kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

№48 "Мұрагер бөбекжайы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

№48 "Мұрагер" бөбекжайының тәрбиешісі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«№48 "Мұрагер бөбекжайы"»

48 «Мұрагер» бөбекжайы

Әдіскер: Тәжібаева Б.Т.

Тексерген:

«Ақжелкен» ортаңғы арнайы түзету тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: «Бұйра қошақан»

Білімділік: Үй жануары қой туралы білімдерін кеңейту; аппликацияның жаңа техникасымен таныстыру;

Дамытушылық: мақталарды үзіп алу арқылы қойдың жүндерін жасау техникасын үйрету; желімімен жабыстыруды үйрету; қиялы мен шығармашылық ойын дамыту;

Тәрбиелік: Тілдерін дамыту. Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Түзетушілік: Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

Әдіс –тәсілдері: АҚТ, түсіндіру, көрсету,ойын , сұрақ- жауап.

Қажетті көрнекілік құралдар: ойыншық қой, мақта, желім, үлестірмелі материалдар.

Билингвальды компонент (билингвизм): қой-баран-ram, қозы-ягненок-lamb.

Іс - әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Себепті қызығушылы-

ғын ояту кезеңі


Телефоннан үй жануарларының дыбыстарын қосу.


- Балалар, менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

-Мынау қой. /тәрбиеші ойыншық қойды көрсетеді/

- Қой үй жануары. Қой төрт түліктің бірі. Қойдың төлін – қозы дейміз. Ол шөппен қоректенеді.

Билингвальды компонент (билингвизм): Қой-баран,

Қозы-ягненок.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Ой- ой- ой,

Қорада тұр қой.

Зы- зы- зы,

Моп- момақан қозы.

-Бүгін біз «Бұйра қошақан» аппликациясын жасаймыз.

Сөздік жұмыс: бұйра.

Балалар тәрбиешінің көмегімен үй жануарларының дыбыстарын ажыратып айтады.

Балалар сұрақтарға тәрбиешінің көмегімен жауап береді.

Балалар тәрбиешімен бірге тіл ұстарту жаттығуын қайталайды.

Балалар тәрбиешінің көмегімен сөздік жұмысын қайталайды.

Ұйымдастыру-шылық ізденіс кезеңі




















Сергіту сәті:

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Үлестірмелі материалдарға назарларын аударту.

Дидактикалық ойын: «Жетіспей тұрған дене мүшелерін орналастыр»

-Балалар қараңдаршы менің қолымдағы қой қошақандарын жоғалтып алыпты. Біз қойға қошақандарын тауып беруге көмектесемізбе?

Ендеше балалар орнымызға отырып қошақандарға әдемі мамық жүндерін мақтаны үзіп алу арқылы желімдеп жапсырамыз.

Жұмыстың жасалу жолын түсіндіреді, көрсетеді.

Мақтаны аз- аздан үзіп алып, оны дөңгелек пішінге келтіріп, қойдың терісіне жететіндей етіп алып, бір-біріне жақын қойып, қозының денесін толтырамыз да, желімдейміз.

-Міне, біздің қошақанымыз дайын, кімнің қозысы көркем, әдемі болды екен? (балалармен бірге достарының жұмыстарын қарау)

-Балалар қой сендерге ризашылығын айтып жатыр.

Дидактикалық ойын: «Үй жануарларының көлеңкесін тап?»

Еділден үй жануарларының атап беруін сұрау.




Балалар тәрбиешінің көмегімен сергіту сәтін орындайды.

Балалар дидактикалық ойынды тәрбиешінің көмегімен ойнап, сұрақтарға тәрбиешінің көмегімен жауап береді.






Балалар тәрбиешінің көмегімен тапсырманы орындайды.



Балалар дидактикалық ойынды тәрбиешінің көмегімен орындайды.


Іс-әрекетті бағалау кезеңі

Дидактикалық ойын: «Төлдерімен сәйкестендір»

-Балалар біз бүгін қандай жануармен таныстық?

-Қой.

-Қой үй жануарыма, әлде дала жануарыма?

-Қой үй жануары.

-Балалар қойдың төлі қалай аталады?

-Қойдың төлі қозы.

-Жарайсыңдар, балалар!

Балалар дидактикалық ойынды тәрбиешінің көмегімен ойнайды.

Қойылған сұрақтарға балалар тәрбиешінің көмегімен жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: желіммен, мақтамен жұмыс жасайды, мақтаны үзіп алып домалақтау арқылы қойдың жүндерін жасайды.

Игереді: қой мен қозы үй жануары екенін, оларға қамқорлық керектігін.

Меңгереді: мақтаны кішкентай бөліктерге бөлуде, желіммен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасын сақтайды, оқу қызметі барысында алған дағдыларын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
№48 "Мұрагер бөбекжайы"

Автор: Набиуллина Гүлсезім Асқарқызы

Дата: 16.06.2017

Номер свидетельства: 422162


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства