Просмотр содержимого документа
«Арнайы, ж?к ж?не жолаушылар таситын к?лік»
Тәрбиеші: Шишимбаева Г.Б. 4.12.2015 ж
Мектепалды даярлық сыныбы.
Білім беру саласы: Таным, қатынас
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Арнайы, жүк және жолаушылар көлігі.
Мақсаты: 1. Көлік түрлерімен таныстыруды жалғастыру, олардың қарапайым құрылысы және қажеттілігі жайлы ақпарат беру.
2. Арнайы көліктердің қызметі туралы айта алу, көліктерді топтай білу, олардың адам өміріндегі маңызы жайлы түсініктерін дамыту. Айналадағы қоршаған ортаға зейін қоя білу дағдысын қалыптастыру.
3. Көшеде тәртіп ережелерін сақтауға, мұқият болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал –жабдықтар: суреттер, әр түрлі машиналар, үлестірмелі суреттер, шарлар.
Сөздік жұмыс: арнайы көліктер.
Билингвальды компонент: өрт сөндіргіш –пожарный, жедел жәрдем –скорая помощь.
Оқу іс әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Психологиялық дайындық. Армысын асыл күн,
Армысын асыл жер.
Армысын жан досым,
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым.
Балалар қайталайды.
Ұйымдастырушылық ізденістік
Балалар, қараңдаршы мынау кім, шарлар неге шашылып жатыр? Бұл жәй аю емес ол бізге сиқырлы шарлармен келді. Шарларда сандар мен әріптер жазылған, бірақ ол бізге ұшып жеткенше шарлар орындарымен ауыстырылып қалыпты. Шарларды дұрыс қоюға көмектесемізбе? Ол үшін біз сандарды өсу ретімен қою керекпіз. Қандай сөз шыққанын оқимыз. Көлік деген сөзді қалай түсінесіңдер? Дұрыс, ал сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? Шарларға мұқият қараңдаршы олар қандай түсте? Бұл түстер нені білдіреді? Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар. Бағдаршам туралы біз не білеміз, кім тақпақ біледі? Ал біздің Қарабалықта бағдаршам бар ма?
Көлік түрлері өте көп. Көліктер арнайы, жүк және жолаушылар таситын болады. Қанеки аюға көліктер туралы білетіндерді айтып берейік. Енді орындарымызға отырамыз. Қараңдар мынау қапшықтың ішінде әр түрлі көліктер бар қазір сендер бір бірден маған келіп көздерін жауып қандай көлік екенің табу керексіндер.
Топқа бөлу.
Дұрыс балалар! Неге бұл көліктерді арнайы деп атайды? Жедел жәрдемді шақыру үшін қандай сандарды телефонда тереміз? Ал неге ол машинаны жолда бәрі өткізеді?
Ал мынау қандай машина өзі қып-қызыл неге екен, ол неге ұқсайды? Қандай нөмірмен оны шақыртуға болады ? Полицияны қай уақытта шақырады ?
Д/о: «Керек көлік түрін таңда»
Мен сендерге нөмір көрсетем ал сендер оған қатысты машинаны көрсетесіңдер.
Бірақ күнделікті өмірде біз қоғамдық көліктерге мінеміз. Олар қалай аталады ?
Д/о: «болады болмайды»
Өзімізді жолаушылар таситын көліктерде қалай ұстау керекпіз ? Мына суреттерге қараңдар істегені дұрыс болса сендер шапалақтайсындар, ал олай істеуге болмаса аяқтармен тарсылдатасындар. Біз жерде жүретін көлік түрлерін қарап шықтық ал тағы көліктер қай жерде жүреді?
Қалай ойлайсындар бұл көлік түрлері не үшін керек ?
Д/о: «Не артық ?»
Артық затты тауып неге ол артық екен түсіндіру.
Балалар қараңдар мынау не деген жол? Біздің аюмыз да осында жүр. Бұл балалар білім жолы. Қазір біз бірге бұл жолдан өтіп бүгін не туралы әңгімелескенімізді еске түсіреміз. Сендер жолда шаршамау үшін мен сендерге жұмбақтарды жасырамын.
Төбесінде ебелек,
Ұшады өзі керемет. /Тікұшақ/
Тікұшақ туралы не білдік? Қандай көлік түріне жатады?
Жарайсындар келесі жұмбақты тыңдайық.
Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар. /Трамвай/
Трамвай туралы не білдік? Ол қандай көлік түріне жатады?
Құстан аумайды,
Көкке заулайды, (ұшақ)
Жарайсындар ұшақ туралы не айта аласындар?
Аю сендердің жауаптарына өте риза болып жатыр. Келесі жұмбақ.
Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды. (Автобус)
Енді аю барлығымызды автобусқа отыруға шақырып жатыр. Бізге бір аялдамаға жету керек. Бірақ автобус орнынан қозғалмайды сендер өздеріңді автобуста және басқа қоғамдық көлікте қалай ұстау керекпіз туралы айту керексіңдер.
Аю
Ия
12345
Көлік
Машина, автобус, поезд, ұшақ, тікұшақ т.б.
Қызыл, сары, жасыл.
Бағдаршамның түстерін.
Балалар тақпақ айтады.
Жүк машиналар жүк тасиды, жолаушылар адамдарды тасиды ал арнайы олар арнайы жұмыстарға арналған.
Өйткені ол машиналар өрт сөндіреді, ауырып жатқан адамдарға көмектеседі, бұзашылық жасаған адамдарды ұстайды.
Ол машина қатты ауырып жатқан адамды емханаға апарады.
Отқа ұқсайды.
101 нөмеріне телефон соғады.
102 нөмеріне телефон соғады.
Балалар суретпен жұмыс жасайды.
Балалар қолдарын шапалақтайды және аяқтарын тарсылдатады.
Кеме, қайық –суда жүзеді.
Ұшақ, тікұшақ- ауада ұшады.
Алыс жерге жету үшін, жүк тасу үшін, ұшу, жүзу үшін қажет.
Артық затты тауып түсіндіреді.
Балалар жолға қарайды.
Жұмбақтардың жауабын табу.
Тікұшақ
Ол ауада ұшады.
Трамвай.
Ол жер көлігі, және көп адамдарды тасиды.
Ұшақ.
Ол алыс жерлерге көп адамдарды апарады. Аспанда ұшады.
Автобус.
Көп адамдарды керек жерге жеткізеді.
Рефлексиялық түзетушілік
Қазір сендер сөйлемдерді аяқтайсыңдар болама болмай ма.
Автобусқа артқы есіктен кіруге болады.
Автобустан алдыңғы есіктен шығуға болады.
Автобустан ақша төлемей шығуға болмайды.
Әжелер мен аталарға және үлкен кісілерге орын беруге болады.
Бос орынға отыруға болады.
Жүріп жатқан автобустан бастарыңды терезеден шығаруға болмайды.
Автобуста шулауға болмайды.
Сендер аюға өздерінің білімдеріңді көрсеттіңдер, жолға аттануға болады. Соңғы аялдамаға келдік. Жарайсыңдар балалар аюға және маған сендердің бүгін жақсы жұмыс істегендерің өте ұнады. Сондықтан ол сендерге өз шарларын сыйлайды, ал мен сендерге жақсы жұмыс жасағандарын үшін көңілді смайликтер сыйлаймын.
Болады
Болады
Болмайды.
Болады
Болады
Болмайды.
Болмайды.
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: көлік түрлерін, атқаратын қызметін.
Болуы тиіс: Көліктерді атқаратын қызметіне қарай ауада, суда, жерде жүретін түрлеріне қарай жіктеуді меңгерді Жасай алуы: балалар өздерін көлік ішінде әдепті ұстауды, және жол ережесін сақтау тиіс.
Сегодняшний урок … (№) в системе уроков по теме (разделу) ….
Его цель – …, к обучающим задачам урока я отнесла … , к воспитательным – … , урок был также призван способствовать развитию у учащихся ….
В данном классе … , поэтому я … .
Это по типу … урок, он включал в себя … этапов: …. Основным этапом был … , задачи … этапа – … , а … этапа – … .
При проведении урока я ориентировалась на принципы обучения: ….
Чтобы решить цель урока, я подобрала … (содержание: примеры, вопросы, задание).
Материал урока оказался … (сложным, легким, интересным для учащихся).
На …этапе урока я использовала … (какие?) методы обучения, потому что …. На этапе … – … (какие?) методы.
В ходе урока на … этапе была организована … (индивидуальная, фронтальная, групповая, коллективная), а на … этапе … работа учащихся, потому что ….
Задания … были ориентированы на развитие … учащихся.
Руководство учителя при выполнении … заданий было … (пооперационным, инструктирующим), потому что ….
Учащиеся имели возможность выбора ….
Мне (не) удалось уложиться по времени. Распределение времени было …. Темп урока ….
Мне было … (легко …) вести урок, ученики … включались в работу …. Меня порадовали … , удивили … , огорчили … (кто из учащихся?), потому что ….
Записи на доске …. Наглядный материал (другие средства обучения) ….
Цель урока можно считать: …, план урока: …, материал …; я полагаю, что (все) научились …, потому что ….
Домашнее задание (не) вызовет затруднения у … учеников, потому что ….