kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Арыстан мен т?лкі

Нажмите, чтобы узнать подробности

        Ерте, ерте, ертеде, ерте бол?анда да естен шы?ып, есептен кеткен м?лде к?не заманда барша жан-жануар ?амсыз-м??сыз, тату-т?ттi ?мiр с?рiптi. Жаманды? атаулыны? ?лi жер бетiне шы?а ?ойма?ан кезi болса керек. Ж?рт ?ауiп-?атер, ?ор?ыныш, ?рей дегеннi? не екенiн бiлмептi. 

Сол уыздай ?йы?ан бейбiт заманда б?кiл а? атаулы да ?зара дос, тату ?мiр с?рiптi. Мысы? пен тыш?ан жасырынба? ойнаса, ?ой мен ?ас?ыр бiрге ?ыдырады екен. А?дар патшасы айбарлы арыстан да ?ол астында?ы хал?ына соншалы? беделдi болып, елiне ерекше билiк ж?ргiзiптi. Сонды?тан да ?мiршiнi? айт?анын ешкiм екi етпептi. Ал арыстанны? бас у?зiрi, а?ылшысы ?ызметiн айлалы т?лкi ат?арыпты. 

Т?лкi ?анша залым, ?андай ?ара ниет болса да, адуынды патшаны? ?ањарынан ?аймы??анды?тан, сыр бiлдiрмей, сыпайы ?ызмет ?ылып ж?редi. Бiра? а??ау да а??ал арыстан?а д?йiм ж?ртты? осыншама ?ошемет к?рсетiп, ?зiн м?лде ешкiмнi? к?зге iлмеуi зымиян т?лкiнi? ?зегiн ?ртейдi. У?зiрлiктi? ар?асында к?нде-лiктi не iшемiн, не жеймiн деген уайымды м?лде ?мыт?ан т?лкiнi? ендi жатса-т?рса ойлайтыны бiр-а? н?рсе. Ол – арыстандай ата?-да???а б?ленiп

        Ерте, ерте, ертеде, ерте бол?анда да естен шы?ып, есептен кеткен м?лде к?не заманда барша жан-жануар ?амсыз-м??сыз, тату-т?ттi ?мiр с?рiптi. Жаманды? атаулыны? ?лi жер бетiне шы?а ?ойма?ан кезi болса керек. Ж?рт ?ауiп-?атер, ?ор?ыныш, ?рей дегеннi? не екенiн бiлмептi. 

Сол уыздай ?йы?ан бейбiт заманда б?кiл а? атаулы да ?зара дос, тату ?мiр с?рiптi. Мысы? пен тыш?ан жасырынба? ойнаса, ?ой мен ?ас?ыр бiрге ?ыдырады екен. А?дар патшасы айбарлы арыстан да ?ол астында?ы хал?ына соншалы? беделдi болып, елiне ерекше билiк ж?ргiзiптi. Сонды?тан да ?мiршiнi? айт?анын ешкiм екi етпептi. Ал арыстанны? бас у?зiрi, а?ылшысы ?ызметiн айлалы т?лкi ат?арыпты. 

Т?лкi ?анша залым, ?андай ?ара ниет болса да, адуынды патшаны? ?ањарынан ?аймы??анды?тан, сыр бiлдiрмей, сыпайы ?ызмет ?ылып ж?редi. Бiра? а??ау да а??ал арыстан?а д?йiм ж?ртты? осыншама ?ошемет к?рсетiп, ?зiн м?лде ешкiмнi? к?зге iлмеуi зымиян т?лкiнi? ?зегiн ?ртейдi. У?зiрлiктi? ар?асында к?нде-лiктi не iшемiн, не жеймiн деген уайымды м?лде ?мыт?ан т?лкiнi? ендi жатса-т?рса ойлайтыны бiр-а? н?рсе. Ол – арыстандай ата?-да???а б?ленiп

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Арыстан мен т?лкі»



Ерте, ерте, ертеде, ерте болғанда да естен шығып, есептен кеткен мүлде көне заманда барша жан-жануар қамсыз-мұңсыз, тату-тәттi өмiр сүрiптi. Жамандық атаулының әлi жер бетiне шыға қоймаған кезi болса керек. Жұрт қауiп-қатер, қорқыныш, үрей дегеннiң не екенiн бiлмептi. 
Сол уыздай ұйыған бейбiт заманда бүкiл аң атаулы да өзара дос, тату өмiр сүрiптi. Мысық пен тышқан жасырынбақ ойнаса, қой мен қасқыр бiрге қыдырады екен. Аңдар патшасы айбарлы арыстан да қол астындағы халқына соншалық беделдi болып, елiне ерекше билiк жүргiзiптi. Сондықтан да әмiршiнiң айтқанын ешкiм екi етпептi. Ал арыстанның бас уәзiрi, ақылшысы қызметiн айлалы түлкi атқарыпты. 
Түлкi қанша залым, қандай қара ниет болса да, адуынды патшаның қањарынан қаймыққандықтан, сыр бiлдiрмей, сыпайы қызмет қылып жүредi. Бiрақ аңқау да аңғал арыстанға дүйiм жұрттың осыншама қошемет көрсетiп, өзiн мүлде ешкiмнiң көзге iлмеуi зымиян түлкiнiң өзегiн өртейдi. Уәзiрлiктiң арқасында күнде-лiктi не iшемiн, не жеймiн деген уайымды мүлде ұмытқан түлкiнiң ендi жатса-тұрса ойлайтыны бiр-ақ нәрсе. Ол – арыстандай атақ-даңққа бөленiп, бүкiл аң атаулыны ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстау болды. Тек осы арманына қалай жетудi бiлмейдi. 
Аяр түлкi осылай әуре-сарсаңда жүргенде, бiр күнi оған арыстаннан шабарман мәлiн хабар жеткiздi. 
– Түлкi мырза, – дедi, ат үстiнен түспей шiренген қортық мәлiн. – Сiздi арыстан ием шақырып жатыр. «Кеудесiнде жаны болса, тез жетсiн», – дедi. 
Қапелiмде төбесiнен қойып қалғандай тосын тиген мына хабар түлкiнi қатты абыржытты. Өзiнен шенi төмен мәлiннiң алдында маңғазданып, маң басып қимылдап жүрсе де, қу түлкiнiң iшi әлем-жәлем. Қаншама уақыттан берi iшiнде бықсып жүрген арам пиғылын бейне бiреу жария етiп қойғандай өзiнен-өзi күдiктенiп қалды. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан да iнiнен шығады» демеушi ме едi шешем бейшара. Мына мыртықтың буынын басып көрейiн. Ол маубас менi неге осыншама суыт шақыртты екен», – деп ойлаған түлкi бұдандай басып, мәлiнге тақау келдi. 
– Мәлiн батыр, – дедi, әуелгi тәкаппар кейпiн кiлт өзгертiп, қылымси қалған түлкi. – Патша сарайында не жаңалық бар? Менi неге соншалық асығыс шақыртты екен? Менсiз шешiмiн таба алмай жатқан бiр дау-жанжал бар ма, немене?... 
– Ондайда менiң жұмысым жоқ екенi бiлесiз ғой, Түке. Оны бiр, мұны бiр сұрап, менi несiне әурелейсiз? Бара көрерсiз. Кәне, ендi аттанайық, – деп шәнидi мәлiн. 
Мәлiннен мардымды ештеңе ести қоймасын болжаған түлкi дереу атқа қонды. Аз жүрдi ме, көп жүрдiме, жай жүрдi ме, әйтеуiр, патша сарайына келсе, қарта-йып кiрпiк-мұрты қылаң тартқан ақ жалды арыстан мұ-ны сарыла күтiп отыр екен. 
– Е, түпсiз ақыл иесi Түлкiм, жеттiң бе?! – деп, әңгiменi аң патшасының өзi бастайды. 
– Құзырыңызға құлдық, әмiршiм! Не бұйырасыз?! 
– Ұзақ жол жүргелi отырмын. Жолдастыққа тек өзiңдi таңдадым. Жан жолдасым Жолбарыс та, аңғалақ досым Аю да: «Бiз барайық», – дейдi. Бiрақ жасым жетiп, қайратым қашқан шағымда, мына алыс сапарда мен үшiн сенен ыңғайлы, менiң жағдайымды сендей сезiнiп, сендей жаны ашитын икемдi де тапқыр серiк табыла қоймас деп топшыладым. Егер қарсы болмасаң, жолға қамдан, – дейдi Арыстан. 
– Құп болады, тақсыр! Ендеше, мен жеңiл-желпi, жолға қажеттi заттарымызды жинастырайын. Қашан аттанамыз, бас ием?! – деп, тағзым етедi Түлкi. 
Сөйтiп, көп ұзамай-ақ атақты патша арыстан бүкiл аң атаулыдан түлкiнi таңдап, жан серiгi етiп жолға шығады. Жолаушылар мекенiнен ұзаған сайын, неше түрлi қиындық та көбейедi. Бiрде жолын арынды өзен бөгесе, ендi бiрде жолсыз ну орман аяқ бастырмайды. Бiрде асуы қиын биiк тауға өрмелесе, бiрде бiр жұтым суы жоқ ұшы-қиырсыз шөл дала титықтатады. Бiрақ ғұмырында екi сөйлеп көрмеген өр мiнездi арыстан патша қаншалықты қалжыраса да, алған бетiнен қайтпайды. Бұрын-соңды мұндай ашығып, азап көрмеген жылпос түлкi де мүлде болдырады. Сонда да сыр алдырмай сып-сып сөйлеп, сылаң қағады. Ал өзi аң патшасының түбiне жетер амал ойлаумен келедi. 
Осылайша жүре-жүре екi жолаушы бiр биiк таудың етегiне жетедi. Күн батуға таянған кез екен. Жол соқты болып шаршаған арыстан серiгiне: 
– Түлкiжан, екеуiмiз де қатты шаршадық. Ендi сәлден соң қараңғы түседi. Осы таудың етегiне аялдап, қалған-құтқанды жеп, жатып тынығайық. Ендi баратын жерiмiз де алыс емес. Таңертең ерте тұрып жүрiп кетсек, әп-сәтте-ақ барып қаламыз, – дейдi. 
– Ол айтқаныңыз дұрыс қой, Әмiршiм, бiрақ неше күн, неше түн тынымсыз жортып, үстi-басымызды мүлде шаң басып кеттi. Барар жерiмiз таяу болса, ол елдiң аңдарынан да ұят-ты, арып-ашып, шаң-тозаң басып жетiп барғанымыз сiздiң Арыстан атыңызға да лайық болмас... 
Қошеметшiл түлкiнiң жағымпаздықпен айтқан жал-ған жанашырлық сөздерiн шынға бағалаған аңқылдақ арыстан лақ етiп: 
– Сенi бұл сапарыма бекер ертiп шықпағаныма ылғи көзiм жетiп отыр. Менiң абыройымды өз намысыңдай қорғап, қам жегенiңе бек ризамын, бауырым. Кәне, айта ғой онда, не iстейiк? Мен ол жағын, шынында, ойламаппын, – деп елпең қағады. 
– Ендеше, соңғы күшiмiздi жиып, мына таудың басына шығып, бiр-ақ дем алайық, – дейдi сумақай түлкi. – Мұндай биiк тау бұлақсыз болмайды. Сол мөлдiр сулы бұлаққа жетсек, шөлiмiздi қандырып, жуынып-таранып, ес жиып алар едiк. Биiк тау басындағы бұлағы бұрқ-бұрқ атқан көк шалғында жатып көз шырымын алсақ, шiркiн! 
– Кәне, баста, ендеше! Ымырт үйiрiлгенше, барып қалайық. 
Айтылды – бiттi. Түлкi – алдында, арыстан – соңында, екеуi тауға өрмелей жөнелдi. Бiрақ, дiттеген жерiне тез жетпек болып аптықкан арыстан әне-мiне дегенше-ақ алқынып қалды. Жүрiсiнен тұруы көбейдi. Әр басқан аяғы керi кетiп, жүрiсi өнер емес. Ал бiр жағынан зымиян түлкi де «бол-болдың» астына алып, апшысын қуырып барады. Арыстанның оң жағына бiр, сол жағына бiр шығып, асықтырып қояды. 
– Тезiрек қимылдайық, қасиеттiм. Ендi асықпасақ болмайды. Әне бiр шодырайып тұрған қара тасқа iлiк-сек, әрi қарай қиын болмас, – деп мүләйiмсiп, жоғарғы жақты тұмсығымен нұсқады. Жүрiсiнен мән кетiп, бойынан әл кетiп тұрған қарт арыстан түлкi сiлтеген жаққа қа-рауға да ерiнгендей, басын көтермей-ақ мақұлдай салды. 
– Ал жүрейiк, – дедi, тағаты таусылған түлкi шыдамсызданып. Өзi ыршып қия бетке қарай тартты. Жақпар тастың жiк-жiгiне шегедей тырнағын қадай басып, кәрi арыстан да жан дәрмен тырмысып келедi; Түлкi нұсқаған бекет тасқа дейiн де есiк пен төрдей ғана қалған сияқты. Бiрақ биiктеген сайын, есiк пен төрдей жер тұрмақ, қарға адым жер мұң болып тұр. 

– Арыстан аға, – дедi, кенет түлкi бөлекше мұңды дауыспен. 
Сiлесi қатып келе жатқан арыстан үн қатқан жоқ, құлағым сенде дегендей басын сәл қиялай бұрып, жоғары өрмелей бердi. 
– Өу, арыстан аға! – Түлкi тықақтап қояр емес. 
– Иә, айта берсеңшi... 
Арыстан әдеттегiдей емес ерiншектеу үн қатты. 
– Айтсам, сiз ренжiп қала ма деп... 
– Неге ренжиiн, айт ойыңдағынды. 
– Сiздiң маған деген өкпеңiз бар сияқты. 
– Ол не дегенiң, Түлкiм-ау?! Оны қайдан шығардың? Арыстан тоқтап қалмасын, жүре сөйлесiн деген түлкi лып етiп, бiр құлаштай жоғары кеттi. 
– Мен жазған сiздiң маған деген ықыласыңызға қарап айтам да. 
Түлкi қамыққансып, кемсеңдеп, көзiнiң жасын сүрткенсiп жатыр. 
– Әйтпесе жаңа мен тау басына жетiп қалдық, анау қара тасқа iлiксек, арғы жағы қиын болмас дегенiмдi тiптi менiң бетiме қарамағаныңызды былай қойғанда, сол тас екеш тасқа да қарамадыңыз. Бұл – бiр. Сосын көңiлiмдегi күдiгiмдi айтайыншы деп: «Арыстан аға, әу, арыстан ағалап» жатқанымда да, тым құрыса «әу» демедiңiз. Соншалық сiзге мен не жаздым? Өкпеңiз болса, неге айтып өлтiрмейсiз менi?! Қарадай, уайымдап, қан жұтып өлетiн болдым ғой, – деп, түлкi солқ-солқ жыласын. 
Жанындағы жан досын жылатпақ тұрмақ, бiреудiң ала жiбiн аттамаған ақ көңiл арыстан түлкiнiң аяқ астынан шығарған мына әлегiне қапелiмде не деп жауап берiп, қалай ақталуды да бiлмей қатты састы. Түлкiге жақын барып жұбатпақ болып, тырбықтау өскен аршаның бұтағынан тiстеп, тiк жартасқа жабысады. Қолайлы сәтiн күтiп тұрған түлкi осы кезде: 

– Ал анық өкпелемеген адал болсаңыз, айтыңызшы, ақпын, адалмын, өкпе жоқ десеңiз, мен де сенейiн, – деп, түлкi қылқылдап қояр емес. 
Арыстанда үн жоқ. Өзiне қарай тырбаңдап тырмысып келедi. 
– Әне, айттым ғой, – дейдi, еңiрегенде етегi толған түлкi. – Тағы үндемей тұрсыз ғой! 
Осы кезде «аяғым тиянақтылау орнықты-ау» деп ойлаған арыстан бейшара аршадан аузын босатып: 
– Ойбай, бауырым-ау, саған түк те өкпем жоқ! – дей бергенде, артқы аяғының бiреуi тайып кетiп, арыстан патша ылдиға қарай ұмар-жұмар домалап жөнелдi. 
Ойындағысы орындалған түлкi алды-артына қарамай тартып отырады. Ойы-тезiрек елiне жетiп, арыстанның ойда жоқта опат болғанын естiртiп, оның тағына отыру едi. 
Айтулы арыстан патша уәделi мерзiмiнен кешiккен соң, оны күтiп отырған ел сыйлы қонақтың алдынан Шығып, қарсы алуға бiр топ нөкер жiбередi. Олар арыс-тан құлаған таудан асып келе жатып, етекте теңкиiп жатқан арыстанның үстiнен түседi. Арыстан әл үстiнде екен. Мыналар жөнiн айтқан соң барып, әзер тiлге келдi. Сөйтiп, ол екi жүздi түлкiнiң көз көрiп, құлақ естiмеген сұмдық iсiн түп-түгел айтып бередi. 
– Ендi мен қайтып қатарға қосылып, арыстан бола қоймаспын. Көзiм тiрiсiнде сендердiң жеткендерiң үшiн, тәңiрге мың да бiр тәуба. Ел-жұртыма айтар бiр ғана аманатым бар. Түлкiден сақтансын, жанында жалбақтап жүрiп түлкiше құбылып, ыржалақтаған жалған күлкiден сақтансын, – деп, мәңгiлiк көзiн жұмыпты. 
Мiне, содан былай бүкiл аң атаулы түлкiге сенбейтiн болады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Арыстан мен т?лкі

Автор: ?ан?ожаева Гульназ О?ласыновна

Дата: 19.04.2016

Номер свидетельства: 320530


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства