kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аналарды қуантайық" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аналарды қуантайық 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аналарды қуантайық" ертеңгілігі»



Ертеңгілік мақсаты: баланың анаға деген жылылығын сезінуге, ұғына білуге, осы ыстық сезімді мерекеде ән,би, ойын арқылы жеткізе білуге талпындыру.

Би:Испан би

Сабина Коркем, Гүлнәзік,Ильнара, Аружан;МолдирАянат




Жүргізуші:

-Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, әріптестер, ару қыздар!
Сіздерді 8-Наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!


(Балалар ортаға әуенмен кіреді вальс билейді)


-Жарайсыңдар балалар енді орнымызға жайғасайық.

1 -Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жүпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!
2 Жүргізуші: Құрметті аналар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздің 8 - і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі - деп,ортаға Алижан,Жанадил,Меруерт,Нұрдастан,Мансур,Айару,Гүлнәзік шақырамыз


Алижан

1Жарқын жүзді жан анам

,Сендей болсые бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

Жанадил

2.Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Меруерт

3. Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір – бірден

Аналарға сыйлаймыз


Нұрдастан

4.Жақсы көрем күлкінді

Айналайын ақ анам

Меенің анам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам

Мансур

5.Әлпештеген анамыз

Біз бақытты баламыз

Оқып білім аламыз

Жұлдыз болып жанамыз

Айару

,.Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған даладан

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анажан


1жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.

Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Тәрбиеші: -Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: -Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.
Көктем

-Балалар мен ендерге сұрақтар қойғым келіп тұр,жауап бере аласыңдар ма?

-Қазір ,бүгін жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Бүгін көктемнің қандай күні?

-Көктем туралы тақпақ білесіңдер ме?

-Жақсы, балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер!
Осы кезде көктемнің телефоны шырылдайды.
Көктем: - Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар.

Тәрбиеші: - Рахмет, Көктем, біздің балдардыңда саған арнаған сыйлықтары бар, солайма балалар, біз көктемге арнап ән айтып берейік.

Ән: «Көктем»

Көктем: -Рахмет. Сау болыңдар.
Тәрбиеші: Қандай қызық кітап. Ой, аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?
Бұзақы: - Ол мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасағаннан кейін анам мені далаға қуып жіберді.
Тәрбиеші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге өлең айтасың ба?
Ән: ««Анам,әжем»
Бұзақы: -Ой, қандай жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.
Тәрбиеші: -Ал енді кітапты ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)
Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, бұл жәй кәмпит емес, онда не жасырынған екен. (Кәмпиттерді ашу)
Бірінші кәмпит тақпақтар.

Ғұмар Е, Самир, Аянат, Көркем, Ғалымжан Ерасыл,Жанель

Ғұмар Ерасыл

Құшағына кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейрімді күнінде

Сегінзінші Наурызбен

Құттықтаймын анашым

Самир

Ты моя любимая

Ты мне всех милей

Никого на свете нет

Лучше и добрей

Аянат

Адамзат қуат алар ақ сүтінен

Мәпелеп әлдилеген пейілің кең

Аналық махаббатың кәусәр бұлақ

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ

Көркем

О,анашым

Таянышым, тірегім

Бар бақытты бәр баласына тіледім

Мен жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Ғалымжан Ерасыл

Ақ жүректе сақтаған

Жарқын күлкін бақ маған

Ақ бетіңнен сүйемін

Келші, келші ақ мамам

Жанел


Ән: «Мамочка родная»

-Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты. Залға әже келеді.

Тәрбиеші: Саламатсызба, әже! Мейрамыңызбен! Біреуді іздеп жүрсізбе?

Әже:- Саламатсыздарма, қарақтарым! Мына балалардың дауысын естіп араларында менің немерем Қызылтелпек жоқпа деп келе жатқам.

Тәрбиеші: -Жооқ, келген жоқ. Келемін деп хабарласты ма сізге?

Әже:- ия, таңмен хабарласып еді, мейрамынмен құттықтап келемін деп.

Тәрбиеші:- Сіз отырыңыз, жол жүрем деп шаршап қалған боларсыз. Немереңіз қазір келіп қалар, ол келгенше бізге сиқырлы ағашымыздағы тағы бір кәмпитті ашуға көмектесіңіз.

Әже: -жақсы балалар

Тақпақтар:   Назым Аружан айдана Ақмаржан,Темирлан,Аягуль


Назым

Өмірдің иесі сен ғазиз ана

Келтірілген дүниеге нелер дана

Анасыз батырда жоқ, ана да жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана

Аружан

Пусть сияет солнышка

Вместе ты и я

САмая красиявая

Мамочка моя

Айдана

Шашымды тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Ақмаржан

Сеннен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар

Темирлан


Аягуль

Ардақты ага, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтін

Кең шуағың аясындай гүл бақтың


Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Ал енді өздеріңізге арналған «Әжетайым анашым» әнін қабыл алыңыздар!

Ән: «Әжетайым»

Әже: Рахмет, балалар! енді мен үйге қарай шығайын, немерем келіп қалып, күтіп қалар.

Тәрбиеші: -жарайсыңдар, балалар. Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың «Аспазшылар» биін қабыл алыңыздар.

Би: «Аспазшылар»

Есік қағылады.
Тәрбиеші :- Балалар бізге есік қағып келген кім екен! Балалар сендер мына қызды танисыңдар ма!
Балалар:- Ия, танимыз
Тәрбиеші : -Бұл кім өзі!
Балалар- Бұл ертегідегі Қызыл телпек екен.

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, балалар, жана ғана әжеміз іздеп келген Қызыл телпек.

Тәрбиеші :- Қызыл телпек сен мұнда не істеп жүрсің! Сені жана әжең іздеп келіп кетті, күтіп қалды.
Қызыл телпек:- ой, мен әжемді мерекесімен құттықтауға бар жатыр едім, бірақ жолда қасқыр кездесіп мені қуып келеді, мен одан қорқып қашам деп, қолымдағы бәліш салынған себетімді жоғалып алдым.
И,И,И, деп жылайды.
Тәрбиеші:- Қызыл телпек қарағым, сен мұңайма жылама, бізде бүгін үлкен мереке. Айналаға қарашы сен бүгін тойға келдің ғой, қарашы саған қонақтар қарап отыр ғой.
Қызыл телпек: -Айналаға қарап, ұялып тәрбиешінің артына барып тығылады.
Тәрбиеші:- Қызыл телпек, сен жасырынбай-ақ қой сен әжеңе барғанда қандай сый жасамақшы едің! Бізде сиқырлы ағаш бар сол ағашта тәтті кәмпиттер өседі екен сол тәттілерден беруімізге болады. Кәмпитті ашамыз: Қызыл телпек сен бізге қосылып біздің балалармен бірге ән салып би билесеңші
Қызыл телпек:- Жарайды.
Тәрбиеші :- Ал ендеше биге кезек береміз.

Би: «Ана биі»


Тақпақтар:

Мөлдір Сабина ,Ерназар, Айшат,Елжан,Ереділ,


Тәрбиеші: Жарайсыңдар қыздар! Қызыл телпек, сен әлі де қорқып отырсың ба!
Қызыл телпек: Ия
Тәрбиеші: Неге!
Қызыл телпек:- Әне, анау қасқыр маған қарап тұр ғой, қазір ол маған келеді. Себетімді сол тауып алып, әжеме алып бара жатқан бәлішімді жеп қойған болар.
Тәрбиеші: -Ой айналайын қорқағым-ау, біз мұнда неге тұрмыз, біз саған көмектесеміз. Балалар қызыл телпекке көмектесеміз бе! Сыйлыққа бәліштің орнына біз тәтті кәмпиттер береміз дедімго..
Балалар:- Ия (Сиқырлы ағаштың ішінен тағы бір кәмпитті жұлып алып, ашу)

Тәрбиеші:- Онда біздің батыр балаларымыз билеп қасқырды бұл жерден қуып шығады. Балалар бірақ абайлаңдар. Өздеріңе зиян тиіп кетіп жүрмесін.
Би:- «Джентелмен»
Ойын ойналады: « Гүлдерді жина»

Тәрбиеші: міне, Қызыл телпек біздің балалар қасқырды қорқытып, қуып жіберді. Ол енді жоқ. Әжеңе барар жолда ол кезікпейді деп ойлаймыз. Енді жинап алған тәттілерінді алып, әжеңе барып,сыйлауын болады.

Қызыл телпек: рахмет, сіздерге, балалар. көңіл-күйім көтеріліп қалды. Енді әжемді барып құттықтап, қуантайын. Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Сау бол! Қалған соңғы кәмпитті ашайық балалар.

Би: «Гүлдер» биі

Ән: «Ай лав май мамми»

Тәрбиеші; рахмет, қыздар.

Тәрбиеші:- Құрметті аналар, қыздар! Міне бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізде соңына таяп қалды. Сіздерді 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілей отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірлеп
Аналарға сыйлаймыз- деп балаларыңыздың сіздерге арнап жасаған гүлдерін қабыл алыңыздар!
Қош сау болыңыздар!


МКҚК № 50 «Заңғар» бөбекжайы








Ертеңгілік тақырыбы:




«Аналарды қуантайық!»

«Тұлпар » ортаңғы тобы
























Тәрбиешілер: Азмуханбетова Д.А.

Гинаятова А.А.







2017жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Аналарды қуантайық" ертеңгілігі

Автор: Азмуханбетова Дарья Андровна

Дата: 03.04.2017

Номер свидетельства: 406073


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства