Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар Мақсаты: табиғат сұлулығын, әсемдігін көре білуге, сезінуге үйрету; эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктері: Балық түрлері, магнитті қармақ, резина балон, аквариумдағы тірі балықтар, көк түсті фон, қайшы, жылтырлы түрлі-түсті желім, компьютер слайдтары. Ұ.О.І-Ә түрі: Дәстүрлі емес. Шаттық шеңбері: Қуан, шаттан балақай Жарқырайды аспанда Күн алақай! Атқан таңға, шыққан күнге Сәлем беріп, Тілейік бақыт, баршаңызға осындай. Қайырлы таң апайлар! Біз- ерекше боламыз, Біз еңбекқор боламыз!
Тәрбиеші : Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ Тақырыбы;Аквариумдағы балықтар»
Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар Мақсаты: табиғат сұлулығын, әсемдігін көре білуге, сезінуге үйрету; эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктері: Балық түрлері, магнитті қармақ, резина балон , аквариумдағы тірі балықтар, көк түсті фон, қайшы, жылтырлы түрлі-түсті желім, компьютер слайдтары. Ұ.О.І-Ә түрі: Дәстүрлі емес. Шаттық шеңбері: Қуан, шаттан балақай Жарқырайды аспанда Күн алақай! Атқан таңға, шыққан күнге Сәлем беріп, Тілейік бақыт, баршаңызға осындай. Қайырлы таң апайлар! Біз- ерекше боламыз, Біз еңбекқор боламыз!
Тәрбиеші : Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. Ғажайып сәт:Ішке теңіз қарақшысы кіріп келеді. Теңіз қарақшысы: Мен балаларды алып кетуге келдім. Маған балалар ұнамайды. Тәрбиеші:Алып кетпеңіз, біздің балалар ақылды, алғыр, тапқыр, тәртіпті балалар. Теңіз қарақшысы:Жарайды. Балалар менің жұмбағымның жауабын шешсін. Жұмбақтың жауабын шешсе , ашық сабақтарыңның тақырыбы шығады. Шаңқ-шұнқ еткен үні жоқ, Сусыз оның күні жоқ Жүріп кетсе соңында, Қалып қойған ізі жоқ. Балалардың жауабы: Балық. Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс –әрекетіміздің тақырыбы «Аквариумдағы балықтар». Балықтар суда өмір сүреді. Балықтың түрі өте көп. Үйде асырайтын балықтар да болады. Көлде ,теңізде өмір сүретін балықтар үлкен болады, ал үйде өмір сүретін балықтар кішкентай болады. Олардың үйін аквариум деп атайды. Аквариумның ішіндегі балықтарды көру үшін шыны әйнектен жасалған. (Тәрбиеші аквариумға су құяды.) аквариумның ішіне тас саламыз. Ішіндегі су мөлдір әрі таза болуы керек. Балалар тәрбиешімен бірге балықтарды аквариумға жібереді. Балалар балықтарға жем береді. Тәрбиеші: Балалар суда қандай балықтар өмір сүреді? Балалар: Шабақ, сазан, шортан,итбалық. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Енді балалар балықтар жайлы тақпақтарымызды айтайық. Айжанар: Қармақ салсаң сазанға Бар өзенге азанда. Оңайлықпен сазанның Түскісі жоқ қазанға Алмаз: Айқайлама ,ұрыспа Тіпті ақырын тыныста Сазан нағыз сақ балық Жоламайды дыбысқа. Теңіз қарақшысы: Жарайсыңдар, балалар. Тәрбиеші:балалар барлығымыз шаршаған сияқтымыз, бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті: балықтар сияқты жүзеді, сүңгиді, суда секіреді.Қимылдарды қайталайды. Тәрбиеші :Енді біз «Балық аулау» ойынын ойнаймыз.(Балалар біртіндеп келіп балықаулайды, қай бала көп балық аулағанын санап, мадақтау) Тәрбиеші:Жарайсыңдар . Ең көп балықты Бижігіт аулады. Жарыс өте қызықты өтті. Теңіз қарақшысы:Мен сендердің өнерлеріңе тәнті болдым, мен енді балаларды алып кетпеймін. Сендер тәртіпті, ақылды, тапқыр болып өсіңдер. Қош сау болыңдар. Тәрбиеші:балалар балықтың суретін салайықшы. Тәрбиеші: Балалар, ал енді оқу іс-әрекетімізді қорытындылап жіберейік Суретпен жұмыс. Сұрақ-жауап. Тәрбиеші:- Балықтар қай жерде өмір сүреді? - балықтар немен қоректенеді? - балықтар қай жерде жүзеді? Балалардың жауабы . Тәрбиеші: Осымен , балалар, біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Су - тіршілік негізі.
Сабақтың тақырыбы: Су - тіршілік негізі.
Сабақтың мақсаты: Балаларғасудыңтабиғаттағыжәнеадамөміріндегімаңызытуралыайтып, көрсетіп, түсіндіру.Балалардықоршағанортаны, табиғаттықорғап, аялайбілугетәрбиелеу.Судыүнемдеппайдалануғажәнеқазіргікезде адамзат ауасын жұтып, суынішіпотырғантабиғатананықорғауғаүйрету.Ойынтүрлеріарқылытабиғаттықорғайбілугеүйретеотырып, сөздікқорындамыту.Экологиялықтәрбиеберу.
Қажетті құралдар: Ертегі желісініңсуреттері,атрибуттар, әртүрліәуендер,
( Бір саусақпентамшылапжауғанжаңбырдың, екісаусақпенсіркірегенжаңбырдыңүш-төртсаусақпенжәнешапалақтауарқылытөгіпжауғанжаңбырдыңдыбысынсалғызу,әртүрлідыбысойнаптұр)
Жұмбақбай атай: Балалар мен сендерге дәнризамын.Өнерлеріңүстемболсын! Әнжырларыңдытыңдап, мәзболдым. Меніңтағыдабаратынжерімбареді.Менсондабарайын. Сендерапайларыңменсеруендеріңдіжалғастырыңдар.
Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға баулу , экологиялық тәрбие беру. Көрнекілік құралдар: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары атты презентациясы,түрлі-түсті пішіндер,сюжеттік сурет , сандық қақпа , гүлдер , тоты құс , балықтар, су, топырақ, құм, құмшкер, ұя, ағаш, жұмыртқа. Әдіс тәсілі: сұрақ жауап , сергіту,ойын, тәжірибе,түсіндіру,өлең. Барысы: шаттық шеңбер: Балалар бүгінгі күн ерекше күн . бізге қонақтар келіп отыр олай болса қонақтармен сәлемдесейік. Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Ал, қанікей бәріміз Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Тәрбиеші: жарайсыңдар! Бүгін балалар ұйымдастырылған оқу іс әрекетіндегі тақырыбымыз « Табиғат тамашасы». Табиғат ана жер жүзіне жылуын,мейірімін сыйлап тұр емеспе?Сондықтан ешқашан жамандық жасама,жақсылық қана ойла.Барлығы саған жақсылық жасауға дос болуға ұмтылады. Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Жұмбақ шешімін таба отырып,түрлі-түсті пішіндер арқылы сюжеттік сурет құрастырамыз.Алдарындағы берілген пішіндер арқылы.Егер тапсақ бізге берілген « сиқырлы қақпалар» ашылады.
Жұмбақ: Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. «Күн»
Тауда өсер ,таста өсер, Көктем менен жазда өсер. Қыста өшер. «Шөп»
Көктемнің суретін құрастырып, әңгіме құрайды. Мінекей балалар «табиғат ана»ризашылығын білдіріп,бізге қола қақпада ашылды.Қола қақпа ішінде бізге «ашық хат»берілген,ашып көрейік.Бізге сұрақ-жауап берілген.Жауап берсек «күміс қақпа»ашылады. Балалар табиғат екі түрге бөлінеді. Өлі табиғат және тірі табиғат . -Осы топ ішіндегі өлі табиғат және тірі табиғатты атап шығыңдар? -Тірі табиғатқа жаны бар заттар жатады. -Өлі табиғатқа жаны жоқ заттар жатады. -Біздің топтағы тірі табиғатты атаңдаршы? -тоты құс,балықтар,тышқан. -Ал,өлі табиғат ше? -Ауа,алдымыздағы су,топырақ. Мінекей балалар «күміс қақпа»ашылуда. -Балалар қараңдаршы «күміс қақпа» ішінде өлі табиғат берілген.Енді өлі табиғатқа тәжірибе жасап көрейік. Бүгін судың қандай қасиеттері бар екенін білеміз.Алдарыңдағы суды ішіп көріңдер. -Судың дәмі бар ма? -Жоқ. -Иісі бар ма? -Жоқ. -Түсі бар ма? -Мөлдір. Енді стакандағы суға қант түйіршігін салып араластырыңдар. -Қант қандай күйге енеді? -Қант суда ериді. Келесі стаканға құм салып көрейік. -Құм ериді ме? -Құм стакан түбінде шөгіп қалады,ерімейді. Мінекей балалар табиғат ерекшеліктері.Табиғат ана бізге ризашылығын білдіріп, «алтын қақпаны»ашты.Балалар алтын қақпа ішінде «алтын сандық». « Алтын сандық» ашу үшінжақсы игі іс жасаумыз керек. Сендер қандай жақсылық жасасақ екен деп, ойлану үшін бойымызды сергітіп алайық. Оның үстіне тәжірибе жасапта,шаршадық
Сергіту: Өзен болып гурілдейміз Теңіз болып то қимызып Бұлақ болып бұрқылдаймыз Ешқашанда сарқылмаймыз Ғажайып сәт: Бұтағы сынған ағаш келді. -менің бұтағымды бұзақы балдар сындырып кетті. Сендер маған көмектесіңдер.Бұтағымды байлап беріңдер. Құстың салған ұясын жерге құлатып кетті. -балалар біз ағашқа көмектесейік. Оның жарасын байлап берейік. Ұяны орнына орналастырайық. Әділбек: ұяны орнын.а қояды Ағаш: Рахмет сендерге балалар Әділбек: Апай жұмыртқа жыбырлап жатыр Тәрбиеші: Міне ғажап. Жұмыртқадан балапан жарып шықты.Жаңа өмір басталды деген осы Әділбек: Апай мен осыған байланысты тақпақ айтқым кеп тұр. Достарыма Өсіруге балапан Құстар ұя салады Тақия тұзақ салмайақ Қайғысына қалмайақ Әдейі көздеп атпайақ Көп күнаға батпайақ Құс ұясын бұзбайақ Жұмыртқасын алмайақ, Обалына қалмайақ -міне ғажап алтын садық ашылды. Алтын сандық ішінде табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары бар. Тәрбиеші: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтарын түсіндіреді. Қортынды: балалар не білді? Не үиренді ? Жомар болуды –күннен бір орнында тұрып қалмауды- Сыңғырлап аққан өзеннен. Жарқырай білуді –жұлдыздан . Ізденуді –жерден. Көк аспаннан-самғауды Тазалықты-жаңбырдан . Гүлдерден-сүие білуді. Көк жиектен –арманды . Табандылықты-желкеннен. Ал кешірімді ананың қара көзінен,үиренейік балалар, сөзіме құлақ салыңдар. Қоштасу шеңбер : бәріміз дос бауырмыз Ажырамас іргеміз, Қиындыққа мойымай Сау болыңыз дейміз біз!
«Табиғат әлеміне саяхат»
Сабақтыңтақырыбы: «Табиғатәлемінесаяхат»
Білім саласы: Таным, қатынас, әлеуметтік
Сабақтыңмақсаты: Балаларғатабиғаттуралытүсінікбере отыра оларды табиғаттыаялауға , қамқорлықжасауғашақыру. Табиғаттыңадамөміріүшінпайдасынтүсіндіру. Табиғаттағы өсімдіктердің қалайжетіліпөсіпдамуытуралытүсніктерін қалыптастырыу. Өсімдіктердің күнделіктіортадағы қажеттіліктегімен өсіпдамуыныңбайланысынбалаларғатүсіндіріпбекіту. Тәжірбиелік жұмыстар арқылы балалардыңтабиғатқадеген көзқарасын кеңейту.Экологиялық тәрбиеберу.Тәжірбиелікжұмыстарарқылыойларынтиянақтау. Саусақмоторикаларындамыту. Қисынойлауқабілеттерін дамыту, еркін қарым–қатынасжасауғадағдыландыру. Ұжымшылдыққажәнебір–бірінекөмектесебілугеүйрету .
Әдіс – тәсілдер: сұрақ–жауап, тәжірбиелікжұмыстаржәне ойын.
Қостілдіккомпонент. Жемістер - фрукты
Күнбағыс–подсолнух
Растение – өсімдіктер.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы күш
Шаттық шеңбері
Күн сәуле шашқаның үшін рахмет
Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Аспан, таза ауаң үшін рахмет
Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!
Балалар табиғатқа қимылдармен көрсете отырып ризашылығын білдіреді
Релаксация
«Нағыз дос»
Балалар дос дегенді қалай түсінеді , достары кім айту
Ұйымдастыру кезеңі
«Табиғат әлемі» сайысына бармас бұрын біз алдымызда тұрған кедергіден өтуіміз керек, ол үшін әрқайсымыз көзімізбен қарап досымызды табамыз, содан соң досың екеуің мына екі тақтайшалар арқылы аяғымызды су қылмай мына өзеннен өтуіміз керек.
Балалар іс – әрекеттері
Әр кім өз досына көмектеседі.
Топ «Күнбағыс»
2- топ «Жемістер»
Тәрбиеші: «Табиғат әлемі» сайысына хош келіпсіздер.
(бір – бірлерінің қолдарын мықтап ұстап,жоғары көтеріп күнбағыс бейнесін келтіреді.)
Балалар қолдарын аспанға көтеріп шапалақтап, гүлге ұқсап отырады, , екі аяқты тыпырлатып қол соғады)
Әңгімелесу және сұрақ - жауап
1 сұрақ: Көктемде қар астыннан шығатын бірінші гүл?
1.Бәйшешек 2. Қызғалдақ. 3. Түймедақ
2. Сұрақ. Құстар бізге қай мезгілде ұшып келеді
1. Қыс. 2. Күз. 3. Көктем
3. Аюдың ұясы қалай аталады
1. Ұя. 2. Ін. 3. Апан
4. Аю ұйқыдан қашан оянады.
1. Көктемде 2. Қыста. 3.Жазда
5. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
1. Үш 2. Төрт 3. Бес
6. Бір жылда неше ай бар
1. Он бес ай. 2. Он екі ай 3. Он ай
7. Орман дәрігері қай құс
1. Тоқылдақ 2. Қарға 3. Қарлығаш
8. Табиғатты аялау үшін не істеу керек
1. Өртеу керек 2. Қамқорлық жасау керек 3. Ластау керек
Балалардың жауабы
Тестік тапсырма
Күнбағыс тобы:
Жемістер тобы:
Сергіту сәті:
Жануарлардың баласын туып бір – біріне қос
Жануарлардың жейтін тамағын бір – біріне қос
Пирамидалар жасау
Пластмасс ыдыстардан ұзын пирамидалар жасау.
Әр топ берілген тапсырманы орындайды
Балалардың тапсырманы орындау арқылы саусақ моторикаларын дамыту
Тәжірбиелік жұмыс
Күнбағыс тобы:
Жемістер тобы:
Рефлексивті түзету
Ойын : «Дәндер қалай өседі»
Қорытындылау
Тәрбиеші: Сендердің ойларыңды ары дамыту үшін мен сендерге мынандай тәжірбиелер көрсеткім келіп тұр.
Сүтке ас бояуларын тамызып кемпірқосақ,
тісшұқығыштарды суға салып ортасына қант қойып күн жасайды.
Плакатта ағаш және су құбыры краны салынған.
Ағаштың біздің өміріміздегі пайдасы.Дұрыс жауап алған сайын жапырақ салу
Судың біздің өмірдегі пайдасы. Дұрыс жауапқа тамшылар салу
Ойынның шарты:
Жүргізуші , Жел, Күн, Жаңбыр.
Балалар дән болады.
Тәрбиеші: Біздің бақта жел тұрды
Бақшалардан өтеді
Егістікке жетеді
Дәндер ұшты – ұшты дәндер
Дәндер ұшып тас жолда отырып қалады
Тәрбиеші: Ой , бұл не деген сұмдық болды дәндерім тас жолда қалып қойды
Кішкентай ғана дәндерде
Өсімдіктер тығылған
Өсімдіксіз өмір жоқ
Не істесек болғаны
Ортаға жел келіп барлық дәндерді ұшырады.
Дәндер егстікке барып отырады.
Тәрбиеші: Бұл тағы бір сұмдық дәндерім неге өспейді?
Ортаға күн шығып бәріне жылу мен жарық береді
Тәрбиеші: Бұл тағы да не сұмдық жерге апрып қондырып,жарық пен жылу берсек те неге өспейді өсімдік?
Жаңбыр келіп су құяды
Тәрбиеші: Ал дәндерім ақылды
Жерге ектік сендерді
Жылу менен жарықты
Су да құйдық керекті
Енді қашан өсесің?
Дәндеріміз бой көтеріп
Сабақтарын жаяды
Бүршік атып бір демде Жапырақтар тарайды
Экологиялық көрме
Сұрақтарға жауап беру арқылы қисын ойлау қабілеттерін дамыту
Балалар:
Тас жолдан бізді тездетіп
Жел ұшырса желдетіп
Жерге барып біз қонсақ Шығар едік тездетіп
Балалар:
Біз өсуге көмегін
Күн шуағын берсе екен
Жылу менен жарықты
Қажет етіп тұрмыз біз
Балалар:
Дәнге қажет су енді
Нәр беретін біздерге
Жаңбыр – жаңбыр қайдасың
Нөсерлеп қашан
құясын?
Дәндердің бастары қылтиып көріне бастайды
Бас киімдір киеді
Балалар орындарыннан тұрады
Табиғаттың таңғажайып әлемі
Мақсаты: Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау, табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету. Табиғатты сүюге, аялауға, оған қамқор бола білуге тәрбиелеу. Барысы: Шаттық шеңбері Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Сәлем саған жер Ана Сәлем саған нұрлы күн! Т: Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу әдістемеміздің тақырыбы «Табиғаттың таңғажайып әлемі болмақ» Табиғат дегеніміз не? Айым айта ғой. Б: жауап береді Т: Дұрыс айтасың Айым! Балалар біздер күнде табиғат аясына яғни далаға серуенге шығамыз. Онда біздер ауа райын бақылаймыз, ойнаймыз. Балалар кеше біздер табиғат аясына серуенге шыққанда не тауып алдық? «Сиқырлы қорапша» қараңдаршы. Балалар қандай әдемі қорапша! Кеше біздер бұл сиқырлы қорапшаны бүгін ашып қараймыз деген болатынбыз олай болса кәзір ашып қараймыз. Бізге бұл қорапшаны табиғат патшалығынан жіберіпті. Ішінде бізге ойын тапсырмалар бар екен. Осы ойын тапсырманы орындасақ жақсы сыйлық күтіп тұр екен. 1) ойын: «Сиқырлы қорапаша түстерін атап айт, және бұл түстер нені білдіреді? Нені ажыратады? (Көк, жасыл, сары, қызыл) (Қыс, Көктем, Күз, Жаз) 2) ойын: Табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шеше білеміз бе? Азиза: Аузы жоқ үреді, Аяғы жоқ желеді. (Жел) Жүсіп: Жардай дәулер соғысты, Жарқ - жұрқ етіп оқ ұшты (Бұлт найзағай) Жарасқан: Жарқ етсе сабау қамшы Төгіліп жауар тамшы (Найзағай, жаңбыр) Айым: Көк жүзінде көк доға Жер жүзінде жоқ доға Қолмен ұстауға болмайды, Көзбен көріп тоймайды (Кемпірқосақ) Диляра: Аспанда алып доп, Жарқырайды жарық боп.(Күн) Санжар: Көк жастығым сөгілді Ішінен мамық төгілді (Қар) (Суреттерін көрсетіп жауап береді) 3) Ойын: «Сергіту» олай болса табиғат құбылыстарын қимылмен көрсетіп демалып алайық. Жел тұрды гуілдеп, Ағаш біткен уілдеп. Аспанды бұлт торлады, Найзағайлар ойнады. Жаңбыр жауды себелеп, Кемпір қосақ көрінді. Жарқыраған күн шықты. (Балалар қимылмен көрсетеді) 4) ойын: «Ауа райының өзгерістерін тап» Шарты: Әр үйшіктегі белгі бойынша өз үйшігін табу. (Балалар ойынды шарты бойынша ойнайды.) 5) «Табиғат туралы мақал мәтелдер айту» Әлімжан: «Жер қазына, Су гауһар. Ерасыл: «Табиғатты аяласаң, табиғатта аянып қалмас!» Сәбина: «Судың да сұрауы бар!» Өте жақсы балалар! Табиғатты аялауға, қорғауға көмектесейік. Далаға серуендеп шыққанда ағаштарды сындырмайық, оларды күтіп, қорғап жүрейік.
Мақсаты: оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру.
Әдісі: сұрақ – жауап, мақал – мәтел талдау, нақыл сөздер, жұмбақтар шешу және «Табиғатты қорғайық» слайд көрсету, өлеңдер оқу Көрнекіліктер: нақыл сөздер «Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат», сюжетті суреттер. Мақал – мәтелдер жинағы
Табиғат – бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатта тепе - теңдік үнемі сақталып тұрады. Сұрақ – жауап. (ауызша топтарға сұрақтар қою.)
* Адам өміріне не қажет? * Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады * Судың қандай қасиеттерін білесіңдер? * Тірі табиғатты ата.
І - кезең: Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, Дархандықты қазаққа дала берген секілді, Еркелікті ерікті желден алған секілді, Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
*Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
- Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.
- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.
- Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген. ІІ кезең: Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді, Жазда ырысқа бөленеді. Күзде пісіп марқаяды, Қыста бірден қартаяды. (Жер)
- Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар? - Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер – біздің қазынамыз, байлығымыз. Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек.
* Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегеннің тамыры табиғат» деген. Сұлулық деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай?, аңдарымыз ше?, ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын білдіреді.
ІІІ кезең: Табиғатқа байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз? Көлдің көркі – құрақ, 2. Орман – ел дәулеті, Таудың көркі – бұлақ. Жер сәулеті.
3. Сулы жер – нулы жер. 4. Ағаш ексең аялап, Басыңда болар саябақ.
ІV кезең: Топтарға сауалнама 1 - топ. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің қаламыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер? ( суретін салу) 2 - топ. Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едіңдер? Сыныпқа жалпы сұрақ. «Туған жер табиғатын қорғау керек пе, әлде жоқ па?» Оқушылардың пікірін талдау Қорытынды: Қазақстан Республикасының Конституциясында « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген. Туған жерді сүю – парыз, Сүю үшін білу – парыз Қасиетін ұғу – парыз, Күзетіңде тұру – парыз
«Табиғат – біздің анамыз!» Мақсаты: 1. Балаларды туған елінің табиғатымен таныстыру. 2. Табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын арттыру. 3. Табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту; Әдіс - тәсілдер: Сұхбат, әңгімелеу, ой - шабуыл, шығармашылық, ізденіс, салыстыру, билингвизм.
Шаттық шеңбері. Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгінгі күн біз үшін қуанышты болатынына сенімдімін. Біз әдепті баламыз, Жайнай берсін даламыз. Табиғатпен дос болып, Қамқорлықпен қараймыз. - Балалар сендер қай елде тұрасыңдар? - Қазақстанда. - Қазақстан елінің табиғаты бай және ерекше. Оған көз жеткізгілеріңіз келсе теледидарға назар аударыңдар. Балалардың жауаптары: - Бізде кең байтақ дала да, шалқыған өзен – көлдер де, жайқалған орман да, асқар биік таулар да бар. Ұлан байтақ жерімізде аңдар мен құстар мекендейді.
Сергіту сәті: Қоюланып қара бұлт Жаңбыр жауды себелеп. Жапырақты жамылып, Жата қалды көбелек. «Табиғатты аялайық» ойыны Әр бала тірі табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелей отырып, тиым сөздер айту. Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек. Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді. Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ. Күнімізді бұл баспасын. Көбелекті өлтірмеңдер, ол - әдемілік белгісі. Құсты атуға болмайды, құс - адамның досы. Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол біздің жерімізге көрік береді. Аңдарды қорғауымыз керек, олар біздің байлығымыз. Асқар тауларымыз биік болсын. Аққуды атуға болмайды, ол сұлулық белгісі.
Тыныштық сәт - Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Әңгімелеу. «Табиғат - Ана». Табиғат – Ананың Жер, Су, Ағаш деген үш ұлы болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат - Ана бір күні ұлдарын шақырып алып: - Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, - деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуанып келісіп, адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты. Үшеуі үш жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті істер жасапты. Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда, аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары: - Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?- дегенде Табиғат - Ана: - Аяулы ұлдарым менің, бұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда,- деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін, адамдарға адал қызмет етумен келеді екен. Балаларға сұрақтар қою. 1. Табиғат әдемілігін сақтау үшін ең бірінші не керек екен? 2. Жер, су, ағаш бір - бірімен байланыста ма? 3. Су болмаса жердің көркі бола ма? Дәйек сөз Тәрбиеші балаларға Ө. Тұрманжановтың «Сүйейік, табиғатты аялайық, Біз де одан жақсылықты аямайық» деген өлең жолдарын бүгінгі іс - әрекеттің дәйек сөзі ретінде айтады.
Қорытындылау. Біз бүгін адамның өзінің туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілік, қамқорлық көрсету керектігін түсіндік. - Күн мейірін шашса, жаңбыр жерге нәр береді. Ал құстар біздің досымыз. Олар бізге тамаша ән салып, көңілімізді көтереді, табиғатқа көрік береді. Жеміс ағаштары, көкөністер Жер - Анадан өсіп өнеді екен. Барлығымыз айнала қоршаған табиғатқа қамқор болып, оны күтіп, баптап, сүйіспеншілікпен қарауымыз керектігін білдік.
Өлі табиғат және тірі табиғат
bibka
12 қазан 2014
17494
0
0
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне арналған технологиялық картасы. Білім беру саласы: Таным. Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу. Тақырыбы: Өлі табиғат және тірі табиғат Мақсаты: Балаларды өлі және тірі табиғат туралы, жан - жақты түсінік беру. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру. Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу. Билингвальдік компоненті: Күн – солнце. Ауа - воздух. Су - вода. Жер - земля
Іс - әрекет кезеңдеі 1 - кезең. Мотивациялық - қозғаушы Тәрбиешінің басқарымдық әрекеттері Таңертеңгі шеңбер Біз қандаймыз, қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Ренжуді біз білмейміз Қуанамын мен де Қуанасын сен де Қуанайық достарым Арайлап атты таңға. Балалар шеңберге тұрып, бір - бірін қолдарын ұстап жылы лебізді білдіреді.
2 - кезең. Ұйымдастырушылық – ізденушілік - Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер? - Әке, ана ата, әже - Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер? - Аспан, бұлт, машина, ит, ағаш, мысық, жер, қар). - Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек пе? - Ия, күн, су, ауа бізге керек. - Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейміз? - Табиғат. Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі табиғат. Кәне бәріміз қайталайық. - Өлі табиғат және тірі табиғат. - Өлі табиғатқа су, ауа, жер, күн, бұлт. - Балалардың жауаптары: Жаңбыр, құм бұл өлі табиғат. - Топтағы балалар, гүлдер олар тірі табиғат. - Ал тірі табиғатқа: адамдар, құстар өсімдіктер, гүлдер жатады. - Балалар міне, менің қолымдағы ыдыста не бар? - Қар. - Оның түсі қандай? - Ақ. - Қар, қай мезгілде болады? - Қар, қыс мезгілінде болады. Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады: 1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. Жауабы: Су. 2. Ақ сандығым ашылды Ішінен жібек шашылды. Жауабы: Күн 3. Өмірде одан мол ештеңе болмайды, Құшақтасаң құшағың тең болмайды. Жауабы: Ауа - Мынау не? - Су. - Түсі қандай? - Судың түсі мөлдір таза, сұйық зат. - Дәмі барма? - Дәмі жоқ. - Суды қалай пайдаланамыз? - Суды ішеміз, кір жуамыз, тамақ істейді. Су керек пе? - Балалар судың пайдасы мол. Су түрлі өзгеріске ұшырайды, бұға айналады, бу қайтадан су күйінде жаңбыр болып жауады, су мұз болып қатады. - Су отты өшіре алады, суды адам барлық тіршілігіне пайдаланады. Кім су туралы тақпақ біледі.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Қанатты жазайық Құс болып ұшайық, Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық.
Тақтадағы табиғат көрінісін түсіндіру. 1. Суға құмды салайық ери ме? Балалар құм бізге керек пе? Құмға ағаштарды отырғызамыз, құмда өсімдіктер, гүлдер өседі. Ағаштардан не жасауға болады? Сонымен су өлі табиғатқа, ағаш, құс, гүлдер, өсімдіктер тірі табиғатқа жатады. Балалар біз нені жұтып, дем аламыз? Құстарды атуға бола ма? Ағаштың талын кесуге бола ма? 2. Мына гүлді құмға қопсытып отырғызамыз да, суды құямыз. Ол сумен өседі, көріктенеді, оттегін шашады, ауаны тазартады. Бұлар қандай табиғатқа жатады? 3. Енді қантты суға салайық, ери ме? Дәмі қандай? 4. Суға тұзды салайық тұз еріді ме? Дәмі қандай болады? Мақал - мәтел: Судың да, сұрау бар. Су - тірліктің көзі.
Балалар, қар қай мезгілде болады
Айналадағы әлеммен танысу. Экология негізі
Сабақтың тақырыбы: жануарлардың қысқы мекені.
Сабақтың мақсаты: жан- жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қыста аю апанда ұйықтап жатады. Ол көктем шығып, қар ерігенше осылай ұйқыда болады. Апанда жатып өзінің кішкентай қонжығын туады. Аю –ақылды, иіс сезгіш, жыртқыш аң. Бірақ өзі ешкімге тиіспейді. Көбіне өсімдікпен қоректенеді. Жазда жеміс- жидек тереді.
Қоян қыста үйілген маялардың түбінде ,не ағаш қуыстарында қыстайды. Қорегі –түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Қыста ақ тон киіп, ал жазда қоңыр тонын киеді. Өзі қорқақ, сәбізді, қырыққабатты жақсы көреді.
Тауға шықсаң –қалың қар,
Сайға түссең- қалың қар,
Шырша үсті-қалың қар,
Байқаңдар, қар астында
Ұйықтап жатқан аю бар.
Қорытынды: жабайы аңдардың суретін салу.
Іс-әрекет тақырыбы: «Көбелектер әлемі»
Іс- әрекет мақсаты: Балалардың табиғат әлемі не деген әдемілігіне қызығушылығын арттыру, бояулардың түстерінің мәнін түсінуге қалыптастыру.Дәстүрлі емес әдісті пайдалана отырып сурет сала алуға, топтасқан түрде бейнелеу құралдарының түрлерін пайдалана отырып сурет салуға үйрету. Көбелекті әртүрлі түсті пайдалана отырып әдемі бейнелеуге, құммен салуға үйрету.Балалардың шығармашылығын дамыту.
К/ құралдар: карандаштар, фломастер, гуашь, қағаз, желім, құм ыдыстағы, ылғал сүрткіштер.
Іс -әрекет барысы: Балалар шеңбер бойымен тұрады.Жұмбақ жасыру.
Бар екен бір мақұлық ұннан майда,
Өз басын тігеді екен қиын жайға.
Ұстасақ үгітіліп жоғалады,
Дамылдап отырмайды ешбір жайға.
Дұрыс жұмбақтың шешуі көбелек екен. Балалар енді мұнда қарайық көбелек түрлерін слайд арқылы тамашалайық. Слайд көру, түрлеріне тоқталу. Ол ұшады, қонады, қанатын ашып қонады, көбелектер гүлді шаңтозаңнан, күн ыссылығынан қорғайды екен.Тек олар қысқа өмір сүреді екен.Енді сендерге қызықты әңгіме айтып берейінші.Бір ертегі елінде көп әдемі гүлдер өсіп жатыр екен. Сол жерде көбелек өмір сүреді екен.Балалар көбелек әдемі, ол нәзік.Балалар көбелекті шынымен ертегі еліндегідей шақырып көрелік.Мүмкін көбелек бізге ұшып келер.
Кәне бірге. Көбелек, көбелек
Біздің баққа қона кет.
Қараңдаршы көбелек бізге шынымен ұшып келген сияқты. Көбелек қандай әдемі, көңілді.Көбелектер не істей алады? Ұшады , қонады, қалықтайды.Олармен ойнап көрелік қарап бәріміз үрелік.
Яндекс.Директ
Сосуды Дьюара по выгодной цене!Сосуды Дьюара в наличии! Для жидкого азота, гелия и кислорода! Узнать цены.cryomash.comАдрес и телефон
Объявление скрыто.
Мұрнымызбен дем алайық,
Аузымызбен дем шығарайық.
Терең дем алып, жаймен үрлейміз.
Ал қазір ертегі гүлдер әлеміне көбелекті қондырайық оған ат қояйық.Ғажайып көбелек деп атаймыз. Балалар көбелек еліне қуанышты, көңілді қайту үшін бейнелеу өнерінің құралдарын пайдалана отырып көбелек салып берейік.Балалар көбелек туралы тақпақ білеміз бе?
Ақ қанатты көбелек,
Көк қанатты көбелек,
Қызыл қанат көбелек
Бақшамызға келе кет. Айым
Гүлдер, гүлдер көктесін,
Көбелектер көп келсін.
Ақ қанатты көбелек,
Бақшамыздан кетпесін. Азамат
Жұмысты бастамас бұрын саусақ , қолдарымызды жаттықтыру.
Көбелектер дос болайық,
Көңілдірек қанекей.
Бақта бізде гүлдер бар,
Қане, ұшамыз бәріміз.
Егер жаңбыр жауа қалса,
Тығыламыз бәріміз.
Енді балалар бәріміз бері қаралық.
Көбелекте не бар?
Ол қандай?
Денесі, басы, қанаты.
Балалар біз осы уақытқа дейін карандаш, су бояқ, құммен жұмыс жасап келдік.Осы әдісті пайдалана отырып көбелекті 4-5 баладан топтасып карандаш, фломастер, гуашь, құммен бейнелейік. Балалар жұмысын қадағалау талдау жасау.Біздің ғажайып көбелегіміз көңілді. Енді бәріміз ойын ойнаймыз.Гүлдер бетпердесін ,көбелектер бетпердесін киген балалар ортаға шығады.
Ойын: « Өз гүліңді тап» ( түстеріне қарай)
Залдан шығып кету.
Тақырыбы: Ауа
Мақсаты:Балаларға әсемдікті,әдемілікті көре білуге үйрету,табмғатты қорғап аялауға үйрету.Өлі және тірі табиғат туралы білімдерін тиянақтау,ауа туралы түсініктерін қалыптастыру.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.Табиғат құбылысының әсемдігін көре білуге,қабылдауға,оған қамқорлық ,аяушылық жасауға тәрбиелеу.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің і-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
ҰОІӘ дайындық
ҰОІӘ тілек шеңберімен ұйымдастырамын.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
ҰОІӘ өткізілуі
-Балалар осы табиғат дегеніміз не?
-Табиғат нешеге бөлінеді?
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
-Тірі табиғатқа нелер жатады?
Тосын сәт
Есік қағылып ішке Дымбілмес кіреді.
-Бәрі мені ренжітеді,мен судың астында балықтармен бірге өмір сүргім келеді,ал маған бәрі судың астында өмір сүре алмайсын дейді.Сен балық емессін,адамсын,ал адам ауамен дем алады дейді.
Балалар біздер судың астында өмір сүре алмаймыз,бізге ауа қажет.
Дымбілмес:Ал,мен,ол ауаны қайдан аламын?
Яндекс.Директ
Сосуды Дьюара по выгодной цене!Сосуды Дьюара в наличии! Для жидкого азота, гелия и кислорода! Узнать цены.cryomash.comАдрес и телефон
Объявление скрыто.
—Дымбілмес саған ауаны беру керек емес.Ауа әр қашанда біздің қасымызда,бірақ ол көрінбейді.
2Қолымызбен,аузымызбен,мұрнымызды жауып дем алмай тұрайық,Қиынба?
3 Ауаны қалтаға үрлеу.
4 су құйылған ыдысқа түтікше салып оны үру,су көпіршіктері пайда болады.
Сергіту сәті
Бізді қоршаған орта
Құм,су,тас,мұз
Өсімдік,жануар,адам
Балалар алақандарына үрлейді
Балалар алақандарымен аузы,мұрындарын жауып дем алмай тұрды.
Балалар ауаны қалтаға үрлеп,оны қолмен ұстап көрді
Түтікшемен үрлеп,көпіршіктер шығарды
Сергіту сәтін ұйымшылдықпен орындады.
Қорытынды
Ән: «Алтын күз»
Балалар әнді қызығушылықпен орындады
Тақырыбы: Үй құстары. Әтеш, тауық, балапан.
Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: — Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: — Күз мезгілі
Тәрбиеші: — Күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?
Балалар: — Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Тәрбиеші: — Ендеше, күз туралы кім тақпақ біледі?
Ердияс: Сарғаяды жапырақтар,
Күз де келіп қалыпты.
Қатаяды топырақтар,
Жаз да бітіп қалыпты.
Тәрбиеші: — Балалар, тыңдаңдаршы, бір нәрсе тырсылдап жатыр. Қане, қайтадан тыңдайықшы. Мәссаған, мына жұмыртқаның үлкенін — ай, өзінің түсі аппақ екен, ал көлемі сопақшаға ұқсайды екен. (Балалар жұмыртқаға таңдана қарайды)
Тәрбиеші: — Балалар, жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме?
Балалар: — Балапан шығады
Тәрбиеші: — Балапан шығатынын білесіңдер. Балапан не істеп тұр?
Балалар: — Жылап тұр.
Тәрбиеші: — Балапан, сен неге жылап тұрсың? Біз саған көмектесеміз, айтшы балапан.
Балапан: — Мен мамамнан адасып кеттім. Сіздер соны тауып бере аласыңдар ма, балалар?
Тауық: — Балалар, не болды, менің жұмыртқаларымды таптыңдар ма? Сендерге көп рахмет.
Тәрбиеші: — Тауық, біз балалар болып сіздің жұмыртқаңызды таптық. Оны ұстайын деп едік, ол жарылып жатыр екен. Біз оның жарылуын күттік. Содан міне, сіздің балаңызды аман-есен тапты балалар.
Тауық: — Рахмет, балалар! Менің балапанымның қарны аш еді, сендер балапаныма жем, тары тауып беріңдерші.
Тәрбиеші: — Тауық бізде жем де, тары да бар. Бірақ менің тапсырмаларымды орындасаң ғана беремін.
3 – тапсырма: Балапан туралы кім өлең біледі? («Әнші балапан»)
4 – тапсырма: Үй құстарын атап беріңдер?
(қаз, тауық, әтеш, үйрек)
5 – тапсырма: Әтеш туралы кім жаңылтпаш біледі?
Әтеш әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Тауық: — Балалар, сендер маған көп көмектестіңдер. Рахмет, енді мен сендермен қоштасайын. (Тауық балапанын алып кетіп қалады)
Тәрбиеші: — Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік.
Тауық тары жинапты,
Оны ешкімге қимапты.
Бөтекесін толтырып,
Қамбасына құймапты.
Қыста тауық қақылдап,
Тары іздеп жүр тақылдап.
Дидактикалық ойын: «Анасын тап»
Шарты: Балаларға үй құстарымен олардың балапандарының суретін үлестіріп беру. Балалар анасын балапанымен жұптастырады.
Тәрбиеші: -Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер?
Балалар: — Қаз, тауық, үйрек.
Тәрбиеші: — Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?
Балалар: — Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.
Тақырыбы: «Құстар келді өлкеге»
Мақсаты: Балаларға құстар туралы, олардың өмір сүру ортасы, құстардың
жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөніндегі
ерекшеліктері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, қол еңбегі
арқылы құстарға қамқор болып ұя жасауға үйрету.
Керекті құралдар: Құстардың қайда өмір сүретіндіктері туралы кесте. 1)Ауылдың суреті, 2)Қала суреті, 3) Таудың, даланың суреті, құстардың суреттері, шитен, ағаш ұя, сазбалшық, тақтайша.
Тәрбиеші: Күн анамыз бізге нұрын шашып тұр, бәріміз амандасайық
— Хормен: әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені
Нұрға толы бар аймақ,
Күн шыққанда арайлап.
Ұйқымыздан тұрғанда,
Күлімдейді жан анам.
«Қайырлы таң ботам» — деп
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
Сәләматсыздарма!
Іздену-ұйымдастырушы
Құстардың дауысы жазылған фонограмма қойылады.
-Балалар бұл нелердің дыбысы?
-Балалар сендерді аналарың құстардың атына байланысты қалай еркелетеді?
-Балалар енді орнымызға отырып оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінің айларын атаңдар?
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?
-Балалар бүгін құстар туралы әңгімелесеміз. Таңғажайып сәт. Көгершін ұшып келеді.
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен бейбітшілік құсымын. Бар әлемге тыныштық тілеймін. Сендерге тапсырмалар алып келдім.
●Қандай қыстайтын құстарды білесіңдер?
●Жыл құстарын атап беріңдер.
Көктемде құстар жылы жаққа ұшып келеді. Мұндай құбылысты көшіп-қону, миграция деп атайды.
●Құстар суреттерін атап, мекен ететін ортасына тақтаға орналастырады және құс туралы мәлімет айтып береді.
●Лабиринт «Қайсысының тұмсығы»
Тәрбиеші:
-Балалар құстардың тұмсықтары бірдей болмайды. Жәндіктермен қоректенетіндердің тұмсығы біз сияқты үшкір болады. Дәндермен қоректенетіндердің тұмсығы қысқа және жалпақтау (қалақ) тәріздес, доғал және қысқа (торғайда), жалпақ және ұзын (үйректе), жыртқыш құстардың тұмсығы етті жұлып жеу немесе тістеп тасуға қолайлы имек өткір болады (үкі, бүркіт)
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Көкке қолды созамыз,
Құстай қанат қағамыз.
Қарлығаш боп ұшамыз,
1-2-3 жаттығуды жасаймыз.
●Тәжірибе жасау
Мінекей мынау жұмыртқа, құстар жұмыртқа арқылы көбейеді. Ал мынау қауырсын және мамық
●Құстар туралы кім қандай тақпақ біледі.
Құстарға ұя жасап берелік
Құстарды өз ұяларына орналастырады.
-Бұл құстардың сайраған дыбысы
-Менің анам көгершінім,
-Менің анам қарлығашым,
-Менің анам балапаным,
-Менің анам аққуым-дейді.
-Көктем мезгілі
-Наурыз,Сәуір,Мамыр.
-Көктемде күн жылынып, қар ериді.
-Айналаның барлығы өзгеріске түсіп табиғат көркейеді.
Ең алғаш ұшып келетін құс ұзақ, қарғадан сәл кішілеу, егер ұзақ ұясын биікке салса жаз жылы, шуақты болады, ал егер де төменге салса онда жаз салқын, жаңбырлы болады деп болжайды.
Қарлығаш кімнің үйіне ұя салса сол үйге бақыт келеді деп, көне көз қариялар киелі құс деп санайды. Олар ұсақ шыбындармен қоректенеді, үнемі ауада ұшып жүреді.
Ләйлік биікке ұя салатын ірі құстардың бірі, ұсақ жәндіктермен, өсімдіктермен қоректенеді.
Тырна көктемде ұшып келген кезде ауыл қариялары егін егуге уақыт болды деп болжайды, ұзын аяқты біз тұмсықты ірі құстардың бірі, ұсақ жәндіктермен, өсімдіктермен қректенеді.
Торғай кішкентай құстардың бірі, дәнді-дақылдармен қоректенеді.
Аққу ірі денелі, суда тіршілік ететін құс, олар үнемі жұптасып өмір сүреді, өсімдіктермен ұсақ балықтармен қоректенеді.
Балалар құстардың тұмсықтарын тауып сызық арқылы қосады.
Сергіту сәтін орындайды.
Балалар жұмыртқаларды салыстырады. Қауырсын қанатта болатындығын ұстап көреді, мамық құстардың денесінде болатындығын меңгереді.
1-бала:
Торғай, торғай тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтекесі бұлтиып
Шиық,шиық десіп отырады
2-бала:
Ала қанат сауысқан
Құртты көрсе жабысқан
Бір томардан томаға
Секең-секең ауысқан.
3-бала:
Тырау-тырау тырналар,
Жем іздесең қырға бар.
Егін жайда масақ бар,
Тырбаңдаған құр қалар.
4-бала:
Ақ шаңқан шағала,
Айдында жағада.
Шарқ ұрып жүреді,
Жүзе де біледі.
Барлығын қалаған
Ұшып кеп, іледі.
Е.Өтетілеуұлы
1топ: Ағашты желімдеу арқылы қараторғайға ұя жасайды.
2топ:Шитеннен ұя жасайды.
3топ:Саз балшықтан қарлығаштың ұясын әдемілеп жасайды.
-Қараторғайды өз ұясына
-Қарға, ләйлік, аққуды шитен ұяға
-Қарлығашты өз ұясына
Рефлексивті коррекциялаушы
-Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?
-Көрдіңдер ме, балалар жер шарын қаншама құстар мекендейді. Бәрінде қанат бар, денесі қауырсындармен жабылған оларды бір сөзбен «Құстар» деп атайды.
Ақ көгершін балаларға сыйлыққа жұмыртқалар үлестіріп береді.
Құстар табиғаттағы зиянды құрт-құмырсқаларды жояды.
Күтілетін нәтиже.
Білуі: ● Құстар туралы, олардың өмір сүру ортасын ажырата білу керек.
● Құстардың жерде өмір сүретіндігі мен ауада ұша алатындығы жөнінде
түсінеді.
Меңгеруі: ● Суреттердегі құстардың ерекшеліктеріне әңгіме құрастыра білу.
● «Құстар» деген сөздің мағынасын меңгереді.
Жасай алуы: ● Берілген тапсырмаларды орындайды.
● Құстардың суреттерін мекен ететін орындарына орналастырады.
● Құстарға ұя жасап береді.
Балалар: — Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.
Тәрбиеші: — Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар! Балалар, аулада тауықтар мен әтештер жайылып жүр екен, олардың балапандары қайда екен? Қане, балапандарды жем жеуге шақырайық. (Топтық жұмыс. Балапандарды жапсыру)
Би: «Шөжелерім»
Сабақтың тақырыбы:«Құстар біздің досымыз»
Сабақтың мақсаты: Балаларды жергілікті жердің құстарымен
таныстырып,оны күтіп-баптауға,аялауға,олар-
ға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін
толықтыру,құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасау-
ға тәрбиелеу.Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту.Балаларды
табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білім-
дерін толық ұғымға жетілдіру.
Көрнекіліктер: құстар бейнеленген атрибуттар,құстар жайлы
диафильм,үнтаспа,ойындар,үш қорапша,тапсырмалар,қаз бен тауықтың қауырсындары,ақ қағаз,күнбағыс майы,су.
Сабақтың барысы: Көңілді әуен ойнайды,сол кезде ортаға
« Көктем» мезгілі кіреді.
Көктем: Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл,жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен,-дей отырып,
әдемі құстарымызды қарсы алайық.
Үнтаспадан жәй әуенмен «Құстар әні» орындалады,осы кезде бір топ бала бастарына құстардың суретін тағып,құсша қанаттарын
қағып залға кіреді да,әр ағаштың түбіне барып қонады.
Көктем: Балалар ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске тү-
сірейікші, ол үшін мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын.
Шарлап келіп даланы,
Үйіме,үйін салады. (Қарлығаш)
Су бетін сүзіп,
Ақ құман жүр жүзіп. (Аққу)
Түнде жортады,
Жарықтан қорқады. (Жарқанат)
Тақылдатып,мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді,зиянкесті тазалар. (Тоқылдақ)
( теледидардан құстар жайлы диафильм көрсетіледі)
Көктем: Балалар,сендер теледидардан не көрдіңдер? Құстардың
атын атаңдаршы (қарға,сауысқан,торғай,қарлығаш,тыр-
на,қараторғай,аққу).
Біз сендермен серуенге шыққанда жылы жақтан көп құстардың ұшып келгенін көрдік.
Көктем: -Көктем құстарын кім атайды?
Балалар: -Қараторғай, қарлығаш,тырна.
Көктем: — Осы құстар нені қорғайды?
Балалар: — Ағаштарды.
Көктем: — Ағаштар не үшін керек?
Балалар: — таза ауа шығарады.
Көктем: — Ендеше сол таза ауамен дем алып көрейік.(балалар
тыныс алу жаттығуын жасайды)
Ал енді осы құстар туралы тақпақ,мақал-мәтел,тыйым сөздер
Криогенные емкости. В наличии!Звоните и получайте готовое решение вашей задачи! Качество и оперативность. 0+dioksid.ruАдрес и телефон
Объявление скрыто.
Ғажайып сәт: «Ақ көгершін» әні орындалып тұрады.Сол сәтте аузында тістеген себеті бар көгершін ұшып келеді.
Көгершін: -Сәлеметсіңдер ме,балалар.Мен аспанда ұшып жүріп,
сендерді көріп,қонаққа келдім.Мен сендерге босқа келген жоқпын сендердің білімдеріңді тексерейін деп келдім.
Мына менің аузыма тістеген себеттің ішінде жұмыртқалар бар,сол
жұмыртқаны жарып ашсаңдар ішінде сендерге арналған тапсырма- лар бар.
1-тапсырма: Балалар сендер құстар туралы қандай ойын білесің-
дер ? Кәне,атаңдаршы.
Балалар: «Етек-етек», «Ұшты-ұшты», «Жүргізуші мен торғай»,
«Мысық пен торғай», «Аққу-қаздар», «Үкі мен құстар».
2-тапсырма: Мен сендерге жаңадан бір ойын алып келдім.
Д/О: «Құстар-балықтар-аңдар»
3-тапсырма: Менімен бірге қыздар «Көгершін» биін билеп берсін.
(сол кезде көгершін байқаусызда бұтаққа шалынып құлап,
қанатын жаралап алады)
Көгершін: — Ой-бу, балалар мен жарақаттанып қалдым,енді мен
жалғыз қалай ұшып кетемін. Сендер маған көмектесіңдерші.
Маған достар керек.
Көктем: Көгершін сен ренжіме, біздің балалар саған достар тауып береді.
(балалар бірнеше қиынды бөліктерден құстарды құрастырады).
Көгершін: -Балалар сендерге көп рахмет! Өздерің ақылды бала
екенсіңдер,әкелген тапсырмалардың бәрін орындадыңдар.
Өзіме достар тауып алдым. Ал,енді осы достарыммен ұшып қайтам.
Сау болыңдар!
Балалар: Сау бол!
Көктем: — Балалар,сендер тағы құстар жайлы не білесіңдер?
Шолпан: Көктем мезгілінде құстар жылы жақтан ұшып келеді,біз құстарды күтіп-баптап,аялауымыз керек. Құстар біздің досымыз.
Досжан: Құстар ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді.
Ағаштың жайылып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына
көмектеседі.
Ядгар: Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап,жем
беруіміз керек.
(Тәжірбие – зерттеу жүмыстарын жасау)
Көктем: Балалар,мен сендерге осы құстардың қауырсынынан
тәжірбие жасап көрсетемін.Балалар мынау қаздың және тауықтың қауырсыны,яғни қанаттары,оларды көріп,тексереді,сулайды,нелік- тен қаздың қауырсынында су тоқтамайды.Ақ қағазға күнбағыс майын жағып,сулайды,не болғанын тексереді.
(су қағаздан сырғанап,қағаз құрғақ болып қалады)
Ол неліктен деп ойлайсыңдар? Суда жүзетін құстардың арнайы
ішкі майлы бездері болады,олар сол майды тұмсықтарымен жүн-
деріне майлайды.
Викториналық сұрақтар:
Басында тарағы бар ,бірақ шашыңды тарай алмайсың . (Әтеш)
Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? (Қарлығаш)
Қай құс өзінің атын қайталайды? (көкек)
Қандай құс хат тасушы атанған?(көгершін)
Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
Құстың негізгі мекені? (Ұя)
(Балалардың жұмыстары,құстарға ұя жасап,ағаштың басына ілу).
Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
Ұнады.
Біз сабақта нелер туралы әңгімелестік?
Құстар туралы әңгімелестік,тақпақтар айттық,мақал-мәтелдер,
құстар туралы тыйым сөздер айттық.
Қонаққа Көгершін келді,бізге тапсырмалар алып келді.
Ойын ойнадық.
Өте жақсы балалар.
Көктем: Көктем мезгілінде айналаның бәрі әсем гүлге толы,ағаш-
тардың бұтақтары бүршік атып,ауа-райы күрт өзгеріп,дала жайнай
Мақсаты: Әр аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой – өрісін дамыту. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері: Қайырлы таң аңғада, құсқада,
Қайырлы таң жайдарлы жанғада.
Қайырлы таң алға алсын,
Кешке дейін жалғассын.
Жұмбақ шешуден бастайық
а) Жазда қыдырады,
Қыста тынығады.
(Аю)
ә) Орғыған қорқақ, көзі қыли,
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.
(Қоян)
б) Бұтастан – бұтаға секірген,
Кішкентай ғана шапшаң аң,
(Тиін)
в) Құйрығы сылаң – сылаң етеді,
Барлығын алдап кетеді.
(Түлкі)
г) Аузы бейне шалғы орақ,
Шөп емес бірақ малды оранды.
(Қасқыр)
Әр бала жұмбақтың шешуін тапқан бала сол аңның суретін тақтаға іледі.
Бір сөзбен қалай атаймыз?
Неліктен жабай аңдар дейміз?
Д/О: «Сипатта»
Ойынның шарты: Ортаға бір бала шығады, басына маска кигізеді, балалар масканы сипаттап айтады, бала өзінің қандай аң екенін табады.
Д/О: «Сен білесің бе?»
Аюдың – баласы қонжық
Қасқырдың баласы – бөлтірік
Түлкінің баласы – мыршай
Қоянның баласы – көжек.
Осы аңдардың балалары аналарынан ажырап қалыпты, осы аңдардың балаларына поезд келіп тұр, бірақ қай вагонға мінетіндерін білмей тұр.
Балалар көмектесеміз бе?
Д/О: «Қай аң қандай вагонға мінеді»
Ойынның шарты: Түстеріне байланысты сызықтар арқылы қосады, нешінші вагонға мінгенін санайды.
Слайд бойынша аңдарға балаларын қасына апарады.
Балалар бүгін біз тек жабайы аңдарға ғана көмектесеміз.
Аңдар өздері туралы не айтады екен, тыңдап көрейік.
Замира: Кәрі еменнің түбіне
Бір біріне үңіле
Айтысуға жиналды
Жан жануар біріге
Аруна: Мен тиінмін түлкімін, түлкімін
Тынып тұрған күлкімен
Яндекс.Директ
Сосуды Дьюара по выгодной цене!Сосуды Дьюара в наличии! Для жидкого азота, гелия и кислорода! Узнать цены.cryomash.comАдрес и телефон
Объявление скрыто.
Бұлаң – бұлаң құйрығым
Тек отпейді бір күнім
Маркизат: Мен тиінмін, тиінмін
Асыл менің киімін
Жүгіріп шығам ағашқа
Ұстатпаймын бір жанға
Автор: Енді қасқыр мақтанды
Өз деміне аптыға
Қорқып тұрған қоянды
Тап беруге шақ қалды.
Азима: Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп қаламын
Әли: Балпаң – балпаң басамын
Алты қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашымын.
Д/О: «Құйрығын табуға көмектес»
Балалар аңдар өздерінің құйрықтары табалмай тұр, соған табуға көмектесейік.
Орман тоғайдағы аң құстар, жан – жануарлар серуенге шықты. Кәзір солардың кимылын салып көрейік. Көлбең – көлбең көлеңкем, көлбең деген көлеңкем. Қане қатар тұрайық, үлкен шеңбер құрайық! Көлбең – көлбең көлеңкем, көлбең деген көлеңкем, түлкі қалай жүреді, кім көрсете біледі.Балалар айтылған аңдардың жүрісін салады.
Тапсырма: «Қоян неге жылып тұр»
Жарайсыңдар, балалар қоянға көмектесіп көжектерін тауып бердіңдер.
Қоян мен тиінді құрастыру
«Қоянның туған күні» ертегісін драмалау.
Автор: Ерте, ерте ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырды. Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киеді. Ол туған күніне аю, түлкі, тиін, қасқырды шақырды.
Тиін: Туған күнің құтты болсын, Ақ қоян!
Саған арнап шырша жаңғақтарын әкелдім.
Түлкі: Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі.
Қасқыр: Бауырым қоян, туған күнің құтты болсын. Туған күніңе қош иісті Раушан гүлін сыйлаймын.
Төртеуі бірге: Аю неге кешікті.
Аю: Кешіккеніме кешірім сұраймын. Туған күнің құтты болсын. Туған күніңе арнап бал әкелдім. Сыйлығымды қабыл ал, ақ қояным.
Автор: Сонан бері қоянның құлағы ұзын екен.
Қоян: Туған күнімде барлығыңа тәтті шырын сыйлаймын.
Сабақтың тақырыбы:Өсімдіктер қалай өседі?
Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы өсімдіктердің қалай жетіліп өсіп дамуы туралы түсніктерін
қалыптастырыу. Өсімдіктердің күнделікті ортадағы қажеттіліктегі мен
өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту. Тәжірбиелік
жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген көзқарасын кеңейту.
Экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілік: Гүлдер, трек схемалары, өсімдіктердің суреттері, дәндер, сұйық май, бауырсақ.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, тәжірбиелік жұмыстар және ойын.
Қостілдік компонент. Гүлдер- цветы
Күнбағыс – подсолнух
Растение – өсімдіктер.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс — әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы күш
Шаттық шеңбері
Балалар жиналды бір топқа
Сен менің, мен сенің досыңмын
Кәне қолды бер досым
Бірге ойнайық қуана.
Балалар бір – бірімен дос болады
Релаксация
Балалардың қолдарына бір гүлден беріп, бір біріне тілек айту арқылы бір шоқ гүлді жинау
Балалар бір – біріне тілек айту арқылы көңілденеді
Ұйымдастыру кезеңі
1.Балалар бір біріміздің көңілімізді көтердік , ал енді айта қойыңдаршы қазір қай жыл мезгілі?
2.Күз айларын атаңдар
3.Күз айларының ерекшеліктері
4.Күз туралы кім өлең тақпақ біледі
Балалар жауабы
Күз
Қыркүйек, қазан, қараша
Суретпен жұмыс
Балалар жауабы.
Жаңа сабақ
Есікті тақылдатып Буратино көңілсіз болып келеді, қолында жасанды гүл және күнбағыс бар.
Тәрбиеші: Балалар мынау кім?
Буратино сен неге көңілсізсін, саған не болды
Балалар таң қалады.
Буратино
Әңгімелесу және сұрақ — жауап
Буратино: Мен кішкентай балаларға жақсы бір іс жасайын деп едім , қолымнан келмеді, топтарына әдемі, сәнді, таза ауа болсын деп гүл сыйлаған едім. Ол топтың тәрбиешісі маған: Буратино саған көп рахмет сен бұл жасаны гүлдерді қай дүкенен алдың деді. Мен таң қалып тұрмын, неге жасанды, олардың жапырақтары жасыл, сабағы да жасыл, гүлі қызыл.
Жоқ мен әкелген гүлдер тірі, тәрбиешіні түсінбедім
Балаларда аяушылық сезім оянады
Негізгі бөлім
Тәрбиеші: Балалар Буратино бір нәрсені түсінбей тұр екен кәне түсіндірейік.
Яндекс.Директ
Криогенные емкости. В наличии!Звоните и получайте готовое решение вашей задачи! Качество и оперативность. 0+dioksid.ruАдрес и телефон
Объявление скрыто.
Гүлдер дегеніміз орысша — цветы
Бұл жасанды гүлдердің тірі гүлдерден қандай айырмашылығы бар?
Жасанды гүлдер не?
Тірі гүлдер дегеніміз не?
Тәрбиеші: Кәне балалар Буратиноға тұқым дегеніміз не , ол не үшін керек?
Тәрбиеші: Кәне ненің тұқымдарын білесіңдер?
Буратино: Жоқ мен сенбеймін мына кішкене жанғақты қорапқа салып орамалмен жауып, тибиду- тибиду дух – емен өс десем мынандай ағаш өседі ме? Мен сенбеймін.
Тәрбиеші: Жоқ Буратино сағн бұл жерде сыйқырлы сөздер көмектеспейді, бұл жерде білім мен еңбек керек кәне менің балаларым саған мына тірек схема арқылы түіндіріп береді
Балалар жауап береді
Жасанды гүлдерді біз ойнағанда , үйімізді сәндеу үшін қолданамыз. Ондай гүлдер біздің топтада бар.
Тірі гүлдер өседі, олардың тамырлары болады, суғарамыз, өскен сайын өзгереді, тұқымдары шығады, гүлі болады.
Тұқым өсімдіктер ді өсіру үшін керек.
Балалардың әрекеті .
Мынау асқабақ тұқымы одан асқабақ шығады (Асқабақ суретін көрсету) Т.б
Балалардың іс – әрекеті
Тәжірбиелік жұмыс
Тәрбиеші: Түсіндің бе Буратино?
Түсіндім, түсіндім ал жарайды мынау менің күбағысым қалай?
Ия бұл күнбағысыңда жасанды, ал тірі күнбағыстан не шығатынын менің балаларым саған көрсетеді, күнбағыстың балалар орысшасы — подсолнух
Буратино: Мен енді түіндім, тірі өсімдіктерге біз қамқорлық жасауымыз керек екенғой балалар
Тәрбиеші: Иә Буратино егер көп күбағыстың тұқымын сықсақ мынандай сұйық май шығады, одан біз бауырсақ пісіреміз ал сенің күнбағысыңнан не шығады
Балалар тәжірбие жұмысын жасайды
Дайын дәнді үгітіп қағаз бетіне салып, жартылай бүктеп қысады, май шыққанын байқайды
Рефлексивті түзету
Ойын : «Жоғары- төмен»
Балалар мен қазір жерде өсетін жемістерді айтқанда қолдарыңды көтересіңдер, талда өсетін жидектерді айтқанда қолдарыңды төмен түсіресіңдер
Буратино қоштасып рахмет айтып кетеді
Балалар ойын ойнайды
Балалар қоштасады
Күтілетін нәтижие:
Білу: Тірі өсімдіктер әлемі туралы білу
Игеру: Тірі өсімдіктердің даму жолдарын игеру
Меңгеру: Тірі өсімдік пен жасанды өсімдіктерді ажырата білуді меңгеру.
Тақырыбы: Үй құстары
Мақсаты: Білімділгі: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту.. Адамзатқа тигізетін пайдасы туралы,олардан алынатын өнімдер жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Жұмбақ шешу арқылы балалардың ойлау,қиялдау сөйлеу қаблеттерін арттыоу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,үй құстарының дала құстарының суреттері,сиқырлы қорапша.
Әрекет -кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс -әрекеті
Дәлелдеу –ояту
Жылулық шеңбері;
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламыз
Сәлем,Сәлем,Сәлем!
Балалар жылулық шеңберін орындап, бір бірімен амандасады
Ұйымдастыру – іздену
Ақ қар еріп,су көбейіп
Сай салаға толады
Ағаш басы бүршік жарып
Гүл бәйшешек толады.
Айтындаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Көктемде ауа райы қандай болады?
Балалар, біз таңертең тұрып,далаға шыққанда аспанда не көреміз?
Осы кезде топқа күн болып киінген қыз келеді
Ән құрадым үніммен,сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді,құт береке күніммен
Сәлем елдің көктемі,әлем енді көктеді
Құрметпеннен бас идік,құстарыңа үйдегі.
Сәлеметсіз бе балалар!
— Балалар, мен бүгін мектепке келе жатып,бір қорапша тауып алдам. Ол жай қорапша емес…Бұл қораптың ішіне үй құстарын сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар,үй құстары қораптан босап шығады.(Әрбір жауаптағы құстардың суретін шығарып тақтаға ілу)
Жұмбақтар:
Балалар ,бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
Олар қайда мекендейді? Орманда ма?
Оларға кім қарайды?
Олар немен қоректенеді?
Яндекс.Директ
Altel 4G скоростнойинтернетПодключайтеинтернет нового поколения. Оборудование для Altel 4G. Доставка!wifi.kzАдрес и телефон
Объявление скрыто.
Балалар,үй құстары сендерге құтқарғандарың үшін рахмет айтып жатыр.
Енді біз сендермен «Мекенін тап» ойынын ойнаймыз
(Дала құстарымен үй құстарынын өз мекендеріне орналастыру)
Ал балалар үй құстарының атауымен таныстық, енді олардың адамзатқа тигізетін пайдасы туралы айтайық
Балалар сендер отырып қалдыңдарғой, Ендеше бойымызды сергітіп алайық
Сергіту сәті:
Тәрбиеші:Балалар, бізге тағы қонақтар келіпті.Осы біздің мектебімізге ұшып келіпті. Сіздерді көру үшін.Кіргізейік пе?
Ал қане қанатты достар кіре қойыңдар.(Балапан мен көгершін ұшып ортаға қонады)
Тәрбиеші:Кім айтады осы екі құстың қайсысы бейбітшілік құсы?
Көктем мезгілі.
Күн жылынады,жаңбыр жауады,құстар ұшып келеді.
Күнді көреміз
Сәлеметсізбе!
Үй құстары
Жоқ,үйде
Адамдар
Арпа, бидай, жем, су
Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.
Сергіту сәтін орындайды
Кіргіземіз
Көгершін
Рефлекстік түзету
Әрине ақ көгершін. Ендеше ақ көгершін әнін тыңдап жіберейік.
Әнді тыңдай отырып балапанның әкелген суретін бояп берейік
Тәрбиеші: Балалар сендер тыйым сөздер білесіздер ма?
Игеру: Адамзатқа тигізетін падасын және олардан алынатын өнімдерді.Жұмбақтар шешуді.
Меңгеру: үй құстарын қорғауды,оларға қамқор болуды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Үй жануарлары мен үй құстары»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: 1.Білімділігі: үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың тілін, ой-қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар, жануарлар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Жаңа технологияның әдістерімен жұмыс істей білуге білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Үй жануарларымен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту. Табиғаттың жаршысы- құстарды, жануарларды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
-Балалар, сабақ бастамас бұрын мен сендердің көңіл-күйлеріңді білгім келіп тұр. Ол үшін алдымыздағы смайлик арқылы көңіл күйіміз қандай екенін көрсете қойыңдар.
-Жарайсыңдар, балалар. Ендеше сабағымызды бастайық. Мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық екен.Бұл сандықтың ішіне жануарлар мен құстарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, жануарлар мен құстарды сандықтан босатады.
( әрбір жауаптағы жануарлардың суретін слайд арқылы көрсету)
1.Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Құлды екен әр шаруа, Сарқылмайды сүт-қаймақ,
Қазығына құт байлап, (сиыр)
Қанша құйып алсаң да,
3.Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (жылқы)
4.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
-Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
-Балалар, жануарлар сендерге көмектескендерің үшін рахмет айтып
жатыр.
— Ал, балалар, сиқырлы сандықтан тағы бір дыбыстар шығатын сияқты. Балалар, біз үй құстарын ұмытып кетіппіз. Үй құстарына да көмектесуіміз керек. Сиқырлы сандықтың бізге берген тапсырмасы тақпақтар айтып, үй құстарын құтқаруымыз керек.
— Көмектесеміз бе, балалар?
1.Жақын түгіл маңайды,
Оятудан талмайды.
Төбелеске келгенде,
Алдына жан салмайды.
2.Шығып ауыл шетіне,
Жайылады бетімен.
Қызықтырар ол бізді,
Жұмыртқамен, етімен.
-Өте жақсы, балалар, біз бүгін сиқырлы сандықтан үй жануарларымен үй құстарын құтқардық. Сендерге рахмет айтып жатыр. Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы үй жануарлары мен үй құстары.
Яндекс.Директ
Технические газы (азот, кислород)Современные установки по производству технических газов (азот, кислород)!grasys.ruАдрес и телефон
Объявление скрыто.
-Сонымен, балалар, үй жануарларына нелер жатады?
-сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі.
-Өте жақсы, балалар.
«Дұрыс топтастыр» дидактикалық ойыны.
Шарты: Үй жануарларымен жабайы жануарлардың суреттері беріледі. Балалар жабайы жануарларды бөлек, үй жануарларын бөлек топтастырулары керек.
-Енді үй жануарларының бізге тигізер пайдасы қандай екеніне тоқталып кетейік.
1.Сиыр-зеңгі баба тұқымы. Ол адамға үйір, әрі момын жануар. Біздің ішіп-жейтін тамағымыздың барлығы осы сиыр малының өнімі. Балалар, сиыр сүтінен не жасаймыз?
2.Түйе- төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы өте көп. Түйенің сүті-шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті бар, ішсе сүт, жесе ет, майы мол, сапалы жүні бар.
3.Жылқы-жер жүзінің бәріне тараған. Ол қыста сақылдаған сары аязда да далада жайыла береді. Сүтінен қымыз, етінен қазы-қарта, жал-жая пісіреді.
4.Қой-төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Балалар ауырып қалған кезде де, осы қойдың құйрық майымен сылайды, ішкізеді.
-Өте жақсы, балалар, үй құстарының пайдасы өте көп. Жұмыртқасын азық- түлік ретінде пайдаланамыз. Мамығынан көрпе, жастық жасаймыз. етін жейміз.
«Төлдерін тап» дидактикалық ойыны.
Слайдта көрсетілген суреттерден әр жануардың төлдерін лазер арқылы көрсетулері керек.
Сергіту сәті: Тіктеп титтей құйрығын, ботам былай жүреді,
Сурет бойынша әңгімелеу, сөз, сөйлемдер құрастыру.
Дәптерде берілген үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады, аяқтайды.
«Көлеңкесін тап» дидактикалық ойыны.
Слайдта көрсетілген үй жануарларымен үй құстарының көлеңкелері арқылы қандай жануар немесе құс екенін ажыратулары керек.
«Өнімін тап» дидактикалық ойын.
Слайдта көрсетілген үй жануарлары мен үй құстарының өнімдерін лазер көмегімен дұрыс көрсетулері керек.
Балалар, үй жануарлары мен үй құстарының бізге тигізер пайдасы көп екен. Енді балалар осы үй жануарлары мен үй құстарына арналған тыйым сөздер де бар.
1,Малды ұруға болмайды.
2.Ақты төкпе.
3.Малға теріс мінбе.
4.Құстардың ұясын бұзба. Оларды үркітпе.
5.Кендірмен байлама,
Жыңғылмен айдама.
Кендірмен байласаң,
Жыңғылмен айдасаң,
Мал бітер деп ойлама.
Қорытындылау.
-Жақсы, балалар. Сонымен бүгінгі сабағымызда не туралы айттық?
-Үй жануарларын атайықшы.
-Қандай үй құстарын білесіңдер?
-Үй құстары мен үй жануарларының пайдасы бар ма?
Балалар, бүгінгі сабағымызға жақсы қатынасқан балаларға мынадай медальдар жасап алып келдім.(балаларға тарату)
-Сабақты қорыта келе сендерге айтарым, үй жануарлары мен үй құстарына үнемі қамқор болып жүруіміз керек. Олар үнемі бізден қамқорлық күтеді.
Тақырыбы: «Күміс қыс»
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы түсінігін кеңейту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, тілін дамытуға, қыстың негізгі белгілерін танып, айта білуді қалыптастыру. Қыстағы табиғат сұлулығына назар аудару арқылы көркемдік талғамын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы әдемідікті сезіну, қабылдау сезімін ояту. Ойлау қабілетін дамыту, кеңістіктегі бағдарлай ілу шеберліктерін шыңдау. Балалардың жыл мезгілдерінің өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуін, түстердің үйлесімділігін сезіну, көркемдік талғамын, табиғатты аялай, сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнектіліктер: Қыс мезгілін бейнелейтін суреттер, ұлпалар (қағаздан жасалынған), шыршалар, әр баланың алдында 2 дискіден (қызыл, көк) тарелкаларда түрлі-түсті геометриялық пішіндер, ақ қағаз беті (монитор), көк түсті шеңбер, ойыншық компьютер, әр балаға жеке майшам, альбом беті, поролон қиындысы, ақ және көк түсті майлы бояу (акварель), қол сүртетін шүберек, әдемі салынған қысқы көрініс суреті, жерге төселінген қар (мақта).
Сөздік жұмысы:
Сабақтан бұрын балалармен қысқы табиғат ерекшеліктерін бақылау, қысқы аулаға серуенге бару сияқты алдын ала-дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Бараысы:
Ұйымдастыру уақыты:
Балалар бөлмеге кіріп жартылай шеңбер құрып тұрып, қонақтармен Сәлеметсіздер ме!- деп амандасады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, әдептен озбай үлкенмен амандасу рәсімін жасағандарың адамгершіліктің бір белгісі. Байқадыңдарма, қонақтар сендерге қандай тәрбиелі балалар деп риза болып қалды.
Рахмет сендерге, әрқашанда осындай әдепті қалпыларыңнан арылмаңдар.
Балалар, алдымен біз осы шеңбер құрып тұрғанда бір-бірлеріңнің қолдарын ұстап, алақан арқылы жылылық таныта тұрып, жақсы лебіз білдірейік:
Шеңберге тұрып амандасу:
Армысың аспан әлемі
Армысың жер ана
Армысың менәң достарым
Көргеніме қуанам!
Тәрбиеші:-Балалар, енді орынымызға жәйлап отырайық.
Бүгін біз «Күміс қыс» деген тақырыпта сабағымызды өткіземіз.
Ал енді, бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мынау мұз ше?
-Ауа қандай?
-Терезелерде не бар?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Міне, қазір қыстың нағыз қақ ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды. Айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енген.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз. Бір сәт сабақ оқуға да көңіл бөлеміз. Әдемі суреттер де саламыз.
Бүгін біздерде үш топ жұмыс жасайды. Ол үшін мына белгілерге назар аударыңыздар: шырша қойылған жер, бұл математика орталығы, ал біздің шырша белгісін таққан балаларымыз осы топқа, аққала орналасқан жер бұл өнер орталығы біздің аққалалар осы орталыққа барып, қысқы көріністі бейнелейді, ал ғылым орталығында бүгін дәрігер апай валеология сабағын өткізіп, біздерге қыс кезінде көп ауырмаудың жолдарын көрсетеді, ертегідегі өзінің ақылсыздығынан жарақат алған қасқырға алғашқы жәрдем жасайды.
Сергіту сәті. (Ортаға барлық орталықтардың балалары жиналады).
«Қыс қызығы» әнінің мәтініне сай қимылдар жасау.
Яндекс.Директ
Технические газы (азот, кислород)Современные установки по производству технических газов (азот, кислород)!grasys.ruАдрес и телефон
Объявление скрыто.
Орнымызға отыралық. Енді, балалар, мен бір ойын ұйымдастырамын. Осы ойынның нәтижесі дұрыс болған жағдайда біз вирусқа қарсы бағдарламаны ойлап табамыз. Сондықтан да мұқият болыңыздар. Алдымызда ілінген сызбаны қараңыздар. Мұнда түрлі-түсті пішіндер салынған және қызыл, көк дискілер бар, яғни ақпараттарды дұрыс орналастыру қажет.
Дидактикалық ойын: «Қызыл, көк дискілер»
Сызбаның көмегімен балалар сұраған пішіндерді дискілерге лақтырады.
— Міне біздің геометриялық пішіндер туралы барлық ақпараттарымыз дискеталарда сақталады деп ойлаймыз.
Балалар, енді сендермен компьютерлік «Лото» ойынын ойнайық, мұның да нәтижесі сәтті болса, вирусты жоюға көп көмегі бар.
Дидактикалық ойын: «Лото»
— Мониторларыңды алдарыңа жақындатыңдар.
— Шеңберді экранның қақ ортасына қой.
— Енді жоғарғы оң жақ бұрышқа апар, төменгі сол жақ бұрышқа түсір, төменгі оң жақ бұрышқа жеткіз, жоғарғы сол жақ бұрышқа көтер.
— Балалар, жарайсыңдар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы Математика Патшайымына жіберемін. Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса, мына шам жану керек, яғни вирус жоғалды деген сөз. Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. Шам жанады.(телефон шырылдайды).
-Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін. Енді үйімізге ұшақпен қайталық. Қане, орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық. Міне қондық.
Өнер орталығы.
«Қысқы пейзаж». (Бейнелеудің дәстүрлі емес түрлерін қолдану)
Оқылатын өлең:
«Суретші қыс». К. Нүсіпов.
Қонақтайды бақтарға
Ақ көбелек, ақ мамық,
Аунап таза ақ қарға
Балалар жүр мақтанып.
Тазартып бар кір шаңын
Қыс өнерін бастады,
Терезеге қыраудан
Сурет салып тастады.
Тәрбиеші қыс туралы өлең оқығаннан кейін оған талдау жасайды.
Енді қысқы орманға саяхатқа баратындарын айтады. Балаларға қыс мезгілінің көрінісі бейнеленген суретті көрсетеді. Балалар сурет желісі бойынша әңгімелейді. Осындай қысқы орманның суретін салуды ұсынады. Орманның ішіндегі үлкен және кіші ағаштардың дұрыс орналасуына көбірек мән береді.
Тәрбиеші балалардың кеңістікті бағдарлау ережесін естеріне түсіреді: алыстағы орналасқан ағаштар бізге кіші, жақындағы ағаштар үлкен болып көрінетіні туралы түсіндіреді. Жұмыстың орындалу ретін көрсетеді.
Алдымен балауыз шамның көмегімен ағаштардың суретін салу (жауып тұрған қарды салуға болады), сонан соң ашық көк түсті бояумен, поролонды жеңіл сүйкей жағу тәсілімен суреттің негізгі фонын береді.
Ең соңымен саусақтарының ұшымен өздері қалған түспен суреттеріне рама: қоршау жасайды.
Жұмыс барысында тәрбиеші қиналған балаларға жеке көмек көрсетеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің соңында жұмыстарын талдап, ең әдемі салынған суреттерден көрме ұйымдастырады. Белсенді балаларға әдемі қиылған қар ұшқындарын сыйға тартады.
Қорытынды. Барлық орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта жасаған жұмыстарының ортаға жинап, орындалған жұмыс нәтижесі туралы әңгімелейді. Тәрбиеші балаларға рахмет айтып, мадақтайды.
Яндекс.ДиректМузыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі
қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
Жібек: Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Балнұр: Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Аяжан Е: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Аяжан К: Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
Ән « Күзгі жапырақтар».
Ж: Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!
Ж: — Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
(Балалардың жауабы).
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз — Алтын күзді шақырайық!
Жапырақпен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар. (Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?»).
Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
Тағы қандай өнер бар?
Ж: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
Яндекс.Директ
Сосуды Дьюара по выгодной цене!Сосуды Дьюара в наличии! Для жидкого азота, гелия и кислорода! Узнать цены.cryomash.comАдрес и телефон
Объявление скрыто.
Мақтанбақшы сендерге , көкөністер сан түрлі!
( Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).
Пияз: Асханадан шықпаймын,
Атым — пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарам,
Тұмаудан бірақ сақтаймын!
Қызанақ: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен- қызанақ,
Күнге қарап ұялып!
Қос картоп: Картоп- біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз!
Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз!
Алтын күз: Бәрекелді, керемет!
Ж: Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?
Алтын күз: Білмейді екем…
Ж: Ендеше тамашалаңыз. ( Ойын «Көкөністерді ажырат»).
Ж: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңіз бе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам. Олар сізге қолшатырмен би билеп бермекші.
(Қолшатырмен би).
Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қолшатырларың қандай керемет! Қандай ақылды балаларсыңдар!
Көктемде көшет отырғызсаңдар, күзде жемісін жейсіңдер. Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көптеп табылады. Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар.
Ж: Алтын күз, біздің қыздарымыз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Солай ғой, қыздар?! Ендеше «Алтын күз-2012» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
(Ортаға қағаздан, газеттен тігілген киімдер киген қыздар шығып киім үлгілерін көрсетеді).
Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!
Ж: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).
Ж: Алтын күздің сыйы- жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға « Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
ақырыбы: «Құстар-бізде қонақта»
Білім беру саласы: «Таным» ,«Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: қоршаған ортамен танысу,тіл дамыту
Мақсаты:Балалардың құстар туралы білімдерін тиянақтау.Құстардың пайдасы туралы танымдық қабілетін ,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту,қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.Құстарға қамқор болуға баулу.Сөздік қорларын молайту.
Көрнекіліктер:Құстар суреттері,слайд.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру,сезімдерін ояту.
Іздену-ұйымдастырушы кезең.
Рефлексті коррекциялау.
Шаттық шеңбері.
Армысың табиғат анамыз,
Келді сізге өзіңіздің балаңыз.
Сүйейік табиғатты аялайық,
Бізде одан жақсылықты аямайық.
Сәлеметсіңдер ме,балалар!»
Балалардың назарын аудару.Сұрақ қойып жауап алу.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста ауа-райы қандай болады?
-Қыста бәріміз қалай киініп жүреміз? Неге қалың киімдер киеміз?
Балалар бізді қоршаған орта қалай аталады?
Табиғат екіге бөлінеді.Тірі табиғат.Өлі табиғат. Тірі табиғатқа-адамдар, жануарлар,өсімдіктер,гүлдер,құстар,жатады.Өлі табиғатқа-тау,тас,құм,су жатады.
-Өте жақсы балалар,олай болса бүгін сол тірі табиғатқа тиесілі құстар туралы өтпекпіз.
Құстар үшке бөлінеді.Үй құстары,дала құстары,орман құстары.
Жұмбақ:
Таңертең ерте тұрады,
«Тұрың»деп айқай салады.
Ол қай құс?
Итпен бірге таласып,
Табаққа қонып қоймайды.
Ол қай құс?
Яндекс.Директ
Атмосферные испарителиПроизводство атмосферных испарителей среднего и высокого давленияmonitoring-npo.ruАдрес и телефон
Объявление скрыто.
Жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар. Үй құстарына тауық,әтеш, күркетауық, қаз,үйрек жатады.Құстар бізге ет,жүн,жұмыртқа береді.Ал дала құстарына торғай,қарға,бұлбұл,үкі,бүркіт,аққу т.б.жатадыЕгер біз құстарды қорғасақ,олар біздің ағаштарымызды,бау-бақшамызды қорғайды.Құстар –біздің досымыз. Күн суытқан кезде кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Көктем келген кезде ең алғашқы болып көкек,қарлығаш,қараторғай ұшып келеді.Құстың баласын-балапан деп атайды.
-Ал енді балалар ,сендер құстар туралы тақпақ айтып беріңдерші.
Сергіту сәті:Қолымызды созайық,
Құстай қанат қағайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Слайд арқылы балаларды құстар суретімен таныстыру (Аққу,үкі,қарға,торғай ,бүркіт т.б.)
Балалар сендер құстар туралы ертегі білесіңдер ме? ,атын атай қойыңдаршы.
Ал,қандай би билеп жүрміз?
Ән білеміз бе?
Олай болса,барлығымыз бірге «Балапан»әнін орындайықшы.
Қорытынды:
-Біздер бүгін немен таныстық?
-Үй құстарын атайықшы
-Дала құстарын атаңдаршы
-Құстар бізге не береді?
Балалар шеңбер жасап тұрады,
қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
-Қыс
-Қар жауады,аяз болады.
-Жылы киінеміз
-Тоңып қалмау үшін,ауырып қалмау үшін .
-Табиғат.
Балалар тәрбиешіні мүқият тыңдайды.
-Әтеш
-торғай.
Ахмет,Әсел,Әбілмансұр,Арай өз тақпақтарын айтады.
Таныс құстарын қосылып айтып отырады.
«Шұбар тауық»,» Тырна мен түлкі»
-«Шөжелерім»
-ия
Барлығы әнді орындайды.
Қуана.
-Құстармен
Тауық,әтеш,қазүйрек.
Үкі,торғай,аққу
Жұмыртқа,жүн,ет
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс:Құстардың аттарын атай білулері;;
Күтілетін нәтиже:Құстарға қамқор болуды;
Көрсете білді:Сұрақтарға жауап беруді
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімнің аты: Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік:Үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге және қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:Үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар
Пәнаралық байланыс:Көркем әдебиет
Іс -әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.
2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
-Қайырлы күн балалар!
-Қазір бізде «Тіл дамыту» сабағы.
— «Тіл дамыту» сабағынан суретке қарап әңгіме құрастырамыз, жануарлармен, құстармен танысамыз, ертегілерді тыңдаймыз т.б.
-Балалар, мына өлең шумақтары жылдың қай мезгіліне арналған тыңдайықшы:
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің қызық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?
-Күздің қай айы?
— Дұрыс айтасыңдар, қараша айы екен.
ІІ. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.
— Ендеше өткен сабағымызды еске түсірейік . Өткен сабақта «Жемістер» тақырыбын өткен болатынбыз.
Қазір «Ойлан тап!» ойынын ойнаймыз.
Мақсаты: жемістер мен көкністерді сипаттау арқылы атын тапқыздыру, ажырата білуге үйрету ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Шарты: Балалар суретке қарап жемістерді бақта, көкністердің бақшада өсетінін ажыратып табады.
-Сәлеметсіз бе апай!
-Күз айы
-Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Қараша айы
-Жемістер
-Балалар белседілік танытады.
Ұйымдастыру -ізденушілік
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
-Балалар, мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?
-Ия, дұрыс айтасыңдар бұлар жануарлар мен құстар, яғни бұларды үй жануарлары және үй құстары деп атайды. Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда
«Үй жануарларымен» танысамыз.
-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Білесіңдер ме?
-Дұрыс айтасыңдар, бұл жануарларды төрт-түліктер деп те атайды?
-Олай болса. қазір үнтаспадан шыққан дыбыстың қай үй жануарының даусына ұқсайтынын табайықшы.
Яндекс.Директ
Криогенные емкости - производствоИзготовления резервуаров для хранения и перевозки криогенных жидкостей.kriozavod.ru
Объявление скрыто.
Барлығымыз тыңдайық.
-Қай жануардың дауысы?
-Сиыр. Сиырдың төлі, баласы қалай аталады?
-Сиыр төрт түліктің бірі.Сүті, еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ , етінен тағам түрлері, терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Жайылымда жайылады. Төлін-бұзау деп атайды.
-Мына дауыс қай жануардікі?
-Жылқы. Жылқының баласын қалай атайды?
-Жылқы салт міну, жүк тасуға, ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. Өте бағалы. Ата-бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі. Төлін-құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен қазы-қарта жасайды.
-Қай жануардың дауысы деп ойлайсың?
-Қой. Қойдың төлін қалай атаймыз?
-Қозы. Қой төрт түлік малдың бір түрі. Еті, жүні терісі бағалы. Салмағы 20 кг шамасында. Жүні 3-7 кг-ға дейін болады. Төлі-қозы. 500-600 қойды отар деп атайды.
-Мына дауыс қай жануардікі?
-Ешкі. Ешкіні де қоймен бірге бағады. Ешкінің төлін лақ деп атайды. Ешкінің жүнінен түрлі киімдер тігеді.
-Мынау қай жануардың дауысы?
-Түйе. Түйе шөл керуені. 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады.Оның емдік қасиеті ерекше. Жүнінің жылуы өте ерекші. Төлі – бота.
-Мынау ненің дауысы?
-Дұрыс айтасыңдар, иттің. Итті де үйде тіршілік ететін жануарға жатқызуға болады. Ит-адамға дос. Осы үй жануарларын өсіруге, қорғауға иттің көп көмегі бар.
-Енді бұларды қалай күтіп-баптаймыз?
-Дұрыс, таза су береміз, жем, шөпті уақытылы беріп тұру керек. Қорасы таза, жылы болуы керек. Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелерін жасатып тұру керек.
Сергіту сәті
-«Маша және аю» физминутка
-Әліппе-дәптермен жұмыс
-Суреттерді сәкестендір
-Жылқы, бұзау, тауық, үйрек, қой.
-Ия, қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе.
-Сиыр
-Бұзау деп аталды.
-Жылқы
-Құлын
-Қой
Қозы
Ешкі
Түйе
-Ит
Жем, шөп береміз. Су береміз.
-Балалар қимылмен орындайды.
-Балалар өз беттерімен жұмыс жасайды.
Кері байланыстылық-
түзетушілік
Сабақты қорытындылау:
«Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.
Шарты: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды дыбысын салып береді.
Балалар белсенділік танытады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Үй жануарлары туралы жалпы түсінік алады. Олардың қасиеттері мен дыбыстарын ажыратады
Қандай түсініктерді игерді: Қай жануардан қандай пайдалы өнім өндірілетінін түсінді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Үй жануарлары туралы ойларын еркін жеткізуге дағдыланады. Жануарларды дауысынан ажыратады және өздері дыбыстай алады.
Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: Тіл дамыту Сабақтың тақырыбы: Көктем Сабақтың мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін аша түсу, Көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, әсемдікке баулу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, құстардың дыбысы жазылған магнитофон кассетасы. Ұйымдастыру бөлімі: Шаттық шеңбері: Армысың шапағатты Күн — ана! Армысың қайырымды Аспан — ана! Армысың мейірімді Жер — ана! Құт дарыт бар әлемді жарылқа! «Қонжық» ойыны
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын жетілдіру, сүйіспеншілік сезімін ояту. Тәрбиеші: — Балалар, біз өткенде аюды мақтап едік енді қожыққа жақсы сөздер айтайықшы. Балалар қожықты өздері білетін жақсы сөздермен еркелетеді. (Томпағым, ақылдым, ең адал досым, мейірімді қонжығым) Өткен тақырыпты еске түсіріп, бекіту (сурет бойынша)
Тәрбиеші: — Дос қандай болу керек? Сендердің достарың кімдер? Достарың туралы не айта аласыңдар? Өз досың туралы әңгіме айт. Сергіту жаттығуы: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі, Кіп кішкентай ағаштар, Су құйғанда өседі. Жаңа сабақ: Кіріспе сөз Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз жыл мезгілдері туралы, оның ішінде Көктем мезгілі туралы әңгімелейміз. Қане көктем туралы кім не айтады? Балалар: Көктемде қар ериді, ағаштар бүршік жарады. Сурет бойынша әңгіме: Мына суреттен нені көріп тұрмыз? — Көктемде жердің түсі қандай болады екен? — Суретте тағы нені байқадыңдар? — Балалар, құстарға қандай көмек көрсетуге болады? — Ал енді, балалар, біз бүгін ақын Төлеген Айбергенов ағаның «Көктем» өлеңімен танысамыз. Тәрбиеші құстардың дыбысы жазылған кассетаны қосып, мәнеріне келтіріп баяу «Көктем» өлеңін оқып береді. Балалар тәрбиешіден соң өлеңді қайталап оқып отырады.
Яндекс.Директ
Атмосферные испарителиПроизводство атмосферных испарителей среднего и высокого давленияmonitoring-npo.ruАдрес и телефон
Объявление скрыто.
Көктем Көңілді көктем далаға Келді сұлу шағала. Аспандағы ақ құстар Ауылымды арала. Көктем қандай көңілді Көктен жаңбыр төгілді. Мөлдір аспан ашылып, Күннің көзі көрінді.
Ойын: «Күн мен түн» Мақсаты: балалардың зейінін жетілдіруге арналады. Ойынның барысы: Балалар парта үстіне бастарын қойып жатады, «күн» дегенде бастарын көтереді, «түн» дегенде бастарын партаға қойып көздерін жұмады. Қателескен бала ойыннан шығарылады.
Бекіту сұрақтары: — Сонымен, қандай жыл мезгілдерін білеміз? — Көктемнің қандай ерекшеліктері бар? — Біз танысқан өлеңді кім жазған? — Өлеңде не туралы айтылған? — Тәрбиеші: Қолымыздағы қағаздан көктемде өсетін шөптерді қиып алып жапсырамыз. Ұзынша етіп сұр қағаздан қолымызбен қиып аламыз да, қағаздың төменге бетіне жапсырамыз. Сосын жасыл қағаздан жолақшаларды қолымызбен қиып, жердің үстіне жапсырамыз, сосын сары түстен күн қиып алып, ақ қағаздың жоғарғы жағына жапсырамыз, сонымен біз көктемді қағаздан бейнеледік. Суретті үйден жалғастыруға болады. Балаларды мадақтау, алғыс білдіру.
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар
Сабақтың мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы мағлұмат беру
Сабақтың көрнекілігі: Көркем суреттер, орман, жабайы
аңдардың суреттері.
Сабақтың барысы:
І Алғашқы ұйымдастыру.
а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
ә) психологиялық сәлемдесу.
Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.
Біз сіздерге сәттілік тілейміз.
ІІ Өткен сабақты пысытау.
Балалардан үйге берілген «көктем» мезгіліне сипаттама бергіземін.
ІІІ Жаңа сабақ.
-Балалар, бүгін бізге қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін тбу үшін, мен сіздерге сұрақ қоямын, сол сұраққа жауап берсеңдер, қонақтың кім екенін білесіңде.
— Жұма сайын біз, яғни аналарымыз, апаларымыз не пісіріп таратады?
— Дұрыс балалар, бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен, ата-әжесінен адасып қалған соң, бізден көмек сұрай келіпті. Кәне көмектесеміз бе ?
— Бәріміз онда сол бауырсақпен еріп орманға барайық.
(сол кезде алдынан қоян шығады)
Қоян: — бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: — жемеші мені
Қоян: — сен онда менің тапсырмамды орында
Бауырсақ:- жарайды.
Қоян:- сендер маған мен туралы өлең айтсаңдар мен сендеді босатамын.
Кәне бауырсаққа көмектесеміз бе? Кім қоян туралы өлең біледі?
Балалар: ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Қоян: — рахмет сендерге, бара қойыңдар.(бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан қасқыр шығады)
Қасқыр: — бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: — жемеші мені қасқыр
Яндекс.Директ
Сосуды Дьюара по выгодной цене!Сосуды Дьюара в наличии! Для жидкого азота, гелия и кислорода! Узнать цены.cryomash.comАдрес и телефон
Объявление скрыто.
Қасқыр: — онда менің сендерге қояр сұрағым бар.Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.
Бауырсақ:- жарайды.
Қасқыр:-сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?
-қай қаланың 10 жылдығы тойланайын деп жатыр?
-қане сол қала туралы кім өлең біледі?
Балалар: -Қ.Республикасы
-Астана қаласының
Отанымның төінде,
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған астанам
Әсем қалам бас қалам
Қасқыр: -жарайды бара қойыңдар.
(бауырсақтың алдынан аю шығады)
Аю:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: — жемеші мені аю
Аю : — онда менің сендер маған мен туралы бір сергіту жаттығуын жасап беріңдер. Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.
Қоян:- жарайды
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп,теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Аю:- рахмет балалар.
( бауырсақ домалап келіп, түлкіге кездеседі)
Түлкі :- ах, бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: — жемеші мені.
Түлкі: — онда мен сендерге жұмбқ жасырамын. Шешуін тапсаңдар мен сендерді босатамын
Тауықтар қашып жасқанған,
Қулығы артық басқа аңнан (түлкі)
Түлкі:- мен туралы жұмбақ білетіндерің мені қатты қуантты. Рахмет, бара қойыңдар.
Бауырсақ: — рахмет.
(бауырсақ келе жатып атасы мен әжесін де тапты)
Атасы мен әжесі бауырсақтан қалай келгенін сұрады.
қане балалар бауырсақ қалай келді? Оның алдарынан нелер кездесті?
Балалар : — қоян, қасқыр, түлкі, аю
Қане оларға мінездеме берейікші.
Қоян Қасқыр
Аю Түлк
Сипаттама бергеннен кейін оларға бұлар жабайы аңдар екенін, олардың орманда мекендейтінін айтып беремін.
ал балалар, енді бауырсақтың көңіл- күйін кім көрсетеді?
Жылаған қорыққан қуанған
-Сабақты бекіту мақсатында «кубизм» стратегиясын жүргіземін.
Қандай аңдарды білесіңдер
Қоян қандай аң
Аңдар қайда мекендейді
Түлкі қандай аң
Қоянның түсі қыста қандай болады.
Қыс бойы аю қайда болады
Қасқырды аңшылар тағы не деп атайды
Бағалау.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз.
Сабақтың тақырыбы: табиғаттың сыры.
Мақсаты: балалар табиғатты қорғай білуге , табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету. Қол , саусақ маторикаларын дамыту.Құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білуге және бала тілін дамытып ойын арқылы дыбыстырын жетілдіру.
Балалар музыкамен ішке кіреді.
Психолог: Балалар бізге бүгін қонақтар келіп отыр, қане қонақтармен амандасайық.
-Сәлеметсіздерма?
-Енді осы жақсы көңіл-күйімізді бір- бірімізге қарап күлімдеп шын жүрегімізбен сыйлайық. ( Бір- біріне қарап күлімсіреп көңіл-күй сыйлау)
Сол жақсы көңіл- күйімізді енді қонақтарға сыйлайық.
Енді балалар біздер табиғатқа саяхат жасайық.
Табиғат дегеніміз- бізді қоршаған орта. Тау, тас, өсімдік, ауа, ағаш т.б.
Балалар біз табиғаттың ,өлі табиғат, тірі табиғат болып бөлінетіін білеміз.
-Қане ендеше кім айтады тірі табиғатқа нелер жатады?
Өлі табиғатқа нелер жатады? ( балалардың жауабы)
-Балалар қараңдаршы мына жерде бір кітап тұр. Кітапты қарайық.
« Табиғаттың сыры»- кітап.
1-бет: Шырша . 2-бет:Табиғаттың көрнісі ағаштар, шыршалар өсіп тұр.
Шырша сөйлейді: Мені адамдар кесіп алады. Адамдардың жаңа- жыл мейрамы тіпті жаман. Себебі мені кесіп алып үйлеріне апарып, ойыншықтар, неше түрлі шамдар жағып мәз болады. Ал мен болсам азайып барамын, кесіп алғаннан соң шырша көп тұрмайды өліп қалады.
Қане, балалар шыршаға көмектесеміз бе?
Көмектесеміз.
Балалар шырша салқын жерде, шыршалы ормандарда өседі.
Ал, ендеше балалар біз сиқыршымыз деп ойлайық. Сендер қазір жолға шығасыздар, адам аяғы баспаған жерге саяхатқа шығамыз. Ондай жер тек шөл дала. Себебі , сулы, нулы жерлерде адамдар өмір сүреді. Ал адам аяғы баспаған жер шөл дала- құмды. Сол айнала құмды , шөл даланы сендер сиқырлап гүл егіп, жол салып, үй салып ғажайып ертегіге айналдырасыңдар .
Ендеше жолға шығайық. (құрсаудың ішімен жүріп отырғышқа отыру) Қане біз алдымыздағы құмға шырша отырғызайық. Дайын қиылып тұрған шыршаны құмға отырғызу. Тақтаға бір- екі баланы шығарып кітаптың бетіндегі шыршаның қасына шырша отырғызу.
Жұмбақ
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте. (шырша)
Ойын « дауыстап, қимылмен сал »
Балалар музыкаға билейді, музыка тоқтаған кезде бір нәрсенің суретін көрсету. Бала көрген затын қимылмен дауыстап салу.
Ара. З-З-З- ұшу (қолын екі жаққа қағып бір -бірінің артынан жүру)
Ұшақ . Р-Р-Р
поезд . ш-ш-ш
Кітаптың екінші бетін ашу. Балық тұр мұңайып. Судың бетінде қоқыстар.
Балық сен неге мұңайып тұрсың?
Балық : Адамдар суды ластады, завод, фабрикалардың қалған қалдықтарын төкті адамдар судың жағасына демалуға келіп тамақтың қалдықтарын жинамай лақтырып кетеді.
Яндекс.Директ
Атмосферные испарителиПроизводство атмосферных испарителей среднего и высокого давленияmonitoring-npo.ruАдрес и телефон
Объявление скрыто.
Қане балалар суды тазартып балыққа көмектесейік. Судың бетіндегі қоқыстарды тазартып алып тастау.
Ойын: «теңіз толқиды 1,2,3,»
Балалар тәрбиешінің командасын тыңдайды.
Тәрбиеші: теңіз толқиды 1, теңіз толқиды 2, теңіз толқиды 3 теңіз денелері қатып қал – деген командасын естіген кезде теңіз денелерін салып қимылдамай тұрып қалады. 2-3 рет ойнату.
Кітаптың үшінші бетін ашу. Гүлдің суреті .
Балалар жылдың қай мезгілі?
Жаз
Оны қайдан білдіңдер?
Себебі көбелек ұшып жүр.
Гүл сөйлейді: Мен де азайып барамын, мерекелерде адамдар мені жұлып алып бір- біріне сыйлайды.Су құйып мені баптамайды.
Балалар біз гүлге көмектесейік. (орындарына отырып пласталиннен гүл жасап алдарындағы құмға отырғызу)
Гүлді үзбе.
Кешкілік пе ,күндіз бе?
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастағалы жүрміз бе?
Үзіп алсаң сен бір гүл,
Үзіп алсам мен бір гүл.
Не қалады сиқынан,
Қызыл- жасыл жердің бұл.
Табиғат туралы тиым сөздер.
Гүлді үзбе.
Көкті жұлма,
Суды төкпе.
Суға түкірме.
Ұяны бұзба.
Құмырсқаның илеуін бұзба.
Табиғат туралы тақпақтар.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Сүйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында ,
Жадырап жас балаша дем алайық!
Қолында бір табақ құмы бар ата келеді.
Уа, балаларым амансыңдарма?
Сәламатсыз ба, ата.
Ата: ШӨл даланы гүлдендірген шырша егіп бағындырған болашақ елдің батырлары. Адам космосты ойлап тауып, ғарышқа ұшып аспан әлемін өзіне бағындырған. Болашақта табиғатты бүлдірмей қорғап, гүлдендіретін сендерсіңдер.
Қазақстанымыздың көркейіп, ауамыз таза, табиғатымыз сұлу болуы үшін осындай ұландар өсіп келеді. Бәріңде жақсы бала екенсіңдер менің сендерге сыйлығым да бар.
-Қане сендермен бір ойын ойнап жіберейін.
Ойын. «Құмда не тығылған?»
Ойынымызды біз бастайық,
Қане, қане бері кел.
Ой, қандай балалар,
Тамаша сендер ерсіңдер.
1 демалдық, 2 демалдық,
алақанды соғамыз.
Ал енді жерге отырып,
Шақырамыз ойнауға.
Табақта толтырылып салынған құм, ішінде геометриялық денелер тығылған. Ортаға шыққан бала көзін жұмып тұрып қолын құмға салып , құмнан тауып алған геометриялық денені сылап сыйпап қандай дене екенін айту.
Ата құмның түбіне тығып қойған сыйлығын балаларға таратып береді.
Балалар атаға рахметін айтып қоштасады.
Тәрбиеші, балаларды мадақтап сабақты қортындылау. Балалар туннель арқылы кері шығу.
Тақырыбы: Көктем құстары
Мақсаты: Балалардың көктем туралы түсініктерін тақпақ, тиым сөздер,
жұмбақтар арқылы есте сақтауын, ойын арқылы ақыл-ойын
арттыру. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат
беру.
Білімділігі: Балалардың көктем құстары туралы білімдерін және олардың
немен қоректенетіні, дене бітімі туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: Құстар туралы көркем сөздерді пайдаланып сөздік қорын,
ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғат байлықтарын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік се-
зімдеріне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сиқырлы сандық, құстардың суреті, тордағы құстың суреті,
орманның суреті т.б
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ой қозғау страдегиясы
кубизм әдісі, венн диаграммасы.
Түрі: Саяхат
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
2) Қонақтармен амандасу
3) Балалардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ. Тақырыпты ашу
Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Ой қозғау страдегиясы:
Еңбек басталады
Құстар
келді
Малдар төлдейді
Балалар өз ойын ауызша айтып шығады.
ІІІ. Орманға саяхат.
Балалар қазір біз бәріміз орманға барайық. Орманға «Көктем» әнін тындап барайық.
Міне мен сіздерге асыға жеттім! Көктем мерекелерің Құтты болсын! Мен сендерге құр алақан келгенім жоқ.
«Сиқырлы сыр сандық» алып келдім.
IV. Болжау страдегиясы
Ішінде не бар деп ойлайсындар?
-Ал балалар көктемге бізге өте әдемі сыйлықпен келіпті, ішінде не бар деп ойлайсыздар? (балалардың қиялы)
-Ал, балалар біз ашып көрелік. Сандықта ашқан кезде ішінен құстардың дыбысы естіледі.
-Балалар құлақ түріп тыңдайықшы қандай дыбыс естіліп тұр?
-Құстардың дыбысы естіледі.
Құстарға сипаттама береміз.
Көкек-бұл өз атын шақыратын құс. Бұның жаман қасиеті жұмыртқа баспай-ды. Өзінің жұмыртқасын басқаға салып кетеді. Балапанын басқа құстар басып шығарады. Көкек улы құрттарды жейді.
Ұзақ- көктемде алғаш ұшып келетін құс. Бұл құсты көктем жаршысы дейміз.
Қарлығаш- қасиетті құс дейді. Оған жамандық жасауға болмайды. Қарлығаш адамның досы. Бұл құстың ерекшелігі- ол жемін ауада ұшып жүріп қағып алып жейді.
Тырна- бұл құстың аяғы ұзын болып келеді. Тырналар үшбұрыштанып ұшады. Тырна келген соң жер жыртуға болады-дейді ауылдың кісілері.
Аққу- бұл киелі құс. Аққу көлде жүзеді. Аққу өте әдемі құс. Аққу тек екеу болып жүреді. Аққуды атуға болмайды деген мақал бар.
Сен жалғастыру ойыны.
Шарты: Мысалы Қарлығаш балшықтан…
Торғай балапандарына…
Аққу өте…
Көкек жұмыртқасын…
Қарға бар дауысымен…
VII. Құстар туралы сөйлем ойлау.
Сергіту сәті.
5.Құстар тәрізді қанат жасап, шеңбер бойымен айнала ұшу.
Құстар сияқты көлден су ішу
Бір орында тұрып айнала ұшу
Орындарына барып қону.
Көктем. Сендерге жұмбақ жасырайын.
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.
(қаз)
Күміс сандық ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(балапан)
Киімі ала, ісі бар шала,
Мекені орман дала.
(сауысқан)
Балапанын басатын басқа құс бар,
Бар сондай қасқа құс.
(көкек)
VIII. Венн диаграммасы.
Айырмашылығы. Үй құстары үйде болады. Үй құстары жем, тары т.б нәрселермен қоректенеді. Ал көктем құстары далада ұшып жүреді. Олар жемтігін өздері тауып жейді.
Ұқсастығы: Екеуі де құстар
Көктем: Құстар туралы кім тиым сөздер, мақал-мәтел тақпақ біледі. Мысалы, құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын алма.
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Құстар туралы тақпақтар.
Бұдыр-бұдыр балшықты.
Жинаймын мен талшықты.
Ұқсатып қамытқа
Ұя саламын жабыққа.
Көктемді хабарлап
Ұзағым келдің бе?
Қойым ем даярлап
Ұяңды көрдіңбе?
Балалар құстар біздің досымыз екен. өйткені олар құрт-құмырсқаны, зиянды жәндіктерді жейді. Құстар адам өміріне сән салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан да біз құстың ұясые бұзбауымыз керек. Балапандарына тиіспеуіміз керек. Себебі олардың да аналары шырылдап балапандарын іздейді. Күзде кеш кеткен құстар көктемде ерте келеді. Күзде ерте кеткендері көктемде кеш келеді. Сондықтан да біздер балалар осы құстарға қамқорлық жасап ұя жасауымыз керек.
ІХ. Ойын. «Құстарға жем шашайық»
Яндекс.Директ
Криогенные емкости - производствоИзготовления резервуаров для хранения и перевозки криогенных жидкостей.kriozavod.ru
Объявление скрыто.
Шарты: мына құстарға жауап берсек, онда құстарға жем береміз.
Қыста қалатын құстарды ата?
Көктем жаршысы қай құс?
Құстар немен қоректенеді?
Қай құстармен таныстық?
Қандай үй құстарын білесің?
Х. Кубизм әдісі. Қандай құс?
Шарты: Кубикті лақтырып қандай құс екенін табу.
Көктем: Өте жақсы балалар. Сіздер тамаша білімдеріңізді көрсеттіңдер, ризамын.
Міне, мынау сіздерге әкелген сыйлығым. Балалар табиғатты аяласын, құстарды қорғасын олар біздің қанатты достарымыз ғой. Ал енді мен басқа мектептерге ормандарға баруым керек. Келесі кездескенше!
-Біздің балаларымыз да сізге арналған әндері бар тыңдап кетіңіз. Шожелер әнімен бізде орманнан қайтайық.
ХІ. Қорытынды: Ал балалар біз бүгін көктем құстарымен таныстық. Қалықтап ұшқан құсты елестетші көз алдарыңа…
Еліміздің болашағы мына сіздердің білім аспанында құсша шарықтап ұшыңдар. Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.
ХІІ. Мадақтау.
Көктемнің әкелген сыйлығын, яғни бәйшешекті балалрға берейін.
Жабайы аңдар
( мектепалды даярлық тобы)
Берменова Құралай Жұмабайқызы
Кенбай орта мектебінің
І-санатты тәрбиешісі
Мақсаты: Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін дамыту. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, аңдардың түрлеріне көңіл аудартып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жабайы аңдардың суреттері, ойыншықтары. Орманның, үй жануарларының муляжы.
Бұл жануарларды балалар біз «Жабайы аңдар» деп айтамыз. Жабайы аңдар елсіз далада болады. өз азығын өзі тауып жиді. Ол күннің суығында да, ыстығында да далда жүріп өмір сүреді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі көп. Олардың ішінде пайдалысы да, зияндысы да бар.
Қасқыр мен түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал.Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды.
Ал аюға келетін болсақ аюдың екі түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю- суда мекендейді. Суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю, тоғайда, орманда мекендейді. Жеміс-жидектерді теріп жейді.
Қоян- ең қорқақ аң. Қоян ағаштардың қуысында қыстайды. Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында уыққа тоңбайды.
Сергіту сәті. Аңдардың айтысы.
Аружан:
Кәрі еменннің түбіне
Бір-біріне үңіле
Айтысуға жиналды
Жан-жануар біріге.
Дамир:
Түлкі айтты. Түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлаң-бұлаң, құйрығым
Текке өтпейді бір күнім.
Бәрін маған жетпейсің
Алдымнан кесе өтпейсің.
Менен басқа қуың жоқ
Күніңді көріп ептейсің.
Шұғыла:
Әй, түлкіжан, мақтанба
Сиқырланып ақталма
Күшіңді сенің көрейін
Қасекең келе жатқанда.
Расул:
Қасқырбай сөйтіп, аттанды
Өз деміне апталды
Қорқып тұрған қоянды
Тап беруге шақ қалды.
Ернар:
Қорқынышты атағым
Қалың қопа жатағым
Қой қораға түсетін
Бар ғой аздап шатағым.
Ділдә:
Балпаң-балпаң, басамын
Алтын қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.
Әдемі:
Мен кірпімін, кірпімін
Көрінбей тұр кірпігім
Балаларға ұнайды
Жүретінім түртіліп.
Нұрай:
Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.
Мөлдір:
Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын
Ормандардағы аңдардың
Жайратып салар күштімін.
Аружан:
Табиғаттың баласы
Болмас ағы, қарасы
Тындап тұсақ бәрінің
Әңгімесі жарасты.
Енді балалар ойындар ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Дұрыс»
Ойынның шарты: Балаларға ойыншық таратып беремін. Тәрбиеші «Дала жануары» десе балалар қолдарындағы ойыншықтан дала жануарын көрсетеді, «Үй жануары» десе үй жануарларын көрсетеді. Ойын осылайша жалғаса береді.
«Мекенін тап»
Ойынның шарты: тәрбиеші жеке аңдардың суреттерін балаларға таратып береді. Ал тақтада сол аңдардың үйлері бейнеленген плакат тұрады. Балалар аңдардың өзіне тиісті үйлерін тауып қояды.
Балаларға жануарлар суреттерінің мозайкасын таратып беремін. Балалар оны құрастырып, ол аң қандай аң және қайда тұратынын айтады.
Қорытынды:
«Жабайы аңдар» деп неге айтамыз?
Үй жануары мен жабайы жануардың ерекшелігі қандай?
Жабайы аңдарды ата?
Олар немен қоректенеді?
Мадақтау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтаймын.
Балалар сендерге үлкен рахмет! Сау болыңдар!
Менің тұңғыш Президентім !
Мақсаты : елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын асқақтатқан елбасының кісілік келбетін таныту. Елін сүйген,ел сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Отанға деген құрметке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері :
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған,Жер Ана
Сәлем саған Нұрлы Күн
Аман –есен болайық,
Бейбітшілік қалайық.
Тәрбиеші : Тәуелсіздік-рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азап күн.
Елім,жерім,қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен-тәуелсізбін,азатпын.
Балалар,сендер білесіңдер ме,біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан.
Отан дегенді қалай түсінесіңдер ?
Адамның туып өскен жері,туған туысқандары,біз тұратын атамекен.
Өте дұрыс айтасыңдар.Қазақстанның елордасы қай қала?
Астана.
Астана –өте әсем қала.Астана қаласында үлкен ғимараттар орналасқан. /Слайд көрсетіледі/.
Мынау Елбасымыздың Ақ Ордасы. Біздің Елбасымыз кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті,мемлекет қайраткері.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жаңа елордасы – Астананы салуға басшылық жасап,оны Еуразиядағы ең әдемі қалалардың біріне айналдыруға үлес қосуда. Еліміз үшін аянбай еңбек етуде. Олай болса ,балалар,Елбасымызға тақпақтарымызды арнайық.
Туған жерім,кең байтақ,ұлан ғайыр,
Елбасшысы Отанымның Назарбаев.
Нұрсұлтандай атамыз ұстап тұрған
Болашағы Қазақстанның бар ғажайып.
Атап айтсақ,мың тоғыз жүз тоқсан бірде,
Әртүрлі өзгерістер болды елде.
Кемеңгер,аса ойшыл Президентім,
Тәуелсіздік мәртебесін алды елде.
« Ана тілім-тұғырым» бола берсін,
Болашағым бейбітшілік нірін сезсін.
Пайғамбарым бер Алла тірек болып,
Нұрсұлтан атамызға төзім берсін.
Тәрбиеші : Өте жақсы. Жарайсыңдар,балалар. Қалалардың көркейіп,гүлденуі,қала көшелерінің тазалығы мен жасыл желекке орануы табиғатымызға сән береді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев « Тазалық-саулық негізі,саулық байлық негізі» деп,қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән берді. Сендер де осы Елбасымыз сияқты табиғатты аялай білесіңдер ме?
Тәрбиеші : Елін,жерін құрметтеген Елбасамыз аман болсын. Біз де өз Отанамызды сыйлаймыз,құрметтейміз. Ендеше Отан деген өлең,жырларымызды арнайық.
Ел ордасы –Астанам,
Саған айтам асқақ ән.
Әрқашан да қазақ боп,
Туғаныма мақтанам !
Батырлық бар тегімде,
Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр көгімде.
Менің атамекенім,
Атамекен-тұрағым,
Сөнбейтұғын шырағым,
Көк байрағым-айбыным,
Қасиетті тұмарым.
Қасиетті Қазақтан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екесің.
Елім,жерім,Отаным-бақ –дәулетім,
Болашағым,өнер- білім,өркенім.
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен,
Биік тау,орман-тоғай,көлімізді.
Отан- тарих,Отан-тіл,
Жасаған елім,өз халқым.
Отан –өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке,ел даңқын.
Біз біргеміз
Біз біргеміз,
Берік іргеміз,
Бірге тілегіміз,
Ар,иман-тірегіміз,
Елорда –жүрегіміз
Біз біргеміз.
Еңбек етіп табысты,
Жібермеймін намысты.
Мен әлемге танытам,
Қазақ деген халықты.
Қорытындылау :
Біз бүгін кім туралы әңгімелестік?
Елбасамыздың аты-жөні кім ?
Біздің елбасамыз Н.Ә. Назарбаев қандай жақсы істер жасады?
Ендеше ,елімізді көркейтіп, Қазақстанымызды көріктендіріп,гүлдендіріп отырған елбасамыз Н.Ә. Назарбаевқа жылы лебіздерімізді білдіре отырып,бүгінгі оқу-іс әрекетімізді қорытындылаймыз.
Елбасамыздың құрметіне арналған 1-желтоқсан тұңғыш Президент күніне арналған мереке құтты болсын!
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»
Мақсаты:
Білімділік: балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан» туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: Қазақстан картасы, суреттер, электронды
оқулық, интерактивті тақта.
Блингвалдық сыңары: Менің Қазақстаным-Мой Казахстан, Отан-Родина.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.
Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен,
Қазақстан-туған ел!
Балалар қосылып айтады.
Ұйымдастыру — іздестіру.
Тәрбиеші:
— Отан-біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, аулымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.
Біздің Отанымыз Қазақстан.
— Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?
— Рәміздерді атаңдар.
— Қазақстан Республикасының Президенті кім?
— Қазақстан картасын білесің бе?
— Сендер қайқалада тұрасыңдар?
Әліппе –дәптермен жұмыс
Т.Молдағалиевтің «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.
Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,
Бәрі сенің өз жерің, өз суларың батыр-ау,
Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен,
Объявление скрыто.
Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан…
Тәрбиеші баларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.
Балаларға электронды оқулықтан еліміздің картасын көрсету. әңгімелеу, тапсырмаларды орындау.
Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!
Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.
Сергіту сәті.
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін,
Көк майсасын төседі.
Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап?»
Ойынның шарты: ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Үлгі: Астана –Бәйтерек, Алматы-Қазақстан қонақ үйі. т.б.
Балалар тәрбиешіні тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді тыңдайды, талдайды.
Әңгімелейді, тапсырманы орындайды.
Әуенді көздерін жұмып, туған жер туралы әңгімелейді.
Қимылмен көрсетеді.
Ойын арқылы тапсырманы орындайды.
Рефлексивті түзетушілік.
Қазақстан Республикасы біздің сүйікті Отанымыз! Қазақстан — өте үлкен, бай республика. «Жері байдың елі бай». Балаларды мадақтау.
Оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Қазақстанның байлығын білу керек.
Нені игерді: Қазақстанның картасын, өлеңді үйренді.
Нені білді: Отанымыздың байлығы мен Т.Молдағалиевтің «Қазақстан
картасы» өлеңініің мазмұнын түсінді.
Тақырыбы : Жер мен су
Мақсаты : Балаларға жер мен сумен таныстыру, Табиғат құбылыстары туралы айту. Қарандашпен дұрыс жұмыс істеу. Іскерліктерін дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Билигвалдық компоненті :
Тәсілдер кезеңдері
Тәрбиешінің іс — әрекеттері
Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық — қозғаушы
Ұйымдастырушылық – ізденушілік.
Балалаға жер мен судың суреттерін көрсету.
Жылулық шеңбері
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен, әрдайым,
Таза бетің маңдайың.
Тазалықтың досы –
Су деген осы.
Сәлеметсіздерме балалар!
Отырыңыздар!
Балалар жер мен суды білемізбе?
-Жердің бетінде нелер? кімдер? Тіршілік етеді?
-Жерде нелер өседі?
Жер бетінде жататын бұл құнарлы топырақтан ағаш,гүл, шөп,өсімдіктер өсіп шығады.Сонымен бірге жер бізге нанда,тамақта,киетін киімде береді.Сондықтан жерді Жер – ана деп атайды. Қане топырақты ұстап көрейікші,қандай?
-Ал топырақтың түсі қандай?
Балалар енді су туралы айтайын,тыңдаңдар. Жер бетіндегі көптеген заттар сұйық, қатты не газ түрінде кездеседі. Ал су үш күйдеде болады.Су бір күйден екінші күйге ауысады.Сондықтанда суды сиқырлы деп атайды.
— Судың иісі барма?
Суға тәжірибе жасап көрейікші.
-Суды шыны ыдысқа құямыз.Су мөлдір,түсі жоқ.
Яндекс.Директ
Быстрая олимпиададля аттестации!Олимпиады, конкурсы, публикации для аттестации на категорию! Диплом сразу!solncesvet.ruАдрес и телефон
Объявление скрыто.
Шыны ыдыстағы суға бір зат саламыз көрінеме ?
Шыныға бояу қосамыз. Енді зат көрінеме?
Су құйылады,су сұйық.Суды үнемдеп пайдалану керек. Барлық тіршілік иелері суды қажет етеді.