Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | - Балалар, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Глобусқа көз салып көріңдерші, мына көк түспен берілген жердің барлығы су. Жер бетіндегі адамдардың тіршілігі теңіздермен, мұхиттармен тығыз байланысты. - Су көлігін қалай атаймыз? -Дұрыс айтасыңдар, кемемен өзенде, мұхитта, теңізде жүзуге болады. Балалар су туралы тақпақты бәріміз бірге айтайық: 2. Сылдырлайды мөлдір су Жуынсаң сен әрдайым Аппақ бетін, маңдайын Тазалықтың досы Су дегенің осы. - Су астын көру үшін балалар, қандай көлікке мінуге болады, қалай ойлайсыңдар? - Сол су асты кемесімен бүгін суасты тіршілігін тамашалауға саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар? - Ол үшін барлығымыз біздің су асты кемемізге жиналайық. Су астын кішкене терезелерден тамашалайық Енді кішкене терезелерінен су асты тіршілігін тамашалайық. (Теледидардан слаид арқылы су асты тіршілік иелерін тамашалаймыз) - Су астында көптеген балықтар, суасты тіршілік иелері жүзіп жүр екен. Және біздің бүгінгі танысатын суда тіршілік ететін тағы бір балықтың түрі - ол кит. Ол теңіздегі ең үлкен сүтқоректі. Ұзындығы -30 метр, салмағы - 150 тоннаға дейін жетеді. оның бойының ұзындығын түсіну үшін көз алдымызға бес қабатты үйді елестетуіміз керек. Мына суреттерден киттің қаншалықты үлкен екенін көруге болады. Балалар, енді кішкене тенізге саяхатымыздан қайта балабақшамызға оралайық. -Теніз түбіндегі тіршілік иелері ұнадыма сендерге? Ендеше, денеміз шаршаған болар, аздап бойымызды сергітіп алайық. Шенберге тұрып, Бәріміз бірге жасаймыз. Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз күлеміз, Бірге балық аулаймыз, Міне, біздер қандаймыз?! Өзен, көлге, тенізге Саяхатқа шығамыз Әрқашанда біргеміз, Бөлінбейді іргеміз. (2-3 рет қайталау) Жаңа теніз түбінде көрген ең үлкен тіршілік иесі не балалар? - Китті суретке салып көреміз бе? Киттің суретін әр түрлі тәсілдермен салып көрейік. Ол үшін біз топтарға бөлінуіміз керек. Өздеріңізге ұнаған қарындаш түсін таңдаңыздар. Балауыз шамды қолданатын боламыз. Алдарында көрсетілген үлгідегі китті алдымен жай қарындашпен бастырып шығамыз, бастырып шыққан сызықтың үстінен балауыз шаммен бастырамыз. Дайын болған суретті жұмсақ губканы көк түске малып бояп шығамыз. Сөздік жұмыс: су -вода -water, кит- кит - whale ,теңіз- море - sea, көк- синий- blue | Жердің кішкене макеті- глобусқа назарлдарын аударады. - Кеме 2. Сылдырлайды мөлдір су Жуынсаң сен әрдайым Аппақ бетін, маңдайын Тазалықтың досы Су дегенің осы. Суасты кемесіне Әрине, келісеміз. - Су асты кемесі Суасты тіршілік иелері туралы мағлұматты мұқият тыңдап алады.
Ортаға шеңбер құрып тұрады. Ұнады. Қайталап, өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды. Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз күлеміз, Бірге балық аулаймыз, Міне, біздер қандаймыз?! Өзен, көлге, тенізге Саяхатқа шығамыз Әрқашанда біргеміз, Бөлінбейді іргеміз. (2-3 рет қайталау) Кит Саламыз. Өздеріне ұнаған қарындаш бас киімдерді тандап. Сол қарындаш түсіне сәйкес үстелге жақындап, тапсырмаларын орындайды. 1. Үстел. Балауыз шамды қолданып, кит суретін салуды нұсқаулар бойынша орындайды. Қайталайды: су -вода -water, кит- кит - whale , теңіз- море - sea, көк- синий- blue |
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі | Ойын: "Суық түстер мен жылы түстерді ажырат" Екі түрлі түске боялған тауыс құсының түстерін ажыратып сәйкесінше түстерін табу. Кит қайда тірщілік етеді? Оның үлкендігі қандай? Китті бояу үшін қандай түсті қолдандық? Жарайсындар, балалар,енді қонақтармен қоштасайық. | Ойынға белсене қатысады. - суда -Үйлерден де үлкен, өте үлкен. Көк түсті таңдадық Сау болыныз! |