Ұйымдастырушылық ізденістік кезең | Жаңа тақырыппен таныстыру Ата-ананы сыйлау керектігін айту. Аналарды құрметтеуге үйрету. Сүйікті ойыншығын бейнелеуге дағдыландыру, бейнелеу әдістерін үйрету. Үлгі суретпен жұмыс жасау. Кезекші көмегімен балаларды белсенді орталықтарға орналастыру. Әдебиет орталығы. Өнер орталығы. Сюжетті-рольдік орталығы. Орталықтағы балаларға бағыт-бағдар беру. Жасаған жұмыстарына көмек беру. Әдебиет орталығындағы балаларға ана, сүйікті ойыншығы туралы эсселер айтқызу. Өнер орталығындағы балаларға аналарына сыйлық ретінде өздерінің сүйікті ойыншықтарын бейнелету. Сюжетті-рольдік орталықтағы балаларды «Отбасы» дидактикалық ойынын ойнату арқылы ата-аналарымызды сыйлай білуге үйрету. Балаларға бағыт-бағдар беру. Бақылау жасау. Шеңберге жинау, сұрақ - жауап уақыты. Сергіту сәті: Гүлі де сен әр үйдің Сәні де сен әр үйдің Апатайым анашым Ақылы мол данасың. Балаларды орталықтарға ауыстырып отырғызу, бақылау жасау. Шеңберге жинау, сұрақ- жауап уақыты. Дидактикалық ойын: «Гүлді жинау» Мақсаты: Кім гүлді көп жинаса, сол бала анасына құрмет жасауға үйренеді. | Ата-ананы құрметтеуге үйренеді. Сүйікті ойыншықтарын бейнелеуге дағдыланады. Балалар белсенді орталықтарға орналасады. Әр орталықтағы балалар өз орталықтарына тән жұмыстарды орындайды. - Менің анам әдемі, ол үнемі күліп жүреді. Анам маған үнемі менің сүйікті ойыншығымды алып береді. - Мен қуыршақты жақсы көремін. Мен анама қуыршақтың суретін салып беремін. «Отбасы» дидактикалық ойынын ойнайды. Балалар қандай орталықта жұмыс жасағандарын әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді. Балалар ерекше көңіл-күймен, қимылмен сергіту сәтін жасайды Балалар орталықтарға ауысып отырады. Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар ерекще көңіл-күймен ойынға араласады. |
Рефлективті кезең | Қорытындылау. Сұрақ-жауап әдісі. -Балалар, бізді өмірге кім әкелді? -Балалар, сендерге қандай ойыншық ұнайды? Оқу қызметіне жақсы араласқан балаларды мадақтау, жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. | -Бізді өмірге анамыз әкелді. Біз анамызды ерекше қадірлейміз, жақсы көреміз. -Маған үйдегі барлық ойыншықтарым ұнайды. Себебі: анам маған тек өзіме ұнайтын ойыншығымды ғана сыйлайды. Балалар өз жұмыстарын көрмеге қояды. |