Себепті қызығушылы ғын ояту кезеңі: | Жылулық шеңбер. - Қане, балалар барлығымыз бір - біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы. - Балалар, мынау ненің суреті? (күннің) - Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады. - Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айта ма? Кәне, бізде қайырлы таң тілейік. - Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын. | - Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!!! - Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!!! - Қайырлы таң саусақтарым, сендер ояныңдар!!! Көздерін, құлақтарын уқалайды. Шапалақтайды.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | - Бүгін біздің оқу іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр.Қане орнымызға отырып психологиялық дайындық жасайық - Балалар сендер қандай ертегілер білесіңдер? Жақсы бірнеше ертегі біледі екенсіңдер. Бүгін бізде ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз. Мына тұрған шарлардағы тапсырманы орындау арқылы ертегіні анықтай аламыз. Шарларды жару арқылы тапсырмалар орындайды. Шарлардағы создерді оқып беру Олай болса қандай ертегі екен? Ертеде ата мен әжей болыпты.Ата бауырсақ жегісі келіп ,әжеден пісірп беруін отінеді. Алдынан не кездеседі: Қане қоянның тапсырмасын орындап бауырсақты құтқарайық Қоянның тапсырмасы 1-20 дейін тура және кері санау Сандарды ретімен орналастыру Бауырсақты қояннан құтқардыңдар.Ол әрі қарай орманда келе жатады.Алдынан аю кездеседі Аю тапсырмасы: Есеп шығару,бояу түске сәйкес. Ия-жоқ 1. Үйдің шатыры төрт бұрышқа ұқсайды. 2. Қарбыздар талдың басында өседі. 3. Жазда шанамен сырғанаймыз 4. Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді. 5. Лимон тәтті болады. 6. Шыршаның түсі қызыл. 7. Алма шаршыға ұқсайды. 8. Балықтар талда өседі. 9. Сиырдың 4 аяғы болады. 10. Керіктің бойы аласа. 11. Балмұздақ ыстық болады. 12. Дөңгелек пішіннің екі бұрышы болады. 13. Қоян балды жақсы көреді. 14. Пілдің тұмсығы қысқа. 15. Кітап – білім береді. Сергіту сәті: Қимылды ойын:"Өз үйіңді тап" Балаларға үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелектің сүретін таратып беру. Балалар Аюды оятады. Аю, аю тұршы. Ұйқыдан ояншы, Ұйқыңды ашшы. Жан - жағыңа қарашы. Енді бізді қушы. Аю оянып балаларды қуғанда өздеріне ұқсас пішінге барып тығылады.(ойынды бірнеше рет қайталау) Қасқырдың тапсырмасы Санның коршісін тап. Қалып қойған сандарды жаз Түлкінің тапсырмасы Пішіндегі есептер шығару 10+5 2+3 20-10 6-4 5+5 7-2 9+1 4+3 10+7 3+3 1.Саусақпен санап үйренейік: Бес кәмпитім көп еді, Сараңдығым жоқ еді. Бір кәмпитім атаға, Бір кәмпитім әжеге, Бір кәмпитім мамаға, Бір кәмпитім папаға. Өзімеде жете ме? 2.Төрт қонжық орманда Келе жатты қорбандап Біреуі шаршады Әрмен қарай бармады. 3.Табақта бір алма, Қолымда үш алма. Барлығын қосқанда, Шығады неше алма? (4) 4. Бес алманың екеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады? Міне балалар бауырсақ сендердің білімдеріңнің арқасында жануарлардан құтылды. | Ғылымның сырын ұғына, Шығамыз биік шыңына. Тапқырлық пен зеректік Жеткізеді біздерді Математика сырына Балалар жауабы Шардың ішінен шыққан создерді оқып беру -қоян -аю -қасқыр -түлкі -ата-әже Бауырсақ ертегісі Әже бауырсақ пісіріпті. Ыссы болғасын суытып терезенің алдына қойып кетіпті.Бауырсақ иши пысп кетіп орманға серуендеуге шығпты -қоян Сандарды өсу ретімен орналастырады Жеке жұмыс Топпен жұмыс Балалар ойын ойнап бойларын сергітеді Балалар тапсырманы орындайды Балалар тақтадағы пішінді таңдау арқылы есептің жауабын тақтаға жазады. Есепті ойша есептейді |