Просмотр содержимого документа
«Аяулы анашым т?рбие са?аты »
Асхат: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көркем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Сәлеметсіздерме ме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар. Сіздерді 8 наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!
Ажар: - Білесіңдер ме, балалар ана деген керемет асыл Жанды, менің анам
кішкентай кезімде, не айтсам соны алып беріп, түн ортасында
шөлдесем шырын беретін. Бүгінгі аналарға арналған мерекемізді
әнмен бастайық.
Ән: «Мерекеңмен»
Еркебұлан: Жыл басы Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Тоқжан: Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар ма екен?!
Нұрислам: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай,
Құлпыра өсіп демалам,
Құшағыңда қысылмай.
Бекзат: Біліп тұрсың Жан анам,
Міндеті үлкен ботаңның.
Күштісі сол баладан,
Ана менен Отанның.
Сағым: Жердегі бар тағамнан,
Ана суті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам бар ма екен?
Медет: Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Аружан: Мейірімді жібектей,
Күндей ыстық құшағы.
Ет жүрегі елжіреп,
«Құлыным» деп құшады.
Әлихан: Менің әжем гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін,
Нағыз ана тілі әжем.
Көрініс: «Әже мен немере»
Белі бүгіліп, бойындағы бар күшін тауысқан қарт әже еңкейе басып жүріп келеді. Мұны көріп, алдынан жүгіріп шыққан немересі: - Әже, айтыңызшы, не іздеп жүрсіз? Бір нәрсе жоғалтып алдыңыз ба?
- Иә, балам, жастығымды жоғалтып алып, соны іздеп жүрмін, - деп әжесі жерге еңкейе түсті. Сонда немересі қарсы алдына келіп, тұра қалады да:
- Жоғалтқаныңыз алдыңызда тұр ғой, әже! – деді.
- О, құлыным! ... Менің жастық шағым сен екенсің ғой,- деп мейірлене бетінен сүйеді әжесі.
Алина: Анам менің, асыл жан
Құшағы нұр шашылған.
Күн секілді күледі,
Сипап ылғи басымнан.
Иманғали: Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Меруерт: Ана біздің күніміз
Біз ананың гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Айболат: Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін
Ойын:«Шарды ұяға кіргізу».
Алина: Сүйемін туған тілді- анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Ернар: Үмітімдей көзіме,
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзімде
Ертеңіңіз тұр күліп.
Ән: «Мысығым»
Амина: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Жасұлан: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз,
Сәуле шашқан әсем күндей,
Көтерілсін көңіліңіз.
Би: «Кел, билейік».
Тоқжан:Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп
Аман есен жүр әжем
Өлең: «Көктем»
Қар, мұз еріп су көбейіп,
Сай салада ағады
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып
Жер гүл шашақ тағады.
Айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тиянақтау. Аңдардың аттарын, балаларын атай білуге үйрету. Осы аңдарды, табиғатты қамқорлауға, аңдарға деген сүйіспеншілікке баулу. Тақпақтарды айтқыза отырып еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдерін дамыту.
Көрнекілік құралдар: үлгі суреттер, ойыншық аңдар, құстар, шыршалар.