Просмотр содержимого документа
«Аппликация. К?лік т?рлерін жасау. »
Сабақтың тақырыбы: Аппликация. Көлік түрлерін жасау.
Сабақтың мақсаты: балаларға геометриялық фигуралардың көмегімен аппликацияны орындауды үйрету. Тіктөртбұрыш фигураларды дұрыс қиюды дағдыландыру. Көлік түрлерін ажырата білуге, жұмысқа қажетті пішінді таңдай білуге балаларды үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Ой тастау
Сабақтың көрнекілігі мен материалдар:
Педагог үшін: әртүрлі әуе,жер,су көліктерінің суреті.Ойыншық машиналар, қатырма қағаз,қайшы,желім,қолорамал,плакат.
Балалар үшін: Түрлі түсті қағаздар,қатырма қағаз,қайшы,желім,қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
Психологиялық сәт.
Қолымызды жүрегімізге қояйық. Жүрегіміздің дүрсілін сездіңіздер ме? Сол дүрсіл біздің ойымызға қан жүгіртіп,жылулық тарқатып отыр. Сол жылулықты жан-жағымызға таратайық.
Ал балалар,енді мұқият тыңдаңдар.
Жұмбақ
Қыдырғанда бәріміз
Оған отырып аламыз
Жасымыз да кәріміз,
Жылдам жетіп қаламыз. Ол не?
(машина)
Сұрақ-жауаптар
Тағы қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Көліктер неше топқа бөлінеді?
Әуе көлігін атаңдар?
Жер көліктері ше?
Су көліктерін атаңдар?
Балалар жауабынан кейін тақтаға суреттерді іліп көрсету.
Әуе көліктерінің суреттері
Жер көліктерінің суреттері
Су көліктерінің суреттері
Жұмбақтар
Көліктерге арналған жұмбақтарды айтайық.
Сапар үшін келесі
Дайын ғарыш кемесі
Бұған ертең,мініп ап,
Айға барам зымырап. (Зымыран)
Арқасында ауыл жүр
Ала тайым шауып жүр. (Автобус)
Дәу дөңгелек
Өзі-көлік,
Өзі-күрек,
Тау төңкерер,
Ақырын жүріп (Экскаватор)
Даңғыраны ұр қатты
Дәл қайтала ырғақты
Дүрілдетіп даланы
Поезд кетіп барады.
Ду-ду-ду-ду-ду-ду (поезд)
Ұзын қанат инелік
Инелікке тимелік
Ұшақты біз жасадық
Инелікті үйреніп (ұщақ)
Суретті құрастыру
Топтық жұмыс
ІІ топ
ІІІ топ
І топ
Машина
қиындылары
Кеме
қиындылары
Зымыран
қиындылары
Балалар осы қиындыларды дұрыыс құрастырсақ не шығатынын көресіңдер. Әр топтан бір бала шығып сурет бойынша әңгімелеу керек.
Заттың аты-?
Түсі қандай?
Қай көлік түріне жатады?
Топбасшылары өз ойларын жасқанбай айтып шығуға жағдай жасау керек.
Сергіту сәті
Ауада қалықтап біз ұшамыз
Жерде-нық басамыз аяқты
Суда-асыр салып жүземіз,
Күлімдеген біз бақытты боламыз!
Ал,балалар бүгін біз нені құрастырамыз деп ойлайсыңдар?
Көліктерді құрастырамыз.
Тағы...тағы деп балалардың ойын тыңдап шығу,толықтыру.
Жаңа сабақ: Машина жасау.
Жеңіл машиналар
Ауыр жүк тасымалдайтын машиналар
Адам тасымалдайтын машиналар
Бүгінгі сабақта біз геометриялық фигураларды пайдаланамыз.Геометриялық фигураларға нелер жатады?