Балалардан ай атауларын, апта к?ндерін,жыл мезгілдерін с?рау.
К?ктем туралы та?па?тарын естеріне т?сірту.
К?ктем мезгіліні? 2-айыны? ерекшеліктеріне то?талып, суреттер бойынша толы? т?сінік беру.(жер к?гереді, г?лдер шы?ады, а?аштар б?ршік жарады,жеміс а?аштары г?лдейді, ??стар ?шып келеді т.б)
-Балалар, мына алма а?ашына назар аударайы?шы. ?анадай ?демі к?рініс?!Алма а?ашында тек аппа? г?лдер ?сіп т?р. Сендер білесі?дер ме, осы г?лдерден алма т?йіндейді.Ол жаз бойы к?н санап ?сіп, ?лкейе береді де, к?зге ?арай пісіп, д?мі тіл ?йіретін алма болады.
Балаларды? іс-?рекеті С?ра??а жауап береді.К?ктем туралы та?па? айтады.
Сергіту с?ті Сергіту с?ті видеомен Видео?а ?арап ?имыл-?оз?алыс жасайды.
Педагогті? іс-?рекеті
Б?гін біз г?лдеп т?р?ан алма а?ашыны? суретін саламыз. Бізге б?л тапсырманы орындау ?шін жасыл, ?о?ыр, сары т?стер ?ажет болады.
Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сурет салудың сүйкей жағу және бастыру тәсілі,ми шабуылы, саусақ жаттығуы, дид.ойын, М.Монтессорий әдістемесі.
Оқу іс-әрекетіннің кезеңдері Мотивациялық- қозғаушылық
Педагогтің іс-әрекеті
Шаттық шеңбер:
Барлығы бірге көктем жайлы өлеңді айтады.
Көктем қандай көңілді,
Күміс жамбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылды,
Күн пердесі сөгілді.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Балалардан ай атауларын, апта күндерін,жыл мезгілдерін сұрау.
Көктем туралы тақпақтарын естеріне түсірту.
Көктем мезгілінің 2-айының ерекшеліктеріне тоқталып, суреттер бойынша толық түсінік беру.(жер көгереді, гүлдер шығады, ағаштар бүршік жарады,жеміс ағаштары гүлдейді , құстар ұшып келеді т.б)
-Балалар, мына алма ағашына назар аударайықшы. Қанадай әдемі көрініс?!Алма ағашында тек аппақ гүлдер өсіп тұр. Сендер білесіңдер ме, осы гүлдерден алма түйіндейді.Ол жаз бойы күн санап өсіп, үлкейе береді де, күзге қарай пісіп, дәмі тіл үйіретін алма болады.
Балалардың іс-әрекеті Сұраққа жауап береді.Көктем туралы тақпақ айтады.
Сергіту сәті Сергіту сәті видеомен Видеоға қарап қимыл-қозғалыс жасайды.
Педагогтің іс-әрекеті
Бүгін біз гүлдеп тұрған алма ағашының суретін саламыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады.
Сурет салу әдісіне түсінік.
Ең бірінші ағаштың діні, бұтақтары, гүлдерін саламыз, діңі жоғарыдан төмен қарай жіңішкереді, сондықтан діңінің төмен жағын қоңыр қою бояумен бояймыз, жоғарғы жағына ашық қоңыр бояуды жеңіл жағамыз. Қылқаламды бастыру тәсілі арқылы гүлдерін ашық күлгін түспен саламыз.
Балалардың іс-әрекеті Мұқият тыңдайды
Саусақ жаттығуы Саусақ жаттығуы
Ұшты-ұшты көбелек,
Би биледі дөңгелеп.
Гүлін көріп алманың
Ағашқа қонды көбелек
Балалар қимылдар жасайды.
Салу тәсілін көрсету.
Сосын бояуды қылқаламмен қағазға жайлап тигіземіз. Қылқаламның қозғалуы ағаштың бұтағының бағытын білдіреді. Жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен жапырақтарды, гүлдерін саламыз.
Осының бәріне қосымша шөптерді, күнді, бұлтты салуға болады.
Берілген түстерді пайдаланып, тәрбиешінің көрсетуі бойынша алма ағаштарын гүлінің суреттерін салады.
Ойын Ғажайып дорба. Ойын мақсаты: Дорбадағы жемістерді сипап сезіну арқылы қандай жеміс екенін айыра білу дағдысын қалыптастыру.
Ойын шарты: Балалар дорбадағы жемістерді сыртынан сипау арқылы оның қандай жеміс екенін және пішінін айтады.
Монтессорий әдістемесі Монтессорий әдістемесі.
Мақсаты: алманың иісін сезіне білуге,оны басқа жемістен ажырата білуге үйрету.
Менім қолымдағы не?
-Алманың түсі, пішіні қандай? Ал енді осы алманы екіге бөлейік.
Сыртында қабығы, ішінде өзегі және дәні бар екен.
Педагог алманы кесіп береді
-Иіскеп көріңдерші, қандай екен?
-Ал енді апельсинді иіскеп көрейік.Айырмашылығы бар ма?
-Алманың дәмі қандай?
Балалар, алмадан тосап,шырын,компот және түрлі пирогтар жасауға болады.Өйткені алма дәрумендерге бай жеміс.
Балалар алманың қалай пайда болу және пайдасы туралы білдік.
Рефлексиялық-түзетушілік Қорытынды.
Педагог балалардың жұмыстарынан көрме. Өздеріне талдату. Балаларды мақтау және мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы және бояу түстерін ажыратып,алма ағашының гүлдерін сала біледі.
Игереді: сурет салудың сүйкей жағу және бастыру сияқты негізгі тәсілдерін игерді.
Меңгереді: Ойын арқылы сипап сезу дағдысын меңгерді.