Ұйымдасыру-іздесіру | Орманда сайрап жатқан құстардың дыбысы естіледі. Балалар, мен бүгін балабақшаға келе жатсам алдымнан қоян шығып, орманда көктем мезгілінің жылы лебін суық, қатты жел жібермей тұрғанын айтты. Біздің көктеміміз қояннан көмек сұрапты. Балалар, біз көктемге көмектесе аламыз ба? Қане, олай болса көмектесуге тырысып көрейік. Көктемнің жылы лебі қаламызға келу үшін «көктемнің» қоян арқылы беріп жіберген тапсырмаларын орындап көрейік. Көмектесуге дайынбыз ба? -Қане балалар есімізге түсірейікші, көктем мезгілі қай мезгілден кейін және қай мезгілдің алдында келетін еді? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Көктем мезгілінің айларын атап бер. -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Балалар, көктемнің бірінші тапсырмасы мынандай екен: Сурет бойынша әңгіме құрастырып беріңдер дейді. -Балалар жетекші сұрақтардың көмегімен шағын әңгіме құрастырады. -Бұл суретте қандай мезгіл бейнеленген? -Мына балаларға ат қойып, олардың қандай еңбек етіп жүргендерін айтып көрейік. -Олар қалай киінген? Т.с.с Жарайсыңдар балалар, ендеше көктемнің екінші тапсырмасына назар аударайық. -Көктемде жануарларда қандай өзгерістер болады? -Ал жануарлар қайда өмір сүреді? -Олай болса «Орман» деген сөзге дыбыстық талдау жасайық. Алдымен дыбыс дегеніміз не, дыбыстар нешеге бөлінеді соны есімізге түсіріп көрейікші. -Орман деген сөзде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар? Дид.ойын: «Дауысты және дауыссыз дыбыстар» Барысы: Дауысты дыбысты айтқан кезде шапалақтайды, дауыссыз дыбыс болса аятарымен топырлатады. Балалар бойымызды сергітіп, әндетіп алайық. Сергіту сәті: Көктем келді құс келді, Күн ұзарып, түн қысқа. Көктем келді су ақты, Күннің көзі шуақты. Көктем келді гүл өсті, Көбелектер гулесті -2рет -Балалар көктемнің үшінші тапсырмасына назар аударайық. -Бір жылда неше мезгіл бар дейді? Дәптермен жұмыс. -Мына суретте төрт мезгілдің суреті бейнелен-ген. Осы суретке сәйкес мына жапсырмадағы жеміс ағаштарын жыл мезгіліне қарай өзгеруіне байланысты орналастырамыз. Көктемде бүршік жарып гүлдейді, жазда жеміс береді, күзде жемістері пісіп, жапырақтары сарғая бастайды, ал қыста аппақ қарға жамылып тұрады. -Екінші тапсырмаға назар аударайық, ненің суреттерін көріп тұрсыңдар? -Олай болса ең үлкен қолшатырды, ең кішкентай қолшатырмен сызық арқылы қосамыз. -Дәптердегі үшінші тапсырмада нелер бейнелен-ген? -Қандай фигуралар бейнеленген? -Олай болса осы геометриялық фигураларды санап, әр қатарда 9 болатындай етіп геометрия-лық фигураларды толықтырып салайық. -Жарайсыңдар, енді санап көрейік. | Балалар қоянның алып келген тапсырмасына назар аударады. -Көктем мезгілі қыс мезгілінен кейін, жаз мезгілінің алдында келеді. -Көктем мезгілінде үш ай бар. -Көктем мезгілінің айлары наурыз, сәуір, мамыр. -Күн жылынады, қар еріп суға айналады, ағаштар бүршік жарады, байшешек гүлі жарып шығады т.с.с -Бұл суретте көктем мезгілі бейнеленген. Ұл баланың аты Нұрәділ, қыз балалардың аттары Аружан және Аянат. Нұрәділ құстарға ұя жасап, ағашқа іліп жатыр т.с.с -Көктемде аюлар ұйқыларынан оянады, қояндар ақ тонын сұр тонаға ауыстырады. -Жануарлар орманда өмір сүреді. -Дыбысты естиміз, айтамыз. Дыбыстар екіге бөлінеді дауысты және дауыссыз. -Орман деген сөзде екі дауысты, үш дауыссыз дыбыс бар. -Балалар әндетіп, сергіту жаттығуын орындайды. -Бір жылда төрт мезгіл бар. Көктем, жаз, күз, қыс. -Жыл мезгіне байланысты жеміс ағаштарын орналастырады. -Қолшатырлардың суреті. -Геометриялық фи-гуралар бейнелен-ген. -Төртбұрыш, үш-бұрыш, дөңгелек. -Әр қатарда 9 фигура болатындай толықтырып салады. |