І. Сабақ ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Тіл дамыту. ІІІ. Өткенді қайталау. «Игровизор» ойнау ІУ. Жаңа тақырып. Тақырыпты ұсыну. Тапсырмалармен жұмыс жүргізу. Сергіту сәті У. Қорытынды. УІ. Мадақтау. УІІ. Тапсырма. | Мұғалім балалармен жылы қарым – қатынас орната отырып, олардың оқу іс – әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аудару. Сенің атың кім? Сенің фамилияң кім? Сен қайда тұрасың? Сенің ұлттың кім? Өтілген сөздерді қайталау. «Көктем» туралы сұрақтарға жауап беру: Қазір қандай жыл мезгілі? Көктем айлары қандай? Қазір қандай ай? Қыста күн қандай болады? Аяз болады ма? Адамдар қандай киім киеді? Балалар не тебеді? «Игровизор» арқылы өткен тақырыптардағы сөздерді қайталау. Бүгінгі тақырыбымыз «Дүкенде не бар?» Жаңа сөздермен танысу: Қайталау. Нан, бауырсақ, құрт, қант, көже, қуырдақ, май, бал, тұз, ет, шай, су, сүт, айран, Жаңа сөздер. Шырын, балмұздақ, балық, жұмыртқа, кәмпит, ірімшік, шұжық, шәйнек, шәугім, самауыр, ожау, табақ, шелек, дастарқан, қышқыл. Әрбір жаңа тақырып әліппе – дәптерде берілген алғашқы суретке оқушылардың назарын аудару арқылы ұсынылады. Мұғалім осы сурет бойынша тақырып туралы түсінік береді. Мұғалім балаларға суретті көрсетіп, «Дүкенде қандай ыдыстар бар?» деген сұраққа жауап беруді үйретеді: шәйнек, шәугім, самауыр, ожау, табақ, шелек . Осыдан кейін мұғалім балаларға сөйлемдерді тыңдап қайталатуға үйретеді: Мынау дүкен. Дүкенде шәйнек, шәугім, самауыр, ожау, табақ, шелек бар. Әже самауыр алады. Балалар келесі тапсырмадағы суреттердегі сұлбаға қарап ыдыстарды атайды. Мұғалім балалардың назарын әліппедегі Ы дыбысы бар сөздерге аударады: ыдыс, арыстан, пышақ, сабын, шырын, мысық. Сөздерді қайталанғаннан кейін балалар ы әрпән бояйды. Әріпті бояу арқылы балалар әріптің жазылуын есте сақтайды. Мұғалім тақырыпқа қатысты сөздерді қайталату арқылы тақырыпты бекітеді. Қане , қанат жазайық. Қарлығаш болып ұшайық. Ұшып ұшып алайық. Орнымызға отырайық. Мұғалім балалармен оқу іс – әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылайды. | Сәлемдесіп, көңіл күйлерін айтады. Балалар берілген сұрақтарды. ұқыпты тындап дұрыс жауабын айтады. Балалар берілген тапсырманы орындайды. Балалар назар аударып жаңа сөздерді дұрыс айтып береді. Балалар суретке қарап дұрыс жауап береді. ә/ Мұғалім оқиды, балалар қайталайды. б/ Мұғалім оқиды, балалар тізбекпен қайталайды. в/ Балалар сөз тіркестерді құрайды. Балалар сұрақтарға дұрыс жауап береді. Суретпен жұмыс. Балалар сөйлемдерді тыңдап қайталатуға үйренеді: Сұлбаға қарап ыдыстарды атайды. Балалар сөздерді тыңдайды, қайталайды. . Әріпті бояу арқылы балалар әріптің жазылуын есте сақтайды. Балалар сергіту сәтін қимылымен орындайды. |