kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық көрілім "Денсаулық плнетасына саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық көрілім "Денсаулық  планетасына саяхат"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық көрілім "Денсаулық плнетасына саяхат"»

«Денсаулық планетасы»

Біліміділік мақсаты:Қоғамдағы зиянды заттардың адам ағзасын тоздырып ,уландыратынын түсіндіре отырып ,балаларды жақсылыққа баулу.Әр түрлі қызмет түрлері арқылы балаларды дене тәрбиесіне баулу.

Дамытушылық мақсаты:Шығармашылық қабілеттерімен іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Өз денсаулықтарына ұқыпты қарауға,спортқа деген сүйіспеншілігін арттыруға,салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып .дені сау,жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.Бір –біріне мейірімділікке,тәртіптілікке,төзімділікке тәрбиелеу.

Барысы:

Тәрбиеші:. Балалар, біз қонақтармен амандасып алайық.

Бәріміз шеңберге тұрайық, енді бір-біріміздің алақанымызбен жылулығымызды жіберейік одан кейін бір-бірміміздің шынтағымызбен, , енді бір – бірімізге қарап күлімсірейік. Бүгін мен сендерге "Денсаулық" планетасына саяхатқа баруды ұсынамын. Бұл планетада сиқырлы Денсаулық гүлі өседі екен, кім ол гүлді тапса сол адам әдемі, батыл, ең бастысы дені сау адам болады.

Тәрбиеші:Саяхатқа шығуға дайынсыңдарма?

Балалар:Дайынбыз

Тәрбиеші. Ал, енді саяхатымызды бастайық.Зымыранды ұшыруға дайындаламыз

Балалар: (Балалар үлкен саусақты қояды)

Тәрбиеші:Скафандраны киеміз! (Шлем кию кезінде қозғалысы)

Балалар скафандраны киеді

Тәрбиеші. Белбеуді тағу! (Алақандарын соғады.)

Балалар белбеуді тағады

Тәрбиеші. Моторды қосу! (Кеуде деңгейінде қолдардың айналмалы қозғалысы)

Балалар моторды қосады

Тәрбиеші уақытты есептеуді бастайды.

Барлығы:

-5,4,3,2,1 ұшыру. Айналамыз

Тәрбиеші. Міне, біз "Денсаулық планетасына"ұшып келдік.

-Ал гүл қайда?

Балалар, мына жерде белгілерге қараңдаршы:

"Солға қарай жүрсең – ұйқы патшалығына тап боласың!»

"Тура жүрсең– Денсаулық гүлін табасың!»

"Оңға қарай жүрсең – тәттілерді тауып аласың!»

Балалар, біз қандай жолмен жүруіміз керек?

Балалар:

  • Тура жүреуіміз керек.

Тәрбиеші. Олай болса, барлығымыз бір қатарға тұрамыз. Біріміздің артынан біріміз жүреміз.

Аяқтың ұшымен жүреміз, жартылай отырып жүреміз.

Енді алдымыздан кедір-бүдір жолдар шықты, енді осы жолдан абайлап өтеміз.

Балалар: (Жүгіреді және жаяу өтеді, кедір-бүдір жолдармен секіріп өтеді)

Тәрбиеші. Балалар! Міне, мынау Денсаулық гүлі. Ол әдемі екен.

Балалар, гүлімізді иіскеп көрейікші?

(Балалар гүлдің иісін иіскейді)

Тәрбиеші: Гүлден ненің иісі шығып тұр?

Балалар. Гүлден сарымсақтың иісі шығып тұр.

Тәрбиеші.Сарымсақ не үшін пайдалы?

Балалар. Сарымсақ зиянды микробтарды өлтіреді.

Тәрбиеші. Иә, балалар дұрыс айтасыңдар.

Денсаулық гүлі бізге тапсырмалар дайындапты. Біз осы сұрақтарды қалай шеше алады екенбіз?

Сұрақтардың жауаптарын шешеміз бе?

Балалар; Иа

(Гүл жапырақтарында тапсырмалар бар)

1. Доппен "сұрақ – жауап" ойыны (тәрбиеші балаға доп лақтырады және сұрақ қояды, бала допты ұстап, сұраққа жауап береді)

1. Тістерді күніне неше рет тазалауымыз керек?

2. Бағдаршамның қай түсінде жолдан өтуге болады?

3. Қазір жылдың қай мезгілі?

4. Неше көздерін бар?

5. Қандай геометриялық пішіннің үш бұрышы бар?

6. Неше құлақтарын бар?

2. Дәруменді салат " ойыны»

Тәрбиеші. Балалар қандай өнімдерде витаминдер бар?

Балалар: көкөніс, жеміс-жидек, сүт, ет, сүзбе және т.б. жауаптары.

Мен сендермен витаминді салаттар дайындаймыз. Ол үшін екі командаға бөлінейік. Себетте көкөністер мен жемістер бар.

Бірінші команда көкеністер, ал екінші команда жемістерден салаттар жасаймыз.

Белгі бойынша бірінші қатысушы доғаның астынан өтеді, қажетті көкөніс немесе жемісті алып кедергілер бойынша жүгіріп, мәредегі ыдысқа салады, да өзінің тобына қайтады.

Тәрбиеші. Бірінші команданың қатысушыларынан сұрайды.

-Сендер қандай салат дайындадыңдар?

Балалар: Көкөністен.

Тәрбиеші.Екінші команданың қатысушыларынан сұрайды?

-Сендер қандай салат дайындадыңдар?

Балалар. Жемістен.

3. Ән мен жаттығу орындау «Хлоп-хлоп»

4. "Өзің жаса"ойыны.

Тәрбиеші: Балалар, "Денсаулық" планетасы бізге естелік ретінде әркімімізге денсаулықтың кішкентай гүлін жасауды ұсынады.

Біз гүлді жасаймыз ба?

Балалар: Иа (Балалардың жауаптары)

Тәрбиеші:Үстелде киндер-тосынсыйдан жасалған банкалар бар. Әрбір банканың ішінде кесілген сарымсақ жатыр. Табақшада түрлі-түсті жапырақтар жатыр. Екі жақты скотч көмегімен балаларға банкаға жапырақшаларды жапсыру ұсынылады.Балалар, хош иісті иіскеп көрейікші. Неліктен бұл сарымсақтың иісі шығып тұр деп ойлайсыңдар. Гүлден сарымсақтың хош иісі шығып тұр.

Тәрбиеші: Балалар, бізге үйге қайтатын уақыт келді.Басымызға скафандрамызды киіп өзіміздің планетамызға оралайық.

Тәрбиеші:Скафандраны киеміз! (Шлем кию кезінде қозғалысы)

Балалар. Скафандраны киеді

Тәрбиеші. Белбеуді тағу! (Алақандарын соғады.)

Балалар. Белбеуді тағады

Тәрбиеші. Моторды қосу! (Кеуде деңгейінде қолдардың айналмалы қозғалысы)

Балалар. Моторды қосады

Тәрбиеші. Уақытты есептеуді бастау!

Барлығы-5,4,3,2,1 ұшыру. Айналамыз

Міне, біз өзіміздің планетамызға ұшып келдік.

Тәрбиеші. Балалар, бізге "Денсаулық"планетасына саяхатымыз ұнады ма?

Балалар: Иа

Тәрбиеші:Онда не істедік? (Балалардың жауаптары)

Балалар:Сұрақтарға жауап бердік, дәрумендерден салаттар жасадық, тапсырмаларды орындадық.

Тәрбиеші:Сендерге қиын болды ма?

Балалар: Жоқ

Тәрбиеші:Ең бастысы не ұнады?

Балалар:

Бүгінгі біздің "Денсаулық планетасына саяхат " ашық көріліміз аяқталады.

Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық көрілім "Денсаулық плнетасына саяхат"

Автор: Кыдырбекова Молдир Канатовна

Дата: 07.04.2019

Номер свидетельства: 506382


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства