kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ардактайык ананы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды аналарга деген суйеспеншиликке баула ана енбегин ардактап, мейримдиликке сый - курметке тарбиелеу, окушылардын ой -орисин тил байлыгын ойлау кабилеттерин дамыту. Окушыларга ата - ана алдындагы парызы мен карыздары туралы тусиниктеме. АНА, Ана,АНа! Не деген шапагатты, соз еди осынау уш ариптен куралган.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ардактайык ананы »


Айналайын – анашым.

Сабақтың мақсаты: Балаларды анналарға деген сүйіспеншіліке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оушыларға ата-ана алдыңдағы парызы мен қарыздары туралы түсініктеме.

Сабақтың көрнектілігі:Тәрбие сағаты өтілетін бөлмені мерекеге лайық безендіру.

«Ананың көңілі балада,

баланың көңілі далада»



Анаңды Меккеге арқалап барсанда

қарызынан құтыла алмайсын.

«Ана-өмір себуші» булеттер, қанатты сөздер жазып іліп қою.

Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты аналар мен арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 – Наурыз Халықарылық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар өмірдің гүлі,көңілдің жыры, әр бір отбасының алтын дінгегі.

Ана,Ана,Ана!...не деген шапағатты, сөз еді осынау үш әріптен құралған.Жақсылық аталуының барлығы да ананың сүтінен таралған.Сондықтан да құрметті асыл аналар,қызғалдақ қыздар бүгінгі «Айналайын – анашым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сіздерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?

Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бұл кім?

Балалар: Ана,Ана

Жүргізуші: Әрине, бұл біздің аналарымыз. Ана перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы аналарымызға арналған бүлдіршідеріміздің тақпақтарына кезек берейік.

1.Тамирис Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті аналар

2.Фелис Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіне,

Мейірімді күннен де.

3.Эмир Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Шаншымашың ешқашан

Аналардың жүрегі

4.Даяна Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші Наурызбен! .

5Азат Ана көркі – көгімнің

Ана – нұры жерімнің

Ана – бағы баланың

Мақтанышы елімнің



Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле .

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- дей отырып ортаға «Балапан» биімен ұлдармен қыздарымызды шақырамыз.

Жүргізуші: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар. Ендігі тыңдайтындарыңыз «Апатайым-анашым» әні.Орындайтындар: Айдана, Аруна, Наурызбай, Эмир, Дильназ, Диас, Даяна

Жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар

Қызықты ойын бастаңдар

Аналардың көңілін

Бір көтеріп тастаңдар.

Ойын: «Су тасы» ортаға 3 ананы шақырамын.

Ойынның мақсаты: Аналарымыздың ептіліктерін тексеру.

Ойынның шарты: Екі орындыққа кесеге құйылған су қойылады, келесі бетте екі орындықта бос кеселер тұрады. Аналар қасықпен тасып, бірінші кеседегі суды төкпей-шашапай екінші кесеге құю керек. Суды әдемі тасыған ана «Епті ана» дипломына ие болады.

Жүргізуші: Тіршілікке нәр берген «Ана» сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі Ана деген сөзбен астасып жатыр.

Тақпақтар:

1.Бекасыл Ана десем сезім білер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық

2.Камила Ертегі қандай көп еді

Күнде айтып береді

Қуанатын балаша

Әжем менің тамаша

3.Мансур Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп мені

Құлыншағым күнім дейтін

4.Наурызбай Құтты болсын ардақты анам,

Асыл анам меркең

Құтты болсын теңдік алған,

Қуанышты мерекең

5.Айдана Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен

Жүргізуші: Көңілі Алатаудың ақ қарындай

Мейрімің күннің шуақ шоқтарындай

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай- деп абзал

Аналарымыз сіздередің құрметтеріңізге «Ақ мамам» әні, қабыл алыңыздар.

Ойын: ортаға үш анамен баланы шақырамын. Балалар ананаларына жеткенше аналарына арнап жылы сөздер айту керек. Соданн кейін аналары балаларына жеткенше жылы сөз айтады.

Жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды

Қиялға қиялменнен қарыштайды

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Тақпақтарын аналарға бағыштайды.

1.Жансұлу Ананы біз сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз!

2.Елхан Қамқорсың ана өмірде

Қуатым сенсің көңілге

Әлпештеп мені өсірдің

Ұшырамын ертең көгінде

3.Аруна Еркелеймін,шаттанам

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіннең сүйемін

Келші,келші ақ мамам

4.Диас Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі панасың

Әлпештеген баласын

Анайлайын анашым

5.Дильназ Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Ана-бақыт, ана-күн

Әдеппен бас иеміз

6.Ерсайын Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Апашымды сыйлаймын

Жүргізуші: Аяулысың, ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би

Сендер үшін мереке шашулары,-дегендей

«Қара жорға» биі.Қабыл алыңыздар!

Ән:

Жүргізуші: Құрметті қонақта, біздің «Апатайым-анашым» атты мерекелік ертеңгілігімізге көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өңерді аяп қалды

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

Балалар аналарына сыйлықтарын табыс етеді.

























«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 9 орта мектебі»ММ











Тәрбие сағаты













Жүргізген: Оразмагамбетова А.Ж

















Қостанай қаласы 2015 оқу жылы









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ардактайык ананы

Автор: Оразмагамбетова Анара Жумашевна

Дата: 06.04.2015

Номер свидетельства: 197896


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства