kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Айналамен таныстырудан: "Үй жануарлары және төлдер" тақырыбының сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Айналамен таныстырудан: "Үй жануарлары және төлдер" тақырыбының сабақ жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Айналамен таныстырудан: "Үй жануарлары және төлдер" тақырыбының сабақ жоспары»

Пәні: Жаратылыстану

Тақырыбы: Үй жануарлары және төлдері

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір- бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Сұрақ жауап арқылы балалардың ой – өрісін, тілін, зейінін дамыту.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын әдісі, көрнекілік әдіс, СТО технологиясының элементтері, куббизм әдісі

Көрнекілік: үй жануарлары: қой, сиыр, ешкі, жылқының суреттері, жануарлар дыбыстары, презентация,теледидар

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Қос тілдік компонент (Билингвальный компонент):

Үй жануарлары- домашние животные.

Кіріспе:                 

Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың көңіл – күйлерін көтеріп, ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін бастау үшін балаларды орындарынан тұрғызып шаттық шеңберіне жинау:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Күліп шыққан күнге.

Деніміз сау болсын!

Аспанымыз ашық болсын!


Спасибо скажем мы не раз,

Всему живому вокруг нас!

Как хорошо на свете жить!

Как хорошо уметь дружить!

Кәне балалар барлық қонақтармен амандасайық!

Сәлеметсіз бе?! Здравствуйте?! Hello!

Жақсы балалар, сабаққа дайынбыз ба? Көңіл – күйіміз қалай? Ендеше орнымызға отырайық.


Тәсілдер кезендері

Этапы деятельности

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Действия воспитателя

Балалардың іс- әрекеті

Действия детей

Мотивациялық - қозғаушы

Мотивационно – побудительный

Қонаққа мерекелік сыйлық қорапшасымен Дара келеді. Ол өзінің тапсырмаларын алып келеді.

Балалар бұл қорапта не бар екенін білгілерің келе ме? (Хотите узнать что в этой коробке?) Ендеше Даранын тапсырмаларын орындайық. (Тогда давайте же выполним ее задания)

Балалар қораптағы заттың не екенін білуге қызығушылық танытады.






Іздену ұйымдастырушы

Организационно – поисковый


Тапсырманы бастамас бұрын мен сендерге бір жазба көрсеткім келеді.

-Ал енді, айтыңдаршы, біз бүгін не туралы айтатын боламыз?

-Сендердің үйлеріңде үй жануарлары бар ма?

-Оларды неге біз үй жануарлары деп атаймыз?


- Ал қоян, қасқыр, аюды біз неге жабайы аңдар деп атаймыз?


-Олай болса үй жануарларын және төлдерін атап көрейікші.

Өте, жақсы! Дұрыс айтасыңдар! Балалар, Дараның тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба? Ендеше бастайық!

1.Дауысынан таны!

(Узнай по голосу) – балаларға бірнеше үй жануарларының дауыстары тыңдатылады. Олар дауысты ести отырып, қай жануар екенін анықтаулары керек.

2. Анасын тап!

(Найди маму) – балалар таратылған материал арқылы шашылған үй жанураларын дұрыс орналастырып, әр жануарды өз төлімен қойып шығулары тиіс.


Сергіту жаттығуы

Балалар видео арқылы билей отырып сергиді.


Жеке жұмыс. 1 – 2 баланы тақтаға шығарып үй жануарларын көрсету, айту.


3. Артығын тап!

(Найди лишнее) – балаларға 4 түрлі зат қойылған суреттер көрсетіледі. Балалар ойлана отырып артығын табады және артық затты топтастырады.

4. Баласын ата!

(Назови детеныша) – куббизм әдісі арқылы баларға кубик (әр қырында үй жануары бейнеленген) жіберіледі, балалар түскен жануардың төлін, баласын атаулары қажет.

Балалар жазбаны зейінмен мұқият көреді

- үй жануарлары туралы

-балалар әр-түрлі жауап айтады

-балалар жауап береді





-балалар үй жануарлары мен төлдерін атап шығады



Балалар жануарларды дауысына қарай ажыратады




Балалар топтаса отырып тапсырманы орындайды.




Барлық жаттығуларды қайталап орындайды






Балалар артық затты табады, топтастырады




Үй жануарларының төлдерін, балаларын дұрыс атайды.




Рефлевсивті - коррекциялаушы

Рефлексивно – корригирующий

Жақсы балалар.

- Сонымен біз не туралы айттық?

- Қонаққа кім келді?

- Дараның не алып келгенін көргілерің келе ме?

Балалар, бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Дара да мен де сендерге алғысымды білдіремін. Кәне бір – бірімізге қол шапалақтап, Дарамен қоштасайық.

Сау бол! До свидания! Good bye!


Сұрақтарға жауап береді

(Дараның қорапшасында чупа-чупстер болады. Ол әр балаға таратылады).


Күтілетін нәтиже (Ожидаемый результат):

Білуге тиіс (Знать):

-үй жануарлары, жабайы аңдар түралы түсініктерді білулері тиіс; Әдеттену керек (Иметь):

-жануарлардың тірі болатындығына және оларға ауа, жылу, су керек екендігіне;

Қолынан келуі тиіс (Уметь):

-өмір сүру ортасына қарай үй жануаралары мен жабайы аңдарды ажырата білулері.









































Мен бүгін жаратылыстану пәнінен «Үй жануарлары және төлдері» тақырыбында аралас сабақ жүргіздім. Мен сабағыма мынандай мақсатты қойдым: балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету; Олардың төлдерін бір- біріннен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету; Сұрақ жауап арқылы балалардың ой – өрісін, тілін, зейінінін дамыту. Және көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын әдісі, көрнекілік әдіс, теріп алу стратегиясы, куббизм әдісі, сыни тұрғысынан ойлауға үйрету әдіс – тәсілдерін қолдандым.

Балаларды шаттық шеңберіне жинап психологиялық ахуал туғыздым. Сонымен қатар сабақтарда үштілділікті дамыту мақстаныда бір – бірімізден үш тілде амандастық.

Мотивациялық – қозғаушы күш ретінде балалардың сүйікті мультфильмінен Дара қонаққа келеді. Және өзімен бірге сәнді сиқырлы қорапшасын алып келеді. Сол қорапты ашу үшін балалар Дараның тапсырмаларын орындады. Сабақтың басында үй жануарлары жайлы шағын видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар сабақ барысында балалардың танымдық қабілеттерін арттыру мақстында олармен бірнеше дидактикалық ойын ойнатылады. Мысалы, «Дауысынана таны!». Балалар дыбыстарды ести отырып, оның қай жануар екенін анықтады. Балаларды бірлікке, татулыққа, ұжымға тәрбиелеу мақстатында мынандай ойын ойнатылды: « Анасын тап!» – балаларға үй жануарлары орналасқан бір бет картон мен қысқыштарға жеке – жеке жапсырылған үй жануарларының төлдері таратылды. Балалар бірлесе отырып әр жануарға өз төлін дұрыс қойып шықты. Сонымен қатар мынандай дидактикалық ойындар ойнатылды: «Артығын тап!» – балаларға теледидардан 4 түрлі зат қойылған суреттер көрсетілді. Балалар артығын тауып, сол артық затты топтастырды. «Үй жануарлары және төлдері» тақырыбын балалардың қаншалықты меңгергендерін байқау үшін: «Баласын ата!» ойыны куббизм әдісі арқылы ойнатылды.

Сабақ соңында қорытынды жасалып, балалардың тапсырмаларды дұрыс орындағандарына мақтау, мадақтау жүргізілді. Дараның алып келген қорапшасын ашып, ішінен шыққан затты (чупа – чупстер) балаларға көрсетіп, таратып бердім. Балалар Дарамен деп қоштасып, сабақты аяқтады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Айналамен таныстырудан: "Үй жануарлары және төлдер" тақырыбының сабақ жоспары

Автор: Тюлеева Меруерт Жагипаровна

Дата: 02.11.2017

Номер свидетельства: 436365


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства