kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Қуыршақ Сәулені киіндіру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ "Қуыршақ Сәулені киіндіру" "Балапан" аралас топ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Қуыршақ Сәулені киіндіру"»

Білім беру саласы: «Таным», «Коммунакация», «Шығармашылық»

Оқу іс-әрекеті: Жарытылыстану.

Тақырыбы: «Қуыршақ Саулені киіндіру» 

Мақсаты: Балалардың қыс белгілері туралы білімдерін бекіту:қар жауады,суытады,адамдар жылы киінеді.Байқаушылықты дамыту.Балалардың киім туралы түсініктерін анықтау.Киім атауларын

Білімділік міндеттері:

Әдіс –тәсілдер: Воскобович технологиясы, құм терапиясы, саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар, дидактикалық ойын, қимылды ойын.

Билингвальдік жұмыс: Сәлеметсіз бе –здравствуйте –good morning, сау болыңыз –до свидания –good-bye, рахмет –спасибо –thank, ауа –воздух –air, су –вода – water, құм –песок –sand.

Көрнекілік – құралдары:  АКТ, тақырып бойынша натурал заттар, сандық, массажор, модульдер,салафан, глобус, Воскобович жолақшалары, түрлі-түсті қақпақтар, А3 суреттер, теледидар, сүлгі, әтір, су күйлері, құм.


Сабақ барысы

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

ҰОІӘ дайындық

-Сәлеметсіңдерме балалар! Балалар бүгінгі біздің сабағымыз өте ерекше өтеді. Өйткені бізге қонақтар келді. Кәнекей, қонақтармен үш тілде амандасайық.



- Ендеше шаттық шеңдерін жасайық.

Күндей жадырап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнді бастаймыз.


-Неге?

-Барлық балалар сапта тұрып хормен келген қонақтармен амандасады:

Сәлеметсіз бе!

Здравствуйте!

Good morning!



Балалар хормен айтады:

Күндей жадырап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі күнді бастаймыз.


ҰОІӘ өткізілуі

-Балалар қазір мен сендерге қызықты жұмбақ жасырамын , мұқият тыңдаңдар.

Бір жерінде ыстық

Бір жерінде суық

Бір жерінде күн

Бір жерінде түн

Керемет алып неткен

-Иә дұрыс айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні қандай?


-Балалар қазір біз барлығымыз қазына іздеуге шығамыз.


-Мұқият тыңдайды.







-Жер шары


-Дөңгелек



-Алақай, қазына іздейміз!



Ауаға эксперимент

-Балалар, келіңдер, қазір біз ауамен танысамыз!

-Кәнекей, үш тілде айтайықшы:

Ауа –воздух –air


-Қараңдаршы, ауаның түсі бар ма?

-Иіскеп көрейікші, ауаның иісі бар ма?

(Ауаға әтір себу)

-Енді, ауаны иіскеп көрейікші, иіс бар ма?

-Ауа қолға ұстала ма?

-Ендеше, балалар ауаға қолға ұсталмаса, біз оны салафанға ұстап алайық.



-Балалар үш тілде хормен айтады: Ауа –воздух –air


-Түсі жоқ

-Иісі жоқ


-Иә, бар. Бұл әтірдің иісі.



-Ауа қолға ұсталмайды.

-Салафанды жоғары-төмен сілкіп, тез қолмен аузын жаба қояды.


Ғажайып сәт

-Балалар кәнекей қазына іздеуімізді жалғастырайық.

-Ой, ой, ой балалар, мен қазына іздейдің картамды досымның үйінде ұмытып кетіппін, - дей берген кезде есікті ашып, досы Теңізші кіріп келеді.

Теңізші:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Мен Теңізшімін!

-Менің досым сендермен бірге қазына іздеуге шығатының айтып, меннен бірнеше кеңес сұрауға келген еді, өзі картасын менің үйімде ұмытып кетті, - деп күледі.

-Үстел үстінде жаққан картаны көре сала қолыма алып, сендерді ойлағандықтан жүгіріп келдім.

-Міне, карта менің қолымда...



-Балалар мұқият тыңдайды.





















Тәрбиеші:

-Балалар сендер қазына іздеуді жалғастыруға дайынсындар ма?

-Ендеше жалғастырамыз.

(Теңізші картасын ашып қарайды)

Теңізші:

-Біз кемемен жүзіп өтуіміз керек, -деп әрлі-бері жүргенде аяғын қатты бір затқа соғып алады.

Тәрбиеші:

-Балалар біздің Теңізшіге не болды, қарайық?


-Қайда аяғын соққан екен, кәнекей, қарайықшы?



-Иә, әрине









-Балалар қарайды да: Саяжан Болатовна Теңізші аяғын соғып алыпты.

-Балалар қарап отырған да, қазына тауып алады.

-Бұл жерде сандық бар екен, оның ішінде не бар екен көрейікші?


Воскобович технологиясы


-Тәрбиеші, Теңізші және балалар сандықтың ішінен «Воскобович жолақшаларын» тауып алды.


Тәрбиеші:

-Кәнекей, балалар теңізді жүзіп өту үшін кеме құрастырайық.


-Жаға жеттік, енді көпірден өтуіміз керек.









-Воскобович жолақшасынан кеме құрастырады.


-Барлығы бірінің артынан бірі көпірден жүріп өтеді.



Суға эксперимент

-Балалар бұл жерде су өлкесі бар екен. Кәнекей, үш тілде айтайықшы:

Су-вода- water


-Судың үш түрлі күйімен танысайық. Олар: сұйық, қатты, бу.

-Судың түсі қандай?

-Судің дәмі бар ма?

-Балалар хормен үш тілде айтады.

Су-вода- water


-Судың үш күйімен танысады.


-Судың түсі мөлдір

-Судың дәмі жоқ

Дидактикалық ойын



-Балалар жаңбыр жауғаннан кейін аспанда не пайда болады?

-Теңізшімен бірге «Кемпірқосақ» ойынның ойнайық.

Ойын шарты: А3 қағазындғы кемпірқосақтың суретіне «Жеті қыз» ертегі желісі бойынша түс-түсімен қою.

Ойын мақсаты: Балалардың түстері ажыратуға баулу. Саусақ моторикасын дамыту.

-Кемпірқосақ пайда болады.




-Ойынды шартына байланысты ойнайды.


-Теңізші картасына қарап: меннен оң жақта қазына жасырылған екен, тез іздеп тауып алайықшы.


-Сандықтың ішінде жапырақтар мен гүлдердің суреттері бар екен.


-Балалар теңізшінің айтқанның мұқият тыңдап, айту бойынша қазынаны іздеп тауып алады.


-Сандықты ашады.

Қимылды ойын

-Балалар келесі қазынаға өту үшін «Толқындар» ойынның ойнау керекпіз.

Ойын шарты: Сөйлемнің мағынасына байланысты қимылдайды.

Ойынның мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту. Қимыл жаттығуларын орындау.


-Теңіз толқиды –бір,

Теңіз толқиды –екі,

Теңіз толқиды –үш,

Бойға жинаймыз күш! –

деп, мағынасына байланысты қимылдап, хормен айтады.



Құмға эксперимент

Теңізші:

-Картада үшінші қазынаға жету үшін барлығымыз бірге тау-тастардан секіріп, үңгірден өтуіміз керек.


Тәрбиеші:

-Бұл жер құмды мекен екен. Құм деген сөзді үш тілде айтайық:

Құм –песок –sand


-Құмның түс қандай?

-Құм құрғақ па, әлде дымқыл ма?

-Құмға кішкене су құйып көрейікші, қандай болады екен.

- Суға кішкене құм салып көрейікші, қандай болады екен?


-Теңізшінің айтқанын мүлтікпей орындайды.





-Үш тілде барлығы хормен айтады:

Құм –песок -sand


-Құмның түсі қоңыр

-Құрғақ

-Құм дымқыл болды.


-Су лай болып кетті.

Құм терапиясы

-Балалар, біз бағана су өлкесінен тауып алған сандық не үшін қажет болғаны енді түсінікті болды. Кәнекей, құмға гүлдер мен жапырақтың сұқ саусақ арқылы салайық.


-Құмға сұқ саусақпен сурет салады.


Теңізші:

-Балалар біздің картамызда тағы бір сандық бар, іздеп тауып алайық. Мені мұқият тыңдаңдар: Біз өткен үңгірдің сол жағындағы ағаштың түбінде қазыналы сандық жасырылған деп жазылып тұр.


-Сандықтың ішінде барлық кедергілерден өткендері үшін балаларға арналған алма бар екен.


Тәрбиеші:

-Балалар алмаларынды топқа оралған соң жейміз, жарай ма?


-Балалар теңізшінің айтуы бойынша үшінші қазынаны тауып алады.










-Жарайды.


Қортынды

-Теңізшінің көмегімен бірге барлық кедергілерден оңай және жылдам өттік, енді келген жолымызбен оралайық.

-Теңізші досым саған көптен –көп рахмет!

- Теңізшіге үш тілде рахмет айтайық:

Рахмет –спасибо –thank


Теңізші:

-Балалар сендерге рахмет, сендердің арқаларында бір сергіп қалдым. Келесі кездескенше сау болыңдар!


Тәрбиеші:

-Бір сапқа тізіліп тұрайық.


-Балалар, сендерге қазына іздеген ұнады ма?


-Сендер өте керемет қазына іздеушілер болдыңдар.


-Осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Келген қонақтармен үш тілде қоштасайық:

Сау болыңыз –до свидания –good-bye!

-Келген жолдарымен артқа оралады.



-Бір сапқа тұрады.


- Рахмет –спасибо -thank





-Сау болыңыз!






-Бір сапқа тұрады.


-Иә, ұнады.



-Балалар мәз болады.



-Қонақтармн үш тілде қоштасады:

Сау болыңыз –до свидания –good-bye!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық сабақ "Қуыршақ Сәулені киіндіру"

Автор: Мускен Жанелия Жумабаевна

Дата: 28.11.2019

Номер свидетельства: 529242

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Ашық сабақ "Қуыршақты киіндірейік!""
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk_sabak_k_uyrshak_ty_kiindirieiik"
    ["file_id"] => string(6) "462400"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1521375332"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства