Павлодар облысы, Май ауданы, «Ақбота» бөбектер бақшасының тәрбиешісі: Утеубаева Қ.Қ.
Тақырыбы: Ғажайып саяхат
 Білім беру саласы: Коммуникация. Таным. Денсаулық. Шығармашылық.
 Мақсаты: Балаларға орманда әртүрлі жануарлар өмір сүретінін түсіндіру. Үлкен кіші, ұзын-қысқа ұғымдарын айыра білуге үйрету. Тілдерін дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Ойынға қызығушылықтарын арттыру. Балалардың табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту. Ұйымшылдыққа, табиғатқа қамқорлығын тәрбиелеу.
 Әдіс-тәсілдері: Әңгімелету, түсіндіру, көрсету, ойын және сергіту.
 Қолданылатын құралдар: Күннің, бұлттың бейнесі, ағаштар, саңырауқұлақтар, қоян, аю, қуыршақ Маша, жеміс-жидектер муляждары, үнтаспа, қаңқыздың бейнесі салынған сурет, қара түсті бояу, сүлгі.
 Сөздік: орман, аю, қоян, түлкі, қасқыр, қаңқыз.
 Қостілділік компонент: орман-лес, аю-медведь, қоян-заяц, түлкі –лиса, қасқыр-волк, қаңқыз-божье коровка.
 Тәрбиеші: Балалар тобымызға қонақтар келіп отыр, амандасайық (үш тілде амандасады).
 Шаттық шеңбері:
 Арайлап таң атты,
 Нұрлы сәуле таратты.
 Жарқырайды күніміз
 Күлімдеді жүзіміз.
 Тәрбиеші: Балалар бүгін ғажайып саяхатқа баруға ұсынамын. Әнімізді айтып, серуендеп қайтайық.
 1,2,3 – ай,
 Аспандағы асыл ай.
 Кім айға қол жеткізеді,
 Сол орманға жетеді.
 - Балалар, міне, орманға да жеттік. Орманда қандай тамаша, жап-жасыл жер,ағаштардың жапырақтары жасыл, әдемі саңырауқұлақтар, түрлі-түсті гүлдер өсіп тұр екен.құстардың сайраған даусыда естіледі. Тыңдандаршы бір сыбдыр естілетін сияқты. Балалар бұл қоян ғой.
 Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
 Балалар: Сәлеметсіз бе, қоян.
 Қоян: Балалар сендер қай балабақшадан келдіңдер?
 Балалар: «Нұрбөбек» балабақшасы, «Жұлдыз» тобы.
 Тәрбиеші: Балалар сендер қоянды сипаттап беріңдерші, оның құлағы қандай, ол нені жақсы көреді.
 Балалар: Қоянның құлағы ұзын, ол сәбізді жақсы көреді.
 Қоян: Балалар мен жайлы жақсы біледі екенсіңдер.
 Тәрбиеші: Қоянға тақпақ айтып берейік.
Арсен: Қоян, қоян, тұршы,
 Беті, қолынды жушы.
 Айнаға қарашы,
 Шашынды тарашы.
 Ерасыл: Қасқыр батыр атанды,
 Өз деміне апталды.
 Қорқып тұрған қоянды,
 Тап беруге шақ қалды.
 Саида: Мен түлкімін, түлкімін,
 Тұнып тұрған күлкімін,
 Бұлаң-бұлаң құйрығым.
 Текке өтпейді, бір күнім.
 Бәрің маған жетпейсің,
 Алдымнан кесе өтпейсің.
 Менен басқа қуың жоқ,
 Күніңді көріп ептейсің.
 Қоян: Балалар мен өз достарымды шақырып алдым.
 Тәрбиеші: Қоянға сендердің тақпақтарын ұнап, ол өз достарын шақырыпты. Мына қоян қандай қоян?
 - Үлкен.
 - Ал мына қоян ше?
 - Кішкентай.
 Қоян: Балалар жақын маңда түлкі жүр ғой деймін. Менің достарымды жасырыңдаршы.
 Тәрбиеші: Кәне, қояндарды саңырауқұлақтардың түбіне жасырайық. Үлкен қоянды үлкен саңырауқұлақтың, кіші қоянды кіші саңырауқұлақтың түбіне жасырайық. Міне, біз оларды жасырып қойдық. Енді оларды түлкі таба алмайды. Ал, біз алаңсыз саяхатымызды жалғастырайық.
 Қоян: Сау болыңдар! Рахмет сендерге.
 Балалар: Сау бол, қоян!
 1, 2, 3 – ай,
 Аспандағы асыл ай.
 Кім айға қол жеткізеді,
 Сол алаңқайға жетеді.
 Тәрбиеші: Балалар алдымызда екі жол жатыр. Мына жолдың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа. Қысқа жолмен жүріп алаңқайға тез жетуге болады.
 Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
 Балалар: Сәлеметсің бе, аю?!
 Аю: Балалар сендер маған құлпынайды теріп беруге көмектесесіңдер ме?
 Тәрбиеші: Балалар кәне аюдың сүйікті жидегі құлпынайды теріп берейік.
 Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
 Құлпынайы көп екен,
 Теріп-теріп алайық,
 Себетке біз салайық.
 Тәрбиеші: Балалар аю бізге риза, қараңдаршы оның көңіл күйі қандай?
 Балалар: Көңілді.
 Аю: Сау болыңдар!
 Балалар: Сау бол, аю!
 Тәрбиеші: Балалар қыз баланың жылаған дауысы естіледі? Бұл кім?
 Балалар: Маша.
 Маша: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен аюдан қашамын деп жеміс-жидектерімді төгіп алдым. Маған жеміс-жидектерімді теріп беріңдерші.
 Тәрбиеші: Балалар кәне Машаға жеміс-жидектерін жинап берейік.
 Ойын: Жемістер мен жидектерді жинау.
 Тәрбиеші: Балалар Машаға тақпақ айтып берейік.
 Медина: Мен алмамын, алмамын,
 Таңдай татар бал дәмім.    
 Мына тәтті бал дәмді,            
 Дастарқандарыңызға арнадым.    
Томирис: Мен жүзіммін, жүзіммін,
 Ағаштан биік үзілдім.
 Балдай тәтті дәмім бар,
 Көз тартатын сәнім бар.
Айым: Жуып жейміз үнемі,
 Алмұрт деген жемісті.
 Суды жақсы көреді,
 Мұны бәрі біледі.
Маша: Рахмет балалар ! Тақпақты да жақсы айтады екенсіңдер. Сау болыңдар!
 Балалар: Сау бол, Маша!
 Тәрбиеші: Тыңдандаршы, шөптің арасынан бір дыбыс естілетін сияқты. Кәне, құлағымызды тосып тыңдайықшы. Балалар бұл қоңыз ғой. Бәріміз қоңызбен амандасайық.
 Балалар: Сәлеметсің бе, қоңыз!
 Қаңқыз: Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Қараңдаршы мен қандай әдемімін, көзім үлкен, қанаттарымда қара дақтарым бар. Мен сендерге сыйлыққа досымның суретін әкеле жатыр едім, қатты жел әдемі дақтарын ұшырып әкетті.
 Тәрбиеші: Сенің көңіл-күйін оған бола түспесің. Балалар қара нүктелер салып берейік.
 Балалар қара дақтар салады.
 Қаңқыз: Мына жерде әдемі гүлдер өсіп тұр екен, кәне мына гүл қандай түсті гүл? (әрқайсысына отырып, түстерін сұрайды).
 Балалар мына әдемі гүлдерге өз түстеріне сәйкестендіріп менің достарым көбелектерді қондырып беріңдерші.
 Ойын: «Гүлге көбелекті қондыр»
 Қаңқыз: Аңдарға көмектескендерің үшін сендерге сыйлықтар беріп жіберді. Балалар сау болыңдар мен достарыма кеттім.
 Балалар: Рахмет, сау бол.
 Тәрбиеші: Ал балалар бізде тобымызға қайтайық
 1,2,3 – ай,
 Аспандағы асыл ай.
 Кім айға қол жеткізеді,
 Сол топқа жетеді.
 Қортынды.
 Қоштасу шеңбері: Қол ұстасып тұрайық,
 Шеңберді біз құрайық.
 Көріскенше күн жақсы,
 Сау саламат болайық.
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
                        
        
	
    
                                    
                                    
                                    
                                    