kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

0fe3gc3p v3ytp-09ks0 ytu3plth3

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепалды даярлық сынып мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«0fe3gc3p v3ytp-09ks0 ytu3plth3»

Пәні:Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Мектеп : «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ


Күні:

Педагогтің аты-жөні: Қаработаева Р.С


Мектепалды даярлық тобы

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Қандай шынығу түрлері болады?


ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.4.1. Денсаулықты нығайту әдістері мен шынықтыру түрлерін білу.


Күтілетін нәтиже














Тілдік мақсат













Өткен ҰОҚ алған білім

Барлық балалар:

Денсаулықты шынықтыру түрлерін біледі, шынығу түрлерін атайды.

Көпшілік балалар:

Денсаулықты сақтау әдістерін біледі, күн, ауа, сумен шынығу түрлерін

орындайды.

Кейбір балалар:

Ауырмаудың, денсаулықты сақтаудың жолдарын түсінеді.

Дағдыларын дамыту:

Ауызекі сөйлеуде белсенділік танытады.

Шынықтыру шараларының денсаулықпен байланысы жайлы біледі.

Көптілділік:

су – вода – water

ауа – воздух – air

күн – солнце – sun

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: шынықтыру, сумен шынығу, күн

ваннасы, салқын су құю, жалаңаяқ жүру.

Пікір алмасу сұрақтары:

Денің сау болуы үшін, ешқашан ауырмау үшін не істеу керек?

Өзіңді қалай шынықтыруға болады?

Неден бастау керек?


Табиғи факторлардың адам денсаулығына әсері жайлы білу.



Жоспар



Жоспарланған жұмыс

I.Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

    1. мин



II.Өмірлік тәжірбиені маңыздандыру

ҰОҚ-ның ортасы





III.Тақырып
бойынша
жұмыс


6-27 мин







































































































































IV.ҰОҚ-ның
қорытындысы

Рефлексия

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату.

Шаттық шеңберіне тұрып, «Сәлем, досым!» ойынын ойнату.

Балалар бір минут ішінде үлгергенінше бірнеше баланың қолын қысып, «Сәлем, досым!» – деп сәлемдесіп шығулары керек.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Әрқайсысымыз досымызға денсаулық тіледік. Ал денсаулықты қалай нығайтуға болады?

Балалар денсаулықты сақтау әдістері туралы айтады,талқылайды.


Педагог ақпараты: Ертеде ұста темір соққанда алдымен қыздырып, сосын бірден суық суға малып алады. Содан кейін қайтадан қыздырып, суытып, солай бірнеше рет жасайтын.

Нәтижесінде темірден жасалған зат өте мықты, берік болып шығады. Сол сияқты шынықтыру да организмді ауру мен басқа да сыртқы орта соққысынан қорғау үшін қажет.

Ешқашан ауырмай, күшті, дені сау болып өсуі үшін не істеу керек? Организмді шынықтыру керек. Шыныққан организм түрлі ауа райының жағдайына төзімді болып, кез келген ауыр күшке төтеп бере алады. Шынықтыру – бұл денсаулықты нығайту және иммунитетті көтеруге қабілетті, түрлі температура жағдайына әдеттенумен байланысты ұзақ іс-шара. Дұрыс тамақтану, күн тәртібін, жеке бас тазалығын

сақтау да шынығуға жатады.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ: Шынығу дегеніміз не? Адам да өз организмін шынықтыра алады деген сөз бен аңыз арасында қандай байланыс бар?

Балалардың жауаптары.

Педагог ақпараты: Адамға дені сау, мықты болып, ешқашан ауырмау үшін, организмін шынықтыру керек, сонда организм

табиғаттың түрлі жағдайларына кез келген уақытта төтеп бере алады.

Шынықтыру – түрлі температура тәртібіне әдеттенумен байланысты, денсаулықты нығайту мен иммунитетті көтеруге бағытталған ұзақ іс-шара.

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– «Егер денің сау болсын десең – шынық!» деп неліктен айтады. Организмді қалай шынықтыруға болады және қандай табиғаттың күшін қолдану қажет? Бұл сұрақтарға

жауап алуға келесі ойын көмектеседі.

«Несімен пайдалы және несімен зиян?» ойыны. Балалар педагогтің сұрақтарына жауап береді (ойын барысында суреттерді көрсетсе де болады).

• Терезе ашылды да, ішке суық ауа кірді. Ол несімен пайдалы? Ол несімен және қашан зиян болуы мүмкін?

• Терезеден күн түсті. Ол несімен пайдалы? Ол несімен және қашан зиян болуы мүмкін?

• Кранды ашып едік, су аға бастады. Ол несімен пайдалы?Ол қашан зиян болуы мүмкін?

Балалар табиғаттың күн, ауа, су сияқты күші жайлы айтып, ол қаншалықты пайдалы және қашан зиян болуы мүмкін екені туралы талқылайды. Бірақ табиғат күшін тиімді

пайдаланатын болсақ, ол біздің нағыз досымызға айналады.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар Әліппе-дәптердегі суреттерді қарап, шынығу

түрлерін талқылайды.

Педагог балалардың жауаптарын тыңдап, қорытындылайды.

Ауамен шынығу. Шынығудың ең қауіпсіз және жеңіл түрі ауа ваннасы. Ол жылы, салқын немесе суық болуы мүмкін.

• Ауамен шынығу 16-20 градус температурада ұзақтығы 20-30 минут болуы керек.

• Ауа ваннасын қабылдау мезгілі – таңертең.

• Төсектен тұрғанда киінбей тұрып ертеңгілік жаттығуды жасау барысында, тазалық шаралары кезінде қабылдауға болады

Жалаңаяқ жүру. Жалаңаяқ жүру де организмді

шынықтырады. Жалаңаяқ жүруді жаз мезгілінде бастау керек. Әсіресе тегіс емес тастардың үстімен, ыстық құмда жүру жалпақтабандылыққа қарсы, табандағы нүктелерге арналған массаж болып табылады. Жердің бүкіл денеңе қуат беріп тұратын өз күші бар.

Күнмен шынығу. Күнделікті таза ауада серуендеу қажет.

Жаз мезгілінде күн ваннасын таңғы уақытта өзен жағасында қабылдауға болады. Дұрыс қыздырыну уақыты сағат 10-нан

12-ге дейін. Аш қарында және тамақтан кейін бірден қыздырынуға болмайды.

Босаңсуға арналған жаттығу. Педагог балаларға көздерін жұмып, денелерін бос ұстап, өздерін өзен жағасындамын деп сезінулерін сұрайды. Судың шуылы құлағыңа жағымды,

күн шуағы денеңді жылытады. Жалаңаяқ ыстық құмның үстімен жүрсіңдер. Су денелеріңді жеңілдетіп, өздеріңді жақсы сезінесіңдер. Ұсақ тастарды басқанда табанға батқанын сезесіңдер (тікенекті резеңке кілемшенің үстінен жүруді ұсынады).

Көптілділік:

су – вода – water

ауа – воздух – air

күн – солнце – sun

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

Балалар дәптердегі суретті қарауды жалғастырады.

– Сумен шынығудың қандай түрлері бар?

Балалардың жауаптары.

Сумен шынығу. Сумен шынығуды дымқыл орамалмен сүртінуден бастауға болады. Беті-қолыңды, құлағыңды, қолыңды иығыңа дейін суық сумен жу.

Су құйыну арқылы шынығу – шынығудың ең маңызды түрі.Алдымен тек табаннан бастап, біраз уақыттан соң тізеге суқұямыз. Әрі қарай солай жоғарылай береді. Жылы судан

бастап, біртіндеп күніне бір градустан азайтып, салқын суға дейін жеткізу қажет.

Педагог шынығудың дәстүрлі емес түрі – су құйыну мен мұзойыққа түсу жайлы ақпарат беруіне болады.

Салқын сумен құйынудың пайдасы зор, ол – адамның табиғи өз-өзін емдеуі, өзін-өзі күту. Суық су денеде ішкі жылудың пайда болуына септігін тигізеді. Бұл жерде мынандай құнды

ережені есте сақтау керек: ешкіммен кімнің суы суық немесе кім тез шынығады деп жарыспа. Бұл денсаулық үшін зиян!

Салқын су әркімге әртүрлі әсер етеді, кейбіреулер суық тиіп, ауырып қалуы мүмкін. Шынығу жұмыстарын күнделікті

ақырындап жүргізу қажет.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)

Балалар дәптердегі суретті қарауды жалғастырады.

– Неліктен жыл мезгіліне сай киіну керек? Балалардың жауаптары болады.

Педагог ақпараты: Тым жылы киінбеңдер. Бұл денені қыздырып, терлетеді. Ал терлеген адамға салқын тиюі мүмкін. Тек қыста баскиім мен қалың күртеше кию қажет.Көктем мен күз үшін мезгілге лайық киімдер киген жөн.

«Жақсы-жаман» ойыны.

Балалар ойын барысында өткен материалдарды

қорытындылайды.


(Р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.

– Егер сендер денсаулықты нығайту әдістері туралы түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің

суретін салыңдар. Ал егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.

– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды?

Неліктен?

Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды





































































Әліппе-дәптер














Әліппе-дәптер



































Әліппе-дәптер




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
0fe3gc3p v3ytp-09ks0 ytu3plth3

Автор: Бабазова Роза

Дата: 21.03.2018

Номер свидетельства: 462771


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства