Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? та?ырыбы: "?ыс?ы баспана" ертегісі»
Сабақтың тақырыбы: «Қысқы баспана» ертегісі
Сабақтың мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік бере отырып, балаларды жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету. Ертегіні оқып таныстыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қамқорлыққа, адалдыққа, жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Мотивациялық-оятушылық: Қайырлы күн балалар! Алтын күн, Жер анаға өзінің мейірлі шуағын төгіп, біздің жан дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Ендеше балалар бәріміз орнымыздан тұрайық.
Сәлеметсің бе, Алтын күн!
Сәлеметсің бе, Ғарышым
Сәлеметсіңдер ме, балалар
Сендерді көрсем қуанам!
Ұйымдастыру кезеңі: Үнтаспадан боран және дауыл дыбысын естірту.
-Балалар бұл ненің дыбысы?
- Боранның дыбысын естігенде өздеріңді қалай сезіндіңдер? Қандай күйде болдыңдар?
- Балалар қай мезгілде табиғат ана ақ көрпесін жамылады?
Оқулықтағы ертегінің суретін тақтаға іліп, балалар мен ертегі барысы бойынша әңгімелесу.
Бүгін біз сендермен «Қысқы баспана» ертегісімен танысамыз.
-Балалар ендеше біз қазір бұл ертегіні компьютерден тамашалаймыз.
- Орманда қандай аңдар өмір сүреді?
- Олардың үйлеріне кім келді?
- Қасқырлар неден қорықты
- Балалар біз сендермен ойын ойнау арқылы ормандағы жануарларға үй тұрғызып берейік. Ол үшін біз берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беруіміз керек.
1-тапсырма. Жұмбақты шеш
Еріксе, құйрығымен ойнайды
Зеріксе ұйқыға бір тоймайды
(мысық)
Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады
Кіп-кішкене арадан
Үп-үлкен болып қорқады
(аю)
2-тапсырма. Балалар үлкен жұмыс жасадық. Енді өлең арқылы демалып сергіту сәтін жасайық.
Музыкамен жаттығу орындалады:
Басқа малақай киеміз
Қолымызға қолғап киеміз
Аққала жасап бірге ойнаймыз
Бір-бірімізге ұлпақарды атып
Бетіміз тоңды жылытайық
(қимылмен көрсетіледі)
3-тапсырма. «Қай жануардың дауысы» дидактикалық ойын
Шарты: Үнтаспадан жануарлардың дауысы шығады. Балалар табу керек.