Мотивациялық-қозғаушылық | Балаларды шеңбер бойына тұрғызу. -Балалар, бүгін біз сендермен театрға барамыз. -Сендер театрдың не екенін білесіңдер ме? -Ал театрда қалай отыруымыз керек? -Ережелерді есімізге түсірген болсақ жолға шығайық. «Орыныңды тап» ойыны Мақсаты: Сәйкес пішіннің қатарын, нөмері бойынша табу. Балаларға театрға кірер алдында әр түрлі пішінді цифрланған билеттер беріледі. Қатар – домалақ пішін Қатар- үшбұрыш Қатар- төртбұрыш Қатар- сопақша -Қатар- тіктөртбұрыш -Балалар, театрымызда неше қатар бар екен? -Ал әр қатарда неше орындықтан бар екен? -Оны қалай білдік? Қанеки қатарларды орысша, ағылшынша санап көрейікші. -Жарайсыңдар? | Балалар шаттық шеңберге тұрып бір-біріне көңіл-күй сыйлайды. Театрда өздерін тәртіпті ұстау керектігін естеріне салады. Өз орындарын қолдарындағы пішіндердің нөмеріне сәйкес орындарын тауып отырады.
5 қатар бар. Әр қатарда 5 орыннан бар. 1 ден 5 ке дейін орысша, ағылшынша атау. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Театрланған көрініс көрсетіледі. Ертеде орман ішінде бірнеше қабатты әдемі үй болыпты. (-Бұл үйдің неше қабаты бар екен санайықшы? ) Ол үйде мынадай бір таңба өмір сүріпті. (-Бұл ненің таңбасы? ) Бір ылғида нешінші қабатта тұрады екен? Оның өзімен бірге осы үйде мекен етіп жатқан достары болыпты. Олардың аты қалай деп ойлайсыңдар? (Бір-бірлеп қабаттар есігін ашып, цифрларды терезеге жабыстырып отырамыз) Сонымен олардың есімдерін есімізге түсірейікші. Біз оларды танимыз, солай емеспе? Олар күнде таңертеңгісін тұра салып, жаттығу жасағанды ұнатыпты. Қанеки бізде олармен бірге жаттығу жасап көрейікші. Сергіту сәті: Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. -Жарайсыңдар. - Бастапқы үш қабаттағы достар... Олар қайсылары? Иа солар орманға серуенге кетіпті. Қоян мен көжектерін көріпті. Неше қоян? Неше көжек бар екен? Қайсысы көп? Барлығы қанша? Ары қарай келе жатса, сарқырап ағып жатқан өзенді көріпті. Ол өзендегі көпір сынып қалған екен. Соны жөндеп ары өтпек болыпты. Көпірдің үстінде неше тақтай жоқ. Тақтайшалардың пішіні қандай екен? Жел ұшырып кеткен сияқты. Жан жағымызға жасылап қарасақ табармыз. -Көпірден ары өткен цифрлар кеш болып қалғанын байқап, үйлеріне қатуға бел буады. Тек қайтар жолды ұмытып қалады. Қазір біз сендермен бірге көмектесеміз. Қалам- қағазбен жұмыс. Үйде қалған қандай цифрлар еді? Солар қайтар жолдың картасын апарып беруді өтінеді. Қазір кім бірінші болып, алдындағы орман ішінен шығар жолды тауып берсе, сол картаны оларға береді. -Тамаша, олар сондай разы, әндетіп үйлеріне де қайтып келеді. «Пішіндер» әні бірге ән салады. Үйлеріне жеткен цифрлар бір- бірлерімен қайта қауышқандарына разы. Олар 4 пен 5 ке сендердің көмек жасағандарың туралы айтып жатыр. | Бұл 1 санының таңбасы 1 цифры Бірінші 2, 3,4,5 олар ретіне сәйкес қабаттарда мекен етіпті Арине
Өлең сөзіне сәйкес, іс- қимылдар жасайды
1,2,3 Қоян біреу, көжек 4 екен. Барлығы 5 Көжек көп, қоян біреу. 4 тақтай жоқ Төртбұрыш, домалақ, үшбұрыш, сопақша. Балалар тақтайшаларды тауып орындарына қояды
Үйде 4 пен 5 қалған. Орман іші қауіпке толы жолдар мен бір ғана қайтар жолы бар суреттер беріледі. Сызу арқылы шығар жолды табады. |
Рефлексиялық-түзетушілік | 4 пен 5 үйде қалып, дәмді әр түрлі пішінді конфеттер даярлаған екен. Сендер олардың достарына көмектескендерің үшін, сол конфеттерді сыйға бермек екен. -Мына конфет пішіні қандай? -Біздің де, тобымызға қайтар уақытымыз келген сияқты. (Топқа оралған соң қайталау сұрақтары қойылады) -Біз бүгін қайда бардық? -Оның ішінде неше қатар бар екен? -Қалай орынымызды таптық? Егер біз цифр мен пішіндерді білмесек орынымызды таба алар ме едік? Күнде таңертең не істеген дұрыс екен? Картадан жолды қалай таптық? |
-сопақша, төртбұрыш, домалақ. Рахметтерін айтып топқа оралады. Болған көріністі естеріне алып қайталайды. |