Іздену - ұйымдастырушы | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалады. Балалар, мына өлеңді мұқият тындап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар. Ата Заң Ата Заңым, Алтын Заңым-ардағым, Аялаған адамзаттың арманын. Жол бастайды болашаққа жасампаз, Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың, Алтын Заңда- Парасатым, пайымым. Алтын Заңда- Күш-қуатым, жалыным. Сен қорғайсың Бостандық пен құқықты, Анамдайсың елжіреген жаны күн. Қазақстан Республикаса тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Қазақстан мемлекетті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995 жылы өз Ата Занымыз кабылданды. 30 тамыз-мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәләлдейтін өз рәміздері бар. -Балалар, біз қандай республикада тұрамыз? -Қазақстан қандай Республика? -Еліміздің Елбасы кім? -Қазақстанның елордасы қай қала? -Ендеше кім осы Астана туралы тақпақ айтып береді? -Сендер Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме? -Дұрыс, балалар сендер рәміздер туралы тақпақ білесіндер ме? Дидактикалық ойын:Көк туым желбіре! Шарты:Көк туымыздың шұғылалы күн, қыран қүс, ою-өрнектерін орын орындарына орналастыру. Сергіту сәті: Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын кең ашқан. Тілейміз біз бейбіт күн, Ашық болсын көк аспан. -Балалар, сендер Отан туралы мақал-мәтел білесіңдер ме? -Жарайсыңдар, балалар! | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гиім орындалады. Тәрбиешіге назар аудару. Мұқият тыңдайды. Өздерінің ойларын айтады. -Қазақстан Республикасында тұрамыз. -Егеменді Тәуелсіз республика. -Н.Ә.Назарбаев -Астана Қанат: Астана ақ қала, Ақ мәр-мәр пәк қала. Шарықтап, қарыштап, Шалқи бер шаттана. Күн болып қарайды, Шуақ боп тарайды. Әлемге нұр шашқан, Астанам арайлы. -Иә.Олар:Әнұран,Ту,Елтанба. Санжар: Қатар шапқан қос тұлпар, Ай үстінде қазақ үй. Қалықтаған жас сұнқар. Шарықтаған таза күй. Бұл танбасы елімнің Елдігімнің белгісі. Аяулым: Отан туы желбіреп, Көз тартады құбыла. Біз қараймыз елжіреп, Тұған жердің туына. Ақжол: Әнұран-жан ұраным, Айтар әнім, сөйлер сезім. Туған жерім сағынарым, Мәңгі-бақи шырқалады. Берілген ойын шартын орындайды. Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту жаттығуын жасайды. -Иә, білеміз! Отан оттан да ыстық. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл. |