kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ."Табиғат бұрышындағы Тотықұс"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тотықұспен таныстыру және ол туралы түсініктер беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ."Табиғат бұрышындағы Тотықұс"»

ЖШС «Нұр Бала Би»












Екінші кіші «Жұлдыз» тобында

«Таным» білім беру саласы бойынша

өткізілген жаратылыстану ҰОҚ-нің ашық көрсетілімі

«Табиғат бұрышындағы құс- Тотықұс»

















Өткізген:

тәрбиеші : Аманова Асылай






Қандыағаш қаласы, 2017 ж


Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Тобы: «Жұлдыз»

Өтілетін күні: 22.11.17 ж

Тәрбиеші: Аманова Асылай Нұрсұлтанқызы

Білім беру саласы: «Таным » Ұ.О.Қ : Жаратылыстану

Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы құс-тотықұс Мақсаты: Тотықұспен таныстыру және ол туралы түсініктер беру; оның ерекшеліктерін әңгімелеу; тотықұстың суреттерін көрсету арқылы зейіндерін және білуге деген құштарлықтарын арттыру. ол құсқа қамқор бола білуге тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтары: тотықұстың суреті.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу, ояту.


- Балалар , бүгін бізде ерекше күн.Кәне, қонақтармен амандасып, шаттық шеңбер құрайық.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң!қайырлды күн!

-балалар,қазір жылдың қай мезгілі?сендер табиғаттан қандай өзгерісті байқадыңдар?

- дұрыс байқапсыңдар,тағы қандай өзгерістер болады?

Педагог балаларға күз маусымының өзгерістері туралы қосымша ақпарат береді.

Қонақтармен амандасады.





Шаттық шеңберін құрып,тәрбиешімен бірге қосылып айтады.



Балалар күз мезгілі туралы білгендерін айтты.

Күзде күн салқындайды,жапырақтар сарғайып,жерге түседі. .


Ұйымдастыру іздену.

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,

Басына бөрік киер, құндыз ұстап. (Тотықұс)

Кәне, біздің табиғат бұрышындағы тотықұс – Кешаға назар аударайық.

Балалардың назарларын суреттерге аудару. Бұл қандай құс? Қандай әдемі! Бұл құс «тотықұс» деп аталады. Балалардан тотықұс туралы білетіндерін сұрайды. Балалардың жауаптарын тыңдап болған соң, тотықұс туралы ақпарат береді.

Тотықұс – әлемдегі ең әдемі сұлу құстардың бірі. Олардың жүндері қауырсындары түрлі –түсті болады.Ол Африка, Америка және Австралияда тіршілік етеді. Адамдар оны қолға үйретіп, торда ұстайды. Себебі: ол адамдардың қамқорлығына үйренген. Ол өз бетінше тамақ тауып жей алмайды. Ол суыққа төзімсіз, ол жылы жерді ұнатады. Кейбір тотықұс сөйлейді.Олар біздің айтқаныңды қайталайды.

Тотықұстың қанаттарын, тұмсығын, аяқтарын көрсетіп, олардың атқаратын қызметімен таныстырады. Мысалы, қанаттары ұшу үшін, тұмсығы қорегін шоқып жеу үшін, аяқтары жүру және бұтаққа қонып отыру үшін керек

. Кәне, тотықұсқа жем беріп, ол жемді қалай шоқып жейтінін көрейік.

-балалар мына ғажайып қорапта не бар екен, ой қандай керемет! Бірақ бұл корап ашылмайды екен. Кілт керек. Қане,балалар бірге іздейік.

Ішінде тапсырмалар бар екен.Балалар тапсырмаларды орындаймыз ба?

1-Тапсырма

Құстар туралы не білеміз? Құстар туралы тақпақ айту.

2-тапсырма

«Дауысынан таны!» ойын

3-тапсырма

Жұмбақтар шешу.

  1. Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап,

  1. Үстіне ақ комзолын киіп алып,

Жүреді қанаттарын жиып алып.

  1. Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

Сергіту сәті: Қолымызды жаяйық, Қанат қағып ұшайық. Қанатымызды түсіріп, Құстарша қонайық.

Балалар, тотықұстың торын тазалап отыруымыз керек. Тотықұс шемішкіні шағады. Алманы да жақсы көреді.

Тотықұстар қазірзі уақытта үй жануарларының біріне айналған. Олар кәдімгі үй мүшелерінің біріне айналған.

Ойын: «Айырмашылығын тап!»

Балалар жұмбақтың шешуі тотықұс екенін табады. Назарларын тотықұсқа аударады



Табиғат бұрышындағы тотықұсты көріп қызықтайды. Оның түсін, дене бітімі туралы әңгімелейді.



Тәрбиешіні тыңдайды. Тотықұс туралы көп мағұламаттар алды.










Балалар қызығушылық танытады.




-иа, орындаймыз.




Балалар құстар туралы өздері білетін тақпақтарын айтады.












-Балапан



-Сауысқан


-Әтеш




Қимыл қозғалыс жасап, серігіп алады.





Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексия- лық түзету.

Тәрбиеші балалардан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Сұрақ жауап арқылы оқу іс-әрекетті қорытындылау.

Бүгін табиғат бұрышында қандай құспен таныстық?

Оның қандай дене мүшелері бар екен?

Сұрақтарға жауап берді.

Тотықұспен таныстық.

Оның басы, екі аяғы, қанаттары, тұмсығы бар (көрсетеді).


Күтілетін нәтиже: Біледі: тотықұс туралы білді. Игерді: бақылау арқылы оның ерекешеліктерін; Меңгерді: оның тіршілігі туралы білім меңгерді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ."Табиғат бұрышындағы Тотықұс"

Автор: Аманова Асылай Нұрсұлтанқызы

Дата: 21.01.2018

Номер свидетельства: 451402


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства