Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мирас : Қайырлы күн құрметті ардақты әжелер , асыл аналар.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз.(бірге)
Ақылжан : Ақ тілекті ағытып бір тастайық , Аналардың мерекесін бастайық
Ән мен жырға тамсандырып ананы , жылы – жылы лебіздерді айтайық . (бірге)
Мирас : - Қош келдіңіздер құрметті әжелер мен аналар.
Мерекелеріңізбен құттықтай отырып өмірдің шапағатын тілейміз .
Ақылжан : -Ана , ана , ана осы сөздің өзі адамға қандай күш береді .
Жақсылық атаулының бәрі ана алақанынан нәр алған .
Мирас : - Дұрыс айтасың Ақылжан .Адам баласы үшін ең аяулы ең қастерлі сөз ана . Бала дүниеге келген күннен бастап , өзінің жұмсақ алақаны жылы жүзі , ыстық құшағы мейірім толы көзқарасы арқылы бар махаббатын береді .
Ән «Ақ мамам» .
Музыка ойналып күннің көзі кіреді .
Күннің көзі : -Сәлеметсіңдер ме балалар ! мені таныдыңдар ма ?
Балалар: Күннің көзі
Күннің көзі: Әрине мен күннің көзімін .Әдемі әуеннің дыбысын естіп мерекеге ақ жаулықты әжелерді, аяулы аналарды және сүп-сүйкімді қыздарды құттықтауға арнайы келдім .
Мирас : - Рахмет сізге күннің көзі .Сіз көктемде шуағыңызды мейірлене төгіп жер жүзін жылытасың , сіздің нұрыңыздан табиғат қысқы ұйқысынан оянады , қайта түлейді.
Тақпақтар
Арай
Жанымызды жайнатқан,
Сіздерді ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Жаннұр
Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам!» - деп, шаттанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
«Бөпешім!»- деп жатпаған.
Мағжан
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Архат
Сегізінші наурыз күнін,
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.
Б.Мерей
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Азиза
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.
Би «Сағат » /Арлан,С.Аруна,Қ.Аруна,Айзере,Ділназ,Ақылжан,Мирас,Жанайым,Нурислам,Шерхан,Данил,САнжар/
Күннің көзі : - Жарайсыңдар балалар , мен де ән салғанды , би билегенді ұнатамын.Бірақ сендермен ойын ойнағым келіп тұр .
Ойын балалармен : «Гүл сыйла »
Ақылжан : - Білесің бе, Мирас жан ана деген өзі керемет асыл жан ,
менің анам түнде шөлдесем тұрып шырын береді .
Мирас : - Ал менің анам ұйықтағанда әдемі әнін сыйлап ,
ертегі оқып жүрегіңе жылу беретін сөздерін айтады .
Күннің көзі : - Шат көңілді көтеріп , ойын сауық құрдық біз .
Мирас : Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті . Әлемдегі жақсылық көзі адамдық қасиет , ақ тілек бәрі - бәрі ана сөзімен астасып жатыр . Ендеше балалардың ана туралы өлең жырларын тыңдаңыздар .
Тақпақтар .
Шерхан Дамир
Ана-біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүрініз.
Арлан
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
Жақсы көрем күлкінді
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам.
Айлана
Келбетінде ұлылық
Даладай кең пейілі
Ана –деген жылылық
Ана –деген мейірім
Қ.Аруна
Титтей бөбек кезімнен
Әлдилеген емізген
Еркелетіп күлгізген
Алғаш «апа» дегізген
Көктем туралы тақпақ
Ақылжан : -Ал балалар олай болса мерекенің қадірлі қонағы көктем ханшайымын шақырайық .
музыка ойналып көктем ханшайымы билеп кіреді .
Сәлеметсіңдер ме сүйкімді балалар мен аяулы аналар ! Бүгін қандай керемет күн . Бәрің де әдемісіңдер әрі көңілдісіңдер . Балалар бүгін қандай мереке ?
Көктем : - Бәсе - бәсе , өзім де ерекше күн екенін бірден сездім . Олай болса құрметті асыл аналар , ардақты әжелер сұлу қыздар мерелерің құтты болсын .
Мирас: -Адал жақсы ниетпен , аналарға бақ тілеп ,
жарып шыққан жүректен , сөздің бәрі ақ тілек .
Ақылжан : - Құрметті аналар күніміз ашық , түніміз тыныш болсын
Көктем : - ой балалар сендер сондай сүйкімді, тәртіпті екенсіңдер және де мен сендердің өнерлі екендеріңе сенімдімін. сендердің ана жайында білетіндерің де көп екен . Мен де табиғат анадан жаратылғанмын .
Мирас : - Барлық ана баласымен бақытты , барлық бала анасымен бақытты .
Ақылжан : - Біз сіздерге ыстық лебізімізді ән мен жыр арқылы жеткіземіз .
Тақпақтар :
Айзере
Мама! Так тебя люблю, Что не знаю прямо! Я большому кораблю Дам названье "МАМА!"
Санжар
Моя мамочка родная, Я люблю тебя без края! С 8 Марта поздравляю, Счастья я тебе желаю.
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймыз
Нұрислам
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізім.
Ж.Мерей
Мама нас ласкает
Солнце согревает
Солнце как и мама
Лишь одна бывает
Ән «Мамочка моя »
Мирас : Дүниеде ең кемеңгер дананы, Ана бізді аялайды бағады .
Ақылжан : Сол үшін де құдіретіне бас иіп , құрметтейік қасиетті ананы
Көктем : -Иә , дұрыс айтасыңдар балалар , аналарыңды құрметтеңдер , Сендердің бүгінгі өнерлеріңе риза болдым , Мен бұл мерекеге арнайы ойын алып келдім, ол: Ойын : Ата - аналармен
Мен енді жүрейін , сендер сияқты аналарын құрметтеп жатқан балалардың мерекесіне барайын , кездескенше сау болып тұрыңдар .