Мотивациялық қозғаушы | Қонақтар мен амандасу. Шаттық шеңбер: Көңілді ән; Біз балдырған баламыз. Тәрбиеші балаларға 1-5ке дейін санап берулерін сұрайды. Кәне балалар енді кері санап көрейікші. | Қонақтармен амандасады. -Әнді орындайды, көңілді көңіл күймен. Балалар 1-5ке дейін санайды. 5-4-3-2-1 |
Іздену-ұйымдастырушылық | Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді. Тапсырма сандарды ретімен қой; Кесілген сандарды қатармен қояды. Сергіту сәті. Жалғыз саусақ тіптіде, Ұстай алмас жіптіде. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ жол салсақ. -Суретте неше машина бейнеленген? -Сол санды касына қойамыз. Геометриялық фигураларды рет-ретімен атап беріңдер, балаларға фигураларды атап шығуын, олардың түсін ажырата білуін сұрайды. Тыныш балалар бізге бір қонақ келген сияқты , бізге күшік келіпті қонаққа тоңып қалыпты, ол қысқа дайындалмапты, тоңып қалыпты, күшік үйшік жасауды ұмытып қалыпты біз оған үйшікті геометриялық фигуралармен жасап көрсетейікші. Күшік балаларға қуанып мен сендерге әкелге сыйлығым бар, сендер маған үйшік жасауды үйреттіңдер сендерге көп-көп рахмет дейді. Ал балалар сау болыңдар. | Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді: Желіммен сандарға жағу арқылы, сандарды ретімен қояды. Балалар мәтін бойынша жаттығу жасайды. -Бір машинаның суреті бар -Бір санын қоямыз -Балалар фигураларды ажырата алады, түстерін біледі. Балалар таңданып күшікке қарайды, балалр қуана күшікке көмектеседі. Балалар бір-бірден шығып геометриялық фигуралар арқылы үйшітін жасалуын көрсетеді. Балалар сыйлықты көріп қуанады, күшікпен қоштасады. |
Рефлексивті-қорытындылау | Өзін-өзі бақылау және өзі жұмысқа баға беру. Балалар біз не жасадық? Тәрбиеші балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды. Сергіту сәті: Қол ұстасып тұрайық. Шеңберді біз құрайық, Көріскенше күн жақсы. Саусаламат болайық |
-Біз күшікке үйшік жасадық.
Тақпақты қайталайды, қимыл көрсетеді. |