Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ әзірлемесі»
Астана қаласы Білім басқармасы
«Гуманитарлық колледж» МКҚК
«Бекітемін» «Келісілді»
Директордың оқу- «Жұлдыз» балабақша
өндірістік ісі жөніндегі меңгерушісі
орынбасары _________А.О.Баранова
__________Б.Жукенова «__»________2018 ж.
«__»_______2018 ж.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
«Дипломалды» іс-тәжірібиесі бойынша
3 курс 215 пк тобы студенті
Ирешова Махабат
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы
0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі
Тақырыбы:
Тобы: №6 «Балапан» 2 кіші топ
Өткізілетін күні:
Уақыты: 9:20-9:35
Студент:_________М.Ирешова
Әдіскер:_________Т.Идрисова
Мұғалім:_________М.Салтыбаева
2018 ж.
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық. Білім беру бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер» Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
(музыка әуенімен ведиопроектордан дыбыс естіледі де, ханшайым көрінеді. Балалар бұрылып амандасады)
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Сәлеметсіз бе?
- Мен сендерді «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын.
- Балалар, «Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме?
- Иә.
- Ал қандай көліктермен барғыларың келеді?
- Поезбен.
- Жарайды. Ендеше, поезбен барайық. Ал кеттік.
Бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен:
Қимылды ойын:
«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу. Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік, Жүрісті үдеттік. Гу - гу, гу - гу гуілде, Қалып қойма біріңде. - Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.
- Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.
- Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:
- Сен қандай пішінсің?
-Төртбұрышпын, төртбұрышпын. Төрт қабырғасы бар бұрышпын, Қай жағынан қарасаңда, Төрт қабырғам тең бұрышпын.
- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?
Үшбұрыш: -Үшбұрышпын, үшбұрышпын, Үш қабырғам бар бұрышпын, Төртбұрыштан аз болсам да, Орны бөлек үшбұрышпын. - Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен? Дөңгелек:
- Домалақпын, домалақпын, Дөңгелек боп домаладым. Ай сияқты, күн сияқты Шар сияқты домалақпын.
- Дөңгелектің бұрышы бар ма?
- Пішіннің түсі қандай? Ұйымдастырушылық –ізденістік.
І. Тәрбиеші:
- Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. (ведиопроектордан пішіндерге ұқсайтын заттарды атап, таяқшамен көрсетеді)
Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"
Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.
ІІ. Тәрбиеші:
– Балалар, Ханшайымның «Кеңістікті бағдарлау»деген тапсырмасы бар.
Шарты:Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау. Ақ жапсырғыштың бетіне жоғарғы жағына төртбұрыш, төменгі жағына дөңгелек, оң жағына үлкен үшбұрыш, сол жағына кішкентай үшбұрышты жапсыру.
Тәрбиеші тексереді.
Тәрбиеші:
- Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көңілденіп біз енді,
Бой сергітіп алайық.
«Ойыншықтар» әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл көрсетіп айтады.
- Балалар, мынау біздің аквариум болсын. Ал мынау балықтардың орны, мынау көзі. Алдымызда тұрған балықтарды алып, көлеміне қарай балықтардың орнын табамыз.
Дидактикалық ойын «Балықтардың орнын тап»
Шарты: Үлкен, орташа, кіші балықтарды тауып, олардың көлеміне қарап, ілгектеу.
Музыкамен дыбыс шығарады. Балалар бұрылып, Ханшайымның алдына барады. - Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет.
- Жарайды, балалар, Ханшайыммен қоштасып, поезға отырып тобымызға барайық.
Балалар: - Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік, Жүрісті біз үдеттік. Гу - гу, гу - гу гуілде, Қалып қойма біріңде.
Күтілетін нәтиже :
Нені білді: геометриялық пішіндерд ажыратып айта білді
Нені игерді: оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін игерді