kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Анама арнап ән салам" ертеңгілік сценариі

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 наурыз аналар мерекесіне арналған сценарий. Балабақша балаларына арналған. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Анама арнап ән салам" ертеңгілік сценариі»

«Бекітемін»

№35 «Балдырған»

бөбекжай директоры:

______Кабдрахманова М.М.


«-----»------------------- 2017ж







«Анама арнап ән салам!»

/ атты 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік/















Өткізген: Қ.Қ.Айтбаева








Ақтау қаласы.

2016-2017 оқу жылы

Ер балалар қыздардың қолынан ұстап әкеліп, екі жаққа тұрады. Қолдарында гүл шоғымен билеп тұрады.

/Жай музыка ойнап тұрады/

Жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше аяулы аналар, әжелер, ардақты апалар, сұлу да сымбатты сіңлілер 8 - наурыз көктем мерекесі, әдемі қырмызыдай құлпырған әйелдер мерекесі баршаңызға құтты болсын. № 4II сәбилер тобының балаларының өздеріңізге арналған мерекелік ертеңгілігіміздің құрметті көрермені болуға шақырамыз. Сіздердің қошаметтеріңіз!

Жай музыкамен Көктем ару келеді.

Бар әлем сүйіп ұнатқан,

Шапағат нұрын шұбатқан,

Қаймықпай шыққан жайраңдап,

Қыстайғы суық-сынақтан,

Көктем ару мен болам!


Жүргізуші:


Көктем келді, балалар,
Көктем келді!
Көк мұнарға бөктіріп көк пен жерді.
Көктем деген – жаздың кең дарбазасы,
Гүлге орап жіберер өткелдерді.

Балалардың өзіңізге арнаған әнін қабыл алыңыз.

Ән: «Ақ мамам»

Тақпақтар: 1 бала - Келіп көктем құстары
Бау-бақшада ән салды
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.


2 бала –

Көктем болды алақай,

Қуанар барлық балақай

Көктемде жаңбыр болады,

Бақшаға гүлдер толады




3 – бала:

Жасыл көктем келеді

Самал беттен өбеді.

Көкте бұлттар көбейсе

Мөлдір тамшы төгеді.

4 –бала *   *   *

Көлде аққу, көкте қаз,

Орманда бұлбұл сайраған.

Көптен күткен көктем кеп,

Құлпырып дала жайнаған.



Әуенмен Фрекен Бок /бала күтушісі/ келеді:



  • Сәлеметсіздер ме, балалар неменеге мәз – майрам болып шулап отырсыңдар?

Ұйықтайтын уақыттарың болды. Мен бала күтушісімін, балаларды ұйқыға жатқызып келе жатырмын. Тез тараңдар. Шуламаңдар, керемет концерт болады қазір.



Жүргізуші: Кешірерсіз ондағы концертті қайтесіз, одан да біздің балаларымыздың керемет концертін тамашалаңыз.

Фрекен Бок: Жоқ балалар тентек болғаннан басқа қолынан не келеді?

Жүргізуші: Қателесесіз біздің балаларымыз аналар мерекесіне арнап керемет өнер көрсетеді.

Фрекен Бок: Жарайды, ұнамаса өз концертімді қайтадан көрермін. Тимеңдер, осы жерде тұрсын.



Жүргізуші:



Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыздың құрметіне орыс тіліндегі әнін қабыл алыңыздар

Ән: «Күлімдеген көзіңнен»



Көктем ару: Күтуші апа, сіз балаларды жақсы көресіз бе?

Фрекен Бок: Әрине, шуламай тыныш отырса, жыламаса, тамақ сұрамаса жақсы көремін ғой.



Көктем ару: Сіз балаларды кішкентай күнінен бастап бағасыз ба ?

Фрекен Бок: Әрине

Көктем ару: Ендеше мен қазір аналарымызды ортаға ойынға шақырамын, сіз тәжірибеңіз бар, оларға жөн сілтеп білмей жатса үйретерсіз.

Олай болса ойын шарты: Екі сәбиді бастан аяқ киіндіру керек. Кім бірінші болса, сол жеңімпаз. (Ойын екі рет қайталанады)

Фрекен Бок: Ой сол да сөз боп па, бізден қалған шаруа ғой. / баланы дұрыс киіндіре алмайды, киімдерін ауыстырып, қалай болса солай киіндіріп қояды/



Көктем ару: Апа, сіз барлығын керісінше киіндіріп қойыпсыз ғой.

Фрекен Бок: Енді аздап ұмытып қалғанмын ғой.

Көктем ару: Ендеше мен сәбилерді алып кете берейін. /Тыныш ұйықтап қалды./ - деп шығып кетеді.

Би: «Қолшатыр»

Тақпақтар:

3 бала

Я сегодня встал пораньше.
Почему? Есть сто причин.
Я, во-первых, самый старший,
После папы, из мужчин!


Я умылся, причесался,
Сам убрал свою кровать,
Три минуты одевался и пошел,
Но не гулять!


В магазин сходил за хлебом,
И еще за молоком,
Поиграл с трехлетним братом
Выбил коврик кулаком.

Жүргізуші: Күтуші апа, сізге балаларымыздың өнері ұнады ма?

Фрекен Бок: Болады ғой енді, балалардың барлығы бірдей де...

Жүргізуші: Сіздің көңіліңізді табу қиын болды ғой.

Пропеллер дыбысымен Карлсон кіреді, күтушінің артына жасырынып, тырылдап жүреді.

Фрекен Бок: Менің құлағымның түбінде дырылдап тұрған не нәрсе? /Балалардан сұрайды, айналып жүріп іздейді, Карлсон тығылып көрінбей жүреді/

  • Менің басым айналып кетті ме, не болды өзі? /отырайын десе, орындығын алып кетеді/

  • Бұл кім?

Карлсон: Бұл мен, бұл жерде не болып жатыр, мен тәттіден құр қалған жоқпын ба?

Балалар: Аналар мерекесін тойлап жатырмыз.

Карлсон: Алақай, аналар мерекесі қандай тамаша, мен анамды қатты жақсы көремін. Одан кейін мен тәттіні жақсы көремін. Ал сендер, тәтті кәмпит, торт, йогурт, шоколадты жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Иә

Карлсон: Балалар, мен сендерден сұрап жатқан жоқпын, аналарыңнан сұрап жатырмын.

Аналар: Иә, жақсы көреміз.

Карлсон: Ендеше мен сендермен ойын ойнаймын, кім жеңімпаз атанса, соған мен кәмпит беремін.

Ортаға үш қыз бен аналарын шығарамын да «Көзіңді жұм да таны» ойынын ойнатамын.

Ойынның мақсаты: Аналардың тапқырлығы, байқампаздығын анықтау.

Ойынның шарты: Аналардың көзі байланады, қыздардың орындары ауыстырылып қойылады да көзі байланған қыздардың аналары, өз қызын қалай да болса танып алуы керек. Жеңімпаз ана «Тапқыр ана!» дипломымен марапатталады.

Би: «Джентльмен»

Фрекен Бок: Карлсон сен қандай көңілді, керемет өнерлі баласың. Балалардың барлығы бірдей ме десем, сен ерекшесің. /бетінен сүйіп алады/



Карлсон: Мен сізді жақсы танимын, сіз бала күтушісісіз. Бірақ сіз балаларға қаталсыз. Мен балалармен дос болғанды ұнатам. Мен балалармен би билегім келіп тұр, сіз де билеңіз.

Карлсон балалармен бірге билейді. Барлығы билейді.

Карлсон шығып кетеді.

Фрекен Бок: /Көңіл-күйі түсіп ойланып отырады/

Жүргізуші: Күтуші апа, көңіл – күйіңіз жоқ қой?!

Би: «Бүлдіршіндер биі» ата-анасымен

Фрекен Бок:

  • Иә, Карлсон кетіп қалды, бірақ қайтып келемін деп уәде берді. Балалар, менің артық кеткен жерім болса кешірім сұраймын. Маған өнерлерің қатты ұнады.

Жүргізуші: Теледидарыңызды ұмытып барасыз.

Фрекен Бок: Керегі жоқ, мен сендерге осылай қонаққа келіп тұрсам бола ма?

Жүргізуші: Әрине болады, сау болыңыз.

Ән: «Аяулы анашым»

Жүргізуші: Құрметті ата- аналар біздің «Анама арнап ән салам» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет! Келесі кездескенше сау болыңыздар!





























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Анама арнап ән салам" ертеңгілік сценариі

Автор: Айтбаева Қарлығаш Керикбаевна

Дата: 18.09.2017

Номер свидетельства: 428636


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства