kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Адамгершілік-асыл қасиет" баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біздің педагогика ғылымында тәрбиені бірнеше бағытқа бөледі, олар: қазақстандық патриотизммен азаматтық тәрбие, рухани – адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық, талғам, этникалық және отбасылық өмір мәдениеті. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Адамгершілік-асыл қасиет" баяндама»

Баяндама: «Адамгершілік - асыл қасиет»


Біздің педагогика ғылымында тәрбиені бірнеше бағытқа бөледі, олар: қазақстандық патриотизммен азаматтық тәрбие, рухани – адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық, талғам, этникалық және отбасылық өмір мәдениеті. Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім  мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір – қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез – құлық нормаларын рухани – адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру – үлкен қажеттілік. Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден – бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік – рухани тәрбие беру. Рухани адамгершілік тәрбиесі оқушылардың қоғамға, отбасына, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Қазіргі кезде ұстаздар қауымының алдында тұрған міндет жастарға рухани тәрбие беру және осы мақсатты ұлтымыздың ұлы ғұламаларының рухани мұраларын жаңғырту, рухани құндылықтарымызды басшылыққа алу. Рухани - адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан, ол ата – аналарының, педагогтарының балалрға белсенді ықпалын, екінші жағынан тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым – қатынастарынан көрінеді. Ұлы бабамыз Әл – Фараби «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған – тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар – ождасы таза болады» деген. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас бала рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық деп атап көрсеткен. Тәлім – тәрбие берудің басты саласының бірі – ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын – жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу ХІХ ғасырдағы қазақтың ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар – намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ету, еліңді, жеріңді жаудан қорғауға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ақындары, ойшылдарының кемеңгерлік ой – пікірлерін оқу тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы - жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу – әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт – дәстүрлерді, әдет – ғұрыпты жан – жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Жетілген мінез – құлық үш нәрсенің – жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегімен тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізетті өшпес дәстүрге айналған. Тәрбие негізі ең алдымен жанұяда қалыптасатындықтан балаға ата – анадан артық тәрбиеші жоқ. Ата – ананың басты міндеті – баласын адам етіп шығару. Ата – ананың болашақ тәрбиесі үшін, жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата – ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы – балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе, соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені – ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ. Ұлы ақын Абай адамгершілік, әдептілік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Оның бірінші қоятын талабы – мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы қылықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана адам парасатты болады. Абайдың қоятын екінші талабы – тұрақтылық, «Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын» дейді. Үшінші талабы – әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті – дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет етуі. Ұлы Абайдың айтуынша, адамгершілік – махабат пен әділдік, олар барлық нәрседе болады және бәрін шешеді. Яғни, рухани тәрбие – адамдарды адамгершілікке, білімге, еңбек пен имандылыққа, бір сөзбен айтқанда жан дүниелерінің сұлулығына тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиешінің алға қойған мақсаты – оқушының бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халықтың әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін, халықтың тілін білетін, адамгершілік қасиеті мол, рухани байлығы мол азамат тәрбиелеп өсіру. Тәрбиенің негізгі мақсаты – оқушылардың елжандылыққа және азаматтық жауапкершілікке, жоғары адамгершілік құндылықтарға, олардың біліктілік қабілеттерін, денсаулық сақтау ортасын отбасы мен әлеуметтік тұрғыда құзыретті тұлға қалыптастыру.Оқушыларды тәрбиелеу үшін, олардың ар – ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Өз тобымда «Біз - тәуелсіз елдің ұланымыз», «Жас батыр» сайысы, «Адамшылық шуағы сөнбесін», «Үлкенге сый құрмет, кішіге жол көрсет», «Имандылық инабаттылық мұраты», «Отбасы – тәрбие бастауы», «Достық деген не?», «Сенім, бірлік, ұйымшылдық», т.б. сайыстар, пікірталастар, тәрбие сағаттар өткіздім. Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұланымызды Отанды қадірлеп қорғай білуге, адамгершілік қасиеттері мол патриот болуға тәрбиелейді. Рухани – адамгершілік тәрбиесінде оқушыны адалдылыққа, әділдікке, кішіпейілділікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата – ананың да  болашағы зор болмақ. Тәрбиенің түпкі мақсаты – шәкірттің рухани өсуіне жол ашу, ал рухани өсу дегеніміз – кісілік қасиетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, саналы өмірге араласу сезімдерін қалыптастыру, себебі «ел санатымен танылады, ұрпағымен жалғасады». Міне, осы тұрғыда қазақ  даналығы – тәрбие көзі деуге болады. 


Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып отыр. Бұрынғы кезде білім беру саласында білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білім сапасымен бірге оқушының рухани, ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде. Сабақ барысында ұсынылып отырған тақырыбымыздың бірі - адамгершілікке баулу. Баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіру – өміріміздің мәні, сәні, салтанаты, мархабаты, мәртебесі. Өйткені, баланың әдепті өсуі, ұядан көрген тәрбиесімен қоса, мектептен алған тәрбиесіне де байланысты.

Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып отыр. Бұрынғы кезде білім беру саласында білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білім сапасымен бірге оқушының рухани, ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде. Сабақ барысында ұсынылып отырған тақырыбымыздың бірі - адамгершілікке баулу. Баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіру – өміріміздің мәні, сәні, салтанаты, мархабаты, мәртебесі. Өйткені, баланың әдепті өсуі, ұядан көрген тәрбиесімен қоса, мектептен алған тәрбиесіне де байланысты.
Халықтың әріден келе жатқан тәлім-тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізіп отырған жандардың бірі - тәрбиешілер қауымы. Мектеп-интернатымыздың балалары көп уақытын үйден тыс, яғни мектепте өткізеді, сондықтан да зағип жанды балаларымызды ізгілік, кішіпейілділік, адамгершілік қасиеттерге баулитынымыз анық. Жақсы-жаман әрекеттерді ажырата білуге үйретеміз.
Мектеп-интернатымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларымызды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогиканы, қашан да халық тәрбиесін үлгі етіп ұстаймыз. Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы - осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаларымыздың бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік іргетасын қалағанымыз.
Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені, адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Зағип жанды балаларымыздың мінез-құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін құдіретті қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі болып табылады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде алдыма қойған мақсатымның бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. “Біз тәрбиелеп отырған ұлдарымыз бен қыздарымыздың өмірі жарқын, болашағы айқын болсын!” дегім келеді. “Біздің мәпелеген талымыз түзу өссін!” - деп, ақын ағаларымыздың өлеңдерімен қорытындылаймын:
Адам бол, адам,
Адам бол, адам!
Адам - әлем бөлшегі,
Адам бол, адам!
Сұлу бол, адам,
Жылу бол, адам!
Биікте бол, адам,
Сүйікті бол, адам!
(Ж.Молдағалиев).
Адам - ғалам ғажайып, жеке-дара,
Жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді-өзің танысаң, істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
(Ақжан Әл-Машани).
Иә, асыл қасиетті бойға дарыту үшін ең әуелі өзіңді-өзің тани біл, шәкірт!
Л.Саймасаева,
облыстық соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешісі

 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Адамгершілік-асыл қасиет" баяндама

Автор: Идьятова Сабира Елтаевна

Дата: 03.11.2016

Номер свидетельства: 354828


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства