kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абайла, ба?даршам!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жолда ж?ру ережелеріні? белгілері ж?не мазм?нды суреттер ар?ылы ??гімелесу.Балаларды? жолда ж?ру ережелері туралы білімдерін ойындар ар?ылы бекіту. Негізгі ережелерді орындап ж?руге ?йрету.Балалар перфокартамен "Жол полициясы мен к?лігі" ж?мыс жасайды.Балаба?шаны? орта??ы тобына арнал?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абайла, ба?даршам! »

Тақырыптық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық

картасы. Ортаңғы тобы.

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Абайла, бағдаршам!»

Мақсаты:Жолда жүру ережелерінің белгілері және мазмұнды суреттер арқылы әңгімелесу. Балалардың жолда жүру ережелері туралы білімдерін ойындар арқылы бекіту. Негізгі ережелерді орындап жүруге үйрету.

Әдіс-тәсіл: әңгімелесу, суреттер бойынша пікір айту және ойындар ойнау.

Көрнекіліктер: суреттер, белгілер және ойындарға қажетті құралдар.

Қостілділік: Бағдаршам-светофор- traffic lights; жол-дорога- road; қызыл-красный- red; сары-желтый- yellow; жасыл-зеленый- green.

Мотивациялық қозғаушы:

Топқа Тазша баладан сиқырлы сандық келеді.

Сандықта жұмбақтар, ойындар бар екен, Тазша бала жұмбақтың шешуін тауып, ойындарды ойнап жолда жүру ережелерін еске түсіруді өтініп хат жазып салыпты.

Балалар жұмбақтың шешуін тауып, ойындарды ойнауға келіседі.

Іздену –ұйымдастырушы:

Үш көзді батыр,

Жол көрсетер батыл.

Үш көзі үш түрлі,

Қызыл,сары, жасыл.

Балалар: - Бағдаршам.

Бағдаршам-светофор- traffic lights

Балалар үштілде айтылуын қайталайды.

Бағдаршамның екі түрі болады. Жаяу адамдарға және машина жүргізушілеріне арналған бағдаршам болады. Жаяу адамның бағдаршамы – екі түстен (қызыл, жасыл), ал екіншісінде қызыл,сары, жасыл үш түс болады.

  • Ал, көлік жүргізушісі осы үш түсті бағдаршамның қай түсінде жүріп, қай түсте тоқтайды ?

  • Қызыл-тоқтайды, сары-дайындалады, жасыл-жүреді.

  • Ал, жаяу адамдар ше?

  • Қызылда-тоқтап тұрады, жасылда – жүреді.

  • Дұрыс, айтасыңдар.

Ойын: «Бағдаршам»

О.шарты:

Жасыл – адымдау.

Сары – алақанмен шапалақтау.

Қызыл – тізерлеп отыру.

Балалар түстерді қарап тұрып, орындайды.

Ойын: «Болады - болмайды»

1.Жылдам жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіруге .... болмайды.

2.Жер асты жолымен өтуге ... болады.

3.Жаяу адамдарға арналған бағдаршамның қызыл түсі жанғанда, жүруге... болмайды.

4.Көліктің артынан велосипед тіркеп жүруге ... болмайды.

5.Теміржолдан жаяу өтуге ... болмайды.

6.Қаланың кез-келген көшесінде бағдаршам ... болады.

Балалар «Болады», «Болмайды» жауаптарын айтып ойнайды.

Арқаным тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Балалар: - Жол.

Жол – дорога – - road.

Үштілде қайталап айтады.

Ойын: «Түрлі-түсті автомобильдер»

О.ш: Тәрбиеші түрлі-түсті жалаушалар ұстап, кезекпен көтереді. Мысалы; қызыл түсті көтерсе қызыл түсті рөл ұстағандар көлік айдап жүреді. Осылайша түстер кезекпен көтеріледі.

(балалар көрсетілген түстер бойынша рөлдерін қозғап жүреді)

Тапсырма: «Жол белгілері»

Қызыл түстер – ескерту, тыйым салушы.

Көк түс – сілтеуші, рұқсат беруші белгілер.

Екіге бөліп ажырату.

(балалар үстелде орындайды)

Перфкартамен ойын:

«Жол полициясы мен көлігін көрсету»

Мамандық түрлері мен көліктерінің суреттері берілген, соның ішінен полиция мен көлігін тауып қоршап көрсету.

(әр балаға перфкартамен жұмыстануға суреттер, фломастер беріледі, жеке орындайды)

Қостілділік: Бағдаршам-светофор- traffic lights; жол-дорога- road; қызыл-красный- red; сары-желтый- yellow; жасыл-зеленый- green.

Балалар тәрбиешіден соң барлығы, жеке қайталайды.

Рефлексивті –түзетушілік:

  • Балалар біздер кімнен келген ойын, тапсырма, жұмбақтардың шешуін тауып орындадық?

  • Тазша баладан.

  • Қандай ойындар ойнадық?

  • Бағдаршам, көліктер, жол белгілері.

  • Бағдаршамның неше түрі бар?

  • Екі түрі бар, жаяу жүргіншілерге, жүргізушілерге арналған бағдаршам.

  • Бағдаршам түстерін атап бер?

  • Қызыл,сары, жасыл.

  • Жаяу адамдар жүретін жолды не деп атайды?

  • Тротуар.

  • Жолда жүру ережесінің бұзылмауын бақылап тұратын адамды кім деп атайды?

  • Полиция.

  • Жол белгілер неше түрге бөлінеді?

Ұмытпа жүру тәртібін,

Ойыншық көрмей сен оны.

Бағдаршамның ережесін,

Бұзбай өтіңдер, балалар! – деп Тазша бала естелікке бағдаршамның суретін беріп жібереді.

Балалар Тазша баланың сыйлығына қуанып, алғыстарын айтады.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: бағдаршамның түстерінің маңызы мен пайдасы жөнінде біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Жолда жүру ережелері туралы мәліметтерді меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жол белгілері мен ережелерді суреттер, ойындар және өз көргендері бойынша айтып беру.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Абайла, ба?даршам!

Автор: Ельжанова ?міт ?айыр?али?ызы

Дата: 11.08.2015

Номер свидетельства: 225000


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства