануарлардың қайсысы азықтың қай түрімен қоректенеді?
1.Тиін А.Ағаш, бұта жапырақтары
2.Қанқыз Ә.Бидай, жүгері дәндері
3.Құр Б.Өсімдік бітесі
4.Жұлдызқұрт В.Қарағайдың, шыршаның бүрі
5.Ит Г.Қарағай мен шыршаның қылқан жапырағы
6.Тауық Д.Ет


4.Қызыл кітап туралы қысқаша түсінік беру және онда кездесетін кейбір жануарларды көрсету
ІІІ.Рефлексия
─ Сабақтан өзіңе қандай құнды материал алдың?
─ Не түсінбедің?
─ Не білгің келеді?

4-сынып. 7-сабақ.

Тақырыбы: Ұлттық киімдер,оған қатысты ырымдар мен тыйымдар.

Мақсаты: Оқушыларды халықтың өткен тарихына көз жібере отырып, ой-өрісін, ұлттық өнерге, киімге қызығушылығын ояту.
Ұлттық киімдердің түрімен, киімге салатын ою түрімен танысу.
Дәстүрді насихаттау, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ- жауап,пікірталас,әңгімелеу, жасап көрсету.
Түрі: Сарамандық

Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, «Ұлттық киім» альбом, дайын киімдер үлгілері, зергерлік бұйымдар, түрлі қағаз бен желім.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық

II.Қызығушылығын ояту

Сұрақ- жауап

-Ұлттық киімді қай кезде киеміз?

-Қандай ерекшілігі бар?

III. Нақты ұғым беру

Қазақтың ұлттық киімдерін мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Іштік киім
2. Сыртқы киім
3.Сулық киім
4. Ерлер бас киімі
5.Әйелдер бас киімі
6.Аяқ киімдер
Ер адамдардың сырт киімдерінің бірі - шапан. Ол ою - өрнегі және кестесімен, басқа халыққа ұқсамайтын киім үлгісімен ерекшеленеді. Ұлттық киімдер зермен көмкерілген ою-өрнектер, бағалы тастармен әшекейленеді Зер – сән бұйымдарын жасауға пайдаланатын әдемі, сары түсті жіп.
Ер адамдар тақия, бөрік, тымақ, қалпақ киген. Тымақ пен бөрікті сеңсеңнен, аң терілірінен жасап, барқыт қылсым, атласпен тыстайды. Тышоң бөріктердің бірнеше түрі бар. Тымақ – Қазақстанның солтүстік аймақтарында қыс өте суық болғандықтан, шопандар мен жылқышылар үшін таптырмайтын бас киім. Ал жаздың ыстық күндерінде тақия киген дұрыс. Ерлер киетін тақиялар «Қошқармүйіз», «шырмауық» өрнектерімен кестеленеді.

Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар:

  1. Киім кию оң қолдан басталады.

  2. Киімді желбегей жамылып жүруге болмайды.

  3. Көпшілік алдында жалаңаш- жалпы жүруге болмайды.

  4. Өте ұзын немесе өте қысқа киім киюге болмайды.

  5. Киім киюдің алдында оны сілку керек.

  6. Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды.

  7. Шалбарды және етікті отырып киеді.

  8. Киімнің жағасын басуға болмайды.

  9. Жастық орнына шалбарды жастауға болмайды.

  10. Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды.

  11. Бас киімді босағаға емес төрге іліп қояды.

  12. Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды.

IV.Бекіту

Шығармашылық жұмыстар.

-Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін білесің ?

-Ерлер мен әйелдердің киімдеріндегі ерекшеліктер қандай?

-Ұлттық киімдерге байланысты қандай нақыл сөздер айтуға болады?

- Қандай ереже , қағида айтуға болады?

V.Қорытынды

Сарамандық жұмыс

- Сырт киімдер моделін суретте көрсетілген үлгі бойынша құрастырыңдар.

- Өз бетінше қазақ халқының киім үлгілерін жасау.
- Көрме ұйымдастыру.




Қорытынды

Жинақта тапсырмалар оқыту мен дамытуға арналған. Сол себепті логикалық, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Яғни, назар аудару, елестету, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау, зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасау.

Бұл баланың ой – өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге, шешім қабылдауға үйретеді. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады.

Беріліп отырған материалдың алуан түрлігі оқушының танымдық қабілетін белсендіріп, дүниетану сабағына қызығушылығын арттырады.Оқу үрдісін ұйымдастырған кезде саяхат, экскурсия, сайыс, дөңгелек үстел т.б. сабақтардың формалары ұсынылды. Сабақта сұрақтар мен тапсырмалар білімді әр түрлі деңгейде қабылдауға, оқушының жас ерекшелігіне, жеке қабілетіне бағытталып жасалды.

Бастауыш буында алған білім одан кейінгі алатын білімнің іргетасы екені бәріне мәлім. Дүниетану пәні жаратылыстану бағытында жүргізілетін пәндердің негізі болады.
























Пайдаланылатын әдебиеттер:



Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 2010 жыл


  1. «Білім туралы» Заң ҚР Астана , 2008ж.

  2. 1-4 сыныптарға арналған «Жаратылыстану» бағдарламасы. Астана 2013ж.

  3. 1-4 сыныптарға арналған дүниетану әдістемесі.Алматыкітап 2011ж.

  4. 1-4 сыныптарға арналған «Ұлттық дүниетаным» оқу құралы, Алматы 2002ж.

  5. «Ұлттық дүниетанымды оқыту әдістемесі». 1-4 сынып Алматы 2005ж.

  6. «Менің елім Қазақстан». Алматы 2003

  7. «Балалардың Жаңа энциклопедиясы». Алматыкітап 2012ж.

  8. «Мен және бәрі,бәрі,бәрі» «Аруна» баспасы 2006ж.

  9. «Атлас- хрестоматия»кіріктірілген оқу құралы 1-4 сынып.Алматы 2009ж.

  10. «Дүниетану» оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер. 4- сынып. Алматы 2010ж.






28



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба? та?ырыбы "?аза?станны? ?оры?тары"

Автор: Хабиева Гульнар Рахымгалиевна

Дата: 16.06.2016

Номер свидетельства: 334836


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства