Просмотр содержимого документа
«Аналар мерекесі - ашы? саба?»
Сабақтың тақырыбы: Аналар мерекесі. Сабақтың мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл-күйін құру, анасына, әжесінесыйластыққа тәрбиелеу, ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын жалпы әрекетте қатысутілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру, өзінің жақындарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: 8-наурыз мерекесіне арналған плакат, шарлар, үнтаспа, ойындарға арналған қажетті құрал-жабдықтар, сыйлықтар, аналарға арналғанбалалардың ашықхаттары. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: . Тәрбиешінің аналар мерекесіне арналған тілегі: . Тәрбиеші: Қымбатты аналар! Бүгін біз дыл мезгіліндегі ең тамаша, шуақты мейрамдарының бірі 8-наурыз, Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелерініз құттыболсын, құрметті аналар! . Әуенмен ұлдартопқа кіреді. Жарты шеңбер жасап тұрады. . Тәрбиеші: Ұлдар бүгінқандай мереке білесіңдер ме? . Ұлдар: бүгін8-наурыз аналар, қыздар мен әжелердің мерекесі. . Тәрбиеші: дұрысайтасыңдар, ұлдар. Олай болса, біздің топтың қыздарын қарсы алайық. (қыздар топқакірген кезде ұлдар қыздарға басын иеді) . Тәрбиеші: (қыздаркірген кезде): Қараңдаршы, біздің қыздар қандай әдемі!
ІІ Жаңа сабақ. . Тәрбиеші: 8-наурыз:табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымыздыдаңққа бөлеп тұрғандай. Наурыз айының басында біздің елдердің қаптаған жерінде,әлі де қар жатады, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұлмереке тек көктем мерекесіне сай секілді, өйткені көктем секілді анамыз, қыздар,әжелер де адамзатқа өмір, жақсылық пен әсемдік сыйлайды! . Балалар тақпақтарын айтады. 1) Мирас: Бүгін көктем күнінде, Барлық адам қуанар. Аналарды мейраммен, Құттықтайды балалар.
2) Дәулет: Жамандықтан сақтандырып, Жақсы істер мақтан қылып. Мәпелеген ақ мамамды Жүрсем деймін шаттандырып.
3) Нұрлыайым: Ананың біз гүліміз, Ана біздің күніміз. Ұландарды қуанты, Ұзақ өмір сүріңіз. 4) Ұлар: Мәпелейсің мені анам, Қолыңдағы құсыңдай. Құлпыра өсіп дем алам, Құшағыңа қысылмай. 5) Ернар: Жүре берсем қасыңда, Әйбәт анам, ай анам. «Ботам» деген дауысыңнан Мен мәз болып оянам. 6) Темірлан: Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз. Әжені ойға ардақтап, Әдеппен бас иеміз. 7) Қанағат: Әлпештеген баласын, Ана бақыт, ана күн. Әркім сүйіп өзінің, Мақтан етер анасын. 8) Аружан: Анам менің асыл жан, Құшағы нұр шашылған. Күн секілді күледі, Сипап ылғи басымнан. 9) Ислам: 8-наурыз күнін Мейрамдайды аналар Аналардың шаттығын Құттықтайды балалар. 10) Амина Анашым, анам! Ризамын саған. Тіліңді алам, Анашым анам! 11) Данияр: Анашым, анам! Ыстықсың маған Тәрбие бердің Көп алғыс саған. 12) Ажар: Іш арырса, Тіс ауырса. Анам дәрі береді. Барлық ана, барлық бала Оны жақсы көреді. 13) Дарын: Бізді өсірген анатай, Еңбегі де зор екен, Құтты болсын, анатай, Құтты болсын мерекең! 14) Құралай: Жүзімізге қараңыз, Бал күлкі баламыз. Бізге қымбат күншуақ, Бізге қымбат анамыз. 15) Аяулым: Еркелеймін шаттанам Жарқын күлкін бақ маған. Ақ бетіңнен сүйейін, Келші, келші ақ мамам!
Ақ мамам Ә. Дүйсенбиев. 1) ел жатқанда жатпаған, Мен деп тыным таппаған, Бақыты үшін балаңның Аман-сау бол, ақ мамам. 2) күлімдеген көзіңнен Күн мейірімі сезілген Бұл жалғанда балаға Жақын жан жоқ өзіңнен
5. Ата-аналар арасындағы ойын: «Көктемнің алғашқы гүлі». Шарты: Ата-аналардыекі топқа бөліп, ойынға қажетті құралдарды беру, ата-аналар жауқазын гүлін қиыпжапсырады. Ойын соңында тәрбиеші ата-аналарға сыйлық үлестіріп береді.
6. ұлдар «Әрқашан күн сөнбесін! Әнін орындайды.»
Әрқашан күн сөнбесін! 1) Күн әдемі,көк әдемі, Бұл суреті жас баланың Ақ қағазға салған ізі Қалдырған бұл сөзі. Қайырмасы Әрқашан күн сөнбесін! Аспаннан бұлт төнбесін! Қасымда болсын анам, Болайын мен де аман!
7. Балалар арасындағы ойын: «Күндерді жина». Шарты: Әр командағакүннің бөліктері беріледі (шеңберлер және оның 10 шуақтары). Балалар осы бөліктерден күн құру. Соңынанбалаларға тәрбиеші сыйлық үлестіріп береді. ІІІ. Қорытынды: Тәрбиеші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да,аяулы аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болыңыздар! Ата-аналарға балалар өздерінің мерекеге арналған ашықхаттарын сыйлайды.