Ұйымдастырушылық- оятушылық | Жылулық шеңбері. Тәрбиеші: - Балалар, сендер ұйқыдан тұрып сыртқа шыққанда жылуын, нұрын шашқан нені көресіздер? Балалардың жауабы: - Күндіз көреміз, күннің жарқыраған нұрын көреміз. Тәрбиеші: - Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар? Балалардың жауабы: - Алақай, алақай, - деп қауанамыз Тәрбиеші: -Бірақ, балалар қазір күннің жылуы азайыпбарады. Сондықтан сіздер бүгінгі біздің күнімізге қарап жылы сөздер айтайық. Балалардың жауабы: Алтын Күн, Алтын Күн біз сені сүйеміз, біз сеннен өтеміз: Берші бізге Алтын Күн Бейбітшілік, мейрімділік Денсаулық пен жылулық Жарайсыңдар | Жылулық шеңберіне жиналады, Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. Бір-біріне жақсы тілектер жолдайды. |
Ұйымдастырушылық- ізденушілік | Тәрбиеші; Балалар, енді біз өткен тақырыбымызды есімізге түсірейік, Біз қандай цифрмен таныстық? Балалардың жауабы:3 Тәрбиеші: Ал, балалар, 3-ке дейін тура және кері санап көрейікші Балалардың жауабы: 1,2,3 тура 3,2,1 кері Тәрбиеші: Енді, балалар, 3-ті қалай табуға болады? Балалардың жауабы: 2+1, 1+2 Тәрбиеші: Дұрыс. Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз ғажайып ойын алаңы арқылы жүзеге асырылады. Келіп жайғасып отырыңыздар. Ғажайып алаңда төрт орталықпен жұмыс жасаймыз. Математика, айналамен таныстыру, көркем әдебиет, шығармашылық және музыкалық сәт. Ойын тәртібі бойынша бағыттауышты айналдырып, орталықты таңдаймы. Ал, балалар, әзір болсаңыз бастайық. 1. Математика орталығы а/ жаңа тақырыпты түсіндіру Мысық үйін саламын, Үй терезе, есікпен, Тағы бірін қосамын, Отырсын деп жарықпен. Айтшы өзің, баоақай, Терезе көп пе есіктен? Сұрақтар мен тапсырмалар Мысықтың үйінде неше терезе бар? (төрт) Төрт саны қалай пайда болады? (3+1) Жазуды оқыңдар3+1=4 б/ есеп шығару 2. Айналамен танысу. а/ Төрт жыл мезгілін атау Балалар, бұл ненің суреті? Көбелек қанаты неге әр түрлі түспен берілген? Ол неге байланысты? (ақ-қыс, жасыл-көктем. қызыл-жаз, сары-күз ) ә/ Қай мезгіл тән сурет? Берілген суреттерді әр мезгілге сәйкес қалташаларға орналастыр. Сергіту сәтті: «Сыңғыр, сыңғыр» Сыңғыр, сыңғыр,сыңғырлар Құлағымда сырғалар Сол қолымда білезік Оң қолымда білезік Саусағымда сақина Кел, санайық, қанекей, Бір, екі, үші төрт Бір, екі, үш, төрт 3. Көркем әдебиет а/ Төрт түлік малды ата (сиыр, жылқы, қой, түйе) ә/ Төрт жол өлең жаттау Кіп-кішкене момақан Қошақанды ұнатам, Сүйедіи апам «қозым» деп, «Қошақаным-өзің!» деп. 4. Шығармашылық орталығы а/ 4 цифрын жазып үйрету. Жоғарыдан төмен көлбеу сызық түсіреміз. Солдан оңға қарай тіке сызық жазамыз. Енді жоғарыдан төмен көлбеу сызық түсіреміз. Ауада жазып үйрету. б/ Есеп шығару в 3 / «Ретімен орналастыр» ойыны 1 4 2 г/ «Домино» ойыны | Өткен тақырыпты қайталайды. Сұрақтарға жауап береді. Жаңа тақырыппен танысады. Математика орталығымен жұмыс Тапсырмаларды орындайды. Айналамен танысу орталығымен жұмыс жасайды. Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен орындайды. Көркем әдебиет орталығымен жұмыстанады. Шығармашылық орталығымен жұмыстанады. |