Просмотр содержимого документа
«Ашы? о?у іс-?рекеті: "?оян к?жектерімен"»
Мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші:Калиева.Гүлмайраш.Кушеновна
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Мүсіндеу.
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы:» Қоян көжектерімен»
Мақсаты: Балаларды елестету арқылы таныс бейненің мүсінін жасауға, қоянның жеке бөліктерін: басы, денесі, құйрығын анық жасай білуге үйрету. Есу, жалпайту, шаншу әдістерін жалғастыру. Бейнені мәнерлі түрде жеткізіп, балалардың шығармашылық қабілетін, қиял - елесін дамыту.
Қоршаған ортаны сүйе білуге, аңдарға жан – жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Балалар мына жерде бір жануардың ізі жатыр .Бұл не болды екен?
-Қане ізбен жүріп іздейік.
Балалар іздеп шыршаның аржағынан қоянды табады.
-Балалар мына қоян мұңайып тұр ол көжектерін жоғалтып алыпты .
Көжектерін тауып беруге көмектесемізбе?
-Ия-
Қане қоян тоңып қалған болар жылытайықшы
Үркек қоян, сақ қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Балалар бүгінгі тақырыбымыз «Қоян көжектерімен»деп аталады.
Жаңа сабақ
Қоян туралы слаид арқылы таныстыру
-Балалар қоян қайда тіршілік етеді?
Балалар жауабы
Қоян шөл-шөлейтте, орманды далада мекендейді. Өсімдіктермен қоректенеді. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтанда биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді.
Кей ертегілерде қоянды «қыли» деп атайды. Неліктен?
Қоянның көзі басының ортасында емес, екі жағында орналасқан. Ол артынан, не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқап қалады. Тісі өткір.
Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. Бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады.
Көктем, жаз айларында жасыл шөп, өсімдік тамырларымен қоректенеді. Ал қыста қалың қар астында тығылады.
Жаздағы сұр қоян күзде өз терісін ақ түске өзгертеді. Кейде ақ қоянды аңшыларға байқамай қалады. Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар кейде бақша дақылдары егілген жерлердегі қырыққабат, сәбіз қалдықтарын жейді.. Орманды мекендейтін кейбір жыртқыш аңдар мен құстар: қасқыр, түлкі, сусар, бүркіт, қаршыға, жапалақ т.б. қоянды аңдиды. Бұл сәттерде қоян өзінің жүйріктігіне байланысты кейде құтылып кетеді.
Балалар қане айтыңдаршы сендердің алдарыңда қандай заттар жатыр?
ермексаз, тақтай, шүберек.
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше бізде қандай оқу іс - әрекеті?
Мүсіндеу оқу іс - әрекеті, ермексаздан қоян көжегін жасаймы
Сергіту сәті
Сергіту сәті:
Ерінбе қояным
Ертеңмен оянғын.
Секеңде сен енді,
Шынықтыр денеңді.
Бір, екі үш, бір екі, үш,
Тартынба, үдет күш,
Шынықсаң оңарсың,
Шын батыр боларсың.
Қоянды ауада жасату.
- Жарайсыңдар балалар, енді біз осы өлеңдегі қоянды мүсіндей аламыз ба, соны көрейікші.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру
Тәрбиеші мүсіндеу жолын түсіндіріп,үлгіні көрсетеді.
Біз қоянды мүсіндеу үшін алдымен ермексазды тортке бөліп аламыз.
1 - ші үлкен бөлік, 2 - ші кішілеу бөлік, 3 - 4 - ші бөлік олардан да кіші болады.
- Мына үлкен бөліктен - денесін жасаймыз, екінші бөліктен - басын, ал мына үлкен бөліктен – денесін жасаймыз, екінші кішілеу бөліктен - басын, ал үшінші бөліктен - құлағын, төртінші бөліктен - аяқ, қолын жасаймыз.
- Балалар денесі қандай пішінде еді?
- Онда сопақша пішінді дене жасау үшін, ермексазды алақанымызға салып домалақтаймыз да, алақанымызбен есеміз, міне қараңдаршы сопақша пішінді денесі шықты ма?
- Енді басын жасаймыз, басы қандай болады?
Басын алақан арасына салып. домалақтаймыз, сонда не шықты?
- Енді басын денесіне жапсырамыз. Құлағын жасаймыз сазды екіге бөліп аламыз да, алақан арасына салып домалақтап, оны есемізде бірінші екінші саусақпен жалпайтамыз. Көрдіңдер ме, құлағы дайын болды.
- Енді қай жері қалды?
- Дұрыс айтасыңдар енді аяғы - қолы қалды. Ал аяғын, қолын жасау үшін ермексазды тағыда алақанымызға салып домалақтап, содан соң сәл есіп аламызда денесіне жапсырамыз. Мінекей менің қояным дайын болды.
Қимылды ойын Аңшы мен қояндар
Шарты:Бір бала аңшы,қалғандары қоян болады.Барлығы маска киеді.Музыка әуенімен қояндар жайылады,ал аңшы сол кезде бир қоянды ұстау керек.
Бекіту
Қоянның суретін сұрақтарға жауап беру арқылы құрастыру
1. Қоянның түр-түсі қандай?
2. Қоян немен қоректенеді?
3. Қандай аң түрлері қоянға шабуыл жасауы мүмкін?
4. Қоян қысқа азық жинай ма?
5. Қандай жерлерде тіршілік етеді?
6. Қоян өзіне үйшік жасай ма?
7.Қоянның несін адамдар пайдаланады?
8.Қоян қандай аң?
Жұмыстарын аяқтап смаилик арқылы бірін-бірі бағалау бағалау
Күтілетін нәтиже: Балалар қоян туралы біледі, суреттеп айтады.,.