kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Адасқан құмырсқа» ертегісін сахналау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: «Коммуникация» «Шығармашылық», «Әлеуметтік»                                                                                                                          

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Драма»                                                                       

Тақырыбы: «Адасқан құмырсқа» ертегісі                                                                                                                                                      

Мақсаты: Достық қарым – қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру. Тіл байлықтарын жетілдіру, сөйлеу барысында сұрақ қойып, оған дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Ертегіні әр түрлі театр түрлерімен сахналауға деген қызығушылықтарын ояту. Қамқорлыққа, мейірімділікке, достыққа, сахна мәдениетіне тәрбиелеу. Балалардың бойына эстетикалық талғам қалыптастыру.                                                                                                   

Көрнекіліктер: Ертегі мазмұнын сахналау, үстел  үсті театры, көлеңке театры, слайд.                                                                                                                                                                             

Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ғажайып сәт, ойын.                                                  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Адасқан құмырсқа» ертегісін сахналау»

«Адасқан құмырсқа» ертегісін сахналау

Күні: 17.11.2017ж Тобы: «Қызғалдақ» ортаңғы Білім беру саласы: «Коммуникация» «Шығармашылық», «Әлеуметтік» Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Драма» Тақырыбы: «Адасқан құмырсқа» ертегісі Мақсаты: Достық қарым – қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру. Тіл байлықтарын жетілдіру, сөйлеу барысында сұрақ қойып, оған дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Ертегіні әр түрлі театр түрлерімен сахналауға деген қызығушылықтарын ояту. Қамқорлыққа, мейірімділікке, достыққа, сахна мәдениетіне тәрбиелеу. Балалардың бойына эстетикалық талғам қалыптастыру. Көрнекіліктер: Ертегі мазмұнын сахналау, үстел үсті театры, көлеңке театры, слайд. Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ғажайып сәт, ойын. Билингвальды компоненттер: Құмырсқа-муравей-unt;

Ара – пчела – bee.

Көбелек-бабочка- Butterfly;

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті


Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Қонақтармен сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме!

Здравствуйте!

Good morning


«Нағыз дос болайық» ойыны.

Шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрып, өлең жолыңда жақсы қасиеттер аталғанда, алға бір қадам жасайды, қуанышын білдіріп қол соғады. Достықтың жараспайтын сөздерін атағанда, керісінше артқа қарай бір қадам жылжиды, «Біз де ондай бала жоқ деп айтады».













Ізденуші-ұымдастырушы

Ғажайып сәт.

(Тікұшақ ұшып келеді. Тікүшақпен театрға билет келеді)

Тәрбиеші: Бұл не керемет! Бізге тікұшақ ұшып келеді ғой.Бұл не екенін көреміз.

Мұнда хат бар екен.

Қәне оқимыз!

«Құрметті бүлдіршіндер! Сендерде бүгін ерекше күн екенін мен сиқырлы айнамнан көрдім. Сендер ертегіні жақсы көреді екенсіңдер! Сондықтан сендерге арнайы сыйлыққа театрға билет беріп жібердім. Сәлеммен: Ертегі Ханшайымы!»

Тәрбиеші: -Алақай, керемет болды ғой! Рақмет сізге, Ертегі Ханшайымы!

Мінекей балалар театрға билет қолымызда, барамыз ба?

-Әрине барамыз!

-Театрға бармас бұрын, театр туралы әңгімелесеміз.

-Біз тұратын қала – «Қызылорда» деп аталады. Біздің қалада демалатын мәдениет орындары, драматеатры бар.


«Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры»

  • Нартай Бекежанов – 1890 жылы 26 наурызда Шиелі ауданында дүниеге келген. Ақын, айтыскер, халық әндерін шебер орындап, өзі де ән шығарған.

А.Тоқмағанбетов атындағы және М.Ералиева, С.Майқанова атындағы мәдениет үйлері бар.

  • А.Тоқмағанбетов – 1905 жылы 19 қыркүйекте Тереңөзек ауданында дұниеге келген. Ол жазушы, лирикалық ақын болған.


  • С.Майқанова – 1914 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Қазақ мемлекеттік драма театрына әртіс болып қабылданды.

  • М.Ералиева – 1954 жылы 02 тамызда Қазалы ауданында дүниеге келген. Ол – эстарада әншісі, педагог, профессор болған.

-Театрға кіргенімізде театр қызметкерлерімен амандасамыз.

-Театр дегеніміз – ойын-сауық түрлері көрсетілетін орын.Театр өнеге көзі, тәрбие ошағы. Театр нағыз өнердің ордасы.Ал, мұндай киелі де рухани ордада мәдениет сақтамау әбестік.


Театр мәдениетінің ережесі:

1.Қойылымға уақытынан бұрын кешікпей келу керек.

2.Өзіңді өзің жөнге келтіріп келу керек.

3.Билетте көрсетілген орында отыру керек.

4.Қойылым кезінде тыныштық сақтап,қошемет көрсетіп отыруымыз керек.

Әртістің қуанышы – халқының қошеметіне бөлену.


Ал балалар театрға баруға дайынбыз ба?

Екі-екіден қолдарынан ұстап, өздеріңді ретке келтіріп алыңдар.


-Ендеше балалар билетті қолымызға алып тексерушіге береміз.

(театрға келеді, билетті тексертеді)


Сахна. Қазақ сахнаны киелі санайды. Көрерменге ой салар жері осы.Сахнаның безендірілуі қойылымға байланысты безендіріледі. Сахнада арнайы шымылдығы болады.Сахналық шымылдықтың арғы жағында әртістер дайындық жасайды. Онда кез-келген адам өнер көрсете алмайды.Сахналық қаhарманның мінезін жасайтын адамды –әртіс деп атаймыз.Кез-келген ортаның өз бағынатын заңы немесе мәдениеті болады.


-Құрметті көрермендер! Театрға қош келдіңіздер! Бүгін сіздер сахнадан «Адасқан құмырсқа» ертегісін көріп, тамашалайсыздар!


(Сиқырлы әуен) Сахнадан көңілді әуен естіліп тұрады.

Ертеде бір құмырсқаның илеуі болыпты. Сол жерде құмырсқалар тынымсыз еңбек етіпті. Олар бір-біріне дос, бауыр екен. Достықтары сонша, араларынан қыл өтпейтін тату екен. Соның ішінде біреуі кінәмшіл, өзімшіл болыпты. Өз айтқанынан қайтпайтын, бірбеткей, кекшіл болыпты.

(сахнада көңілді әуен басталады да, көбелек ұшып кіреді, олардан соң бірінің артынан бірі дән көтеріп, құмырсқалар келеді)

1-құмырсқа: Ой достар! Қалған дәндерді тасып алсақ, біз қыстан аман шығамыз.

2-құмырсқа: Иә, барлығы да еңбектің арқасы.

3-құмырсқа: Достарым сендер білесіңдер, сендерді қалай жақсы көретінімді.

1-құмырсқа: «Бәріміз біріміз үшін, достығымыз ажырамас үшін».

(Бір бірінің қолының үстіне қолын қояды)

Автор: Иықтарына бидай сабағын салған үш құмырсқа келе жатады. Кенет жерге отыра қалып:

Аяғым, аяғым деп жылаған үшінші құмырсқаның дауысы шығады. Барлығы бидай сабағын жерге қояды.

1-құмырсқа: Саған не болды, айтшы?

3-құмырсқа:«Аяғым – ай, аяғым» деп жылай береді.

2-құмырсқа: Жылама саған не болды?

3-құмырсқа: Сенің көзің жоқ па? Аяғымды басып – мыжып кеттіңғой!

1-құмырсқа: Мен... мен байқамай қалдым!

2-құмырсқа:Қане аяғыңды басып көрші. Ештеңе етпейді. Ол әдейі басқан жоқ қой.

3-құмырсқа:Жоқ-жоқ мен сендермен дос болмаймын. Ол аяғымды әдейі басты!

2-құмырсқа:Олай деме достым. Әлі ақ жазылып кетесің. Сенікі дұрыс емес, өзің кешірім сұра!

3-құмырсқа: Ә, сендер бірігіп алып, мені кінәлап отырсыңдар ма? Олай болса мені жақсылап тыңдап алыңдар, Мен сендермен дос болмаймын! Кетемін. Енді сендерге қайтып келмеймін. (кетіп қалады)

1-құмырсқа:Енді не істейміз ол қайтып келмейді. (жылайды)

2-құмырсқа: Жылама, дос керек болса, өзі-ақ кінәсін түсініп келер (бір біріне қарап) Амал қанша.

Бидай сабағын көтеріп, сахнадан шығып кетеді.

3-құмырсқа: (көңілсіз әуен ойналады,басы салдырып, құмырсқа кіреді) –Енді не істеймін? Кіммен дос боламын? Тастың үстіне отыра кетеді. «Танец бабочек» әуеніне

Көбелек ұшып, билеп келеді.


Көбелек: Сен неге көңілсізсің? Сенің достарың қайда?

3-құмырсқа: Мен достарыма өкпелеп кетіп қалдым.Олармен енді дос болмаймын.Сен менімен дос болшы.


Көбелек: Жарайды дос болайық!

«Танец пчелка» әуені

Гүлдерге қонып, бал жинап жүрген араны көріп:

3-құмырсқа: Ара, менімен дос болшы, мен жалғыз қалдым.


Ара: Иә, мен дос боламын, енді жалғыз емессің.

3-құмырсқа: Алақай! Мен достар таптым, достар таптым! (үшеуі қолдарын ұстасып айналады)

Ара: Құмырсқа, мен енді гүлдерден шырын жинайын.

Көбелек: Мен де өз жұмыстарыма кетейін.

3-құмырсқа: Мен де, еңбек етейін.

Автор: Құмырсқа келе жатып, бір үлкен дән тауып алады да, көтере алмайды.

Ара досынан көмек сұрайды.

3-құмырсқа: Ара досым мен дәнімді көтере алмай жатырмын, көмектесші.

Ара: Көрмей түрсың ба, мен жұмыс жасап жатырмын ғой.

Автор: Көбелек досына келеді.

Көбелек: Менің уақытым жоқ, көмектесе алмаймын.

Автор: Көбелек өз жұмысын жалғастырып, ара гүлдерден шырын жинап, залдан шығып кетеді.Сахнаға құмырсқаның ұялас достары келеді (көңілсіз әуен ойналады).

3-құмырсқа: Ой достарым, -деп мүңаяды.

1-құмырсқа: Сен неге көңілсізсің?

3-құмырсқа: Мен сендерден кеткелі ара, көбелекпен дос болдым. Бірақ олар дәнді көтеруге көмектеспеді.

1-құмырсқа: Қәне, көрсет.

2-құмырсқа: Біз көмектесейік.

3-құмырсқа: Рас па, жүріңдер ендеше!

(көңілді әуен ойналады).

Автор: Барлығы 1, 2, 3-деп дәнді көтеріп залдан шығып кетеді де, қайта кіреді.

3-құмырсқа: Достарым, сендер мені кешіріңдерші менен бір ағаттық кетті. Мен енді қайталамаймын. Мені қайта өздеріне дос етіп алыңдаршы. Жақсы дос болуға уәде етемін.

2-құмырсқа: «Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді».


1-құмырсқа: Жарайды, біз сені өзімізге қайта дос етіп аламыз.

Орындарынан тұрып, қол шапалақтайды.


-Ал, балалар енді екі – екіден қол ұстасып, тобымызға қайтамыз.

(топқа келді)


Сұрақ – жауап:

-Балалар, біз театрдан қандай ертегіні тамашаладық?

-Ертегі не туралы болды?

-Құмырсқа достарына неге өкпеледі?

-Құмырсқа нелермен дос болды?

-Көбелек пен араның іс-әрекеті дұрыс па?

-Құмырсқаға керек кезінде нелер көмектесті?

Билингвальды компоненттер:

Құмырсқа-муравей-unt;

Ара-пчела-bee;

Көбелек-бабочка- Butterfly.


-Балалар театрдан көріп, тамашалаған ертегімізді, өзіміз екі топқа бөлініп, театр түрлерімен сахналап көрсетеміз.



1-топ: Үстел үсті театры;

2-топ: Көлеңке театры.
























Балалар жауабы.






















































































































































































































































Балалар жауабы







Билингвальды компоненттер:

Құмырсқа-муравей-unt;

Ара-пчела-bee;

Көбелек-бабочка- Butterfly.


Рефлексивті-коррециялаушы

Қорытынды:

«Менің көңіл – күйім» ойыны.

Шарты: Балаларға сұрақ қойылады, сұрақтарға көңілді немесе көңілсіз бейнелер арқылы жауап береді.

- Балалар құмырсқа өз илеулестеріне өкпелеп кеткенде көңіл күйі қандай болды?

-Ал, жаңа достары көмектеспеген кезде көңіл күйі қандай болды.

-Ал, өз илеулестері көмектескенде, көңіл күйі қандай болды?

-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегі несімен ұнады?

Балалар бүгінгі күн ерекше болды, иә?

Театрға барып, ертегі қойылымын тамашаладық. Театрда барлығымыз жақсы отырып, тәртіпті, мәдениетті екенімізді көрсете білдік. Сол ертегіні өзіміз сахналадық.


Достарымызға көмектесіп, қамқор, адал болуды үйрендік.


Достық қиындықта сыналады. Достар әркезде өзара түсінісіп, бір-біріне көмектессе, осындай достықты шынайы, адал достық деп айтамыз.


Мақтау, мадақтау.

Жарайсыңдар, рақмет сендерге! Әрбір күндерің сәтті өтсін!









Балалар іс – қимылы мен жауабы.



Күтілетін нәтиже:

Нені білді: мәдениет орындарында өздерін ұстай алу, достарына үнемі қолдау жасап, қамқорлық көрсетіп, көмектесуді;

Нені үйренді: ертегіні сахналауға, әртістік бейімділікті, театры өнері туралы мағлұмат алуды, достар қиындықта сыналатынын;

Нені игерді: мәдениетілікті, адамгершілікті, бір-біріне адал, шынай дос болып, әрқашан көмектесіп, қажет нәрселерімен бөлісетін нағыз достар болуды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Адасқан құмырсқа» ертегісін сахналау

Автор: Жолдыбай Зарухан Күмісбекқызы

Дата: 29.10.2018

Номер свидетельства: 482612


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства