Мотивациялық-қозғаушылық Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік | М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру; Біздерде бар қуыршақ Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Айтқаныңнан шықпайды. Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасау.Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ойыншықтармен танысатындықтарын айтып, балалардан топта, үйлерінде қандай ойыншықтар барын сұрайды. -Сенің қандай ойыншығың бар? -Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе? -Қандай?(Үлкен, кішкентай) -Сен онымен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба? -Ойыншықтардың тұратын жерін білесің бе? Ойыншықтарды лақтырмай, сындырмай, ұқыпты ойнау керектігін айту. Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық» Кәне, сандықта не бар екен, деп балалардың көңілін аудару. -Ботақан, мысық, құлыншақ бар екен. -Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық. Әңгіме құрастыруға көмектесу. Ботақан, құлыншақ туралы түсіндіру. Сергіту сәті: Тікірейіп құлағы, Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады. Үлестірмелі суреттермен «Тез көрсет!»ойынын ойнату.Ойыншықтардың аттары бар өлең оқыған кезде өлеңде айтылған жануарлардың суреттерін жыдам көрсету керек.Мысалы: Құлыншағым-құндызым Құлдырайды, шабады Жылтылдаған жұлдызым Құстай қанат қағады. Тәй, тәй тұрған ботақан, Аяқты қалт-құлт басасың «Не артық?»дидактикалық ойыны. Балаларға сұрақтар беріп, қайталату.Жақсы қатысқан балаларды мадақтау. | Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды. Жаттауға талпынады. Сұрақтарға жауап береді. Ойыншықпен ұқыпты ойнауды түсінеді. Балалар сандыққа қызығушылық танытады. Ойыншықтарды балалар қуана қабылдайды. -Менің ойыншық мысығым бар.Мысықтың екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар.Мысығым апппақ. Ол сүтті жақсы көреді. -Менде құлыншақ бар. -Құлыншақ кішкентай, әдемі.Мен құлыншақты жақсы көремін. -Менде ойыншық ботақан бар.Ботақанның құлағы, төрт аяғы бар.Балалар қимыл-қозғалыс жасайды.Ойынды түсініп ойнауға талпынады.Тез көрсетуге тырысады. Ботақанды көрсетеді. Суреттен не артық екенін табады. Балалар қайталайды.Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. |