Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Айналаны қоршаған ортамен таныстыру. /0,25/
Тақырыбы: Адамдардың баспанасы.
Мақсаты: адамдардың баспаналары: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге, оқылған әңгімедегі кейіпкерлердің әрекетін талқылауға үйрету. Балалардың таным белсенділігін арттыру. Ересектердің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту. Баспана салған адам еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: киіз үйдің, жер үй мен көпқабатты үйдің макеті мен әртүрлі баспаналардың суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, үй құрастыруға арналған құрылыс материалдары.
-Балалар,біздің шаттық шеңберіміз не жайында болды?
Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса біз бүгін адамдардың баспаналары туралы әңгімелеседі екенбіз.
Балалар шеңберге жиналып,төмендегі өлең жолдарын айта отырып,қимылдар жасайды.
- Киіз үй жайында.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Педагог әртүрлі үйлердің макеттері мен суреттерін көрсете отырып,ішінен киіз үйді табуларын сұрайды.
Киіз үй екендігін қайдан білдіңдер?
Дұрыс айтасыңдар, «киізден жасалғандықтан бұл үйді киіз үй деп атаған», -деп киіз үйдің құрылысы туралы қысқаша ақпарат береді. Сонымен қатар киіз үйді үнемі көшіп жүргендіктен пайдаланғандығын және киіз үйлер даланын қатты дауыл желдерінен де қорған болатындығын түсіндіру.
Сендер қандай үйде тұрасындар?
- Көпқабатты үй, екі қабаттан тұратын үй туралы не айтар едіндер?
-Пәтер деп нені айтамыз.
Педагог пәтер тупалы түсіндіреді.
Қалай ойлайсыңдар, киіз үйдің ішінде пәтер бар ма?
-Бөлмелер қандай үйлерде болады.
-Тағы қандай үйлер бөлмелерге бөлінген?
-Міне балалар, киіз үйдің айырмашылығы оның сыртқы көрінісінде ғана емес,сонымен бірге ішінде де байқалады екен.
Педагог киіз үй, көп қабатты т.б. үйлердіәң барлығы да адам баспаларына жататындығын түсіндіреді.
-Қалай ойлайсыңдар, осы баспаларды салған кімдер деп ойлайсыңдар?
-Оларды кімдер деп атаймыз?
Педагог баспана салудағы дамдардың еңбегі туралы айтып түсіндіреді.
Педагог балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.
Бірінші орталықтағы балаларға киіз үймен жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстырып, сипаттап беру, екіншің орталықтағы балаларға көпқабатты үй, оның ауласын, ойын алаңын құрастыру тапсырылады.
Педагог сергіту сәтін ұйымдастыралы да, балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп қадағалайды.Орталықтағы жұмыстардың аяқтпалғандығын айтып орындарына отырғызады.
Дәптермен жұмыс.
Балалар киіз үйдің макетін немесе суретін тауып көрсетеді.
-Өйткені ол киізден жасалған.
-Көпқабатты үйде.
-Мен пәтерде тұрамын.
-Ал мен екі қабатты үйде тұрамын.
-Көп қабатты үй биік, үлкен, онда көп адамадар тұрады.
-Екі қабаттан тұратын үйде бір отбасы ғана тұрады. Бірақ оның бөлмелері көп.Балалар білетін болса өздерінің тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.
- Жоқ, киіз үйдің ішінде пәтерлер де, бөлмелер де болмайды.
-көп қабатты үйлерде пәтерлер болады. Сол пәтерлердің ішінде бөлмелер бар.
-Адамадар
-Құрлысшылар деп атаймыз.
Бірінші орталықтағы балалар киіз үй менг жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстыра отырып олардыңайырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады.
Екінші орталықтағы балалар құрылыс материалдарынан көпқабатты үйлердің, оның ауласы мен ойын алаңын құрастырып әңгімелейді.Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып отырады.Балалар бастапқы орындарына отырып, дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Педагог Ы.Алтынсариннің (Ағаш үй мен киіз үй) әңгімесін оқып, бүгінгі күнгі ұййымдастырылған оқу іс- әрекетін түйіндейді.Және балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл – күйлерін сұрайды.Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы есіне түсіреді.
Балалар әңгімені тыңдап, педагогтің әңгіме желісі бойынша қойған сұрақтарына жауап береді.
Әңгіме мазмұнындағы адам еңбегі туралы айтады.
Оқу іс- әрекетінен алған әсерлерін, көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: адамдардың баспаналары мен олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары туралы.
Игереді:киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылыфқтары, ұқсастықтары жәнеерекшеліктері туралы.
Меңгереді:салыстыруды, сипаттап әңгімелеп беруді.
4-сабақ. Айналаны қоршаған ортамен таныстыру.02.12.15
Тақырыбы: Балабақша бөлмесі.
Мақсаты: 1.Балабақша мекемесіне (бөлмелеріне) саяхат ұйымдастыру, ондағы жұмыс істейтін қызметкерлерімен таныстыру.
2. Балабақша ауласына бақылау жасап, өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын атап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту.
Балалар шеңбер бойына жиналып жақсы тілектер тілеу.
Жұмыс барысы: Балабақша мекемесіне саяхат.
Қызметкерлерімен әңгімелесу.
Балабақша ауласына бақылау өткізу.
Ойын: " Саяхат“.
Балалар шаттық шеңберіне тұрды.
Балалар тыңдады.
Балабақшаға өз тілектерін айтты.
Сурет бойынша әңгіме құрастырды. Балабақшада кімдер жұмыс істейтінін ажыратып айтып берді.
Ойынға белсене қатысты.
Балабақшаға баратын жолды тауып берді.
2. Ізденістер.
Ұйымдастыру.
Психологиялық жаттығу. /қимылмен/
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары – төмен қарайық,
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Бойымызға күш жинап,
Біз демалып қалайық.
Әліппе дәптермен жұмыс.
Н.Жаневтың “Балабақша” өлеңі
Дидактикалық ойын ”Бұтақтағы балалар”.
Тыныштық сәтін тәрбиешінің көмегімен өткізді.
Өлең жолдарын қайталап, қимылмен жасады.
Жұмыстарын тиянақты орындады.
3.Қорытындылау.
Өзін-өзі бағалау.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау:
Сұрақтар:
Балабақшада кімдер жұмыс істейді? Олардың жұмыстары туралы әңгімеле.
балабақша бөлмелері қалай аталады?
аулада тазалықты сақтау үшін не істеу керек?
гүлзарларда өсіп тұрған өсімдіктерге қандай қамқорлық жасау керек?
балабақша айналасында қандай ғимараттар бар?
мектепке не үшін барады?
Балалар сұрақтарға жауап берді.
Мысалы:
1. Аспаз ас пісіреді.
Тәрбиеші балаларды тәрбиелейді.
Аула сыпырушы ауланы сыпырады.
Ол аулада өсіп тұрған гүлдерге /ағаштарға/ су құяды. Түбін қопсытады.
Көрнекіліктер: Суреттер, әліппе-дәптері.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын.
Күтілетін нәтиже: балабақша және оның ауласы туралы түсінік қалыптыру.
Нені білуі: балабақшада жұмыс істейтін адамдардың еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсетуі тиіс.
Түсінігі: балабақша тәрбие мен білім беретін мекеме екендігін түсіну.
Көрсете білуі: сұрақтарға жауап беру, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу.
6-сабақ. 03.12.15
Бөлім: Таным. Экология негіздері.
Тақырыбы: Ойыншықтар.
Мақсаты: 1.Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту,ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету. 2.Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білуге дағдыландыру. 3. Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: түсінік беру,суретпен жұмыс,сөздік жұмысын жүргізу. Көрнекіліктері: әртүрлі ойыншықтар,көліктің түрлері,резиналы ойыншықтар,жұмсақ ойыншықтар.
Балалар шеңберге жиналып,төмендегі өлең жолдарын айта отырып, қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Қалтаға салынған ойыншықтарды таратады. Қонаққа Перизат келіпті, ол сендерге бірнеше сұрақтар қояды. -Ойыншық не үшін керек және ол неден жасалады? -Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар? - Аю, доп, қоян, қуыршақтардың бәрін жалпы қалай атауға болады?
«Ойыншықтар» сөйлем құрастыру, дыбыстық талдау жасау.
Сергіту сәті.
«Ойыншықтар айтысы» әңгімесін оқу.
Балалардың жауаптары
Рефлексиялық-түзетушілік.
Сабақты қорытындылау. Бағалау. Мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттай білу
Игереді:. Тіл ұстарту жаттығуларын дұрыс айта білу
Меңгереді: Жаңа сөздерді меңгеріп алу.
7-сабақ. 09.12.15
Бөлім: Таным. Экология негіздері.
Тақырыбы :Үй құстары.
Мақсаты:
1.Үй жануарлар мен үй құстары туралы білімдерін жетілдіру
2.Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Сөздік жұмыс:қора,азық.
Іс-әрекет
Тәрбиеші әрекеті
Бала әрекеті
1.Мотивация
2.Ізденіс –ұйымдастыру
Кезеңі
3.Рефлексия
Балалар шеңбер жасап тұрады да,өлең жолдарын әндетіп айтқызады.
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң,қайырлы!
Тәрбиешінің әңгімесі:
-Төрт түлік мал –халқымыздың байлығы.Өйткені халқымыздың тарихы осы төрт түлікпен байланысты.
-Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қандай айырмашылықтары бар?
-Үй жануарларының көктемгі тіршілігі туралы әңгімелеңдер?
-Үй құстарын ата.
-Малдың төлдерін ата.
Сергіту сәті:
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Д/о» Төлін тап»
Шарты:педагог тақтаға сиыр, түйе,қой,ешкі суреттерін іліп қояды.
Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Қандай үй жануарлары мен үй құстарын білесіңдер?
2.Төлдерін ата.
Бәрі бірге қайталайды.
Балалар тыңдайды.
Өлең жолдарын тыңдайды,түсінеді.
Балалар түсінгендерін айтып береді,сұрақтарға жауап береді.
Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Тапсырмаларды ынтамен орындайды
Дидактикалық ойынға балалар белсене қатысады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:үй жануарлары мен үй құстарының келтірер пайдасын және оларды күтіп-баптауды білу.
Игеру керек:үй жануарлары мен үй құстарының пайдасын білу.
Меңгеру керек:сурет бойынша әңгімелеп беруі.
23.12.15 8-сабақ.
Білім беру салалары: Таным.
Бөлімі: Экология негіздері.
Тақырыбы: Қарақұйрық.
Мақсаты: балалар табиғатты қорғай білуге , табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету. Қол, саусақ маторикаларын дамыту.Құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білуге және бала тілін дамытып ойын арқылы дыбыстырын жетілдіру.
Қызметтіңкезеңдері
Тәрбиешіәрекеттері
Балалардыңәрекеттері
Мотивациялық -
түрткіболатын
-Енді осы жақсы көңіл-күйімізді бір- бірімізге қарап күлімдеп шын жүрегімізбен сыйлайық.
( Бір- біріне қарап күлімсіреп көңіл-күй сыйлау)
Сол жақсы көңіл- күйімізді енді қонақтарға сыйлайық.
Балаларқызығушылықтанытады
Ұйымдық - іздену
-Балалар қараңдаршы мына жерде бір кітап тұр. Кітапты қарайық.
« Табиғаттың сыры»- кітап.
1-бет: Шырша . 2-бет:Табиғаттың көрнісі ағаштар, шыршалар өсіп тұр.
Шырша сөйлейді: Мені адамдар кесіп алады. Адамдардың жаңа- жыл мейрамы тіпті жаман. Себебі мені кесіп алып үйлеріне апарып, ойыншықтар, неше түрлі шамдар жағып мәз болады. Ал мен болсам азайып барамын, кесіп алғаннан соң шырша көп тұрмайды өліп қалады.
Балаларбірденкеліседі.
- Қане, балалар шыршаға көмектесеміз бе?
- Көмектесеміз.
- Балалар шырша салқын жерде, шыршалы ормандарда өседі.
- Ал, ендеше балалар біз сиқыршымыз деп ойлайық. Сендер қазір жолға шығасыздар, адам аяғы баспаған жерге саяхатқа шығамыз. Ондай жер тек шөл дала. Себебі , сулы, нулы жерлерде адамдар өмір сүреді. Ал адам аяғы баспаған жер шөл дала- құмды. Сол айнала құмды , шөл даланы сендер сиқырлап гүл егіп, жол салып, үй салып ғажайып ертегіге айналдырасыңдар .
Ендеше жолға шығайық. (құрсаудың ішімен жүріп отырғышқа отыру) Қане біз алдымыздағы құмға шырша отырғызайық. Дайын қиылып тұрған шыршаны құмға отырғызу. Тақтаға бір- екі баланы шығарып кітаптың бетіндегі шыршаның қасына шырша отырғызу.
Жұмбақ
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте. (шырша)
Балалар мұқият тыңдайды.
Ойын « дауыстап, қимылмен сал »
Балалармузыкағабилейді, музыка тоқтағанкездебірнәрсеніңсуретінкөрсету. Бала көргензатынқимылмендауыстап салу.
1. Ара. З-З-З- ұшу (қолынекіжаққақағыпбір -бірініңартынанжүру)
2. Ұшақ . Р-Р-Р
3. поезд . ш-ш-ш
Кітаптың екінші бетін ашу. Балық тұр мұңайып. Судың бетінде қоқыстар.
Балық сен неге мұңайып тұрсың?
Балық : Адамдар суды ластады, завод, фабрикалардың қалған қалдықтарын төкті адамдар судың жағасына демалуға келіп тамақтың қалдықтарын жинамай лақтырып кетеді.
- Қане балалар суды тазартып балыққа көмектесейік. Судың бетіндегі қоқыстарды тазартып алып тастау.
Гүл сөйлейді: Мен де азайып барамын, мерекелерде адамдар мені жұлып алып бір- біріне сыйлайды.Су құйып мені баптамайды.
- Балалар біз гүлге көмектесейік. (орындарына отырып пласталиннен гүл жасап алдарындағы құмға отырғызу)
Гүлді үзбе.
Кешкілік пе,күндіз бе?
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастағалы жүрміз бе?
Табиғат туралы тиым сөздер.
Гүлді үзбе.
Көкті жұлма,
Суды төкпе.
Суға түкірме.
Ұяны бұзба.
Құмырсқаның илеуін бұзба.
Балалар суретіне қарап құрастырады.Жаз
- Себебі көбелек ұшып жүр.
Қолында бір табақ құмы бар ата келеді.
- Уа, балаларым амансыңдарма?
- Сәламатсыз ба, ата.
Ата: Шөл даланы гүлдендірген шырша егіп бағындырған болашақ елдің батырлары. Адам космосты ойлап тауып, ғарышқа ұшып аспан әлемін өзіне бағындырған. Болашақта табиғатты бүлдірмей қорғап, гүлдендіретін сендерсіңдер.
Қазақстанымыздың көркейіп, ауамыз таза, табиғатымыз сұлу болуы үшін осындай ұландар өсіп келеді. Бәріңде жақсы бала екенсіңдер менің сендерге сыйлығым да бар.
-Қане сендермен бір ойын ойнап жіберейін.
Ойын. «Құмда не тығылған?»
Ойынымызды біз бастайық,
Қане, қане бері кел.
Ой, қандай балалар,
Тамаша сендер ерсіңдер.
1 демалдық, 2 демалдық,
алақанды соғамыз.
Ал енді жерге отырып,
Шақырамыз ойнауға.
Табақта толтырылып салынған құм, ішінде геометриялық денелер тығылған. Ортаға шыққан бала көзін жұмып тұрып қолын құмға салып , құмнан тауып алған геометриялық денені сылап сыйпап қандай дене екенін айту.
Ата құмның түбіне тығып қойған сыйлығын балаларға таратып береді.