Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Наурыз –жыл басы, яғни дін мейрамы емес ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру.
Отаның сүюге, патриоттық рухты және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын үйрету. Халқымыздың салт-дәстурін сақтауға, балаларды еңбек сүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Армысың Әз-Наурыз!" ашық тәрбие сағаты»
Наурыз мерекесін тойлау ертеңгілігі.
«Армысың, Әз-Наурыз!»
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Наурыз –жыл басы, яғни дін мейрамы емес ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру.
Отаның сүюге, патриоттық рухты және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын үйрету. Халқымыздың салт-дәстурін сақтауға, балаларды еңбек сүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту.
1.Жүргізуші:
Наурыз той- көңіл тойы , көктем тойы,
Жақсылық болса дейтін өмір бойы.
Быйыл да былтырғыдай ақ көбейсін!
Наурыз той құтты болсы ағаларға!
Наурыз той құтты болсын аналарға!
Жыл сайын тойлататын мәңгі бақи,
Наурыз той құтты болсын баршаңызға!
2. Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата-аналар, балғын жүзді балалар, бүгінгі мерекемізге шақырылған қонақтар! Бүгінгі «Армысың, Әз Наурыз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мерекесі құтты болсын!
1 қыз шашу шашазы «Ұлыс оң болсын!», «Ақ мол болсын!», «Қайда барсаң жол болсын!», «Елімізде тыныштық болсын!».
1.Жүргізуші: Келіңдер! Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық, халақ тойы – Наурызымды,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
2.Жүргізуші
Би билейміз, ән салып,
Наурыз таңын қарсы алып.
Әдемі әнді таңырқап,
Тыңдасын ел тамсанып.
Мектепалды дайындық тобының оқушысы Нұрланқызы Әсемді «Наурыз көктем» әнімен ортаға шақырайық.
Ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөз кезегін ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1.Жүргізуші:
Ал, балалар тұрмайық
Әндетейік шырқайық,
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгітіп
Інжу маржан шашайық,
(Балалар ортада барлығы отырады). Мектепалды дайындық тобы, Күншуақ тобы, Жалын топтарының балалары орындарынан тұрып барлық балалар тақпақтарын айтады.
«Мектепалды дайындық» тобы
Азиза
Наурыз тойым
Наурыз тойым,
Құтты болсын халайық!
Қане достар, қане достар,
Шырқап әнге салайық.
2.Альбина
Наурыз бұл мереке Жылдың басы Наурыз,
Құтты болсын береке Жердің басы Наурыз.
Қыдыр ата келсін Мерекеге арналсын
Жақсы тілек әкелсін Бүгінгі жыр әніміз.
3. Алима
Наурыз келді алақай, жыл басы –наурыз мереке,
Кел билейік балақай, ақ нұрға әлем боялды.
Бізде қарап тұрмайық, наурыз тойы береке,
Тойға шашу шашайық, тіршілік жаңа оянды.
4. Ерсін
Наурыз тойы әдемі, қыс өтіп қар кеттіп.
Әжем еске түсірді, шырайлы жаз жетіп,
Бірге арнап әдемі, шаруаның кенелген.
Наурыз көже пісірді мейрамы ежелден.
5. Жәнібек
Наурыз тойы тамаша, ұлы күні кәрі –жас,
Наурыз тойы жаңаша, құшақтасып көріскен.
Әр жүректен ін санап, жаңа ағытқан қозыдай,
Шаттандырды шартарап, жамырасып өсірген.
6.Елнұр
Наурыз тойы тамаша, күн мейрамы ежелден,
Наурыз тойы жаңаша, құтты болсын наурыз.
Табиғатта тамаша наурыз бұл береке
Тамылжып тұр жараса, құтты болсын мереке.
7. Әсем
Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын наурыз.
8. Әли
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме
Күлімде наурыз,күлімде.
9. Зере
Ақпан кетті араз боп наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп
Көктем жетті көрісіп жағын үзген.
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
10. Аяулым
Наурызды тәң ір бізге нәсіп еткен,
Мейәрәмә танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух
Бақытты наурызы бар, халқым неткен.
11. Ұлназ
Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің
Жылыттың жердің жүрегін
Жүрегі елдің жылысың.
12. Ришат
Наурызым-тойлы нұрлы күн.
Мерейің асып тұр бүгін,
Жерімнің жүзін жылыттың
Елімнің сақта бірлігін.
13. Наурыз достық, наурыз күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Жалғасып ғалам тірлігі.
14. Нұрбек
Ертіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың,
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді наурыз жыл басы.
Күнщуақ тобы:
Мұғзиза
Наурыз тойы-елдің тойы
Көктем тойы елдің тойы.
Ән айтылды күні бойы
Жақсы көрем наурыз тойын.
Мерей.
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Адина
Бата беріп атамыз
Бата беріп анамыз
Тәтті болып жасалған
Еаурыз дәмін татамыз.
Айару
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз
Аружан
Жайнатамыз бар гүлді
Сайратамыз бұлбұлды
Төгілтеміз ән жырды.
Тойлатамыз бұл күнді
Айзере
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткендеү
Қуанып бір қаламыз.
Әнмен қарсы аламыз.
Қарақат
Наурыз тойың әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Диьназ
Жақсыма ата халініз?
Менің атым наурыз.
Балдай тәтті сары уыз.
Алып келдім алыңыз.
Берікбай
Би билейміз ән салып,
Наурыз таңын қарсы алып,
Әдемі әнді таңырқап.
Тыңдасын ел тамсанып.
Абзал
Көктем келді, наурыз келді,
Жер көгерді ел көгерді.
Дастарханын жайып дархан.
Жақсылық пен бақыт шашқан.
Нути
Бәйшешек гүл ашады,
Мұздар сайға қашады.
Суға толып өзен көл,
Кемерінен асады.
Ильяс
Ау жараңдар келіңдер,
Той қызығын көріңдер.
Наурыз тойға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер.
Самат
Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа аузымыз толады.
Бар жақсылық болады.
Мадина
Кең даланың ежелгі
Қазақ дитін халқымын
Өзге ұлттай бізде де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Әлтай
Қар астында қыс қалды,
Қар еріді су ақты.
Алып келді құстарды.
Алып келді шуақты.
«Жалын» тобы
Батыржан
Көктем келді әсерлі,
Гүлдер шықты әдемі
Құстар келді далаға ,
Даланың кіріп ажары.
Зылиха
Қиқу салып құс келді,
Табиғат жерге күле берді.
Құлпырады көп гүлдер
Қалмады қыстан түк белгі.
Інжу
Наурыз келді мінекей,
Сәтіменен жарасып.
Ойнап күліп әнекей,
Балалар жүр таласып.
Ануар
Өкпелерін ұмытты,
Қуанады шаттанып.
Наурыз көже ішеді
Барлық елге мақтанып.
Іңкәр
Наурыз тойын тойлайды
Барша қазақ баласы.
Наурыз тойы мереке
Әкелсін бақ пен береке.
Ерасыл
Гүлдер, гулдер
Әсем гүлдкр
Гүлдер, гүлдер
Жайна гүлдер.
7.Ақберен
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге тойлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы.
8 Еркежан
Оу, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.
9 Зере
Даламыз да, тауымыз да.
Барша ауылы Ұлыстың
Қамдануда наурызға
Қайнар көзі ырыстың.
10. Жұмабек Інжу
Жүр қыдырып Қызыр баба,
Жан-тәнімен сеземін.
Отты көсе! Тұзын қараша
Қазандағы көженің.
Би: «Боз Жорға» Күншуақ тобының жігіттері.
Көрініс: «Баланың дүниеге шыр етіп келген уақыты мен тұсау кесу арасындағы кезең».
Елнұр сүйінші,сүйінші деп атпен шауып келіп сүйінші сұрауы.
Үй иесі Зере әже қуанып, баланы үйге кіргізу.
Сүйіншісін беру.
Осы кісілердің ішінен өзіңіз ен үлкені, ақ сақалысызғой! Махамбет ата біздін немеремізге ат қойып беріңіз?
Махамбет ата шығып ат қояды.
Осы ауылдын әжелерін шақырайық Наурызбай немеремізді бесікке бөлесін.
Әжелер шығып Наурызбайды бесікке бөлейді.
1 жастағы Наурызбайдың тұсау кесу рәсімі.
1 жүргізуші:
Жайнатамыз бар гүлді
Сайратамыз бұлбұлды.
Төгілтеміз ән-жырды.
Тойлатамыз бұл күнді.- демекші ары қарай әнге берейік кезекті.
Ән: «Мен қазақтын қызымын» орындайтын «Күншуақ» тобы.
Би: «Қара Жорға» Мектепалды дайындық тобы.
1 жүргізуші
Жаңғыртып дәстүрімді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін.
Той бастаған қадамың құтты болсын,
Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім.
Ән: «Тұлпарым» орындайтын «Жалын» тобы.
Ән: «Менің анам алтын» орындайтын «Күншуақ» тобы.
2.жүргізуші:
Құрметті халайық! Бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне таяп қалды. Наурыз тойларыңыз тағы да құтты болсын.! Елімізде тек жақсы күндер көп болсын! Ұрпағымыз ата-баба дәстүрін ұлықтап өссін!Сау болыңыздар! Көріскенше күндеріңіз шуақты болсын! Келесі Наурызға уайым-қайғысыз, аман-сау жетейік!