kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1 ден 7-ге дейінгі сандар.Апта күндері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға сандарды тура және кері санауды үйрету.Апта күндерін атай білуге дағдыландыру.Оларды жаттап,ретімен орналастыруды үйрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1 ден 7-ге дейінгі сандар.Апта күндері.»

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:1 мен 7 сандары, апта күндері

Мақсаты: 1 мен 7 сандарын және цифрын енгізу, цифр мен заттың санын сәйкестендіре білуге дағдыландыру.

Үйрету: Балаларға сандардың және апта күндерінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Дамыту: сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру. Аптадағы күндердің атауын жаттау, балалардың бойында уақыт туралы түсінік қалыптастыруды жалғастыру. Тәрбиелеу:Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті.

Көрнекілігі: 1 ден 7-ге дейінгі сандар,апта күндерінің суреттері, үлестірмелі материалдар,жұмыс дәптерлер.

Тәрбиеші:Сәлеметсіңдер ме?Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз ерекше болмақ!Көіл-күйлеріңіз қалай?

Балалар: Сәлеметсіз бе!Жақсы

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,ендеше шаттық шеңберіне тұрайық.

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой,

Ал қанекей бәріміз

Сәлем делік үлкенге.

Қане балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер бар? Қыс мезгілінде неше ай бар? Оларды атап қөрейікші

Балалар:Үш ай бар.Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.

Балалар өткен математика ұйымдастырылған оқу қызметінде біз қандай санмен танысқан болатынбыз?

Балалар: Алты санымен таныстық

Тәрбиеші:Иә, 6 санымен таныстық. Ендеше балалар 6-ға дейін тура және кері санап көрейік. Алдымыздағы жолақшаларға сандарды ретімен қойып шығайық,қане кім тақтаға шығып қойып береді? Қалғалғандарымыз алдымыздағы жолақшаға ретімен алтыға дейін қойып шығайық.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар.Енді балалар бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз 7саны және апта күндері. 7 саны қазақта киелі сан,мынадай халық аузында нақыл сөздер бар, жеті қазына, жеті шелпек, жеті ата, жеті күн, жеті мүше, жеті қарақшы. Жеті саны алты санынан кейін тұрады. Жеті саны неге ұқсас? Балалар қане 7 санын ауада жазып көрейік,ендеше 7 ге дейін санаймыз тура және кері санайық. Жеті орысша семь деп аталады. Алдымыздағы жолақшаға жеті санын орналастырайық. Балалар мен сендерге бір таппақ оқып берейін, сендер мұқият тыңдандап не туралы екенін табыңдар.

Сәл демалып тынығып ал,

Тақпақ тыңдап ұғып ал.

Апта деген атайдың,

Жеті бірдей ұлы бар

Сол жеті ұлдың

Жастары бір,

Әр ұлдың өзіне тән аты бар.

Бірі кетсе екіншісі келеді

Жеті бауыр адаспас

Зымырайды желеді

Ешқашанда шатаспас.

Балалар тақпақ не туралы айтылған?

Балалар: Апта күндері туралы.

Тәрбиеші:Иа апта күндері туралы айтылған екен. Балалар бір айда төрт апта, бір аптада жеті күн болады. Біз балабақшаға неше күн келеміз? Неше күн демаламыз?

Балалар: Бес күн келеміз,екі күн демаламыз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, сонда бір аптада жеті күн болады. Апта деген парсының «жеті» деген сөзінен шыққан. Қане жеті күнді атап шығайық.

Біріншісі – Дүйсенбі

Екіншісі – Сейсенбі

Үшіншісі – Сәрсенбі

Төртіншісі – Бейсенбі

Бесіншісі – Жұма

Алтыншысы – Сенбі

Жетіншісі – Жексенбі

Балалар тақтаға назар аударайық, мынау апта күндері. Біздер әр күнді үлкен үмітпен қарсы алып, бала дүйсенбіде дуниеге келсе Дүйсенбек, Дүйсенбай, сейсенбіде туса Сейсенбай, жұмада туса Жұмабек, Жұмагул деп ат қойған.

Балалар енді тапсырмаларымызды орындайық. Ендеше тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия,дайынбыз.

Тәрбиеші:Тақтаға қарайық

1-тапсырма: Бір талда алты алма жерде бір алма,барлығын қосқанда,болады неше алма?

2-тапсырма:

Жарқылдан соң жанағы,

Суға толды бар алқап

Көкте турлі жолақты

Өрнек тұрды ғаламат. (Кемпірқосақ)

Қане балалар кім айтады кемпірқосақта неше түс бар? Қане олай болса бәріміз бірге кемпірқосақтың түстерін атап құрастырайық

Сергіту сәті:

Дүйсенбіде кір жудым,

Сейсенбід үй жудым

Сәрсенбіде нан жауып,

Бейсенбіде шаң қудым.

Жұма күні демалып,

Сенбі күні торт алып,

Жексенбіде қонақ шақырдым.

3-тапсырма: Балалар бұл үйлерде ағайынды жеті бала тұрады. Үйлерді нөмерлеп шығайық.(дәптермен жұмыс)

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?

Балалар: Ия ұнады.

Тәрбиеші:Қане тағыда апта күндерін қайталап көрейікші.(балалар қайталап айтады) және қандай санмен таныстық?

Балалар: 7 санымен таныстық.Ендеше тағыда жетіге дейін тура және кері санайық. Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне өте тамаша қатыстыңдар. Сендерге рахмет. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін сендерге жұлдызша беремін, әр қашанда осындай жұлдыздай жарқырап жүре беріндер. Қане орнымыздан тұрып қоштасайық.Сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
1 ден 7-ге дейінгі сандар.Апта күндері.

Автор: Әбенова Гүлзада Жайлаубайевна

Дата: 24.02.2019

Номер свидетельства: 501289


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства