kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: "Қуыршақ бізде қонақта" Білім беру саласы: Қатынас. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Нажмите, чтобы узнать подробности

                     "Күлімшар"  ортаңғы қазақ тобының   ұйымдастырылған  оқу қызметінің

технологиялық картасы

Күні:                                               Тәрбиеші: Ильясова У.М.                                                                                                                                          

Білім  беру саласы: Коммуникация                                                                           

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Қуыршақ бізде қонақта»

Мақсаты: тәрбиешінің үлгісі бойынша сөйлем құрап, айта білуге үйрету. Балалар қуыршақтың келбетіне қарап, оның шашының, көзінің түсін, көйлегін, аяқ киімін өз беттерінше суреттеп әңгімелеу. Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету (ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ және т.б.) Тіл. Байлықтарын дамыту. Балаларды қонақ күтуге тәрбиелеу.

  Қолданылатын көрнекі құралдар: ұлттық көйлек киген қуыршақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: "Қуыршақ бізде қонақта" Білім беру саласы: Қатынас. Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.»

"Күлімшар" ортаңғы қазақ тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші: Ильясова У.М.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Қуыршақ бізде қонақта»

Мақсаты: тәрбиешінің үлгісі бойынша сөйлем құрап, айта білуге үйрету. Балалар қуыршақтың келбетіне қарап, оның шашының, көзінің түсін, көйлегін, аяқ киімін өз беттерінше суреттеп әңгімелеу. Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету (ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ және т.б.) Тіл. Байлықтарын дамыту. Балаларды қонақ күтуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ұлттық көйлек киген қуыршақ.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагагтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ұлттық көйлек киген қуыршақтың қонаққа келуі. Қуыршақпен сәлемдесу.

Балалар қызыға қарайды. Сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

-Балалар, бұл қуыршақтың есімін сендер білесіңдер ме? -Олай болса, қуыршақтың өзінен сұрап көрейікші. –Балалар, қуыршақ есімін айтқысы келмесе, онда бәріміз бірге оның есімін қояйық.

–Кәне, кімнің қандай есім қойғысы келеді? -Қуыршақтың есімін қойғанда оның есімі де атына заты сай әдемі есім болуы керек. Мысалы: «Сұлушаш», «Кәмшат», «Қарашаш». (Халық әні «Үкілі Кәмшат» әнін қолдануға болады.) -Қуыршақтың есімін қойдық.Енді қонаққа келген қуыршағымызды жоғары шығарайық. –Кәне, бәріміз бірге:

- Енді Сұлушаш қуыршағымызға тоқталайық.

-Сұлушаш сендерге ұнады ма? Несі ұнады?

(Шашы, көйлегі, сырғасы, бөркі, камзолы, үкісі).

-Сұлушаштың шашы қандай?

(Қою қара шашты)

-« Қою қара шашты» деген «шашы қалың» дегенді білдіреді.

-Ол шашын қалай жинап алыпты?

(Қос бұрымды)

-Көздері қандай?

(Қарақат көзді) (қарақат көзді деген қарақат жидегіндей мөлдіреп тұр дегенді білдіреді.)

-Ал Сұлушашымыздың көйлегі қандай? (Бүрмелі, қазақтың ұлттық көйлегі)

Сұлушаштың бөркіне тоқталу.

- Бөрік киімнің қай түріне жатады?


-Бөріктің төбесінде үлпілдеп тұрған несі?

-Бөріктің төбесіндегі үкісі неден жасалады?

Дидактикалақ ойын: «Өз орнына орналастыр»

Мақсаты: Балаларды суретке қарап әңгімелей білуге үйрету.

Үкі – орман құсы.

Үкінің –жүні үлпілдек.

- Енді бәріміз үкінің дыбысын салайықшы.

Сергіту жаттығуы:

«Қуыршақ» өлеңін оқып беру.

Сөйлемейсің сен неге,

Тілін жоқ па, қуырщақ?

Жуынбайсың сен неге,

Кірін жоқ па, қуыршақ?

Аяғың бар ма, сен неге,

Жүре алмайсың, қуыршақ?

Жұмсағанда сен неге,

Тіл алмайсың, қуыршақ?

Біз күлгенде күлмейсің,

Аңқаусың ба, қуыршақ?

Бізбен бірге жүрмейсің,

Жалқаусың ба, қуыршақ?

(Р.Тышқанбаев)

«Айнытпай сал» ойыны.

Шарты:қуыршақтың жылаған даусын салу.

Құлыншақтан қуыршақ,

Шауып жүріп құлады.

Салшы даусын, қуыршақ,

Сонда қалай жылады?

Ж.Қалжанова

-Білмейміз.




2-3 бала шығып есімін сұрайды.


Өз ойларындағы есімдерді айтады.








-Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз!


Өз ойларын жеткізеді.

Оның шашы ұзын, әдемі.








-Шашын ол өріп қойыпты.

-Көздері дөңгелек, күлімдеген.



-Оның көйлегі ұзын, әдемі, ақ түсті.



-Бөрік бас киімге жатады.

-Бөріктің төбесінде үкісі бар.


Үкі суретіне қарап әңгімелейді және тапсырманы орындауға атсалысады.

Балалар үкінің дыбысын салады.


Қайталайды, әрі қимыл – қозғалысын келтіреді.




Балалар өлеңді тыңдайды.


Қимылмен көрсетіп орындайды.









Қуыршақтың жылаған даусын салады.


Рефлексиялық –түзетушілік

-Балалар,Сұлушаш қуыршағымыз бізден біраз нәрсе үйренген сияқты.

Өйткені, ол күлімсіреді.

Енді ол үйренген жаңа, ізгі сөздерді достарына айтсын! Қонағымызды шығарып салайық. Қонаққа қоштасарда қандай ізгі сөз айтамыз?

Қонақты шығарып салу. Жол көрсету. Қорытындылап, мадақтау.





-Сұлушаш сау бол!

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін бір-бірімен бөліседі.


Күтілген нәтиже:

Біледі: ұлттық киім атауларын;

Игереді: жаңа сөздер мен ізгі сөздерді;

Меңгереді: қонақжайлылықты.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Ильясова Улдана Мухамбеткаликызы

Дата: 09.02.2017

Номер свидетельства: 390045


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства