kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Аналарға мың алғыс!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар! Балабақшамыздың ұстаздары, ару қыздар!Сіздерді 8 – наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз!

         Ана деген  керемет асыл жан,қадірлі ұғым! Бүгінгі кешімізді әнмен бастасақ,мейірімді де,сүйкімді аналар мен әжелерге арнап балалардың орындауындағы «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Аналарға мың алғыс!»»



«Аяулы анашым!!!»

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!!! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар! Балабақшамыздың ұстаздары , ару қыздар!Сіздерді 8 – наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз!

Ана деген керемет асыл жан,қадірлі ұғым! Бүгінгі кешімізді әнмен бастасақ,мейірімді де ,сүйкімді аналар мен әжелерге арнап балалардың орындауындағы «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Ақ мамам»

Көктем аруы кіреді.

Жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айын

Аналарды құрметтейік балалар

Ақ сүтінен әр бір бала нәр алған

Ана – деген асыл жан ғой ардақты!

Мінезі алтын ақыл да салмақты ! – дей келе балалардың аналарына арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!

  1. Айсұлтан:

Ана өмір шырағы.

Ана – өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады.

  1. Айтілек

Маған қамқор анашым

Жақсы көрер баласын

Ұл – қыздарын аялап,

Дара туған данасың!

  1. Б.Інжу

Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым,күнім» - дейтін.

  1. Айсұлтан:

Әлемдегі ақылды адам ,

Бәрінен де сол жақын,

Ол жанымда жүрсе ылғи.

Батырларша батылданам.

  1. Ұ.Інжу:

Мәпелейсің мені анам.

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай

  1. Эмир:

Апатайым анашым,

Құтты болсын мерекең!

Қамқоры сен әр үйдің

Гүлі де сен әр үйдің.

  1. Еркеназ:

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Ақ сүтіңді ақтаймын

Ана жайлы жыр жазып.

Жанымда әр кез сақтаймын.

  1. Қ.Айзере:

Құдіреттен жаралған,

Тең келе алмас жан анам,

Алыптардың алыбы.

Ол өзімнің жан анам.

Жүргізуші:

Қысылып еш саспаңдар

Сызылта би бастаңдар.

Аналардың көңілін ,

Көктем ойын:

Бір көтеріп тастаңдар, - дей келе қыздарымыздың орындауындағы биге кезек берейік.

Би: «Қолшатыр»
Жүргізуші:

Айналайын дегені,

Жанға рахат береді.

Қуанатын балаша,

Әжем менің тамаша!- деген сөз бекер айтылмаған, «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған,сандықтан да келесі құттықтауымызды құрметті әжелер сіздерге арнаймыз.

Ералы:

Менің әжем ,жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем,

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман- есен жүр әжем!

Айдана:

Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Исламхан:

Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.

Өйткені мен әжемді

Әдеппен бас иеміз.

Алтынбек:

Өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем!

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе дана әжем.

Б.Айзере

Тосып тәтті дәмдерін.

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін әндерін.

Біздің үйде осындай,

Әжетайым бар менің.











Жүргізуші:

Шат көңілді балалар

Шаршағанды білмейді

Өз өнерін көрсетіп,

Ұлдарымыз билейді.

Ұлдардың орындауында «Көңілді би» қабыл алыңыздар.

Би:«Көңілді би»

Жүргізуші:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелейтін әр күн мен

Құттықтаймын анашым,

8 – наурызбен! – дей келе балалардың жыр шумақтарына кезек берейік.

Ақнұр:

Сыйлап өтем өзіңді,

Екі етпеймін сөзіңді

Ардақтаймыз бәріміз

Жасауратпай көзіңді

Марлен:

Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың.

Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең!

Ғания:

Ана – деген дүниенің жүрегі,

Ана – деген отбасының тірегі.

Ана –деген жай бір сөз

Түсінбейтін адамға!

Аяжан:

Ана өмірдің бақ гүлі,

Туған үйде керегем.

Ана өмірдің шаттығы

Мейірімге бөлеген.

Нұрали:

Айша:

Аялаған ,саялаған,

Бар бақытым ,берекем.

Апатайым құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең.

Диас:

Ана – өмір шырағы.

Ана – өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні.

Жүрегімде тұрады.

Айкөркем:

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам бар ма екен

Жүргізуші:

Қуанамыз ,сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін .

Әжелерді құттықтап,

Ән арнайтын күн бүгін.

Балалардың орындауында «Әжем» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Әжем»

Жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер

Көтерілсін қанекей,көңіл – күйлер.

Алдарыңызда «Көбелек» биі,

Таң қалдырып қанекей ,би билейді! Ортаға қыздарымызды шақырайық!

Би: «Көбелек»

Жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніміз.

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз!

Қуанышты жүзіңізбен ардайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Аяулы да ардақты аналар! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу , ең әдемі ,мейірімді, қамқор ана – осы отырған сіздер. Сондықтан да дендеріңіз сау , көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан да аман болайық!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Аналарға мың алғыс!»

Автор: Абзалбекова Асем Абзалбековна

Дата: 14.03.2018

Номер свидетельства: 461778

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Ертеңгілік сценариі Тақырыбы: « Аналарға мың алғыс»"
    ["seo_title"] => string(56) "iertien_ghilik_stsienarii_tak_yryby_analarg_a_myn_alg_ys"
    ["file_id"] => string(6) "361235"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479752082"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "«Аналар?а мы? ал?ыс!»"
    ["seo_title"] => string(20) "analarg-a-myn-alg-ys"
    ["file_id"] => string(6) "317889"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460460012"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Аналар?а мы? ал?ыс" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(36) "analarg-a-myn-alg-ys-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "191057"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427266046"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) ""Аналарға мың алғыс!""
    ["seo_title"] => string(22) "analarg_a_myn_alg_ys_2"
    ["file_id"] => string(6) "463413"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1521990077"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?ліппе,  са?ан  мы?  ал?ыс "
    ["seo_title"] => string(26) "lippie-sag-an-myn-alg-ys-1"
    ["file_id"] => string(6) "150794"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420557151"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства