kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашык сабак С дыбысы мен ?рпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: С дыбысы ж?не ?рпі
Саба?ты? ма?саты: С дыбысы ж?не ?рпімен таныстыру.С дыбысына с?з,с?йлем ??растыру ар?ылы есте са?тау ?абілеттерін дамыту.Ауызекі с?йлеу м?дениетін ?алыптастыра отырып, баспа ?ріп жазу?а ?олдарын ?йрете отырып,таза, сауатты жазу?а ?йрету.

Саба?ты? т?рі: Аралас, саяхат, ойын саба?.

Технологиясы: Сын т?р?ысынан ойлау.

Саба?ты? к?рнекілігі: С ?рпіні? баспа т?рі, суреттер, буындар, с?здер, ?ліппе- д?птер, слайд.

?йымдастыру кезе?і.
О?ушыларды? саба??а дайынды?ын тексеру.

- Балалар б?гінгі саба? к?ндегіден ?згеше бізде  б?гін ?она?та апайлар бар.

- С?лемдесейік

Арайлап та? атты,

Алтын с?уле таратты

Жар?ырайды ?аламыз

Жайнай т?сті даламыз

?айырлы та? балалар!

?айырлы та? апайлар!

-?те жа?сы балалар, орындарымыз?а отырайы?.

Аяз ?ысып,

?рнек сызып

Терезені торлайды

?ар?а ойбы?ып

Бет домбы?ып

Бала шана ойнайды

Б?бектерім айты?даршы, б?л ?ай кезде болады?

-Балалар,?азір жылды? ?ай мезгілі?

-?ысты? ?ай айы?

-Аптаны? ?ай к?ні?

-Д?йсенбі

О?ушыларды топ?а б?лу 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашык сабак С дыбысы мен ?рпі »

Сабақтың тақырыбы: С дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: С дыбысы және әрпімен таныстыру.С дыбысына сөз,сөйлем құрастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға қолдарын үйрете отырып,таза, сауатты жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас, саяхат, ойын сабақ.

Технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: С әрпінің баспа түрі, суреттер, буындар, сөздер, әліппе- дәптер, слайд.

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

- Балалар бүгінгі сабақ күндегіден өзгеше бізде бүгін қонақта апайлар бар.

- Сәлемдесейік

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң апайлар!

-Өте жақсы балалар, орындарымызға отырайық.

Аяз қысып,

Өрнек сызып

Терезені торлайды

Қарға ойбығып

Бет домбығып

Бала шана ойнайды

Бөбектерім айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыстың қай айы?

-Аптаның қай күні?

-Дүйсенбі

Оқушыларды топқа бөлу

1-топ:Балапан
2-топ:Күншуақ
3-топ:Айгөлек

4-топ:Алтын сақа

I Сабақтың барысы:

-Балалар,апайлармен бірге бізге қонаққа Сауле әжей де келіп отыр. Ол кісі сендерден көмек сұрай келіпті. Әженің Сәкен және Сандуғаш деген екі немересі бар екен. Екі бала ауыл сыртындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып адасып кетеді. Сол балаларды тауып беруіміз керек. Қане, балалар әжемізге көмектесеміз бе?
- Иә
- Ол үшін балалар сендер менің сұрағымды мұқият тыңдап, жауап беріп отырыңдар.


II Өтілген сабақты қайталау.

«Кім зерек?» ойыны (сұрақ-жауап)
- Өткен сабақта қай әріппен таныстық?
- Б дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Неге дауыссыз дыбысқа жатқызамыз?(ереже)
- Қане, сол Б дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші

- Дыбыс деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз)
- Әріп деген не? (Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)
- Өте дұрыс, біз әжемізге көмектесуге дайынбыз

III Жаңа сабақты меңгерту.
- Әжеміз келе жатса алдынан бір үлкен өзен шығыпты. Бұл кісіні өзеннен өткізу үшін тапсырма орындауымыз керек.
«Өзеннен өту»(слайд өзеннің суреті)
Жұмбақтың шешуін дұрыс шешсеңдер әже өзеннен өтеді
Білезікке қарайық.

Ұқсайды оған қай әріп. (С)

Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен,
Білгің келсе уақытты
Көрсетеді тілімен (Сағат)
Жарайсыңдар балалар біз әжемізді өзеннен де өткіздік

- Сағат. Сағат сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
- С дыбысынан

-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз С дыбысы мен әрпі.
- С дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз С деп айтайық.
- Қандай дыбыс екен? – Дауыссыз.
-«С» дыбысы қалай айтылады?

Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі, кедергілер арқылы шуылдап шығады.

-Балалар С дыбысынан келетін сөздер айтайық және сол сөздерді буынға бөлейік.

Балалар сөздер айтады және буынға бөледі.

Өзеннен де өтіп орманға келдік
- Орманды кәне көз алдымызға елестетейікші
- ( балалар өз ойларын айтады)
- Орманда қандай аң жасайды.
- Олай болса әжеге кедергі келтіріп тұрған аңдардың тапсырмасын әрі қарай орындап біз әжеге көмектесейік.
1 - ші аң – қасқыр: Ол қандай аң?
Қасқырдың тапсырмасы:

-Буындарды оқу.

- Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: Жолың болсын!
Қоянның тапсырмасы:

-Сөздер оқу.

-Қоянның сыйластық сөзі: Сау бол!

Келесі кедергіде тұрған аң - Арыстан.

-Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Сағат, асқабақ, ананас – сөздері.
Арыстанның сыйластық сөзі: «Саған сәттілік тілеймін!»

Сергіту жаттығуы: 

Тіл ұстарту жаттығуы.
- Са, - са, - са Ызыңдайды.....

- Із, - із, - із бақшадағы....
Келесі кездесетін аң – Аю.
Аюдың тапсырмасы:

Дәптермен жұмыс:
Балалар С дыбысын ауада жазып қолды жаттықтырайық.

Қазіргі үлгілерге қарап үзік сызықтарды қосып. С әріпінің баспа түрін жазамыз. Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.

Аюдың сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»

Келесі кездесетін аң – Жолбарыс

Жолбарыстың тапсырмасы:

1-топ: Ермексаздан С әріпін жазады

2-топ: С әріпін түрлі-түсті қарандашпен бояйды

3-топ: Түрлі-түсті қағаздан С әріпін қиып жапсырады

4-топ: С әрпін құрстырады

Жолбарыстың сыйластық сөзі: «Жолың болсын»
- Мінеки, балалар, біз сендермен бірге әжеймен немерелеріне көмектестік. Біз әрқашан әже ақылын тыңдап, әдепті, әдемі, мейірімді болып өсеміз.

Әженің сөзі:

Немерелерін алып сыныптан шығып кетеді.

Әженің сыйлығы тарату.

IV Қорытындылау:

Сұрақ-жауап арқылы.
Қыздар құлағына тағады- Сырға.
Әжелер қолына тағады- Сақина.
Уақытты көрсетеді- Сағат.
Ақ, дәрумені көп, пайдалы сусын- Сүт.
Сызуға арналған құрал- Сызғыш.
Мектепте не оқимыз- Сабақ.
Кітаптарды қайда саламыз- Сөмкеге.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар білімін бағалап, мадақтап


Мұнайлы ауданы


5 орта мектеп




Тақырыбы: С дыбысы мен әрпі








Сыныбы: 0 «Б»

Өткізген: Турганбаева.Б






2014/2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашык сабак С дыбысы мен ?рпі

Автор: Турганбаева Баршын Амандыковна

Дата: 08.04.2015

Номер свидетельства: 199165


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства