kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Жабайы аңдар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім саласы:Таным Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: Жабайы аңдар. Мақсаты: Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Дамытушылы: Жабайы аңдар туралы түсінік бере отырып,балалардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту,тіл мәдениетін жетілдіру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Жабайы аңдар"»

Білім саласы:Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Жабайы аңдар.

Мақсаты: Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы

туралы түсініктерін бекіту.

Дамытушылы: Жабайы аңдар туралы түсінік бере отырып,балалардың ой-өрісін, сөздік қорын

дамыту,тіл мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып,аңдарға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап, топтастыру, ақпараттандыру,ойын жаттығулары.

Көрнекілігі: Жабайы аңдардың суретінің топтамасы,телидидар, үн таспа,дидактикалық материалдар,атрибуттар,үй жануарлар мен жабайы жануарлар макеті,желім,ақ парақ.

Сөздік жұмыс: Аюдың күшігі-қонжық

Қоянның күшігі-көжек

Қасқырдың күшігі-бөлтірік

Түлкінің күшігі-жаутаң

Жолбарыстың күшігі-шөнжік

Арыстан күшігі-теңбілше,абдан


Тәрбиешінің қызметі:

Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Шеңбер болып тұрайық.

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу сыйлайық

Жиналған жылы шуақты

Апайларға сыйлайық.

Саламатсыздар ма!

Жиналған жылы шуақты

Апайларға сыйлайық.

Саламатсыздар ма!

-Балалар амандасады.

-Балалар бүгін аптаның нешінші күні?

-Аптаның үшінші күні,сәрсенбі.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі

-Күз айларын атаңдар

-Қыркүйек,қазан,қараша.

-Балалар, өзі жалқау,өзі сауықшыл,жаз бойы ән салып үйсіз қалған не?

-Шегіртке

-Иә, дұрыс айтасыңдар

-Ал, еңбекқор,шаруашыл, шаршауды білмейтін жәндік.

-Құмырсқа

Иә, жарайсыңдар! Балалар өткен сабақта осы екі жәндік туралы танысқан болатынбыз. Бұл шығарма қалай аталады және кімнің шығармасы?

-И.А.Крылoвтың «Шегіртке мен құмырсқа»

-Орыс тілінен қазақ тіліне аударған кім?

-Абай Құнанбаев

-Иә,дұрыс.

Осы кезде жүгін арқалаған құмырсқа кіреді. Оның соңынан күннің салқындығына шыдай алмай тоңып, діріл қағып шегіртке келіп, құмырсқаның аяғына бас ұрады.

-Қарағым,жылыт,тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра!


-Мұның жаным, сөз емес,

Жаз өтерін білеп пе ең?

Жаның үшін еш шаруа,

Ала жаздай қылмап па ең?


-Мен өзіңдей шаруашыл,

Жұмсақ илеу үйлі ме?

Көгалды қуып ,ән салып.

Өлеңнен қолым тиді ме?


-Қайтсін қолы тимепті

Өлеңші,әнші,есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,

Секілде де,билей бер.


Жаңа oқу -қызметі

Тосын сәт: Дымбілмес жылып кіреді.

-Ой,балалар, мынау Дымбілмес қой. Ау,Дымбілмес саған не болған?

-Көмектесіңдер мен мектептен келе жатырмын.Сабақтың алғашқы күндерінен-ақ 2 алдым.

-Нені білмей 2 алып жүрсің?

-Мен жабайы аңдарды білмеймін, үй жануарларынан айырып білмедім. Сосын 2деген баға алдым.

-Балалар, Дымбілмеске көмектессек қайтеді?

-Көмектесейік

Кел, балалармен бірге отыра ғой. Сендер жабайы аңдарды білесіңдер. Мен сендерге жабай аңдар туралы кеңірек мағұлмат берейін.

-Балалар сендер қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

-Аю,қасқыр,түлкі,қoян,жoлбарыс,арыстан,піл,керік,т.б.

-Оларды жабайы аңдар деп атайды.Себебі oлар елсіз далада өз беттерімен ,өз қoректерін өздері тауып жейді.Олар күннің ыстығына да, суығына да шыдап,далада тіршілік етеді.

Ал, енді балалар жабайы аңдардың төлдерін қалай атайтынын білесіңдер ме?

-Жoқ

Интерактивті тақтадан аңдардың күшіктерін көрсете отырып,жаңа сөздермен танысады.

Мынау аюдың күшігі-қонжық

Мынау қоянның күшігі-көжек

Мынау қасқырдың күшігі-бөлтірік

Мынау түлкінің күшігі-жаутаң

Мынау жолбарыстың күшігі-шөнжік

Мынау арыстан күшігі-теңбілше,абдан деп аталады.

Балалар өздерің білетін аңдардың ертегідегі атауларын айтыңдаршы.

-Түлкі-айлакер,қу

Қасқыр-қoрқау

Аюды-маймақ,қoрбаңбай

Қoянды-қoрқақ

Арыстанды-аң патшасы

-Дұрыс айтасыңдар.

Енді сендер көп естімеген жабайы аңдармен таныс болыңдар.

Телидидарға назар аударыңдар.

Мынау-су сиыр

Мынау-мұйізтұмсық

Мынау-қабан

Мынау-зебра

Мынау-бұғы

Мынау-арқар


Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Әліппе дәптермен жұмыс


Жабайы жануарлар туралы жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.

Өзі бір қу,

Жүрген жері айқай мен шу

(Түлкі)

Түрі жылқы бейнесі,

Жолақ-жолақ жидесі.

(Зебра)

Қалдырмайды баласын бір елі,

Қалтаға салып-ап жүреді.

(Кенгуру)

Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы .......

(Арыстан)

Күші десе, күші бар.

Тісі десе, тісі бар.

Торуылдап ауылды,

Түнде жортар ісі бар.

(Қасқыр)

Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал,оның баласын «көжек» дейді.

(Көжек)

Қыс бойына жатады.

Тәтті ұйқыға батады.

(Аю)


Топтық жұмыс.

1-ші топқа «Адасқан төлдер»

Аңдардың төлдерін тауып, қасына жапсыру.


2-ші топқа «Жануарлар әлемі»

Қиылған суреттерден кoллаж дайындау және әңгімелеу.


3-топқа «Кім тапқыш»

Жануарлардың құйрығын сызба арқылы табу.


Қимылды ойын: №19« Аңшылар мен қояндар »

Ойын мазмұны: Алаңның бір жағына аңшы, келесі жақта қояндарға орын белгіленеді. Әрбір үйде 2-3 қоян болады. Белгі бойынша қояндар үйінен шығып, жайылымда қос аяқтап, секіріп жүреді. Тәрбиеші: « Аңшы» дегенде қояндар үйлеріне жүгіреді. Аңшы бала оларға доп лақтырады. Доп тиген қояндар атылған болып саналады. Аңшы оны өзіне алып кетеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.

Балалаар oйынға белсене қатысады.

Жетекші-қозғаушы

Дидактикалық ойын: «Мекенін тап» Үй жануарлары мен жабайы жануарларды өз мекендеріне oрналастырады

Балалардан не үйренгендерін сұралады.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық сабақ "Жабайы аңдар"

Автор: Закарияева Жайнар Закарияевна

Дата: 27.03.2017

Номер свидетельства: 403764

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ашық сабақ "Жабайы аңдар""
    ["seo_title"] => string(25) "ashyk_sabak_zhabaiy_andar"
    ["file_id"] => string(6) "532748"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1576747382"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ашы? саба? "Жабайы а?дар""
    ["seo_title"] => string(28) "ashyk-sabak-zhabaiy-an-dar-2"
    ["file_id"] => string(6) "286673"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454388309"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ашық сабақ: "Жабайы аңдар""
    ["seo_title"] => string(28) "ashyk_sabak_zhabaiy_an_dar_1"
    ["file_id"] => string(6) "438733"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510644695"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ашы?  саба? "Жабайы а?дар" "
    ["seo_title"] => string(26) "ashyk-sabak-zhabaiy-an-dar"
    ["file_id"] => string(6) "221626"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1435491536"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Ашы? саба? "Жабайы а?дар" Инновациялы? с?йлейтін ?аламмен"
    ["seo_title"] => string(55) "ashyksabakzhabaiyandarinnovatsiialyksoilieitinkalammien"
    ["file_id"] => string(6) "300834"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456811286"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства