kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ана-өмір шуағы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Түрі: әдеби монтаж
Көрнекілігі: түрлі түсті шарлар, слайд, аналар туралы мақал - мәтелдер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ана-өмір шуағы"»

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Түрі: әдеби монтаж
Көрнекілігі: түрлі түсті шарлар, слайд, аналар туралы мақал - мәтелдер
Өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Құттықтау сөз
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай өткелі отырған «Ана -өмір шуағы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ортаға Мад Б тобы «Айналайын мама» әнімен.

Жансая:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әженә де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Мұқағали:

Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөзі баланың,

Анаға айтар лебізі.

Аянат:

Менің әжем, бұл әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Қалжан:

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Оқушылар аналарына сыйлық береді.
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ән .

Ортаға Фархатова Әсем «Тұсау кесер»әнімен.
Альфия:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.

Бақтияр:

Баланың да тірегі

Даланың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Әсем:

Жанымызды жайнатқан

Өзіңіз ғой аналар

Зор денсаулық,мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

Данияр:

Айналайын анашым,

Асқар таудай панасың.

Күн көзіндей күлімдеп,

Құшағыңа аласың.

Қарақат:

Сеніміңді ақтаймын,

Еркелеткен балаңмын.

Аман жүріп әрқашан,

Мұңаймашы анашым.

Хармыз Қарақаттың орындауында «Қошақаным» әні.
Көктемде тіршілік атауы ұйқысынан оянады, құстар жылы жақтардан қайта оралады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын - шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т. б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым.
Әбжаппар Айару мен Саламат Жансаяның орындауында «Айым болып тудың ба»әні.

Ал енді балаларымыздың «Анама сыйлық» ертегісін қабыл алыңыздар.

Әсел:

Әжем менің асыл жан,

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді,

Әжеме ешкім жетпейді!

Райяна:

Аппақ мамам,ақ мамам,

«Ақ мамам !»-деп шаттанам

Түн ұйқыңды төрт бөліп,

«Бөпешім!»-деп жатпаған.

Анэля:

Еркелесем күнім дейтін

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым,күнім дейтін.

Мадияр:

Ана деген-ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасыңда кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.

Ән «Ақ мамам» орындайтындар Мақсұт Ерқанат,Оразалы Бақытжан,

Абдераш Мұқағали.


Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық қыздар биін

Ортада « Көңілді күн» биі қабыл алыңыздар.
Муса Анэляның орындауында «Қайда?»әні.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған

«Ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ана-өмір шуағы"

Автор: Нурканиева Гульжихан Избасаровна

Дата: 29.03.2018

Номер свидетельства: 464239

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Т?рбие са?аты: «Ана – г?л, ана – ?мір шуа?ы" "
    ["seo_title"] => string(41) "t-rbiie-sag-aty-ana-ghul-ana-omir-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "213630"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1432108905"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Ана- г?л, ана- жыр, ана- ?мір шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(34) "ana-ghul-ana-zhyr-ana-omir-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "281894"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453620735"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Ана - к?нні? шуа?ы "
    ["seo_title"] => string(18) "ana-kunnin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "182051"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425459058"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Ана - ?мірді? шуа?ы " "
    ["seo_title"] => string(21) "ana-omirdin-shuag-y-5"
    ["file_id"] => string(6) "195227"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427885414"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства