kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"1ден 10 ға дейінгі сандар. Геометриялық шар, куб, цилиндр. Пирамидамен танысу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаттары:

Тәрбиелеу: Ақыл ой белсенділігін күшейту, шапшандылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Дамыту: Он санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру.

Оқыту: Он санынан бастап бір бірден шегеріп отырып,кері қарай 0 ге дейін, 0ден, онға дейін ауызша, жазбаша тура санай 

Педагогикалық технологиялар: қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

 Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, сандар 

Билингвалдық компонент: шар - круг, текше - куб, цилиндр, пирамида

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, қазір сендермен «Таным» білім беру саласы бойынша, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметін жүргіземін. Сендерге шын жүректен сәттілік тілеймін!

Өткенді қайталау:

- Балалар, сендер нешеге дейінгі сандарды тура және кері санауды, қосып азайтуды үйрендіңдер?

- Ендеше маған қазақ, орыс, ағылшын тілінде 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері кім санап береді?

- Жарайсыңдар. / жұлдызша, төртбұрыштармен мадақтаймын /

ІІ. Негізгі бөлім. - Балалар сендер геометриялық фигуралардың қандай түрлерін білесіңдер?

- Дұрыс, жарайсыңдар!

Жаңа тақырып:

- Балалар бүгін сендерді геометриялық денелермен таныстырамын.

Қазір сендерге геометриялық денелер туралы ертегі айтып беремін. Мұқият тыңдап, назар аударыңдар.

Сиқырлы геометриялық денелер.

/Слайд көрсету арқылы ертегіні айтып беремін./

Ертеде математика елінде, геометриялық фигуралар қамалында сиқырлы геометриялық денелер өмір сүріпті.

Бір күні олар: «Бәрінен де кім күшті?» - деп өзара айтысып қалыпты.

Сол кезде текше былай депті: « Мен бәрінен де күштімін. Өйткені менің бұрыштарым көп» - деп мақтаныпты.

Мұны естіген шар: «Босқа мақтанба, сенің бұрыштарың кімге керек? Мына менде бұрыш жоқ. Мен үнемі дөңгеленіп, көңілді жүремін. Менің басым да аяғымда жоқ» - депті.

Осы кезде цилиндр келіп, былай депті: «Босқа айтыспаңдар. Мен бәріңнен де күштімін. Менің арқамда адамдар ауыр заттарды үстіме қойып, итеріп, қозғалтады. Сондықтанда мен күштімін» - депті.

Қызу айтысты естіп тұрған пирамида былай депті: «Неге босқа айтысып тұрсыңдар. Біз барлығымыз адамдарға өте қажетпіз. Біз әрбір үйден табыламыз. Адамдар бізді балабақшадан бастап танып біледі. Сондықтан адамдарға әрдайым қажетпіз. Олар бізді жақсы көреді» депті пирамида.

Осы кезден бастап геометриялық денелер өздерінің адамдарға қажет екендіктерін түсінді.

- Балалар, ертегі ұнады ма сендерге?

- Ертегі нелер туралы екен?

- Дұрыс айтасыңдар.

- Осы геометриялық денелер туралы толық түсінік беріп өтейін.

- Назарларыңды экранға аударыңдар.

/ экранда алдын - ала дайындалған слайд көрсетіледі./

Шар – шар: ол дөңгелек, домалатуға болады.

Шарға доп, моншақ, шырша ойыншығы ұқсас келеді.

Текше - куб: шар сияқты дөңгелей алмайды, өйткені оның бұрыштары бар. Текшеге теледидар, сумка, сағат, үстел, текше ойыншықтар, печенье т. б. заттар ұқсас келеді.

Цилиндр екі тілде осылай аталады. «Сырғанақ» деп аударылады. Егер бірнеше цилиндрді қатар қойып, оның үстіне ауыр заттарды қойып итерсең, ол қозғалады. Мысалы: бірнеше қатар қарындаштың үстіне кітап қойсаң кітап орнынан жылжиды.

Цилиндрге стакан, ерлер шляпасы, гүл салатын ваза, балмұздақ, сгущенка т. б. заттар ұқсас келеді екен.

Пирамида екі тілде осылай аталады.

«Шың» деп те аударылады. Пирамида таудың қар басқан ұшына, сарайлар мен мұнаралардың күмбезіне ұқсайды.

Сергіту сәті:

Саяхатқа барамыз,

Дорбамызды аламыз.

Эй бұл кім? Эй бұл не?

Бұл тау.

Астынан өте алмаймыз,

Үстінен өте алмаймыз.

Кеттік тура. / қолдарын жұдырықтап бір - біріне ұрады/

Балалармен бірге «Шариктер»атты саусақ жаттығуын орындаймын.

Екі қолымыздың саусақтарын шөкімдеп, ұштарын бір - біріне тигіземіз. Шарды үрлейміз. Үрлегенде қандай қимыл жасаймыз тура сондай қимыл жасалады.

Шар жарылды. Саусақтар бастапқы қалпына келді.

ІІІ. Қорытынды. - Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетімізде нелермен таныстық?

-Геометриялық денелерге нелер жатады?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"1ден 10 ға дейінгі сандар. Геометриялық шар, куб, цилиндр. Пирамидамен танысу"»

Білім беру саласы: Таным 

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру 

Өтпелі тақырып: «Жер – Ана»

Тақырыбы: 1ден 10 ға дейінгі сандар.Геометриялық шар, куб, цилиндр. Пирамидамен танысу

Мақсаттары:

Тәрбиелеу: Ақыл ой белсенділігін күшейту, шапшандылыққа , дәлдікке тәрбиелеу.

Дамыту: Он санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру.

Оқыту: Он санынан бастап бір бірден шегеріп отырып,кері қарай 0 ге дейін, 0ден, онға дейін ауызша, жазбаша тура санай 

Педагогикалық технологиялар: қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

 Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, сандар 

Билингвалдық компонент: шар - круг, текше - куб, цилиндр, пирамида



Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, қазір сендермен «Таным» білім беру саласы бойынша, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметін жүргіземін. Сендерге шын жүректен сәттілік тілеймін!

Өткенді қайталау:

- Балалар, сендер нешеге дейінгі сандарды тура және кері санауды, қосып азайтуды үйрендіңдер?

- Ендеше маған қазақ, орыс, ағылшын тілінде 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері кім санап береді?

- Жарайсыңдар. / жұлдызша, төртбұрыштармен мадақтаймын /



ІІ. Негізгі бөлім. - Балалар сендер геометриялық фигуралардың қандай түрлерін білесіңдер?

- Дұрыс, жарайсыңдар!

Жаңа тақырып:

- Балалар бүгін сендерді геометриялық денелермен таныстырамын.

Қазір сендерге геометриялық денелер туралы ертегі айтып беремін. Мұқият тыңдап, назар аударыңдар.

Сиқырлы геометриялық денелер.

/Слайд көрсету арқылы ертегіні айтып беремін./

Ертеде математика елінде, геометриялық фигуралар қамалында сиқырлы геометриялық денелер өмір сүріпті.

Бір күні олар: «Бәрінен де кім күшті?» - деп өзара айтысып қалыпты.

Сол кезде текше былай депті: « Мен бәрінен де күштімін. Өйткені менің бұрыштарым көп» - деп мақтаныпты.

Мұны естіген шар: «Босқа мақтанба, сенің бұрыштарың кімге керек? Мына менде бұрыш жоқ. Мен үнемі дөңгеленіп, көңілді жүремін. Менің басым да аяғымда жоқ» - депті.

Осы кезде цилиндр келіп, былай депті: «Босқа айтыспаңдар. Мен бәріңнен де күштімін. Менің арқамда адамдар ауыр заттарды үстіме қойып, итеріп, қозғалтады. Сондықтанда мен күштімін» - депті.

Қызу айтысты естіп тұрған пирамида былай депті: «Неге босқа айтысып тұрсыңдар. Біз барлығымыз адамдарға өте қажетпіз. Біз әрбір үйден табыламыз. Адамдар бізді балабақшадан бастап танып біледі. Сондықтан адамдарға әрдайым қажетпіз. Олар бізді жақсы көреді» депті пирамида.

Осы кезден бастап геометриялық денелер өздерінің адамдарға қажет екендіктерін түсінді.

- Балалар, ертегі ұнады ма сендерге?

- Ертегі нелер туралы екен?

- Дұрыс айтасыңдар.

- Осы геометриялық денелер туралы толық түсінік беріп өтейін.

- Назарларыңды экранға аударыңдар.

/ экранда алдын - ала дайындалған слайд көрсетіледі./

Шар – шар: ол дөңгелек, домалатуға болады.

Шарға доп, моншақ, шырша ойыншығы ұқсас келеді.

Текше - куб: шар сияқты дөңгелей алмайды, өйткені оның бұрыштары бар. Текшеге теледидар, сумка, сағат, үстел, текше ойыншықтар, печенье т. б. заттар ұқсас келеді.

Цилиндр екі тілде осылай аталады. «Сырғанақ» деп аударылады. Егер бірнеше цилиндрді қатар қойып, оның үстіне ауыр заттарды қойып итерсең, ол қозғалады. Мысалы: бірнеше қатар қарындаштың үстіне кітап қойсаң кітап орнынан жылжиды.

Цилиндрге стакан, ерлер шляпасы, гүл салатын ваза, балмұздақ, сгущенка т. б. заттар ұқсас келеді екен.

Пирамида екі тілде осылай аталады.

«Шың» деп те аударылады. Пирамида таудың қар басқан ұшына, сарайлар мен мұнаралардың күмбезіне ұқсайды.

Сергіту сәті:

Саяхатқа барамыз,

Дорбамызды аламыз.

Эй бұл кім? Эй бұл не?

Бұл тау.

Астынан өте алмаймыз,

Үстінен өте алмаймыз.

Кеттік тура. / қолдарын жұдырықтап бір - біріне ұрады/

Балалармен бірге «Шариктер»атты саусақ жаттығуын орындаймын.

Екі қолымыздың саусақтарын шөкімдеп, ұштарын бір - біріне тигіземіз. Шарды үрлейміз. Үрлегенде қандай қимыл жасаймыз тура сондай қимыл жасалады.

Шар жарылды. Саусақтар бастапқы қалпына келді.



ІІІ. Қорытынды. - Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетімізде нелермен таныстық?

-Геометриялық денелерге нелер жатады?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"1ден 10 ға дейінгі сандар. Геометриялық шар, куб, цилиндр. Пирамидамен танысу"

Автор: Керімжанова Ақбота Құрманғазықызы

Дата: 21.01.2020

Номер свидетельства: 536749


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства