kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?: "Жабайы а?дар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

№30 К?кт?бе орта мектебіні? мектепалды даярлы? тобыны? ?йымдастырыл?ан іс-?рекетіні? технологиялы? картасы

Білім беру саласы: ?атынас

?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? т?рі: «Тіл дамыту».

О?у іс – ?рекетіні? та?ырыбы:  Жабайы а?дар.

  Ма?саты:  Жабайы а?дарды айыра білуге, атай білуге уйрету.

                    А?дарды? ?ыс?ы тіршілігін ж?не орманда ?алай тіршілік ететінін т?сіндіру.

                    Жануарлар?а ?ам?орлы? ?ажет екенін айтып т?сіндіру.

   Міндеті:      Орманда?ы жабайы а?дар туралы т?сініктерін ке?ейту.

                       С?ра?тар ?ойып, та?па? айтып,ж?мба? жасыру   ар?ылы с?йлеу белсенділіктерін дамыту.

                       С?здік ?орын  молайту.

                       Балаларды? ?орша?ан орта?а деген с?йіспеншілігін оятып, оларды ?ор?ау?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?: "Жабайы а?дар"»

30 Көктөбе орта мектебінің мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Тіл дамыту».


Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Жабайы аңдар.


Мақсаты: Жабайы аңдарды айыра білуге, атай білуге уйрету.

Аңдардың қысқы тіршілігін және орманда қалай тіршілік ететінін түсіндіру.

Жануарларға қамқорлық қажет екенін айтып түсіндіру.


Міндеті: Ормандағы жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту.

Сұрақтар қойып, тақпақ айтып,жұмбақ жасыру арқылы сөйлеу белсенділіктерін дамыту.

Сөздік қорын молайту.

Балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін оятып, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:



Не білді?

Не алды?

Не істей алады?

Жабайы аңдардың орманда мекендейтінін, немен қоректенетінін және балаларын қалай атайтыны білді.

Әр түрлі ойындар ойнап , тақпақтар айтып, ой – өрістері дамыды .Сөздік қорлары молайды.

Аңдарды ажырата алады.


Көрнекілігі: интерактивті тақта слайдтары, мазмұнды суреттер, дидактикалық материал, атрибуттар.

Оқу іс – әрекетінің типі: жаңа оқу іс – әрекетін меңгерту.

Оқу іс – әрекетінің әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, СТО әдісі.


Билингвалды компоненттер:

жабайы – дикие

аңдар – животные

қоян – заяц

түлкі – лиса

аю – медведь

қасқыр – волк




Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы























Іздену – ұйымдастырушы

Шаттық шеңбер:

Балалар шеңбер құрып тұрады

- балалар, бүгін біз кең және жарық бөлмеде кездестік. Қане бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер құрайық.

1. Электрондық таспамен орындау:

Қайырлы таң ұстазым,

Қайырлы таң достарым.

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық.

Доброе утро учитель,

Доброе утро друзья.

Посмотрите друг на друга.

Пожелайте добра.


2. Топқа бөлу:

1топ: «Қояндар».

2топ: «Арыстандар».






- Сендер орманға барғыларың келе ме?

- Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын.


Жұмбақтар жасыру


1. Орманнан жалпақ даладан,

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп-кішкене арадан,

Үп-үлкен болып қорқады.


2. Өзінше ноян,

Қорқақ не?


3. Көп-көп ине, көп ине,

Бір сабағы жоқ ине,

Іс тікпейтін әрине.


4. Өзі бір қу,

Жүрген жері айғай да шу.


5. Секең-секең етеді,

Орман – оның мекені.

Отырғанда шоқиып,

Құманға ұқсап кетеді.


- Суреттен нелерді көрдік?

- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

Олай болса бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Жабайы аңдар»


Тәрбиеші:

Балаларға кіріспе әңгімеден бастаймын

- Балалар, біз қандай үй жануарларын білеміз?

- Неге оларды біз үй жануарлары дейміз?

Балалар, үй жануарларымен бірге орманда, тауда далада мекен ететін жануарлар да бар. Оларды біз жабайы аңдар дейміз.


- Жыртқыш аңға қандай аңдар жатады?

Олар жабайы аң болса да, өз балаларын өте қатты жақсы көреді, қорғап жүреді, тамақ тауып береді. Олар қыста тоңбайды, өйткені олардың жылы тоны бар. Қыста орман суық болады. Жануарлар азық таба алмай қиналады. Сондықтан көптеген аңдар қыста ұйқыға кетеді. Жыртқыш аңдар қасқыр, аю, арыстан, жолбарыс әлі жететін аңдармен қоректенеді.

Түлкі қар астындағы тышқандармен қоректенеді.

- Тиін немен қоректенеді?

Тиін өзі жианаған саңырауқұлақтар, жаңғақтармен қоректенеді.

Сирек кездесетін аңдарды сақтап қалу үшін оларды арнайы ұйымдастырылған орындарда қорғайды. Олар қорық деп аталады.

- Аңдарды атуға бола ма?

Аңдарды атуға болмайды.

- Аңдардың балалары бар ма?

Олай болса, сендермен «Анасын тап» атты ойын ойнайық.

Мынау аналары, ал балалары ауысып кетіпті.

Суретпен жұмыс


- Аюдың баласы?

- Түлкінің баласы?

- Қоянның баласы?

- Қоянның баласы?


Тәрбиеші:

- Балалар, сендер аңдар туралы тақпақ білесіңдер ме?

Олай болса, аңдардың сайысын тамашалайық.


Автор сөзі:

Кәрі еменнің түбінде,

Кәрі аюдың інінде.

Бас қосыпты көп аңдар,

Айтысыпты қараңдар.























































Тәрбиеші:

- Жарайсыңдар, балалар!

- Сендер өте әдемі тақпақтар жаттап келіпсіңдер.


Сергіту сәті:

Көжектерім тұршы,

Беттеріңді жушы.

Ну орманға барайық,

Тамақтанып алайық.


- Ал, балалар, біздің шаршағанымыз басылып, бойымыз сергіп қалды.

- Балалар, енді бәріміз ойын ойнаймыз.



Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»

Ойын шарты: екі топқа аң суреттері беріледі. Суретті уақытқа құрастырып сипаттайды.


СТО әдісі: «Топтастыру»

- Балалар, біз бүгін қандай аңдар туралы білдік?

Аю Түлкі

Жабайы аңдар


Тиін Қасқыр


Піл Кірпі


Тәрбиеші:

Топтың қорытындысын хабарлайды.


Шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне жылы лебіздерін айтады.











Аңдардың атымен топқа бөлінуі:

1-топ: «Қояндар»

Біз қоянбыз, қоянбыз,

Күндіз-түні ояумыз.

Қаша, қаша қасқырдан,

Құлауға да таяумыз.


2-топ: «Арыстандар»

Біз мықты Арыстан,

Аңдардың патшасы.

Жауыммен алыссам,

Күл болар қаңқасы.






Аю




Қоян




Кірпі



Түлкі



Тиін





Түлкі, аю, қоян, тиін, кірпі.

«Жабайы аңдар».






Сиыр, жылқы, қой, ешкі.


Олар: аю, түлкі, арыстан, жолбарыс, піл, бұғы, кірпі, тиін.



Қасқыр, аю, арыстан, жолбарыс.





Олар: аю, борсық, кірпі.













Бар



Сызба бойынша аналарын атап, тауып береді.


Қонжық

Мыртақ

Көжек

Кірпі баласы





Балалар басына атрибуттарын киеді.


Арыстан:

Мен мықты Арыстан,

Аңдардың патшасы.

Жауыммен алыссам,

Күл болар қаңқасы.


Піл:

Бір көргенді білгін,

Мен алып пілмін.

Аспаймын, саспаймын,

Жамандыққа баспаймын.


Қасқыр:

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Аң ішінде асқармын.

Талай қойды бауыздап,

Үйге әкеліп асқанмын.


Аю:

Менің атым аю,

Оңай маған баю.

Мал ішінде жүремін,

Балды исінен білемін.



Кірпі:

Мен кірпімін, кірпімін,

Көрінгенге түрпімін.

Үстім толы ине,

Есің болса тиме.


Ақтиін:

Мен ақтиінмін,

Кисең киіммін.

Аңды көрсем бекінем,

Талдан – талға секірем.


Жолбарыс:

Мен жыртқыш жолбарыс,

Тұрағым ну ұщамыс.

Күн демей, түн демей,

Жорытамын жлды алыс.


Тиін:

Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші толы үйімнің.


Қоян:

Мен қоянмын, қоянмын,

Жорыққа түнде жортамын.

Қалдырмаймын ізімді,

Өйткені күндіз қорқамын.


Түлкі:

Мен түлкімін, түлкімін,

Біреулерге күлкімін.

Кейбіреуді алдаймын,

Кейбіреуді арбаймын.





Іс-қимыл арқылы сергіту сәтін орындайды.









Жылдам құрастырған топ жеңіске жетеді.




Балалардың жауабы тыңдалады.



Интерактивті тақтаға жазады.








Рефлексивті түзету

- Балалар аңдар қайда мекендейді екен?

- Жыртқыш аңдарға қай аңдар жатады?

- Олар немен қоректенеді?

- Олар қыста жаурайды ма?

- Ормандағы аңдарға біреу тамақ апарып бере ме?

- Қыс бойы ұйықтайтын аңдарды ата?

- Қорқақ аңды ата?

- Ағаш діңінде қандай аң тұрады?

- орманда

- қасқыр, түлкі, жолбарыс, арыстан, аю

- өздерінің шамасы келетін аңдармен.

- жоқ, олардың терілері қалың болады.

- жоқ олар өздері қорек іздейді.


- аю, борсық, кірпі.

- қоян.

- тиін.

























































































































































































































































































































































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба?: "Жабайы а?дар"

Автор: Бурылбаева Зарина Кабылбековна

Дата: 22.12.2015

Номер свидетельства: 269264


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства