Тақырыбы | Ай.Ай аттары. |
Оқу мақсаты | 1.1.3.1 **шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу 1.1.3.2 **өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат. |
Сабақтың мақсаты | Білу: Апта күндерін еске түсіру. Ай туралы білу, ай аттарын ажырата білу. Түсіну:Аптаны мен айды ажырата білу, сұрақ қою арқылы дәлелдеу Қолдану: Күнтізбе парақтарын орналастыру.Күнтізбе парағынан қазіргі айды табу. Талдау: Ай аттарын ретімен орналастырады. Жинақтау: Күнтізбе арқылы туылған күндерін анықтайды. Бағалау: Апта мен айдың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату |
Күтілетін нәтиже | Білу: Ай туралы біледі, түрлерін ажырата алады. Түсіну:Аптаны және айды ажырата біледі, сұрақ қою арқылы дәлелдейді. Қолдану: Күнтізбе парақтарын ретімен орналастырады. Ай аттарын табады. Талдау:Ай аттарын ретімен орналастыра алады. Жинақтау: Күнтізбе арқылы туылған күнін анықтай алады. Ол аптанын қай күні екенін таба алады. Бағалау: Апта мен айдың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратады. |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар,жұптық тапсырмалар,ойын тапсырмасы,кері байланыс,стикер. |
Сабақтың құрылымы | І. Ақпарат блогы.(8 мин. 3 слайд) ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы.(4 мин. логикалық сұрақтар) ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы.(15 мин. деңгейлік тапсырма) ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы.(10 мин.топтық тапсырма) V. Күтілетін нәтиже блогы.(3 мин) |
Оқыту әдісі: «АКТ» «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық». Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы: Бақылау-сынақ сабағы. Танымдық тапсырмалар: Сабақтың ЖБЕА блогында беріледі. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін , суреттерді пайдаланып сұрақтарға жауап беру; Өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Оқушыда дағды қалыптастыру: Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу. Негізгі ұғымдар мен терминдер: ай,күнтізбе. Ақпарат көздері: Интернет желісі, Оқулық. Сабақты бағалау: Оқушының оқу іс-әрекеті деңгейіне байланысты бағаланады. |
І. Ақпарат блогы. |
1-слайд. Апта күндері. -Аптада неше күн бар? -Апта күндерін атап беріңдер. -Бүгін аптаның қай күні? -Ертең аптаның қай күні? -Жексенбі аптанын қай күні? -Аптаның қай күндері сендер демаласыңдар? -Мен ертегілер кітабын тура 1 апта оқыдым. Мен ертегілерді неше күн оқыдым? (ҚБ) 2-слайд. -Балалар, сендер ертегі тыңдауды жақсы көресіңдер ме? Мен қазір сендерге ертегі айтып берейін. Ерте,ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Жыл деген ата болыпты.Атаның төрт қызы болыпты.Қыздарының есімдері -Көктем,Жаз,Күз және Қыс екен.Олардың әрқайсысының үш-үштен ұлдары болыпты.Көктемнің ұлдары-Наурыз,Сәуір,Мамыр.Жаздың ұлдары-Маусым,Шілде,Тамыз.Күздің ұлдары-Қыркүйек,Қазан,Қараша.Қыстың ұлдары-Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан екен. 3-слайд. Жаңа білім Интерактивті тақтадағы сөздерге назар аудару. Ай-ұзақ уақыт аралығы. Онда төрт апта және бірнеше күн болады.Айлар бірінен кейін бірі ретімен келеді.Күндердің апта және ай бойынша ретімен жазылуын «күнтізбе» - деп атайды. Бір аптада неше күн бар?7 саны туралы не айта аласыңдар?Әр аптада 7 күн болса,4 аптада неше күн болады?Қаңтар айында неше күн бар?31 саны неше таңбалы сан? 31 санында неше ондық және неше бірлік бар? 30 санында неше ондық бар? 4-слайд Сергіту сәті. Апта күндеріне арналған ән айту. Кеше қай күн-Дүйсенбі, Бүгін қай күн-Сейсенбі, Ертең қай күн-Сәрсенбі, Оят онда Бейсенді, Оят онда Жұманы, Сабағынан қалмасын, Нашар баға алмасын. 5-слайд.Жұптық жұмыс: Сәйкестендіру І- топ: Көктем мезгіліне жататын айларды сәйкестендір. ІІ- топ:Жаз мезгіліне жататын айларды сәйкестендір . ІІІ- топ: Күз мезгіліне жататын айларды сәйкестендір . ІV-топ: Қыс мезгіліне жататын айларды сәйкестендір. (ҚБ) -Міне, балалар сендердің арқаларыңда әр мезгілге жататын айларды анықтадық. 6-слайд.Топтық жұмыс: Қаңтар айының күнтізбесі.Әр топқа қаңтар айының күнтізбесі беріледі.Оқушылар күнтізбеден мұғалімнің қойған сұрақтарына топ болып жауап береді. Сұрақтары: 1.Оқушылар сендер сабақты қаңтар айының нешесінде бастадыңдар? 2.Талғаттың туылған күні-9 қаңтар. 3.Оқушылар сенбі,жексенбі күндері дем алады. 4.Қаңтар айы нешесінде аяқталады? (ҚБ) |
ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы. |
Ойын. «Менің туған күнім».Тақтада айлардың тізімі ілінген.Оқушылар ай аттары жазылған параққа стикер жабыстырады.Жұмыс соңында қай айда қанша оқушының туған күндері бар екендігін анықтайды. Топтар бір-бірін бармақ көрсету арқылы бағалайды. |
Дәптермен жұмыс. 1.Күнтізбе парақтарына ай аттарын жаз. 2.Сұрақтарға жауап бер: 1.Қазір қай ай? 2.Келесі ай қай ай? 3.Үш айдан кейін қай ай болады? 4.Сенің туған күнің қай айда? 5.Қазақстандықтар қай айда Тәуелсіздік күнін атап өтеді? |
ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы. |
-Апта дегеніміз не? -Ай дегеніміз не? |
ІV. Интеллектуалдық тренинг блогы. |
Сен білесің бе?Жұдырық арқылы бір айда қанша күн барын күнтізбесіз де білуге болады. Саусақ сүйектерінің көмегімен әр айдағы күн санын анықтауды үйрену. Күнтізбесіз айдағы күндер санын анықтау үшін,саусақтағы сүйектердің ретімен айларды санаймыз.Санау кезінде алақаныңды жұмып, жұдырығыңды түйесің.Содан кейін солдан оңға қарай, сүйектерден бастап санайсыңдар.Яғни, бірінші ай қаңтар- бұл айда 31 тәулік бар.Содан соң екінші ай –ақпан. Ол саусақ сүйектерінің арасындағы шұңқырға сәйкес келеді.Яғни 30 күндік ай деген сөз.Бірақ ақпан айында 28 немесе 29 тәулік бар.Үшінші ай сүйекке түседі.Бұл айда 31 тәулік бар, төртінші ай-шұңқырға түседі.Бұл айда 30 тәулік бар.Осылайша 9 айды оқушыларға саусақ сүйектері арқылы санауды көрсету. 1-топ. 2-топ. 3-топ. 4-топ. |
V. Күтілетін нәтиже блогы. |
Бағалау.Бағдаршам арқылы кері байланыс жасау. Жасыл түс -түсіндім Сары түс -маған көмек керек Қызыл түс -түсінбедім. |